Материалдар / «Озық ойлы БЕСТІК»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Озық ойлы БЕСТІК»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы мақсат: а) Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту. ә) Оқушылардың білімге деген қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту. б) Өз ойын айта алатын зерделі, білімді тұлғаны тәрбиелеу. в)Географиядан тарихтан алған білімдерін ортаға салу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2018
427
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:                        «Озық ойлы БЕСТІК»


Мақсаты
: 

а) Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту.

ә) Оқушылардың білімге деген қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу  қабілеттерін дамыту.

б) Өз ойын айта алатын зерделі, білімді тұлғаны тәрбиелеу.

в)Географиядан тарихтан алған білімдерін ортаға салу.


Сайыстың түрі: танымдық ойын сабағы.


Барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін шыңдайтын, білімді оқушыларды анықтайтын «Озық ойлы оқушы» атты сайысымызды бастаймыз.

«Білекті бірді жығады,

 білімді мыңды жығады» дегендей білімді адам ешнәрседен қорықпайды.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына,- дей келе сайыскерлерімізге сәт сапар тілейміз. Сайысқа  9-11 сыныптың  оқушылары қатысады. Сайыскерлер өздерін таныстырады.


І Ұйымдастыру бөлімі: Топқа бөлінген оқушыларды таныстыру, белгіленген орындарына отырғызу, әділ - қазылар алқасын белгілеу, барлық қатысушылардың назарын аудару.

Әділдікті жақтаған әрқашанда,
Тура сөзге әрдайым тоқтаған ба.
Байқауымызға әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
1. _______________________________________________
2. _______________________________________________
3. _______________________________________________


ІІ Кіріспе бөлім
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ - қазылар құрамымен таныстыру.
ІІІ Негізгі бөлім
1 кезең: Топ жетекшілерін сайлап, топты таныстыру


2 кезең: «Зымыран сұрақтар» ойыны
Әрбір топқа 15 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауап тез - тез берілу керек.

1 топтың сұрақтары
1) Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар (Меркурий)
2) Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов)
3) Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады? (шаш гигрометрі)
4) Қытай мемлекетінің астанасы (Пекин)
5) Жердің тас қабаты (литосфера)
6) Жазықтар қандай түспен боялады? (жасыл)
7) Ең биік тау (Гималай)
8) Германияның ақша бірлігі (еуро)
9) Тіршілік қабаты (биосфера)
10 Үндістан астанасы (Дели)
11) Васко – до – Гамма кім (саяхатшы)

12) Қызылорданың  ескі аты? (Ақмешіт)
13) Қазақ елінің діні (Ислам)
14) Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында (9)
15) Қырғызстанның ақша бірлігі (сом)


2 топтың сұрақтары
1) Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар (Жер)
2) Қазақстан туының авторы ( Ш. Ниязбеков)
3) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал атауы? (барометр анероид)
4) Ресей мемлекетінің астанасы (Мәскеу)
5) Жер бетіндегі ауа қабаты (атмосфера)
6) Таулар қандай түспен боялады? (қоңыр)
7) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)
8) Өзбекстанның ақша бірлігі (сум)
9) Су қабаты (гидросфера)
10) Муссон деген не? (жел)
11) Ылғалды материк (Оңтүстік Америка)
12) Ең үлкен материк (Еуразия)
13) Эифель мұнарасы орналасқан қала (Париж)
14) Ең кішкентай құс (колибри)
15) АҚШ – тың қазіргі президенті (Доналд Трамп)


3 топтың сұрақтары

1) Канаданың астанасы (Оттава)
2) Ливингстон кім? (саяхатшы)
3) Емен қанша жыл жасайды? (2000 жыл)
4) Ең көп таралған дін (христиан)
5) Ең үлкен арал (Гренландия)

6) Қазақстан туында неше түс бар? (2)

7) Қазақстанда облыс бар? (14)

8) Қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогы (Ы.Алтынсарин)

9) Байқоңыр қай облыста? (Қызылорда)

10) Жер серігі (ай)

11) Ең кіші материк (Аустралия)
12) Суық материк (Антарктида)
13) Жаздағы таңертеңгілік байқалатын су тамшысы (шық)
14) Мойны ұзын жануар (керік)
15) Ресейдің президенті (Владимир Владимирович Путин)


ІІІ-кезең: «Қара жәшік сұрақтары»


1 топқа сұрақ:
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.
Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.
Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: Сарымсақ


2 топқа сұрақ:
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны - Қытай
Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: Шай


3 топқа сұрақ:
Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте
жФасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте" даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.

Бірінші көмек: Отаны - Жерорта теңізі жағалауы.
Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.
Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да пайдаланады.
Жауап: Лавр жапырағы.


1 топқа сұрақ:
Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.
Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзеннің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы - материктегі аса ірі агломерациялардың бірі. Тарихи - мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта - ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.

Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.
Екінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.
Үшінші көмек: Пирамидалар елі.
Жауап: Египет

2 топқа сұрақ:
Қытайда бұл өсімдік дәмдеуіш ретінде жоғары бағаланады. Оның тарихы да қызықты. Қытай әміршісінің сарайында аула сыпырушылардан бастап барлық қызмет көрсетушілер ауыздарынан жағымды иіс шығып тұру үшін бұл дәнді ауыздарына салып жүруі керек болған.

Бірінші көмек: Гүлін көбінесе ер адамдарға сыйлайды
Екінші көмек: Емге де пайдаланады.
Үшінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Индонезия.
Жауап: Қалампыр дәні.


3 топқа сұрақ:
Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда "төмен жатқан жер"
деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. ел аумағында халық өте тығыз орналасқан. Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2 орын алады. Ауыл шаруашылығының басты саласы - көкөніс және жеміс - жидек өсіру. Мал шаруашылығының негізі - сүтті сиыр өсіруге маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.
Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған.
Екінші көмек: Бұл елді гүлдердің отаны деп атайды.
Үшінші көмек: Бұл елді екінші атауымен Голландия деп те атайды.
Жауап: Нидерланд

ІV-кезең. «Пәндер сөйлейді» додасы. Сайыскерлер таңдаған пәндер бойынша берілген баллдарға сәйкес сұрақтарға жауап беріп, балл жинай керек.

Қазақ тілі

10 – Қазақ тілінде сөздер буын үндестігіне сәйкес қалай жіктеледі? (жуан, жіңішке, аралас)

20 – Іскерлік қарым-қатынаста лексиканың қай саласы маңызды рөлге ие? (терминдер)

30 – Сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, үйлесімді айтылуы? (сөз сазы)

Қазақстан тарихы

10- Соғыстан кейін ақша реформасы жасалған жыл? (1947)

20- Көшпелі қазақ халқы үшін түнде  сағат орнында пайдаланылған жұлдыз? (Үркер, Темірқазық)

30 –Азамат соғысы кезінде экономикалық және саяси жүйе? (әскери коммунизм)

Физика

10- Материя қозғалысының ең қарапайым қозғалысы? (механикалық қозғалыс)

20- Дененің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістіктегі нүктелердің жиынтығы? (Траектория)

30-Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекуларалық кеңістігіне еніп кетуі? (диффузия)

Математика

10- Кез келген жағдайда, тек қана бір сандық мәнді қабылдайтын шама? (абсалют тұрақты шама)

20- Берілген жағдайда ғана толық анықталған сандық мәнін сақтайтын тұрақты шама? (параметр)

30-Шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін анықтау яғни аялдау принципін тұжырымдаған кім? (Ньютон)

География

10- Үлкен аюлы көлі қай материкте? (Солтүстік Америкада)

20- Гидросфераны және оның құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылым? (Гидрология)

30- Құрлық мұздықтары нешеге бөлінеді? (2-ге, жамылғы және тау мұздықтары)


V – кезең. «Қанат қақты»
Әр топқа 7 сұрақтан
1 топ:
1. Қазақстан аумағының көлемі? 2, 7 млн км
2. Еліміздің астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді? 1997ж
3. Қазақстан нешінші сағаттық белдеуде жатыр (4 - 5 сағаттық белдеу)
4. Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлген кім? (Н. Баранский)
5. Қазақстанның әуе кеңістігінде халықаралық неше әуе жолы түйіседі? (72 әуе жолы)
6. Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет? (Түркия)
7. Еліміздің рәміздері қай жылы бекітілді (1992 ж)

2 топ:
1. Қазақстан жер көлемі бойынша дүниежүзінде нешінші орын алады? (9 орын)
2. Еліміздің төл теңгесі қай жылы шықты? (1993 ж)
3. ҚР құрамында 1997 жылға дейін қанша облыс болды? (19 облыс)
4. Қазақстан БҰҰ қай жылдан бастап мүше (1998 ж)
5. Қазақстан оңтүстік шығысында қай мемлекетпен шектеседі? (Қытай)
6. Еліміздің аумағында ертен кезден ақ Еуропа мен Азияны қосатын алтын көпір болған жол (Ұлы Жібек жолы)
7. Қазір елімізде қанша облыс бар? (14 облыс)

3 топ:
1. Орталық Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің жақсы дамыған саласы (түсті металлургия)
2. Солтүстік Қазақстан аумағында еліміздің бас қаласы орналасқан (Астана)
3. Еліміздің ең биік нүктесі (Хан тәңірі 6995)
4. Солтүстік Қазақстан елімізде халқының саны мен тығыздығы жөнінен нешінші орында? (2ші орын)
5. Сарқылмайтын табиғат ресурсы (күн энергиясы, жел, климаттық қар)
6. Елімізде қанша өзен бар (85 мың өзен)
7. Халқының саны мен тығыздығы жөнінен бірінші орындағы аудан (Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандары)

VІ – кезең. Ең, ең, ең....
1. Ең ұзын өзен? Ніл
2. Ең жүйрік аң? Гепард
3. Ең алып құс? Африка түйеқұсы
4. Ең суыққа төзімді құс? Пингвин
5. Ең үлкен мұхит? Тынық мұхиты
6. Ең үлкен арал? Гренландия
7.
Ең терең көл? Байкал
8. Ең биік шың? Эверест


9. Ең биік сарқырама? Анхель
10. Ең қалың мұз жамылғысы? Вилкес жері ( Антарктидада)
11. Ең құрғақ жер? Атакама шөлі
12. Ең төмен теңіз? Өлі теңіз
13. Ең биік тау көлі? Титикака
14. Ең тұзды теңіз? Қызыл теңіз
15. Ең үлкен архипелаг? Индонезия
16. Ең терең шұңғыма? Мариан


17) Ең биік тау? (Гималай)
18) Ең кіші материк?
(Аустралия)
19) Ең үлкен көл? (Каспий)
20) Ең терең көл? (Байкал)
21) Ең суық материк? (Антарктида)
22) Ең үлкен ел? (Ресей)
23) Ең үлкен шөл? (Сахара)
24)Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек? (Арабия)


VІІ. Қорытынды бөлім
Сайыстың қорытындысын шығару;
Әділ қазыларға сөз беру;
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!