Материалдар / ПАЙЫЗДЫ ТАБУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ПАЙЫЗДЫ ТАБУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ПАЙЫЗДЫ ЕСЕПТЕП ТАБА АЛАДЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
560
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Сынып: 5 сынып

Мектеп: №86 жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Турсынбаева Акжан Абаевна

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Пайыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.16. Пайыз ұғымымен таныстыру;

5.1.2.33 Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыруды үйрету.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Пайыз белгісімен танысады, оны жаза алады. Бүтін бөліктің 100 пайыз болатынын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Берілген санның 1% -ын таба алады. Пайызды бөлшекпен және бөлшекті пайызбен жазып мысал келтіре алады. Бір пайыз –жүзден бір бөлік болатынын біледі.

Кейбір оқушылар:

Берілген мәтіндік есептерді толық шығарып, өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийлері

1.Берілген санның 1% -ын таба алу.

2.Берілген бөлшекті пайызбен және пайызды бөлшекпен жаза алу.

3. Пайызға байланысты мәтіндік есептерді шығару.

4.Оқушының дербес жұмыс жасауы.

5.Жұппен жұмыс жасауы.

6.Математикалық тілі.


Дескрипторлар

1.Суретті пайдаланып,бөлшекті және пайызды сәйкестендіру.

2.Пайызды ондық бөлшекке айналдыру.

3.Пайызды жай бөлшекке айналдыру

4.Жай бөлшекті пайызға айналдыру.

5.Ондық бөлшекті пайызға айналдыру.

6.Пайыз ұғымын түсіндіретін сөйлемді дұрыс жалғастыру.

7.Кестені дұрыс толтыру.

Тілдік мақсаттар

Пайыз, бөлшек, алым, бөлім

Құндылықтарға баулу


Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономика, жақсы қарым-қатынас орнату, жауапкершілігін арттыру.

Пәнаралақ байланыс

Жаратылыстану, бейнелеу өнері

Алдыңғы білім

Жай және ондық бөлшек ұғымын біледі, жай бөлшекті, ондық бөлшекті оқып, жаза алады, олардың анықтамаларын, қасиеттерін біледі.

Сабақтың барысы


Сабақтың жоспар

лан ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурс

тар

Сабақтың

басы

10 мин

  • Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару.

  • «Жүректен -жүрекке» жаттығуын орындату арқылы психологиялық жағымды ахуал орнату.

  • «Санамақ» әдісі арқылы топтарға бөлу.

І топ : Жай бөлшек;

ІІ топ: Ондық бөлшек;

ІІІ топ: Пайыз.

Топ басшысын топ мүшелерінің ұсынысы бойынша сайлап, топ басшыға критерийлері жазылған бағалау парақшасын тарқатамын.

  • Үй тапсырмасын тексеру.

1528, 1529

(слайд бетіндегі дұрыс жауап бойынша бір-бірін тексереді.)

Мұнда оқушылар бірін-бірі бағалап отырады.








Слайд,

бағалау парақша

сы

Сабақтың

ортасы

5 мин














10мин










10мин

Өткен тақырыпты пысықтау және жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Жасырын сөз» жаттығуын орындатамын. Сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі сөзді анықтайды. Жауаптар дұрыс болғанда жаңа сабақтың тақырыбы шығатынын айтамын.






П

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 






 

 

 

Й

 

 







 

 

Ы

 








 

 

З







  1. Ежелгі грек математигі (Пифагор)

  2. Статистикалық шама (медиана)

  3. Арифметикалық амал (азайту)

  4. Бөлшек сызығының үстіндегі өрнек (алым)

  5. Онның квадраты (жүз)

Жаңа сабақ.

Тақырыпты ашу мақсатында «Миға шабуыл» ретінде балалар, сендер пайыз деген сөзді естігендерің бар ма? Пайыз ұғымы қай жерлерде қолданылады деп ойлайсыңдар? деп, оқушыларға өз ойын айтуға мүмкіндік беремін. Оқушылар өз айналасындағы, күнделікті тұрмыста кездесіп жатқан пайызға байланысты мысалдарды атайды. Атап айтқанда, «күнделікті тұтынатын өнім құрамындағы қоспалардың пайызын,қаржыға байланысты жеке кәсіпкерлік істерде көп қолданылуы» туралыжәне тағы басқа мысалдар келтіреді. Оқушылардың жауаптарын құптап, «Электронды оқулықты» пайдалану арқылы жаңа тақырыпты түсіндіріп, тақтаға мысалдар келтіріп, қажетті мәліметтерді беремін.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларды ауызша есептеуге үйрету мақсатында әр топқа түрлі фигура суреттерін беремін. Білімді және дағдыны дамытуға бағытталған жаттығулар орындатамын. Фигура ауданының неше пайызы боялғандығын айтып, жай бөлшекпен көрсетеді. Кестені толтыр тапсырмасын орындатамын.

1545, 1546, 1547 есептерді үш топқа беремін. Оқушылар топ болып бірігіп орындап, дұрыс жауапты слайд бетінен тексереді. Мұнда топ басшы топ мүшелерін бағалау критерийлері арқылы бағалайды.

Сергіту сәті:

«Мақалдың жалғасын тап» жаттығуы арқылы оқушыларға мақалды бастаймын олар жалғасын айтады. Дұрыс жауап берген оқушыларды мақтап, мадақтап отырамын.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындатамын.

1-тапсырма

Сөйлемдерді жалғастырыңыз:

а) санның жүзден бір бөлігі... деп аталады.

ә) пайыз ... белгісі арқылы жазылады

Дескриптор : «Пайыз» ұғымын түсіндіретін сөйлемді жалғастырады.

2-тапсырма

Төмендегі тұжырымдамалардың ақиқаттығын анықтаңыз:

а) 1см 1м-дің 1%-ін құрайды;

ә) 1г 1кг-нің 1%-ін құрайды;

Дескриптор: - ақиқат тұжырымдарды анықтайды. Оқушылар қарқынды жұмыс жасайды.

Слайд



Слайдта

ғы

Сөзжұм

бақ









Элек

тронды

оқулық




Оқулық




Бағалау крите

рийлері

Сабақтың соңы

5мин

Топтық жұмыс

«Сәйкестендіру» жаттығуын орындатамын. Бұл кезеңде әр топқа есептер мен оның дұрыс жауаптарын қағаз қиындылары арқылы тарқатамын. Оқушылар дұрыс жауапты есептің тұсына сәйкестендіреді.

Мұнда топ басшы топ мүшелерін бағалайды.

Үйге тапсырма №1549,1551

-Келесі сабаққа жоспар құру үшін оқушылардан БББ кестесі арқылы кері байланыс аламын.

Стикерге жазып тақтадағы суретке іледі.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау







  • Үлгерімі төмен оқушыларға ЖАДА ұйымдастыру арқылы деңгейлік тапсырмалар беремін.

  • Қабілеті жоғары оқушыларға жоғары дәрежелі сұрақтар қоямын.

(Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау, тапқырлық танытуын мадақтау, есептің шешімін табуда тығырыққа тірелген оқушыға қолдау көрсету...)

  • Табыс критерийлері

  • Бағалау критерийлері

  • Топты бағалау

  • Өзін-өзі бағалау

  • Бағалау парақшалары

  • Кері байланыс

Қазақ әдебиеті, геометрия

Интерактивті тақтаны тек уақытты үнемдеу үшін пайдаланамын.

Оқушыларды өз-бетінше ізденуге, бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Рефлекция

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Сабақтың мақсаты орындалды деп есептеймін. Оқушылар пайыз ұғымын меңгерді.

Оқушылар пайыз ұғымын, табу жолдарын білді.

Оқушылар сабаққа қызығып қатысып, сұрақтарға жарыса жауап беріп , берілген тапсырмаларды дұрыс орындап отырды.

Уақытты тиімді пайдаландым.

Оқыту, оқу бағалауды жоспарлау тиімді болды.

Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Жасырын сөз» жаттығуын қызыға орындап, жаңа тақырыптың тақырыбын өздері ашты.

2. Электронды оқулық бойынша тақырыпты жақсы түсінді.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

  1. Әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалану.

  2. Оқушыны оқуға тарту үшін бағалау түрлерін түрлендіріп қолдану.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!