400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

ПАРОВОЗ ЖАТТЫҒУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүргізуші «паровоз», балалар «вагон» болады. «Паровоз» кезекпен кезек әр «вагонға» жақындап келеді де, танысады. Балалар өзін таныстыратын кезінде өзіне бір жақсы сөз тауып айтуы керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын. «Паровоз»

Жүргізуші «паровоз», балалар «вагон» болады. «Паровоз» кезекпен кезек әр «вагонға» жақындап келеді де, танысады. Балалар өзін таныстыратын кезінде өзіне бір жақсы сөз тауып айтуы керек. Мысалы;

  • Мен көңілді паровоз Мафрузамын, ал сен кімсің?

  • Ал мен әдемі Әлиямын.

  • Жүр, әрі қарай бірге жүрейік.

  • Кеттік.

Балалар осылай кезекпен кезек бірінің соңынан ілесіп, поезды құрайды.

СDrawObject1 ергіту сәті. Ойын. «Мұрын – құлақ – мұрын»

Мақсаты: ерікті әрекетті, реакция шапшаңдығын, координациялық қабілеттер мен бейнелік елестерді дамыту.

Нұсқау: «Сұқ саусақты мұрынға апарып, «мұрын» деп айтуы керек. Осылай бірнеше рет қайталанады. Мен де осы әрекетті қайталаймын. Егер де мен «маңдай» десем, сіздер сол сәтте саусақтарыңызды маңдайларыңызға тигізулеріңіз керек. Түсінікті ме? Бастадық! Мұрын – мұрын – мұрын – құлақ!» Жүргізуші қандай сөзді айтса, беттің басқа мүшесін көрсетуіне болады.

Сабақтың мазмұныDrawObject2

1 – жаттығу. «Колумбиялық жұмыртқа»

Мақсаты: көрнекі – бейнелік ойлауды дамыту.

Нұсқау: сіздердің әрқайсыларыңыздың алдарыңызда ішінде әртүрлі пішіндегі фигуралар салынған конверттер жатыр. Сіздер осы фигураларды ң барлығынан жұмыртқа жасауларыңыз қажет. Тапсырманы орындау үшін орташа есеппен 20 – 30 минут уақыт беріледі.

Тапсырманытез әрі бірінші болып орындаған балаларға өз қиялдарымен тағы бірнәрселер жасау керектігі айтылады. Мысалы, желкенді қайық, шырша, регби ойынының добы, фужер т.б.

Ұсыныстар: егер бала тапсырманы орындауға қиналса, онда мұғалім оған көмек беруі керек. Жұмыртқаны ересектің көмегімен жасап болған соң, мұғалім оған жаңадан тапсырма береді, бірақ бұл жолы бала өзі құрастыруы керек.


DrawObject3 Ойын. «Төртіншісі артық» (вербалды нұсқасы)

Мақсаты: зейінді, есті, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Балалар шеңбер болып отырады. Жүргізуші балаға допты лақтырады да, 4 заттың атын айтады, олардың үшеуі жалпы бір түсінікке жатады. Бала артық затты айтып, мұғалімге допты қайтаруы қажет.


Сөздер нұсқасы:

  1. Үстел, орындық, кровать, шәйнек;

  2. Жылқы, мысық, ит, шортан;

  3. Шырша, қайың, емен, бүлдірген;

  4. Қияр, қызылша, сәбіз, қоян;

  5. Блокнот, газет, дәптер, сөмке;

  6. Қияр, қарбыз, алма, доп;

  7. Қасқыр, түлкі, аю, мысық;

  8. Бас киім, шатыр, терезе, есік;

  9. Торғай, қарлығаш, бүркіт, маса;

  10. Қар, аяз, ыстық, мұз;

  11. Шие, жүзім, картоп, өрік;

  12. парта, тақта, оқушы, кірпі;

  13. Сүт, нан, шәй, сусын;

  14. Жылан, ұлу, көбелек, тасбақа;

  15. Орындық, балға, ара, балта.

  16. Қылқалам, бояулар, шәйнек, альбом;

  17. Қол, аяқ, бас, гүл;

  18. Ана, әке, аға, қуыршақ.

DrawObject4

Сабақты пысықтау

  1. Бүгінгі сабақта немен таныстық?

  2. Сіздерге не ұнады?

  3. Сіздерге не ұнамады?

  4. Біз бұл ойындарды не үшін ойнаймыз?


DrawObject5 Қоштасу . Үй тапсырмасы:

Өтілген тақырыпты ата – ана үйде баламен бірге қайталауға тиісті

«Колумбиялық жұмыртқа» жаттығуын үйден бірнеше рет орындап келу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
784
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі