Материалдар / Пандемия кезінде күйзеліске түсуден сақ болыңыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пандемия кезінде күйзеліске түсуден сақ болыңыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қоғамдағы жағдай әркімді де алаңдатады. Десе де, сары уайымға салынудан сақ болғайсыз. Коронавирус пандемиясы Қазақстан үшін ғана емес, күллі әлем үшін үлкен сынақ болып отыр. Себебі Карантин салдарынан ұзақ уақыт жабық кеңістікте болу барлық адамға кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Оның әсері мен салдары қандай деген сұраққа жауап іздеп, бұл жолы біз пандемия кезіндегі күйзеліске түсуден сақтанудың жолдарын қарастырдық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
548
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пандемия кезінде күйзеліске түсуден сақ болыңыз

Тойбазарова Самал Сакеновна Алматы қаласы Наурызбай ауданы

176 мектеп-гимназия педагог-психологы

«Тәнің сау болсын десең, ішкі жан дүниеңді аяла»

Қазіргі қоғамдағы жағдай әркімді де алаңдатады. Десе де, сары уайымға салынудан сақ болғайсыз. Коронавирус пандемиясы Қазақстан үшін ғана емес, күллі әлем үшін үлкен сынақ болып отыр. Себебі Карантин салдарынан ұзақ уақыт жабық кеңістікте болу барлық адамға кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Оның әсері мен салдары қандай деген сұраққа жауап іздеп, бұл жолы біз пандемия кезіндегі күйзеліске түсуден сақтанудың жолдарын қарастырдық.

Бұрын соңды халық ұзақ жабық кеңістікте өмір сүріп үйренбеген. Бұған дейін уақытын сабақта, достарымен бірге саябақта, ойын-сауық орындарында, фитнес залдарда өткізуге дағдыланып қалған жастар үшін карантиндік режим оларды қоршауда қалғандай күйге бөледі. Ал ата-аналар үшін үйінде онлайн тәртіпте жұмысын атқарып, қосымша қашықтан білім алып жатқан баласының сабағына көңіл бөлу көп күшті талап етті. Оның үстіне балабақшада тәлім алатын баласының көңілін аулау да оңайға соқпады. Бұған дағдыланбаған олар біраз шаршауды бастан кешірді. Сонымен қатар көптеген жұмыс орындарының уақытша тоқтатылғаны да құр отырғанды суқаны сүймейтін азаматтарға да ауыр соққы болды. Көптеген отбасыларда қаржылық қиындықтар да болды. Пандемия кезіндегі күйзелісті осындай жағдайлармен байланыстыруға болады.

Көпшілік адамдар өзінің күйзеліске түскенін байқамауыда мүмкін. Сол үшін алдымен күйзелістің белгілерін анықтап алайық.

Стресті адам бірінші физикалық түрде сезінуі мүмкін. Басы ауырып, ұйқысы бұзылуы мүмкін, тамаққа тәбеті болмайды. Кейбір адамдар үйде отырып зерігіп кетсе, енді біреулер шығармашылық жағынан жетіліп жатыр. Шығармашылық жағынан жетіліп жатқан адамдар үшін қуаныштымын. Ал зерігу бұл күйзеліске түсудің белгісі. Күнделікті істеп жүрген жұмысын құлықсыз істеуі мүмкін. Іштей өзін жалғыз сезінеді т.б. Күйзеліске түскенде адамның бойын үрей билейді, мазасызданады. Үйінде біреу ауырып қалса, «енді мен де ауырамын» деп қорқа бастайды. Осы қорқыныш арқылы өзінде әлі болмаған нәрсені сезінуі мүмкін. Осылайша, қорғаныш механизмдері әлсіреп қалады. Әрбір адамның өзінің жауапкершілігіне байланысты. Ақыл-есі түзу адам алдымен өзін қолға алуы керек. Коронавирусқа қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Оның шындыққа жанаспайтыны да кездеседі. Ал ол жердегі бір сөздің өзі стреске төзімділігі төмен адамға кері әсер етеді.

Ал енді осы күйзелісті болдырмау үшін не істеу қажет?

  • Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн. 

  • Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Үй жағдайында, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, душ қабылдаңыз. 15 минут судың астында тұру арқылы жаман көңіл-күйден де құтыла аласыз. Жалпы суға түсу қажетсіз нәрсенің бәрін жуып-шайып әкетеді деген сенім осыдан қалса керек.

  • Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыка таңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз. 

  • Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге онлайн қатысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?

Күйзелісті әр адам әртүрлі әдістермен жеңеді. Қазіргі коронавирус пандемиясы жағдайында қорқыныштан арылып, жан тыныштығын сақтаудың бірнеше әдісі бар. Бұл орайда еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары да бірнеше кеңестер береді.

Атап айтқанда, жақсы ойлауға тырысу. Жағымды ойларға және жылы естеліктерге көбірек назар аударған маңызды. Көңіліңізді басқа нәрселерге аударыңыз. Жағымсыз ойлардан аулақ болып, көңіліңізді қуанышты оқиғаларға, естеліктерге аударған абзал. Өзіңізді не нәрсе қуанта алатынын байқаңыз. Теріс эмоциялардан арылыңыз. Жағымсыз эмоциялар күйзелісті күшейтіп, депрессияға әкелуі мүмкін. Сондықтан оларды сыртқа шығару қажет. Егер сізді немесе отбасыңыздың мүшелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін репортаждар қатты үрейлендіретін болса, оларды көруге немесе тыңдауға аз ғана уақыт бөлген дұрыс. Сенімді ақпарат көздерін пайдаланыңыз.

Сөз соңында айтарым, әрбір адам ең алдымен өз өзіңізбен жұмыс істеуіңіз керек. Біреуге өкпе-реніш, біреуді кінәлау, қаралау, ойға берілу сияқты жаман әдеттерден арыла алсақ, өзіміздің сүйікті ісімізбен айналысып, уақытты тиімді ұйымдастырсақ күйзеліске жол бермейміз. Ал күйзеліс деген түрлі аурулардың себепшісі екенін естен шығармайық. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік».





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!