КІРІСПЕ
Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен
өмірлік құбылыстарды сезінуге қабілетті, қарапайым шығармашылық
іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала тұлғасын
қалыптастыру.
Міндеттері:
- мерекелер мен
ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын
арттыру;
- елжандылық пен азаматтық
сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын
тәрбиелеу.
Мазмұны:
Балалармен бірге мемлекеттік,
жалпыұлттық мерекелерді атап өту:
Білім күні. Қазақстанда
тұратын ұлттардың тіл мерекесі – «Көп тілде сөйлей білеміз».
Қазақстан Республикасының күні – «Еліміздің туған күні».
Тәуелсіздік күні – «Еркіндік күні». Жаңа Жыл. 8 Наурыз – «Аналар
мерекесі». Наурыз – «Көктем мерекесі». Күлкі күні – «Күлейікші
шаттана». Қазақстан халықтарының бірлігі күні – «Достық күні».
Жеңіс күні. Балаларды қорғау күні.
Мемлекеттік және жалпы ұлттық
мерекелер туралы түсініктерін
кеңейту.
Мерекелер мен ойын-сауықтарға
қатысуға белсенділігін арттыру.
Серуенде жүргенде мемлекеттік
мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер мен үйлердің қалай
безендірілгенін бақылау. Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру.
Мерекеге дайындығын мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның
нәтижесіне қуану сезімдерін қолдау.
Мерекелік ойын-сауықтар мен
кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқуға, ән салуға, би
билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін сомдауға қатысуға
талпыныстарын қалыптастыру.
Өз қолдарынан туысқандары мен
балабақша қызметкерлеріне арнап сый-сияпаттар мен мерекелік шақыру
билеттерін дайындау, ойыншықтар мен әшекей бұйымдарын жасауға
талпыныстарын қалыптастыру. Үлкендерді мерекемен құттықтауға
үйрету.
Спорттық ойындар мен
іс-шараларға (жаздық, қыстық) белсенді қатысып, түрлі жаттығуларды
орындауда, спорттық жарыстарда өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын,
зеректігін танытуына мүмкіндік
жасау.
Үлкендер ұйымдастырған
ойын-сауық түрлеріне қызығушылығын арттыру (қуыршақ театры,
музыкалық және әдеби композиция, концерт, ән кештері, ертегі,
телебағдарламалар мен мультфильмдер
көру).
Түрлі сайыстарға, жұмбақтар
шешуге, тақырыптық кештерге, ән байқауларына, театрландырылған
көріністерге қатысу белсенділіктерін
арттыру.
Осындай мерекелік шараларды
өткізу барысында, біріншіден балалардың патриоттық сезімі, қоғамдық
дүние танымы қалыптасады.
Екіншіден, өлеңдерді жаттап,
айтып беру барысында сәбилердің тілі дамиды, есте сақтау қабілеті
мен дикциясы жақсарады.
Үшіншіден, олардың Поэзия
әлеміне алғаш жол тартуы, бұл олардың эстетикалық талғамының
қалыптасуына әкеледі.
Төртіншіден, балалар көпшілік
алдында жүріп-тұру, би билеу, ән, тақпақ айту дағдыларын менгеріп
шығады.
Патриоттық
тәрбие
Мақсаты: Отанына , еліне,
халқына деген Отан сүйгіштік,
елжандылық сезімдерін
оятып,
патриотизмге
тәрбиелеу.
Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің
сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау:
жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін
қалыптастыру.
Өтілу
барысы:
1.Әнұран
2.Тақпақтар
3.Бәйтерек
биі.
4.Ән «Жаса
Қазақстан»
5.Қазақ
биі.
6.Ән «Көк тудың
желбірегені.»
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар сүйікті
балалар!Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Елу
жылда ел жаңа демекші, 25 жылда еліміз көптеген өзгеріске енді.
Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де
білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын
бағдар түзеп,өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың
тірегі мына бүгінгі біз бүлдіршінміз, яғни біздің балаларымыз. Сәби
күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан
бұзылмасын.
«Тәуелсіздік күні»
мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім- Қазақстан,» атты
ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ортаға «Балауса» шағын
орталығының тәрбиеленушілерін
шақырамыз.
(балалар ортаға
қолдарында жалауларымен шығады).
Құттықтау сөз: Мектеп
директор Батталова Ж.Қ
беріледі.
Балалар бүгін қандай
мереке?
Астанамыз қай
қала?
Тәрбиеші:
Шайқалмасын ешкімнің
шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан
ұланы.
Енді ағайын, көгінде
қалықтасын
Қазағымның қастерлі
–Әнұраны.- балалалар әнұранды
орындайды.
Тәрбиеші: Біз тәуелсіз елдің түлегі
болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы
сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең.
Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен
астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені,
жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан
нәресте де, еңкейген қария да оның бір
мүшесі. Ал енді біздің балалаларымыз
тақпақтарын айтып
берсін.
Алтынбек
Серпігенде бодандықтын
тұманын
Жетті әлемге ұранымен
жыр әнім
Өзің болдың көш басшысы
елімнің
Өзің болдың биік ұшқан
қыраным
Альтаир
Ел
тірегі-қайратым
Абыройым,
айбатым!
Отан даңқын
асырдың,
Көк туымды
жайнатып
Бағымызға жүр
аман
Нұр сәулетті, Нұр
аға!
Жанайдар
Келбетіңнен ізгілік нұр
көрінген
Лебізіңнен ал арманы
өрілген
Сенің арқаң-Қазақстан
көркейіп
Достық әні шарықтайды
төрінен
Ақылжан
Өз жеріме өзім ие болған
күн
Тілім таза бостандығын
алған күн
Елтаңбам мен көк байрағы
желбіреп
Тарихыма өшпес белгі
салған күн
Жансел
Толтырған гүлге
даланы
Жайнатқан ауыл
даланы
Ардақты
–атамекенім
Отаным-Қазақстаным!
Айсана
Сарқылмайтын
қуатым
Тірегімсің
сен-Отан
Мәңгі соғып
тұратын
Жүрегімсің
сен-Отан
Амирхан
Болашаққа
бастаған
Шарықтайды асқақ
ән
Елордасы
Отанның-
Мақтанышым
–Астанам!
Еркежан
Аялап ару
ананы
Өсірген еркін
баланы
Бесігім болып
тербеген
Отаным-Қазақстаным
Тәрбиеші:
Отанымның тірегі
Астанамның жүрегі.
Мақтан етем өзіңді,
Бәйтерегім
киелі- деп ару қыздарымызды
Бәйтерек биімен қарсы
алыңыздар.
Тәрбиеші:
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған
жері,
Қазақстан – қазағымның туған
елі.
Кен байтақ Қазақстандай жерде
туған
Қазақтың Тәңірі берген несібесі-
ән ортаға Жанайдар мен
Альтаирді «Жаса Қазақстан әнімен» қошеметпен қарсы
алыңыздар.
Тәрбиеші:
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына Ел
Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын! Құтты болсын тәуелсіздік
мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Тату - тәтті халқымызға
бақ қонып, Кетпесін туған жердің берекесі-ортаға
бүлдіршіндерімізді қазақ
биімен шақырамыз.
Тәрбиеші:
Ел тыныш, халқымыз аман болсын, бейбіт
күніміз жарқын болсын. Әрқашан аспанымыздан күн сөнбесін. Тәуелсіз
еліміздің көк байрағы
желбіресін.
Көк аспандай
көкпенбек
Қазақстан
жалауы
Көк емес ол-тектен
тек
Елдің ашық
қабағы- «Көк тудың
желбірегені» Алтынбек қарсы
алыңыздар.
Тәрбиеші:
Құрметті ата-аналар бүгінгі
ертеңгілігімізге уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет. Осымен
Тәуелсіз елім – Қазақстан атты ертеңгілігіміз
аяқталды.
Құттықтау
сөз: тәрбие ісінің ұйымдастырушысы
Тоқтасын Жанаргүлге беріледі.
Ата-ана
Құтты болсын-
мереке!
Ынтымағым биікке
өрле.
Жаса жайна
қазағым,
Желбіреп ұшқан
байрағым!-келесі кездескенше хош сау
болыңыздар.
Мақсаты: 1. Балалардың
бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген
сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру, туған елін қорғай білуге
тәрбиелеу.
2. Отбасындағы әке мен
бала арасындағы қарым – қатынасын нығайту, әкеге деген бала
махаббатын нығайту.
Осыдан тура 68 жыл
бұрын, Ұлы Отан соғысы аяқталды. Фашистік Германиямен 1418 күн мен
түнге созылған шайқаста Кеңес Одағы жеңіске жетті. Бұл соғыста 27
млн. адам құрбан болды. Бүгінгі бейбіт күндеріміз аталарымыз бен
ағаларымыздың сондағы төгілген қаны мен терінің
өтеуі.
Олардың есімін жас ұрпақ
есінде мәңгі қалдыру баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне, туған
жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан –
құрметпен еске аламыз. Отан үшін қан төккен ерлеріміз ешқашан
ұмытылмайды.
Ұмыт болған, ұмыт қалған
жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын
мәңгі есім.
Ұрпақ үшін
тозбайтұғын,бітпейтін,
Ардагерлер естелігі
соғыстың.
Соғыста құрбан
болғандарды бір минут үнсіздікпен еске
аламыз.
Нұрхат : Мінетін де
кезіміз атқа бекіп,
Көрген емес, есеміз
жатқа кетіп.
Жеңіс тойын тойлайды
балаларда,
Аталардың еңбегін мақтан
етіп.
Аяулым : Болмаса да осы
жолмен салалас,
Бас иеді кәрі мен жас
аралас.
Қаһарлы күн куәгері тұр,
міне-
Өрттен қалған қара
ағаш!
Олай болса, Ұлы Отан
соғысында елімізді фашистерден қорғауға қатысқан батыр ағамыз,
бүгінде елдің ақ сақалды батагөй қариясы Ералы мен Айсананың атасын
қошеметпен қарсы алайық.Қысқаша өмірбаяны
.
Енді атамызға бір – екі
сауал тастайық:
1. Ата, сіз отбасыңызда
немереңізге қандай тәрбие бергіңіз келеді
?
2. Немереніздің ұнамай
қалған немесе көңіліңізге келетін қылықтары бар ма
?
3. Ата, сіз соғыстан
елге аман- есен оралдыңыз, отбасын құрдыңыз,
бала
сүйдіңіз, немере,
көрдіңіз сіздің арманыңыз бар ма ?
Бүгінгідей егемен елде
қайғы – қасіретсіз, еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы
қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек балалар.
Қарттарымызды ардақтап өтейік ! Бұл кісілерді сыйлап, қадірлейік
!
Балалардың
тақпақтары:
Мерейгүл
: Отан туған
үйіміз,
Отан туған
жеріміз,
Отан ортақ
үйіміз
Көңілді ән мен
күйіміз.
Нұрай
: Отан – менің ата –
анам,
Отан – досым,
бауырым.
Отан – үлкен
Астанам
Отан – туған
ауылым.
Бекарыс
: Біздің
солдат-сақшысы
Біздің қызық
күндердің
Біздің
солдат-сақшысы
Біздің тыныш
түндердің.
Ибрагим: Асқақ ән көңілді
тербесін,
Тұтпасын күн қара
пердесін,
Бақытпен көз ашқан
балалар,
Бүлікшіл соғысты
көрмесін.
Ақерке: Енді соғыс
болмасын,
Қабақты қайғы
шалмасын.
Күрсінбесін
аналар,
Күле берсін
аналар.
Ән: ( Ел қорғауға
әзірміз)
Анель: Ағалар саптан
шықпасын,
Аналар қабағын
шытпасын.
Бақытқа жетіп бар
адам,
Сәбилер тыныш
ұйықтасын.
Али: Ынтымақ бар елде
гүлденсін,
Адамдар араз боп
жүрмесін.
Қызықпен көз ашқан
балалар,
Қан құйлы соғысты
көрмесін.
Абзал: Қара бұлт күн көзін
шалмасын,
Қуаныш жер-көкті
шарласын.
Сәбилер шаттанып
ұшырған.
Ақ кептер аспанда
самғасын!
Алтынай: Жеңіс келді
далама,
Жеңіс келді ән
болып.
Жеңіс келді
қалама
Келді ауылға сән
көрік.
Құралай: Жеңіс келді әке
боп,
Жеңіс келді,
алақай!
Жетім қалған
балаға
Тоя жейтін нан
болып.
Абат: Әлияны бұл
күнде
Барлық бала
біледі
Әлия
аты-көңілде
Әпкеміз деп
жүреді.
Аяжан: Әпкеміз деп
жүреді
Атын аңыз, жыр
қылып
Елдің батыр
түлегі,
Әр жүрекке тұр
келіп.
Аққыз: Отан деген
атамекен.
Отан деген туған
жер
Отан- ана, Отан
үлкен
Қазақстан- туған
ел!
Ералы: Отан бізге
біреу-ақ
Ол
біздің-Қазқстан
Амир: Отан-менің
жүрегім
Отан-менің
тірегім
Отан-сенің
саяңда,
Бақыт құшып
жүремін.
Амирхан: Отан-біздің
әкеміз.
Отан-біздің
сәніміз.
Ер жетеміз туған
ел.
Сені сүйіп
бәріміз.
Хор: «Солдат болам мен
ертең»
Елге қауып
төнбесін,
Аман-есен
болайық.
Ардагер асыл
атаның,
Ақ батасын алайық,-деп
атамыздан бата сұрайық.
Нұрхат: М ұқағали
Мақатаевтің « Көгершіндер»
өлеңі
Тәрбиеші: Елге қауіп
төнбесін,
Халқым өсіп
өрлесін.
Есен-аман
болайық,
Енді соғыс келмесін-деп
бүгінгі Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай ұйымдастырылған
кездесуімізді аяқтаймыз. Атамызға алғыс айта отырып, отбасына
амандық, деніне саулық тілейміз.
9-мамыр
Ұлы Жеңіске
66-жыл
Отан алдындағы борышын
ақтап, қанды қырғын соғысты түншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген
ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар
күніне арналған ертеңгілігімізді
бастаймыз.
Құрметті қонақтар, ұстаздар
!
Биылғы жылы 9-мамыр күні Ұлы Жеңіске 66-жыл
толады.Бұл күн ел басына күн туған кезде, ер етігімен су кешіп, ат
ауыздықпен су ішкен қиын заманда, елі, жері үшін жанын аямай,
Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған
бабаларымыздың күні.
Біз бақытты ұрпақпыз. Себебі, біз де, біздің
әкелеріміз де соғысты көрген жоқ. Ал бізге, бейбіт те бақытты өмір
сыйлаған, кеудесін отқа төсеп,ерлікпен жеңіске жеткен батыр
бабаларымыз. Олардың көпшілігі біздің арамызда
жоқ.
Бірақ, есімдері мен ерліктері біздің
жадымызда.
Олай болса ортаға
бірінші отрядтағы ұландарымыз
шақырамыз
(3 жастағы
тәрбиеленушілер саппен шығып безендірілген машинаға
отырады)
екінші отрядтағы
ұландарымыз шақырамыз
(4-5 жастағы
тәрбиеленушілер саппен шығады)
1. ҚР гимні
орындалсын
Отан үшін жанын қиған
боздақтар,
Рухың сенің от боп маздап
жалындар!
Ей,жас ұлан, ұмытпаңдар ерлік еткен
ерлерді,
Тағзым етіп, бас иіп гүл
қойыңдар
( саппен айналып барып
мәңгілік алау жанына гүл шоқтарын
қояды)
2. ұлдар тақпақтарын
айтады ,
3. ән ұлдардың
орындауында "Салдат болам мен ертең" әнін айтып
отырады
Шағын концертімізді
қабыл алыңыздар 4. қыздар би гүлдер 5. қыздар тақпақтарын айтып
шығыпкетеді
6. ән Бала тілегі
Ақерке
7. бала тілегі
Анель
8. Би аққу
Аққыз
9 Атамекен әні
хормен
Соғыстың өрті
жанбасын,
Сәбилер жетім
қалмасын!
Есігіне әр
үйдің,
Бесігіне
сәбидің,
Мәңгілік бақыт
орнасын.
Болмасын соғыс,
болмасын!
Мерейгүл : Отан туған
үйіміз,
Отан туған
жеріміз,
Отан ортақ
үйіміз
Көңілді ән мен
күйіміз.
Нұрай : Отан – менің ата
– анам,
Отан – досым,
бауырым.
Отан – үлкен
Астанам
Отан – туған
ауылым.
Бекарыс : Біздің
солдат-сақшысы
Біздің қызық
күндердің
Біздің
солдат-сақшысы
Біздің тыныш
түндердің.
Ибрагим: Асқақ ән
көңілді тербесін,
Тұтпасын күн қара
пердесін,
Бақытпен көз ашқан
балалар,
Бүлікшіл соғысты
көрмесін.
Ақерке: Енді соғыс
болмасын,
Қабақты қайғы
шалмасын.
Күрсінбесін
аналар,
Күле берсін
аналар.
Анель: Ағалар саптан
шықпасын,
Аналар қабағын
шытпасын.
Бақытқа жетіп бар
адам,
Сәбилер тыныш
ұйықтасын.
Али: Ынтымақ бар елде
гүлденсін,
Адамдар араз боп
жүрмесін.
Қызықпен көз ашқан
балалар,
Қан құйлы соғысты
көрмесін.
Абзал: Қара бұлт күн
көзін шалмасын,
Қуаныш жер-көкті
шарласын.
Сәбилер шаттанып
ұшырған.
Ақ кептер аспанда
самғасын!
Алтынай: Жеңіс келді
далама,
Жеңіс келді ән
болып.
Жеңіс келді
қалама
Келді ауылға сән
көрік.
Құралай: Жеңіс келді әке
боп,
Жеңіс келді,
алақай!
Жетім қалған
балаға
Тоя жейтін нан
болып.
Абат: Әлияны бұл
күнде
Барлық бала
біледі
Әлия
аты-көңілде
Әпкеміз деп
жүреді.
Атын аңыз, жыр
қылып
Елдің батыр
түлегі,
Әр жүрекке тұр
келіп.
Аққыз: Отан деген
атамекен.
Отан деген туған
жер
Отан- ана, Отан
үлкен
Қазақстан- туған
ел!
Ералы: Отан бізге
біреу-ақ
Ол
біздің-Қазқстан
Елге қауып
төнбесін,
Аман-есен
болайық.
Ардагер асыл
атаның,
Ақ батасын
алайық,-