Материалдар / Пәндерді оқытудағы инновациялар, цифрлық оқытуды дамытудың негізгі бағыттары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пәндерді оқытудағы инновациялар, цифрлық оқытуды дамытудың негізгі бағыттары

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-2025 оқу жылында мұғалімдердің тамыз кеңесіне әзірленген баяндама. Қазіргі талаптар. цифрлық оқыытуды дамытудың бағыттары туралы жазылған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

" Пәндерді оқытудағы инновациялар, цифрлық оқытуды дамытудың негізгі бағыттары".

Серикбаева Асем Кыстаубаевна, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары



Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ұстаздар, бүгінгі дәстүрлі тамыз кеңесіне қатысушылар! Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Цифрлық сауаттылық - цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз әрі тиімді пайдалану үшін қажет білім мен дағдылардың жиынтығы. Бүгінгі таңда цифрлық технология қоғам өміріне әсерін молынан тигізуде. Осының нәтижесінде білім беру саласындағы оқыту технологиялары, жалпы адамның күнделікті өмірі айтарлықтай өзгеріп, жаңа сипатқа ие болуда. Расымен де, жыл сайын, ай сайын, тіпті апта мен күн сайын цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барамыз. Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жақында ғана өткен педагогтердің республикалық тамыз саммитінде «Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар информатика пәнінің шеңберінен әлдеқайда шығып кетті. Енді әрбір педагогтің IT-құзыреттілігі онық біліктілігінің ажырамас бөлігіне айналуы шарт. Бұл жаһандық үдеріс, заманауи талап» деп атап көрсетті Сонымен қатар, «Жасанды интеллекті білімге сауатты енгізу - оқытудың тиімділігін, жеке оқушыға бағыттылығын қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді» деп атап көрсетті. Яғни, алдағы оқу жылында цифрлық технологияны жете меңгеру әр педагогтың басты міндеті болмақ.

ХХІ ғасырға лайықты ізгі қасиеттерге ие болу - бүгінгі таңдағы әрбір жеке тұлғаның алдында тұрған асыл міндет. Қазіргі кезеңде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісінің кеңдігіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне жаңа технология дәуірінің өзі биік талаптар қойып отыр.

Өткеннен сабақ ала отырып, болашаққа өзіміздің ұлттық болмысымызбен, терең ой санамызбен және сапалы біліммен үлес қосу – қазіргі жаһандану кезеңінде әр мұғалім үшін аса маңызды іс болуы тиіс. Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар. Бірінші бағыт - ақпараттық технологиялар білім, білік дағдысын игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды. Ал, екінші бағыт – ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың құралы болып табылады.

Ақпараттық технология дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етуде.

Қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі дамыған цифрлық инфрақұрылым болып табылуда. Өздеріңіз көріп отырғандай, барлық мектептерде педагогтер IT инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, ашық онлайн курстардың желілері мен платформаларын өз жұмыстарында тұрақты пайдалануда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру үлгісімен алуда.

  Сабақтың белгілі бір кезеңінде цифрлық технологиялардың, цифрлық ресурстарды және интернет қызметтерін қолданудың педагогикалық маңыздылығы ерекше екенін атап өтуге болады, мысалы білім алушылар үшін оқыту үдерісінде цифрлық контентті құрайтын ең танымал білім беру платформаларын, олардың оқытуды ұйымдастыру үшін негізгі мүмкіндіктерін және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған білім беру платформаларының мүмкіндіктерін пайдалану сабақтың ұтымды өтуіне оң әсер етеді.  Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тұрақты қолдану қажет.

Мұғалім оқу процесінде қолдана алатын заманауи цифрлық құралдар мен қызметтер әртүрлі мақсаттарға арналған. Мысалы, түрлі-түсті және көрнекі оқу материалдарын дайындау, ойындар, жаттығулар, тесттер, аудио, видео және анимациялық клиптерді жазу, графикалық, музыкалық кірістірулер, инфографика жасау, веб-портфолио жүргізу, жобалармен немесе веб-квесттермен бірлесіп жұмыс жасау.

Білім беруде білім берудің цифрлық ресурстарын пайдалану:

тұрақты мотивацияны қалыптастырады және білім сапасын, білім алушылардың ойлау қабілеттерін арттырады;

пассивті білім алушыларды ортаға тартып, оқу-тәрбие процесінің қарқындылығын арттырады;

білім беру процесін заманауи материалдармен қамтамасыз етіп, білім алушыларды әртүрлі ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады;

жеке тұлғаға бағытталған және сараланған тәсілді жүзеге асыруға жәрдемдеседі;

білім алушыларды зерттеу қызметіне тарту, оқу процесінің икемділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты болып отыр. Осыған байланысты өткен оқу жылында мектеп педагогтары ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру, цифрлық технологияларды әр сабақта пайдалануды мақсат етіп, жемісті еңбек етті. Бүгінгі тамыз кеңесінде мектеп педагогтарының жыл ішінде пайдаланған және нәтижелі екендігіне көз жеткізген қолданбалы цифрлық ресурстар мен онлайн сервистерді атап өткім келеді.

Олар: сабақ барысында презентация жасау үшін қажетті платформалар, байланыс, видеоконференция жасау үшін қажетті платформалар, онлайн тақталар, квиз-тест жасауға қажетті платформалар, дидактикалық ойындар жасауға қажетті платформалар, формативті бағалау жүргізуге қажетті жұмыс парақшалары, фото-видео жасауға қажетті бағдарламалар.

Бұл платформалар мен бағдарламалардың барлығы оқу сабағында таптырмас көмекші бола алады.

Мүмкіндігінше өз тәжірибеміздегі мектеп педагогтары пайдаланып отырған білім беру процесіне қажетті, оқушылардың сабаққа белсенділігі мен қызығушылығын арттыратын цифрлық технологияларды қолданылу аясына қарай атап өттім.

Аталған сервистердің бірқатарымен мектеп педагогтары тұрақты жұмыс жасап келеді. Бұл сервистер балаларға өте қызықты. Барлық педагогтарға айтарым, цифрлық біліміңізді арттырып, ештеңеге қарамастан өзіңізді дамытыңыз! Жаңа білімге ашық болыңыз! Біз тәрбиелеген шәкірттер жаһандық үдеріске, заман талабына сай болуы тиіс.

Мен жұмыс жасайтын Алтынсарин мектебінің педагогикалық ұжымы осы талап үдерісінен шығу үшін қарқынды жұмыс жасауда. Биылғы жылы мектебіміздің ашылғанына 160 жыл толып отыр. Барша қазақ баласын оқу-білімге шақырып, өзі оқулық жазып Ыбырай Алтынсариннің өз қолымен кірпішін қалаған мектепте білім алу, сол мектепте Ыбырай ісін жалғастыру – әр адам үшін зор мақтаныш. Ыбырай Алтынсарин - көштен қалып бара жатқан қазақ елінің жастарын қатарға қосамын деп бүкіл ғұмырын сарп етіп, тыңнан түрен салып, көпке үлгі болды. Ел болашағы жастарға тәлім-тәрбие беру арқылы тұтас ұлтты тәрбиелеуге болатынын, тек солай ғана жарқын болашаққа қадам басарымызға сенім білдіріп, үлкен үміт артты. Ыбырай ашқан мектептер байтақ даламыздағы мөлдір бұлақтай болды. Білімге сусаған жастарға рухани нәр беріп, бойына қуат, жанына шуақ құйды. Білім берудің жаңаша үлгісін әкелді. Қаламымен де, қайратымен де халқына қалтқысыз қызмет еткен тұлғаны зерттеп-зерделеу бүгінгі әрбір ұрпақтың қасиетті парызы. «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі ұжымы мен оқушылар ұйымы 2024 жылға «160 жылдыққа 160 игілікті іс» жобасымен бірқатар жұмыстар атқарды.

Өткен оқу жылында оқушыларымыз аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларында, «Айқанат» олимпиадасында өз мүмкіндіктерін көрсетті. Соңғы жылдары облыстық, републикалық байқауға барған оқушылар үздік нәтиже көрсетуде. 28 оқушы республикалық байқауда, 49 оқушы облыстық байқауда, 95 оқушы аудандық байқауларда білім, спорт саласы бойынша және түрлі мүшайра, байқауларда жүлдегер болды. Оқу жылындағы басты мақсаттың бірі – мектеп оқушыларын зерттеу жұмыстарына баулу міндеті болған болатын. Жыл ішінде 21 оқушы аудандық, облыстық, реубликалық ғылыми жоба байқауларына қатысты. Мектеп бітіруші 30 түлектің 22-сі мемлекеттік грант иегері атанды. Мектеп педагогтары авторлық жоба байқауларында көзге түсті. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Кембридж Университетінің халықаралық британдық ағылшын тілі бойынша білім деңгейін анықтайтын ТКТ (Ти Ки Ти) тестінің үшінші деңгейін сәтті тапсырды. Алдағы уақытта ең жоғарғы төртінше деңгейге деңгейге тест тапсыруды жоспарлауда.

Бірқатар жетістіктерге толы 2023-2024 оқу жылын артқа тастап, жаңа оқу жылына аяқ басып отырмыз. Әр жаңа оқу жылына сеніммен қарайтын әдетпен, бұл оқу жылында да бұрынғы жарқын  жетістіктерді молайтуды,білім сапасын одан әрі арттыруды мақсат етіп отырмыз.

Жаңа оқу жылы құтты болсын! Ыбырай ізін жалғар, білім шырағын жағар ұлы ұстаздар легі көбейе берсін!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!