Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өзіңді тану — өмірді тану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
АҚПАРАТ БЛОГЫ
АУРУХАНАДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ОРТА
Биомеханика- дененің механикалық қозғалысын зерттейтін ілім.
Эргономика – адамның еңбек қызметінің тиімділігін арттыру, еңбек жағдайларын оптимизациялау мақсатымен еңбек процестерін зерттейтін ғылым саласы. Эргономика еңбек тиімділігін арттырумен қатар адам денсаулығын сақтауга бағытталған.
Ағылшын ғалымдары тобының зерттеуі бойынша Англияда 1949 жылы <Эргономика> термині пайда болған. КСРО-да 20-шы жылдары <Эргология> термині пайданылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ағылшын термині қабылданған.
Медицина қызметкерлеріне ауыр халдегі пациенттерге күтім жасағанда физикалык жүктемелер әсер етед. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік тірек қимыл аппарат зақымдануларын (остеопороз, остеохондроз, буын және байлпм аурулары) алдын алуы қажет.
Статистикалық мәлімттер бойынша мейіргерлер бір ауысымда 600кг-нан артық салмақ көтереді,<арада ауырсыну-денсаулық сақтау эпидемиясы> болып саналады. Әрбір 4-ші мейіргер арқада үнемі ауырсынуға шағымданып жұмысқа жарамсыздық қағазын алуға мәжбүр. Бұл ауырсыну кәзіргі уақытта кең таралған аурулар қатарына жататын остеохондроз ауруына тән болып келеді.
Остеохондроз- сүйек және шеміршек ұлпасында байқалатын дистрофикалық процесс. Омыртқа остеохондрозы созылмалы ауру болып, омыртқалық дисктердің дистрофиясымен, жұқаруымен сипатталады.
Омыртқааралық дисктер амортизация қызметін жоғалтады, дисктің сыртқы қабығы құрғап, жыртылады. Кейінен сүйек өсіндлері дамып, олар еттерінің рефлекторлы жиырылуына алып келеді.
-мойын омыртқаларында – 25
-кеуде омыртқаларында – 13
-бел омыртқларында – 50
-жайылма - 12
Ауыр салмақты көтеру, қозғалту, әсіресе әйел ағзасы үшін зиянды, өйткені әйелдерде сүйек қанқасы еркектерге қарағанда әлсіз дамыған ол,
Қысымған төзімді емес. Байлам және омыртқа жотасы еркектердің иілгіштігіне байланысты әйелдердің омыртқа жотасы еркектердің омыртқа жотасына қарағанда икемді, бұл қасиет олардың мықтылығын, бекемдігін төмендетеді. Әйелдерде бұлшықет жүктемерері бұлшықеттердің күштемесне, кернеулігіне алып келеді. Сонымен қатар ұзақ отыру немесе тұру қалпы омыртқаларға кері әсерін тигізеді. Әсіресе алға еңкеюмен сипатталатын жұмыс қалпы зиянды, өйткені бұлшықеттер тіректің (аяқ басы) кішкентай аймағында тепе-тендікті сақтау үшін қосымша күш түсіруге мәжбүр. Қолдарымен жұмыс істеген кезде омыртқа жотасы тірек қызметін атқару үшін көп күшті талап етеді (омыртқалардың жүктемесі артады). Омыртқа жотасы бір уақытта тірек пен қозлалу қызметтерін атқарғанда оған түсетін жүктеме бірден жоғарылайды.
Салмақ тасымалдағанда омыртқа жотсы тірек алаңы қызметін атқарады, еденнен салмақта көтергенде – көтеру краны, ал шайқалумен байланысты жұмыстарда амортизатор қызметін атқарады. Жұмыс барысында адам көп жүрген сайын омыртақа жотасының амортизациялық қызметі де көп зардап шегеді.
Адамда тіректің қысымы маңызды рөл атқарады. Тірек қаншалық тым қатты болса, соққы толқынының жауабы да кушті болады. Әсіресе біздің ауырухана жағдайларына тән болған кафелді еденде тез жүру, жүгіру кезінде соққы толқыны күшейеді, өйткені табан жағынан жеткілікті қарсылыққа тап болады, ал соққы толқыны жоғарыға таралады.
Адам тік тұрган кезінде жатқан қалпынақарағанда омыртқааралық қысым бел аймағының төменгі бөліктерінде 4 есеге артады.Отырған қалыпта омырткааралық қысым әсірсе мейіргер қолдарына сүйеніп,алдына қарай еңкейіп отырғанда артады.
Мейіргерлерде жиі остеопороз кездеседі. Остепороз-скелет сүйектерінің зақымдалуымен сипатталатын ағзаның жүйелі ауруы. Сүйектердің тығыздалуының төмендеуімен,сүйек массасынынң төмендеуімен,соның нәтижесінде сүйектердің нәзік,сынғыш болуымен сипатталады..
Остеопороз дамуының қауіп фактарлары:
-әйел жынысы - менопауза кезеңінде әйел жыныс гормандарының төмендеуі сүйек салмағының 25%-ке дейін жоғалуына алып келеді;
-гиподинамия;
-эндокринді патология;
-ас-қорыту жолдары ауруларындағы зат алмасу бұзылулары;
-зиянды әдеттер,темек шегу;
Мейіргернің жұмысы омыртқа жотасынан физикалық жүктемелрімен байланысты, бұл омыртқа денелерінің компрессиясы қауіпін жоғарлатып, денесінің арқасында ауырсыну синдромына әкеледі. Сүйек салмағының төмендеуі және минералдарды жоғалту скелеттің әртүрлі бөлімдерінде біркелкі болмайды, бұл өз кезегінде кейбір жүйелердің,мүшелердің бұзылуларына алып келеді. Ауру клиникалық ұзақ уақыт сипатталатын симптомсыз өтеді. Қандағы кальций сақталады. Остеопороздың күшеюі,ауырсынуын тудырады,сүйектердің сынуы,омытрқалардың деформациясы,сан сүйегі астында асептикалық некроздың дамуы байқалады.
Остеопорозды жарақаттардың орналасуы:
-сан сүйегінің мойнының сынуы-құлағанда,дене механикасы бұзылғанда.
-омыртқалардың компрессионды сынуы-арқасымен құлағанда немесе ауыр салмақ көтергенде.
-кәрі жілік сүйегінің сынуы-алдыңғы созылған қолмен құлағанда.
Медициналық эргономика принциптерін игеру,әсіресе операциялық мейірбике,посттағы мейірбике,емшара бөлмесіндегі мейірбике,мейірбике-анестезист сияқты «жүктемелі» мамандықтар үшін дұрыс кәсіптік қалыпта болу. Омыртқа жотасының демалу және жұмысты жеңілдетудің эргономиялық қалыптарын қолдану,пациенттерді қозғалтқанда мультимедициналық бригадаларда жұмыс істеу,күнделікті кәсіптік қызметте лифтинг- жабдықтарды қолдануды қамтамасыз етеді,бұл физикалық денсаулықты сақтауға және медицина қызметкерлерінің кәсіби көп жасауына мүмкіндік береді.
Мейіргер өзіне де пациенттерге де зиян келтірмеу үшін келесі ережелерді сақтау керек:
-егер пациенттің салмағы мейіргерден жеңіл болмаса немесе қозғалтуға басқа ешкім көмек бере алмаса өзі қозғала алмайтын, көмек бере алмайтын пациентті көтермеу керек.
-пациенттерді көтергенде немесе күтімге байланысты басқа жұмыстарды орындағанда мүмкіндігінше дененің арқасын омыртқа жотасын тік ұстау керек.
-алға созылған қолдармен пациентті көтеруге немесе қозғалтуға болмайды,пациентті денесін немесе затты көтергенде өз денесіне тығыз жақындатып ұстау керек.
-егер пациент қозғала алмаса механикалық құрылғылар көмегін пайдалануға болады.
-салмақты көтерместен бұрын аяқтың табандарының арасын 30 см алшақта ұстап,біреуін екіншісінен сәл алға жылжыту керек. Бұл қалыпта медицина қызметкері құлап қалмайтындай өзіне тепе-теңдікті,орнықты тіректі қамтамасыз етеді.
-пациентті немесе ауыр затты көтерместен бұрын,оның қасында тұрғанына,оған қол жеткізу үшін алуға иілудің қажетсіз екеніне көз жеткізу қажет.
-көтергенде дененің жоғарғы жағын тік ұстап,тек қана аяқты тізеден бүгу қажет.
-пациентті бір қалыппен,жәймен көтереді.
-денені бұру үшін алдымен салмақты көтереді,табанға тіреліп,денені бүкпей жәймен бұрылады.
-ауыр салмақты көтерер алдында бел мен іштің бұлшықетін тырыстыру керек.
-көмек көрсету кезінде пациенттің денесі мен бетін өзімізге бұрып тұру керек.
-заттарды еденнен тізеден бүгілген аяқтың бұлшықетінің көмегімен көтеру керек.
-ауыр затты игеру арқылы қозғалтқанда,жұмсаған күштің тең жартысы жойылады,сол себептен ол затты тартып қозғалтқан дұрыс.
-пациентті қозғалтқанда оның көмек бере алатындығын тексеру мақсатында оған келесі сұрақтарды қою қажет.
1. Пациент бір аяқта тұрып,өзін ұстай алады ма?
2. Тепе-теңдікті сақтай аласыз ба?
3. Көру және есту қабілетіңіз жақсы ма?
4. Мені жақсы түсінесіз бе?
5. Қозғалуға қорықпайсыз ба?
Биомеханика ережелерін орындай отырып дене қалпын бірден өзгерту ағзада адекватты болған физиологиялық келесі өзгерістерге алып келу мүмкіндігін ұмытпау қажет:
-постуральды рефлекс-дене қалпын өзгерткенде бас айналу,құлақтардың шыңылдауы,жүректің қатты соғуы,кейде естен танудың болуы.
-вальсальва әсерінің пайда болуы-тыныс алу шыңында күшену нәтижесінде жүрек ырғағы мен коронарлы қанайналымның бұзылуы.
-құлап кету салдарынан жарақат алу.
.
Емдеу мекемесінде қатты ауырып жатқан жандарға, қызмет көрсету процесіне қатысқан мейіргерлер мен басқа қызметкерлердің барлығы да, адам ағзасына қарсы әсер ететін факторларға ұшырайды. Оған: науқасты басқа жақтарға ауыстыруға байланысты шектен тыс физикалық ауырлықтың түсуі, адам ағзасына улы заттардың және әртүрлі дәрмектердің, құралдардың, инфекция, радиация әсер етуі және жүйке жүйелерінің жұқаруы жатады.
Науқастарға күтім жасау кезінде мейіргерлер мен жалпы медицина қызметкерлерінің сақтану керектігі жөніндегі бірқатар сақтану әдістерін қарастырайық.
Науқастармен дұрыс жұмыс істемеу салдарынан мейіргерлердің жоталары (арқасы) жарақат алып, күтім көрсету процесі кезінде ол аурудың сезілуі мүмкін. Сондықтан да, науқастарды әр жерге тасымалдау (транспартировка), жатқан жерінде аудару, басқа орынға ауыстыру кезінде мейіргер өзінің денесіне, беліне ауырлық түсірмеудің жағын ойлап, олармен жұмыс істеудің дұрыс әдістерін пайдаланғаны жөн.
Науқасты басқа жерге ауыстыру үшін алдымен анықтайтын қажетті жағдай:
-
Ауыстырудың мақсаты;
-
Науқас денсаулығының жағдайы, көмек көрсетуге мүмкіндігі;
-
Ауыстыру үшін қолдағы бар қосымша механикалық құралдарды анықтау (төсегінен көтерілуге арналған арқан-жіп (трость), жылжуға арналған арба (ходунки) және балдақ);
-
Нық бұйрық беретін және науқасқа түсіндіретін басшының рөлін анықтау.
Әртүрлі қозғалыс, орын ауыстыру сияқты әртүрлі қызмет көрсету барысында мыналарды есте ұстаған абзал:
Науқасты көтеру алдында оны қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдайға келтіру;
Қызмет көрсетушілер науқасты ыңғайлы жағдайға келтіріп жатқызу үшін және қауіпсіздікті сақтау мақсатында науқастың салмағына және қимылдату бағытына қарай ыңғайлау;
Өзіне ауыртпалық түсірмеу үшін мейіргер және басқа да қосымша қызмет көрсетушілер денелерінің салмағына қарай қолдарымен ептеп әрекет жасағаны жөн. Әсіресе, тербету арқылы науқасқа қозғалыс жасай отырып, оны жеңіл көтеріп алу әрекетіне (өте абай болу керек) мән беру.
Науқасты көтере бастағанда сіздің аяғыңыз жерді толық басып, нық және сенімді тіреп тұруыңыз қажет;
Науқасты көтерген кезде өзіңіздің өте дұрыс жағдайда тұрғандығыңызға сенімді болғаныңыз жөн. Арқаңызды (жотаңызды) тік ұстап, науқасқа өте жақын тұрыңыз. Мүмкіндігінше бұл қимылдарды жасаған кезіңізде сенімді болыңыз. Басқа да көмекшілеріңіз сондай сенімді жағдайда болуы тиіс. Науқасты басқа жерге ауыстыру барысындағы қозғалыс (жылжу) дұрыс болуын барлық қызмет көрсету тобының (бригада) келісе отырып атқаруы, табысты болатындығын естен шығармаңыз. Ол үшін:
Басшылықты дұрыс жүргізетін адамды таңдап алыңыздар;
Науқасқа ыңғайлы, ең жақсы әдісті таңдап алыңыздар;
Ауыр жұмысты кім өзіне алатын адамды нақтылап, белгілеп алыңыздар. Өйткені, науқасты жерге құлатып алмау үшін, оның белі мен мықын жағын, жалпы денесін ұстап тұруға күшті әрі денсаулығы жақсы (қызметіне байланысты емес) мейіргер болуы тиіс.
НАУҚАСТЫ «ҚОЛМЕН ҚАПСЫРА ҰСТАУ АРҚЫЛЫ» СҮЙЕМЕЛДЕУ
Көрсеткіші: науқасты артқы жағына «орындықтың арқасынан» ұстап, қозғалуына ықпал жасау.
Процедураға әзірлеу
Науқастың сеніміне кіру.
Науқас жағынан берілетін көмек барысын-да бағалау. Қозғалыс жасауға науқастың белсенді араласуын қамтамасыз ету.
Науқас сізді қолдап, ұстап тұрудың мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алу. Бұл іс-әрекеттің қалай жасалтын жолын түсіндіру.
Қоршаған ортаның жағдайын (еденнің ылғалдылығын, еденде бөгде кедергі келтіретін көлденең заттардың бар-жоғын, аяқ киімнің өкшесіз болуын) қадағалау.
Процедураны орындау
Науқастан, қолдарын өзінің денесінде ұстап және қажетті деңгейде тұруын өтіну. Бұл науқас денесінің биомеханикасын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Егер науқастың бір қолының қимыл әрекеті нашарлау болса, онда екінші күші бар қолымен әлсіз қолын қапсыра ұстату.
Науқастың сырт, арқа жағынан келіп (ол отырған орындықтың артынан) көмек беруші мейіргер немесе басқа медицина қызметкері өзінің қолын науқастың қолтығының астынан кіргізіп, қапсыра құшақтайды, осы кезде науқастың қолы ауыратын болса абайлау керек.
Ескерту: мұндай қапсыра құшақтап ұстау мейіргер денесінің биомеханика-сының дұрыстығын сақтап, науқасты дұрыс ұстауына жағдай жасау, оның құлап кетуін болдырмау. Науқас ауруының қайта шығуына жол бермеу.
Процедураны аяқтау
Науқасқа процедураның аяқталғаны жөнінде хабарлау.
Науқасты қауіпсіз жағдайға келтірілгеніне көз жеткізген соң, мейіргер өзінің қолдарын еппен шығарып алуы тиіс. Науқасқа көрсеткен көмегі үшін алғыс айту. Ол өзінің жатқан жерінің қауіпсіз екендігін және өзінің берген көмегін сезінуі керек.
Инфекциялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қолды жуып, кептірген жөн.
НАУҚАСТЫ АЯҒЫМЕН ЖҮРГЕН КЕЗДЕ ҚОЛДАУ (ДЕМЕУ)
Көрсеткіші: инсульттен, жарақаттан кейін жүруіне көмектесу.
Процедураға әзірлеу
Науқаспен сенімділік қатынасын орнату.
Науқастың жағдайын бағалау, оның тарапынан көрсетілетін көмекті, оған қажетті қосымша құралдардың керектігін сұрап-білу. Науқас тарапынан қолдауға қатысу белсенділігін қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаның жағдайын бақылау, науқастың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін.
Процедураны орындау
Науқаспен қатар тұрып, «бас бармағы алақанымен қапсыра ұстап» оның оң қолын оң қолыңмен, сол қолын сол қолыңмен ұстап, науқас қауіпсіздік жағдайда екеніне көз жеткізу. Науқастың қолы түзуінен, алақанын мейіргернің алақанына апарып тіреп бас бармағымен «құлып» етіп жұму.
Басқа қолымен науқастың шынтағынан, немесе қолтық асты жағынан немесе науқастың белінен құшақтап демеу, науқастың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін.
Мүмкіндігінше науқасқа жақын тұрып , тізесін аяғыңмен тіреп, науқас өзін жақсы сезінуіне сендіру керек. Бұл науқастың құлап қалуынан сақтайды және өзін сенімді ұстауына ықпал жасайды.
Науқаспен бірге қатар жылжыңыз. Науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Процедураны аяқтау
Жұқпалы аурудан (инфекциядан) сақтану үшін қолыңызды жуып, құрғата сүртіңіз.
Төсек тартып жатқан
науқастардың төсекте жату қалпының 3 түрі
бар.
Науқастың төсектегі қозғалыс қалпы:
1.Белсенді
2.Енжарлы
3.Мәжбүрлі
Белсенді немесе еркін қалып – жеңіл ағымды аурулармен ауырған науқастарда кездеседі. Ол кезде науқас өздігінен қимылдап өз денесінің қалпын еркін қозғалта алады, өзін-өзі күте алады.
Енжарлық
қалып – науқас қимылсыз, жағдайы
ауыр, өз-өзіне күтім жасай алмайды.
Мәжбүрлік
қалып – ауру адамның жағдайын
жеңілдететін қалып. Науқас өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін
азайту үшін немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады. Клиникада мәжбүр
қалыптың бірнеше түрі кездеседі:
Ортопное- өкпе демікпесінде науқас
амалсыз төсегінде отырады. Осы уақытта ентігуі
азаяды.
Амалсыз бір бүйірінде жату
қалпы – жүрек ауруларында, науқас
амалсыз оң бүйіріне жатады, сол бүйіріне жатқанда, жүрегі
қысылады.
Амалсыз шынтақ пен тізеге
отыру қалпы – бұл экссудативті плеврит
ауруына тән.
Амалсыз ішінен жату
қалпы – асқазан жара ауруларына
тән.
Арқасымен жату
қалпы – шалқасынан жату миокард
инфарктісінде қолданылады.
НАУҚАСТАРДЫҢ МӘЖБҮРЛІ ЖАТУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Мәжбүрлі жағдайдың мінездемесі |
Ауруы (синдром) |
Жағдайын жеңілдететін себептер |
Ортопноэ – отырады немесе төсектің бас жағы көтеріңкі |
Жүрек жеткіліксіздігі |
Ентікпенің азаюынан құрсақ қуысы ағзаларына немесе төменгі аяқтарға қанның жеткіліктенуі |
Төсекте екі қолын тіреп отыруы |
Бронхиальді астманың ұстамасы |
Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттердің мобилизациясы |
Науқастың ауырған қырымен жатуы |
Құрғақ плеврит |
Зақымдалған аймақтағы плевра жапырақшаларының өзара үйкелісінің азаюы |
Сау қырымен жатуы |
Қабырғаның сынуы |
Егер ауыратын қырымен жатса, сынған қабырғалар бір-бірімен үйкелісіп, қысылып ауырсыну сезімі күшейеді |
Ішімен жатуы |
Ұйқы безінің ісігі |
Ұлғайған ұйқы безіндегі қысымды төмендеуі |
НАУҚАСТАРДЫ БӨЛІМШЕГЕ ТАСЫМАЛДАУ
Науқасты қараған дәрігердің
ұйғарымы бойынша науқас бөлімшеге бақылаушы мейіргер күтіп алады,
онымен және оның сырқатнамасымен танысады, оған палатаны,
санитарлық және басқа бөлмелерді көрсетеді, бөлімше тәртібі туралы
айтады. Содан кейін мейіргер түскен науқас туралы дәрігерге
баяндайды және сырқатнаманы береді. Науқастың жағдайына байланысты
дәрігер оны бірден немесе аралау кезінде қарайды, қосымша
тағайындаулар жасайды.
Өздігінен жүре алмайтын науқастарды бөлімшеге зембілмен
тасымалдайды. Әлсіреген науқастарды, мүгедектерді, кейбір егде және
кәрі адамдарды кебінесе арнайы кресло-каталкамен (абайлап, қатты
селкілдетпей); ауыр науқастарды каталкамен немесе зембілмен
тасымалдайды. Науқас жатқызылған зембілді екі немесе төрт адам
көтеруге болады, олар қысқа адыммен қатарласпай жүрулері қажет.
Сатымен көтерілгенде науқасты басын алдыға, төмен түскенде аяқтарын
алдыға қаратып көтереді, екі жағдайда да зембілдің аяқ жағы сәл
жоғары ұсталынады. Зембілді көтеруді жеңілдету үшін кейде арнайы
санитарлық лямкалар қолданылады. Науқасты қолмен тасымалдауды және
оны ауыстырып жатқызуды бір, екі немесе төрт адам жүргізуі мүмкін.
Егер науқасты бір адам тасымалдаса, онда ол бір қолымен науқастың
кеудесін жауырын деңгейінде ұстайды, ал екінші қолын сандарының
астына жібереді, бұл кезде науқас көтерушінің мойнынан
құшақтайды.
Науқасты зембілмен төсекке ауыстырып жатқызу ептілікті және
байыптылықты қажет етеді. Бұны 2-3 медицина қызметкері жүргізеді.
Ауыстыру ыңғайлы болу үшін зембілді төсекке тура бұрыштап,
қарама-қарсы, жалғастырып, тигізе кояды. Зембілді төсекке тигізіп
қойып ауыстыру науқастан белгілі бір күш түсіруді қажет етеді,
сондықтан бұл әдіс көбінесе қолданылмайды. Егер де техникалық
себептермен зембілдің мұндай орналасуы мүмкін болмаса, онда
зембілді төсекке қарама-карсы қояды, қызметкерлер бұл кезде зембіл
мен төсектің арасында бірінен сон бірі немесе тіпті болмаған
жағдайда оған жанаса тұрады. Науқасты төсекке жатқызар алдында
төсектің дайындығын, барлық күтімге қажетті заттардың бар екендігін
тексереді. Науқасқа қосымша ауырсыну сезімін тудырмай тасымалдау
және ауыстырып жатқызу белгілі бір ептілікті және тәжірибелікті
талап етеді
Сырқатты бөлімшеге бірнеше жолдармен тасымалдауға болады.
Тасымалдау түрін дәрігер шешеді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық
сырқатты палатаға медициналық қызметкерлер шығарып салады. Кейбір
жағдайларда сырқатты бөлімшеге дейін кресло – каталкада сырғытып
апарған жөн. Ауыр науқастарды бөлімшеге арнайы қаталкалар мен
зембілдермен тасымалдайды. Әрбір каталка таза жаймамен жабылып,
көрпемен төселуі тиіс. Жайманы әрбір сырқаттан кейін ауыстыру
керек. Көрпені желдетіп алады, ал жұқпалы аурулардан кейін
зарарсыздайды. Лифті жоқ жерде ауыр науқасты 2 немесе 4 адам
зембілмен көтеріп шығарады. Зембілдің артқы жағын сәл көтеріп,
сырқаттың басын алдына қаратып алып жүреді. Түсерде сырқат жатқан
зембілдің аяқ жағын көтеріп алдымен шығарады. Көптеген ауруханалар
арнайы тасымалдау құралымен қамтамасыз етілген, сырқатты қабылдау
бөлімшесінен қашық тұрған корпусқа арнайы құралдармен жеткізеді.
Қазіргі кезде тежеуіші бар кресло – каталкалар қолданылып жүр.
Қозғалуға болмайтын ауыр науқастарды, зембілден төсекке абайлап,
ережелерді сақтай отырып, жылжытып жатқызады: зембілдің аяқ жақ
шетін кереуеттің бас жағына қою қажет. Егер палата тар болса,
зембілді кереуетке паралель етіп қояды да, медициналық қызметкерлер
зембілмен кереует арасында ауруға бетін беріп тұрады. Ыңғайсыз
артық қимылдар жасамау үшін зембілді кереуетке қалай дұрыс келтіру
керегін алдын ала ойластырған жөн.
НАУҚАСТЫ КУШЕТКАДАН КАТАЛКАҒА ЖӘНЕ КАТАЛКАДАН КУШЕТКАҒА АУЫСТЫРУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР.
3 мейіргер ауыстырады
-
Каталканы кушеткаға перпендикуляр қояды (каталканың бас жағы, кушетканың аяқ жағына келеді)
-
Біреуі науқастың басы мен жауырынының астынан ұстайды, екіншісі жамбас пен санның жоғарғы бөлігінен ұстайды, үшіншісі санның орта жағынан және балтыр жағынан ұстайды
-
Каталкаға 90 С0 айналдыры