Материалдар / Өзіңді және басқаларды түсіне білу 3сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзіңді және басқаларды түсіне білу 3сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
• Сәлем сөзінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; • Өзін-өзі түсінуін,пайымдауын, бағалауын арттыру; • Ізеттілікке, инабаттылықа тәрбиелеу. Мақсаты: «Сәлем беру, жақсы, жылы» сөздер туралы түсініктерін кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2018
1886
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 14.12.18

Мектеп: «№3 жалпы білім беру орта мектебі» ҚММ

Сабақтың тақырыбы: Өзіңді және басқаларды түсіне білу 14-сабақ

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім: Караменова Г.Б

Сынып: 3 «А,Ә,Б» Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:

  • Сәлем сөзінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Өзін-өзі түсінуін,пайымдауын, бағалауын арттыру;

  • Ізеттілікке, инабаттылықа тәрбиелеу.

Мақсаты: «Сәлем беру, жақсы, жылы» сөздер туралы түсініктерін кеңейту.

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,суреттері

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.


Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

Рисунок 2333


Үй тапсырмасын тексеру

Басқалардың жан дүниесін түсіне білу аса маңызды. Түсінігі мол адам кез-келген нәрсенің мәнін ұғып, ой елегінен өткізе алады

.


Әңгімелесу Оқушылар «Сәлем-сөздің анасы?» деп неліктен айтқан; Адамдар бір-бірімен неүшін сәлемдеседі? деген сауалдарға өз ойларын айтады.

Мәтінмен жұмыс Оқушылар Фариза Оңғарсынованың «Сөз сыры» шығармасын әңгімелейді.

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Дәйексөз Сабақтың тақырыбының мәнін ашу мақсат ында дәйексөзді сұраққа берілген жауаптарды толықтыру арқылы түсіндіру.


Мағынасын түсіндіру

Шығармашылық жұмыс:

Жақсы, жылы сөздерді тізбелеп жазу

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Топпен ән айту «Әрқашан дайнбыз»

Өлеңін жазған: Серікбай Оспанұлы

Әнін жазған: Әшірхан Телғозиев


Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді


Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінік айту


Күнделіктеріне жазады.

Тыныштық сәті Балалар денелерін түзу,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады.Көздерін жұмады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныстайды,денелерін бос ұстап,айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап,қоршап,қамқор болып жатқандай сезінеді.Тұла бойлары жақсылыққа,махаббатқа тлғанын сезінуге ұмтылады.Осылайша 2 минут отырады.

Оқушылар көздерін жұмып демалады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!