Материалдар / "Озық ойлы оқушы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Озық ойлы оқушы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың математика, физика және информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтан тыс «Озық ойлы оқушы» атты интеллектуалдық турнирді ұсынғалы отырмыз. Ойын 4 турдан тұрады . І – тур «Бәйге», ІІ – тур «Көкпар», ІІІ – тур «Жорға», ІV – тур «Сиқырлы пирамида».Жауап нақты тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтерсе, сол оқушы бірінші жауап береді. Қатысушы оқушылар екі топқа бөлінеді. А – тобы В – тобы Бір топ позитивтік, ал екінші топ негативтік бағыт ұстайды. (қолдаушы және қарсы пікір) А – тобына «Математика және физика ғылымдары өмірде қажеті жоқ» В тобы «Математика және физикасыз өмір жоқ» Өз бағытын дұрыс қорғаған топтың әрбір мүшесіне 20 ұпай қосылады. Сонымен, алғашқы екі турдың қорытындысы бойынша ең төмен ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2018
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Интеллектуалды турнир

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Оқушылардың математика, физика және информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтан тыс «Озық ойлы оқушы» атты интеллектуалдық турнирді ұсынғалы отырмыз. Ойын 4 турдан тұрады . І – тур «Бәйге», ІІ – тур «Көкпар», ІІІ – тур «Жорға», ІV – тур «Сиқырлы пирамида».

Жүргізуші: Бар ғылымның падишасы атанған

Евклид пен Пифагордан бата алған.

Нағыз пәнсіздер бәрін шешіп беретін,

Жұмсақ емес жаралсаң да қаталдан.

1 – оқушы «Шың сөйлеуге, адалдыққа үйреттің.»

2 – оқушы «Жалған ойды дәлелде деп күйреттің.»

3 – оқушы «Қызық пәнсің қиын пәнсің өмірде.»

Бәрі бірге «Қарамайтын ешқашан да көңілге»

4 – оқушы «Оқимыз біз, үйренеміз талпынып»

5 – оқушы «Қиналсақ та, қысылсақ та алқынып»

6 – оқушы «Асу бермес болсаңдағы сен алып»

Бәрі бірге «Меңгереміз, үйренеміз сені анық!»

1 – оқушы

2 – оқушы

3 – оқушы

4 – оқушы

5 – оқушы

6 – оқушы

Сонымен ойынымызды бастаймыз.

І – тур «Бәйге»

Ұраны: «Білімділермен дос бол – тарыққанда ақыл береді,

Білгіштермен дос бол – адамшылығыңды біледі.»

Жауап нақты тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтерсе, сол оқушы бірінші жауап береді. Бағалануы – 10 ұпай.

  1. 1 –космостық жылдамдық неге тең? (≈ 8 км/с)

  2. Логарифмды ойлап тапқан адам кім?

(ағылшын математигі Джон Непер 1550 – 1617ж)

  1. Ақпаратты енгізуге негізделген құрылғыны ата? ( пернетақта)

  2. Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш қалай аталады? (микрафон)

  3. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең? (π ≈ 3,14)

  4. Өшірілген құжаттарды сақтайтын қапшық қалай аталады? (корзина)

  5. Орыстың қай атақты жазушысы университеттің физика - метематика факультетін бітірген? (Александр Сергеевич Грибоедов)

  6. «Р» әріпінің математикалық және физикалық мағынасы қандай? (периметр және салмақ)

  7. Цифрлық форматта көрсетілген дыбыс пен бейнені түрлендіру дегеніміз не? (кодтау)

  8. Координаттар жүйесін ең алғаш енгізген кім? (Рене Декарт)

ІІ – тур «Көкпар»

Ұраны: «Ақылдассаң шешерсің,

Ақылдаспасаң кем көсерсің»

Қатысушы оқушылар екі топқа бөлінеді.

А – тобы В – тобы

Бір топ позитивтік, ал екінші топ негативтік бағыт ұстайды. (қолдаушы және қарсы пікір)

А – тобына «Математика және физика ғылымдары өмірде қажеті жоқ»

В тобы «Математика және физикасыз өмір жоқ»

Өз бағытын дұрыс қорғаған топтың әрбір мүшесіне 20 ұпай қосылады. Сонымен, алғашқы екі турдың қорытындысы бойынша ең төмен ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығады. Сөз кезегі әділқазыларда.

ІІІ – тур «Жорға» Жартылай ақтық ойын

Ұраны: «Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп!»

Әр пәннің ұпайларының астында сұрақтар жасырылған. Сұраққа нақты және дәл жауап берген оқушыға ұпай саны қосылады. Сонымен ұпайы көп оқушы ойынды бастайды.


Математика

10

20

30

40

50

Физика

10

20

30

40

50

Информатика

10

20

30

40

50



Математика

10 – 4 дұрыс ұшбұрыштан жасалған дене қалай аталады? (тетраэдр)

20 – туындының геометриялық мағынасы не? (жанама)

30 – Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым кім?

(Әл - Фараби)

40 – Миллион ұғымын қазақ жеріне алғаш дайындаған кім? (Ы.Алтынсарин 1879 жылы Орынборда шыққан «Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку» деген оқулығы арқылы таратты)

50 – Дұрыс 20 жақ қалай аталады? (икосаэдр)



Физика

10 – Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен, себебі ауада)

20 – Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қармен мұз күйінде)

30 – Бір парсек қанша километрге тең? (1 Парсек = 3,1* км)

40 – Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

50 – Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады. Қалыны ма әлде жұқасы ма?

(қалыңы, ішкі қабаты бірдей уақытта жылымайды)



Информатика

10 – Жұмыс үстелі дегеніміз не? (экранда бейнелеу)

20 – POWER POINT – та құрылған файл қалай аталады? (презентация)

30 – Web – беттерін қарауға негізделген құрылғына ата. ( браузер)

40 – Паскаль тілінде квадрат түбірден қалай шығарамыз? (SQRT)

50 – Ақпараттарды енгізуге негізделген құрылғы не деп аталады? (сканер)



Осы турдан кейін тағы да аз ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығады.

Әділ қазы алқасынан сұрау.

ІV – тур «Сиқырлы пирамида»

Ақтық ойын

Ұраны: «Білімсіз өмір қараң ғой,

Осыны шәкірт ойлап қой. »

Оқушы қай пәнді таңдайды,сол пән бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Бағаланылуы 50 ұпай

DrawObject1

DrawObject2 DrawObject3







DrawObject5 DrawObject4

DrawObject6







«Математика мақал - мәтелдерде»

  1. «Бес бармақ жиналса, жұдырық болады»

  2. «отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды »

  3. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»

  4. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»



Физикалық жұмбақтар.

  1. Өзі затты құрайды

Теңесуге таразыны сұрайды

Масса(физикалық шама)

  1. Алтын теңге кетеді,

Күміс теңге келеді.

Күн мен ай (табиғи жарық)

  1. Көк лағым көген сүйрейді.

Ұршық (шеңбер бойымен қозғалыс)

  1. Бұлтты аспанның жүзінде,

Ойнайтын бұл немене ?

Найзағай (оң, теріс заряд, табиғи жарық)

Ақтық ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз ойыншы анықталады. Сөз әділқасы алқаларына беріледі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!