Материалдар / Параллель түзулер,олардың белгілері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Параллель түзулер,олардың белгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2019
799
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

7.3Түзулердің өзара орналасуы

Мектеп: Т. Рысқұлов мектеп-лицейі

Күні:11.01.2018ж

Мұғалімнің аты- жөні:Абитаева Н

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Параллель түзулер, олардың белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.3.2.3 екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу;

7.3.2.4 түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу;

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар:Параллель түзу салып,қиюшы түзу жүргізе алады

Оқушылардың көпшілігі: Пайда болған бұрыштарды анықтай алады,параллельдік белгілерін біледі,белгісіз бұрыштарды таба алады

Кейбір оқушылар:Параллельдік белгілерін дәлелдей алады,дәлелдеу есептерін шығара алады


Бағалау критерийі


-екі түзудің өзара орналасуын анықтайды;

- екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып біледі;белгісізбұрышты табады

- параллельдік белгілерін дәлелдейді

Тілдік мақсат:

- бөлімнің терминдері мен ұғымдарына сүйенеді;

- сызбадағы берілгендерді суреттейді.

теоремаларды дәлелдеу мен есеп шығаруды түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология

-- параллель, қиылысатын түзулер

- қиюшы;

- ішкі айқыш бұрыштар, ішкі тұстас бұрыштар, сәйкес бұрыштар;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер;

- екі параллель түзулерді қиюшы арқылы қиғанда ... пайда болады;

- егер ішкі айқыш бұрыштар ... ;

- егер ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы ... ;

- егер сәйкес бұрыштар

Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыста –ұжымшылдық,ортақ істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау,өзін-өзі реттеу.

Пәнаралық байланыс

Сызу,математика



Акт пайдалану

Bilim-land сайтына кіру

Алдыңғы білім

Транспортир көмегімен бұрыштарды салу және өлшеу. Параллель түзулер Қиылысатын түзулер

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


3 минут





2 минут






7 минут

Ұйымдастыру бөлімі:Сәлемдесу,түгелдеу.Оқушылардың жылдамдық,шапшаңдықдағдыларын дамыту үшін бес секундта бірнеше адаммен сәлемдесу тапсырмасын беру «.Бұрыш», «түзу», «параллель түзу», «қиылысатын түзу» деп жазылған қағаз қиындыларын таңдатып төрт топқа біріктіру.

Жақсы сөз- жан шуағы,сабақты топтарға берілген жақсы сөздермен бастау,жақсы көңіл күй сыйлау.

Үй тапсырмасын «Мен-саған,сен-маған» әдісі бойынша өзара бағалау үшін,есеп жауабымен жұпта тексеру.

«Үш сұрақ» тәсілі бойынша,әр топ біріккен атауы бойынша слайдтағы мына сұрақтарға жауаптарын іздейді.

Сұрақтар төмендегіше:1.Қайда ?Бұл терминді қайда кездестірген едіңіз және анықтамасын келтіре аласыз ба?

2.Қалай? Қалай белгіленеді және сызбасын сызып көрсете аласыз ба?

3.Қандай?Өмірден осы атауларға қандай мысал келтіре аласыз ? Талқылау аяқталған соң ,баяндамашы айтып береді.

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбында осы атаулар кездесетіндігін оқушыларға жеткізе білу.

Оқушыларды сабақ тақырыбы, сабақтың мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстырып отемін

Параллель түзулерге өмідегі мысалдарды көрсету.


А4 парақшаларының

Қиындылары











Сабақ ортасы 7минут







4 минут
























5 минут














7 минут



Жаңа сабақ.Т.ж.«.Джигсо» әдісін қолдану.Әр топқа тақырып бөліктерге бөлініп беріледі,оқушылар оқулықтың мәтінімен танысып, ой бөліседі,әр топ «сарапшы»ретінде жұмыс істейді.Топтар жұмысы бағаланады,қошеметтеу

.Практикалық жұмыс орындауды ұсынамын.Ө.Ж.

1. Бір нүктеде қиылыспайтын үш түзу салыңдар;

2. Бұрыштарды, цифрлармен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 немесе әріптермен белгілеңдер;

Тақырыпты бекіту үшін дайын осы сызбалар бойынша жазбаша жұмыс ұсынамын.

1. Айқыш бұрыштар жұбын теріп жазыңдар;

2.Ішкі айқыш бұрыштар жұбын теріп жазыңдар

3. Тұстас бұрыштар жұбын теріп жазыңдар;

4.Ішкі тұстас бұрыштар жұбын теріп жазыңдар

5. Сәйкес бұрыштар жұбын теріп жазыңдар

Бағалау критерийі:

Бұрыштар анықтамасын білу

Бұрыштар анықтамасын қолданып,бұрыш түрлерін ажырата білу

Дескриптор:

-үш түзу салады;

-бұрыштарды белгілейді;

-жұптарын жазады

Жазылған жауаптар оқылады ,дұрыс жауаптар көрсетіліп,оқушылар өздерінің қателерін тауып,өзін-өзі бағалайды

Т.Ж

Оқушыларға А3 парағына екі сызбаны салуды ұсынамын

1) екі параллель түзу қиюшымен қиылысқан;

2) екі параллель емес түзу қиюшымен қиылысқан.

Оқушыларға барлық пайда болған бұрыштарды өлшеуді, олардың ішкі айқыш бұрыштар жұбын, сәйкес бұрыштар жұбын салыстыруды, ішкі тұстас бұрыштардың қосындысын табуды ұсынамын. Нәтижелерін топта талдап және болжамдар жасауын сұраймын. Топтар болжамдарын талдаңдар

Бағалау критерийлері

Кітапты немесе тірек конспектісін қолданып, әрбір топ алынған бір теореманы дәлелдей алады

Дескриптор:

1.Сызбасын сызады

2Бұрыштарды анықтайды

3.Өлшейді,қосындысын табады,болжам жасайды

Қошеметтеу,мадақтау айтылады

Есептер шығару жеке жұмыс ретінде аламын «Кім жылдам» әдісі

8.3Екі параллель түзуді қиюшымен қиғандағы ішкі тұстас бұрыштардың айырмасы 50°. Осы бұрыштарды табыңдар.
8.5. Қиюшы мен параллель екі түзу арасындағы айқыш бұрыштардың
қосындысы 150°. Осы бұрыштарды табыңдар.

8.18. АВ кесіндісінің ұштары параллель a және b түзулерінде жатады
АВ-ның ортасы О арқылы өтетін түзу а мен b-ны С және D нүктелерінде қияды. CO=OD теңдігін дәлелдеңдер.
Бағалау критерийі.

1.Ішкі тұстас және ішкі айқыш бұрыштардың анықтамасын білу және сызбасын сала алады

2 .Белгісіз бұрыштардыанықтамадан қолданып таба алады.

3.Параллельдік белгілерін қолданып, дәлелдей алады

Дескриптор:

-параллель түзулер салады;

-қиюшы түзу жүргізеді;

-ішкі тұстас,ішкі айқыш бұрыштарды анықтайды

-белгісіз бұрышты табады

-параллельдік белгілерін қолданады,дәлелдейді

Есептер тексеріледі,жылдам шығарған оқушы тақтаға шығып жазады.әр оқушы өз қателерін дұрыстап қорытынды жасайды.Бағалаудың

«Смайликтер» әдісін қолданамын.




А4 парақшалары,сызғыш,қалам




















Оқулық,а4 парақшалары,транспортир,қалам,сызғыш
















Шыныбеков

Оқулық

Үлестірмелер











Смайликтер

Сабақ соңы:


5 минут





1 минут

1минут

«Сұрақ-жауап» әдісі

1. Қандай бұрыштар ішкі тұстас, айқыш бұры
тар деп аталады?


2. Сәйкес бұрыштар дегеніміз қандай бұрыштар?
3. Параллельдіктің 3 белгісін келтіріңдер


Қалыптастырушы бағалау. «Басбармақ»

Үйге тапсырма.8.4,8.7;8.19

Кері байланыс.БББ стратегиясы.


Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілеті жоғары

оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Деңгейлік тапсырма

лар жазылған үлестірме

қағаздар таратылады.

Өмірдегі параллель қолданысы туралы көптеген мысалдар келтіріп. Олардың қолданылуы туралы қызықты эссе жазыңдар

Қалыптастырушы бағалау,өзін-өзі бағалау,өзара бағалау,қошеметтеу,мадақтау, «смайликтер», «басбармақ»ббб кестесі

Партада түзу отыруын қадағалау,қалам,сызғыш ұшын көзге жақындатпау

Рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді

болды ма? Барлық

оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді

ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп

ойлайсыз?Сабақта

саралау дұрыс

жүргізілді ме?Сабақ

кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан

ауытқу болды ма және неліктен?












Жалпы бағамдау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )?

1:

2:

Сабақты бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері,қиыншылықтары туралы не анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Оқу ісі орынбасары:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!