Ақтөбе
облысы
Ырғыз
ауданы
Шеңбертал
ауылы
Шеңбертал орта
мектебінің психологы
Баймұханов Самал
Ермұханбетұлы
ПЕДАГОГ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН
ЖАТТЫҒУЛАР
-
«Қожайын»
жаттығуы
Әрбір жеке тұлға - өз ісінің
қожайыны. Кәсіпкер, басшы, директор және т.б. қызметтер де қожайын
болудың бір саласы. Адамның қожайын сезімін ояту үшін, тренингке
қатысушыларға жаттығу жасату қажет. Біз топ мүшелерінің ішінен бір
қатысушыға қожайын рөлін ойнау ұсынады. Барлығы оны қожайын ретінде
санауы керек. Ол барлығына бұйрық береді. Дауыс ырғағы көтеріңкі,
жуан, аудитория еститіндей темпте болуы міндетті. Ол қатысушыларға
кез келген әрекетті бұйрық беру арқылы орындата
алады.
Ескерту: Барлық қатысушылар осы рөлде
ойнауларына болады. Соңында топ оның рөлді қалай ойнағандығын
бағаланды (0-9). Егер қатысушы 0 балл алатын болса онда жаттығу
қайталанылды. Қожайын қызметіне түсу үшін қатысушыға өзіндік ішкі
дайындық, ойын тиянақтауға уақыт
берілді.
-
«Ішкі сәуле»
жаттығуы
Жаттығу жас мамандармен
жеке-жеке орындалды. Мақсаты: ішкі тыныштықты қалпына келтіреді
және шамадан тыс шаршаудан көмектеседі. Жаттығуды орындау үшін
дәрігерлерді ыңғайлы етіп
орналастырдық.
Ережесі: Егер
орындықта отырса аяқты еркін созып, басты артқа түсіріп, қолды
алдыға қою керек. Қатысушылар толық ыңғайлы жағдай жасағаннан кейін
оларға көзді жұмып жаттықтырушының айтқанын сезінуді талап еттік.
Қатысушыға: «Сіздің басыңыздың ішінде, жоғары жағында жарық сәулесі
пайда болды. Жарық сәуле жарқырап басыңыздан төмен асықпай қимылдап
барады. Өзінің қозғалысымен беттің барлық бөліктерін, мойын, қол,
йық және т.б. мүшелерді жылы және жайлы жағдайға түсіріп жарқыратып
кетіп барады. Жарық сәуле жүріп өткен жердердің қыртыстары жазылды,
көздің жарығы ашылды, иық кеңейді және т.б.» - деген сөздермен
қатысушылардың бойына жаңа талпыныс күшін ұялатып, шаршауды басады,
рахаттану сезімін орнатады. Дәрігерлерге жаттығуды орындағаннан
кейін мына сөздерді айтқыздық: «Мен жаңа адам болдым! Мен күшті,
шыдамды адам болдым! Мен барлық істі жақсы
орындаймын!».
-
«Пресс»
жаттығуы
Жаттығу мамандардың
жағымсыз эмоциясын шығаруға, ыза, ашулану, қобалжудың алдын алуға
көмек беру. Жаттығуды жұмыстан шаршап келгенде, кез келген
психологиялық қысымды жағдайдан кейін, қызметтік стресстен кейін
жасауға болады. Маман өзінің көкірек деңгейіне дейін іштей қатты
прессті сезінеді. Пресс арқылы жағымсыз эмоциясын басады және ішкі
қысымды шығарады. Жаттығуды орындау барысында денеде іштей
физикалық ауыртпалықты нақты сезіну
қажет.
-
«Жеке тұлға және
маман» жаттығуы
Мақсаты: Өзінің
кәсібіне деген қатынасы: психикалық қуат көзінің тасуы, мәселелерді
басқара алуы, бөле білуі, ішкі күштерді анықтау және өсу бағытын
түсінуі. Жұмыста жағымсыз эмоцияның, қысымның күшеюіне қарай
психологиялық қолдауды алуы.
Жаттығу сәлемдесуден
басталады. Жүргізуші Сіздер Нобель сыйлығының иегері болып
жатырсыздар. Сіз туралы қандай тақырыпта мақала жазылсын. Мысалы:
«Ең батыл мұғалім», «Білікті маман» және т.б. Қатысушыларды бір сәт
болашаққа саяхат жасату арқылы таныстыру. Мәселенің өзектілігі
психологиялық тұрғыда жеке тұлғаның барлық уақытта кәсіби дамуға,
біліктілігін жетілдіруге дайын болуы, жаңа білім мен іскерлікті
толықтыру әрекеті, өзіндік ынтасы мен талпынысынан көрінеді. Кәсіби
құзыреттілікті қалыптастыру.
-
«Менің кәсіби
жұмысым, отбасы шаруам және
жеке
өзіме көңіл
бөлуім» жаттығуы
Қатысушыларға парақ
таратылып, оның ортасына дөңгелек салынған. Сол дөңгелектің ішін
үшке бөлу, қандай арақашықтықта өзі болжау. Нақтылап әрекеттер
қаралатылатын ұпайға шағу арқылы көрсету және қанша уақыт
бөлінетінін өзі талдау. Соңында жұмыс барысында не сезінгені туралы
баяндау.
-
«Мен үйдемін, мен
жұмыстамын» жаттығуы
Нұсқау: парақты
екіге бөлу.
Мен үйдемін Мен
жұмыстамын
Мен үйде ешқашан ............
Мен жұмыста ешқашан .......
-
Ұқсас мінез-құлық
(үйде, жұмыста);
-
Қарама-қарсы
мінез-құлық;
-
Жалпы сипаттың
болмауы;
-
Осы сипаттағы сіздің
қатынасыңыз.
-
«Мен қандай
маманмын» карикатура
жаттығуы
Өзін әзіл-оспақ етіп салу,
онда өзін дамытуға, кәсібіне байланысты қалыптастырған қасиеттерін
(эмпатия сезіміне өзгенің ене білу, қарым-қатынас, бағаламай тек
тыңдай білу, мейірімділік, икемділік, құзыреттілік,
шығармашылық).
-
«Менің жұмысым»
ассоциация жаттығуы
Нұсқау: бір парақты бес
сызыққа бөлеміз. Бірінші сызыққа 16 ассоциациялық сөз топтастыра
отырып, 8 ассоциациялық сөз қалдыру. Үшінші қатарға тағы сөздерді
біріктіре отырып 4 – ассоциациялық сөзге әкелу. Екінші қатарға
2-сөзге соңғы қатарға бір сөзге әкелу болып
табылады.
Психологиялық қолдау көрсету
және кері байланыс:
Бір парақты төртке
бөледі, үш бөлігіне оң жағындағы үш адамға жағымды мағынада, сол
адамда қай жағы жақсы дамыған, ал қай жағына көңіл бөлуі қажет
екенін жазып беру. Ал төртінші бөлікке өзінен бүгінгі кездесуден
алған әсері туралы жазып қалдыруды
сұрау.
-
«Қысым және
босаңсу» жаттығуы
Бұл жаттығу қиын науқастармен
жұмыс жүргізгеннен кейін денедегі қысым мен тітіркенуді шығарып
тастауға бағытталған.
Қатысушылар тік тұрып
өздерінің оң қолдарына барынша қысым туғызады. Бірнеше секунд
өткеннен кейін қолын босатады. Келесі қолына да осындай жаттығу
жүргізеді.
-
«Жалын-мұз»
жаттығуы
Қатысушылар тік
тұрып «Жалын дегенде» жылдам барлық дене бұлшық етімен
қимыл-қозғалысқа түседі. Әрбір қатысушы оны өз ырқына қарай алады.
Ал «мұз» дегенде сол тоқтаған кейпінде қалшиып қалады. Жүргізуші
бірнеше рет бұл үрдісті
қадағалайды.
-
«Зейінді аудару»
жаттығуы
Педагог бір
іс-әрекет түрінен басқаны жеңіл және тез ауыстыруды білу қажет. Ең
маңызды ықпалы жаттығудың әдістері, ішкі құбылмалы қабілеттілігінің
дамуы және зейіннің тез ауысуына спорттық ойындардың ішінде доппен
ойнау болып табылады. Ал педагог қызмет үстінде ондай спорттық
ойындарды ұйымдастыруы мүмкін емес. Сондықтан, дем алу арасында
арифметикалық есептер шығару, 1-ден 100-ге дейін дұрыс және кері
санау.
-
«Қақтығыс»
жаттығуы
Мақсаты: Жас мамандардың жаңа ортаға
енуіне жағымды ықпал ету. Қақтығысу жағдайларының алдын
алу.
Нұсқау: Жүргізуші қатысушыларды
жұп-жұпқа бөледі. Ойланыңыздар, сіздер қақтығысқа қатысушыларсыздар
деп, әр қайсыларыңызға жауапкершілік
артылады.
-
қақтығысты
бастау;
-
қақтығыстағы
дәнекер;
-
қақтығысты
тоқтату.
«Қақтығысқа не әсер
етеді?» - деген сұраққа жаттығу соңында жауап бере отырып, қатысушы
өз тапсырмаларын қорғайды. Қақтығыс кезіндегі мінез-құлықты
қадағалап отырады.
Төмендегі сұрақтар
арқылы жұмысты қорытындылау.
-
қақтығыс кезінде
мені не мазалайды?
-
қақтығыс маған қалай
әсер етеді?
-
жақсы жаққа қалай
өзгеруге болады? - деген сұрақтарды
қолданады.
«Екі жақты пайда» деген ұғымды
ашу. Қажет болса қақтығыс кезінде қолданылатын дене жаттығулары
жасалынады.
-
«Кемпірқосақ»
жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың бойындағы
жағымсыз және жағымды қасиетті анықтау. Қорқыныш пен үрейден
арылуға ықпал ету.
Қажетті
құрал: Таза ақ парақ, қалам, қайшы,
түрлі-түсті бояу.
Нұсқау: Кемпірқосақ ойынында жағымсыз
қасиеттің біреуін таңдау, екінші жағымды қасиеттің біреуін таңдап
алып үлкен әріптермен жазамыз, ортасына кемпірқосақты түрлі-түсті
түспен жалғаймыз. Қатысушылар жағымсыз қасиеттерінің бірін таңдап
алады. Олардың қай жерінде орналасқанын, адамның қай дене мүшесінде
екенін салып, қырқып аламыз (қолда, жүректе, мида т.б.). Көздерін
жұмып, мен өз бойымдағы жағымсыз қасиеттен құтылдым. Жыртып тастау.
Кемпірқосақ салынған бос орынға жағымды қасиетті жазып
қою.
Әрбір жаттығу жас маманның
өзіне деген сенімін оятуға, қызмет бабында кездесетін қиындықтарды
жеңуге ықпал жасауға
арналды.
14.
Эмоциялық-коррективтік уайымдау бойынша
жаттығуы
а) Сізді қиналдырып жүрген келеңсіз жайтты,
бірінші жақтан, шағын әңгіме ретінде жазыңыз. Сезімдеріңізді,
болған диалогтарыңызды қайта жаңғыртыңыз.
ә) Кейін осы келеңсіз жағдай сізше қалай
болғанын қалар едіңіз, солай жазыңыз. Келеңсіз жайттан кек
алыңыз.
б) Немесе жаңа диалогтар, әңгіме соңын және
шешілуін жазып көріңіз. Өзіңізді жаңа, тиімдірек жағынан
көрсетіңіз.
Сондықтан, өзіңіз мақтан тұтатын жайттарды қысқа
түрде жазып қойыңыз және белгілі бір уақыттан кейін оқыңыз. Бұл өз
көз алдыңызда бекуіңізге, өз-өзіңізді сыйлауыңызға елеулі көмек
жасайды және өз-өзіңізге сенімді арттырады.
Ережелер бойынша тамақтанамыз
-
Кофеиннен аулақ болыңыз (қою емес
шай немесе жеміс шайын ішкен дұрысырақ).
-
Жануарлар майын пайдалануды
шектеңіз.
-
Ішімдіктердің көмегіне жүгінбеңіз.
-
Жоғары сапалы ақуызы бар тағамдарды
(балық, тауық еті, фасоль, бұршақ)
пайдалануға акцент жасаймыз.
Сонымен
қатар, дәрумендер туралы ұмытпаймыз.
Соның ішінде В тобының (ең алдымен-В6) және –С.
14. Жақсы
көңіл-күй гимнастикасы
Ең
алдымен бет-әлпет бұлшықеттерін жаттықтыру қажет.
-
Маңдайыңызды жиырып, одан кейін
жазыңыз. Оны 10-15 рет жасауға болады, қашан сіздің
бет-әлпетіңіздің бұлшықеттерінің жай, жағымды шаршауын сезінгенше
жасалады.
-
Қабақ түюден, түңілуден арылу үшін
келесі жаттығуды орындау керек: көзіңізді жұмыңыз. Сосын неғұрлым
қабағыңызды қысыңыз. Кейін көз ашпай, бұл қысылуды жазыңыз және
бет-әлпет терісін әр жаққа тартқандай болыңыз. Бұл жаттығуды тек
таңертең емес, сонымен қатар күнде бірнеше рет жасауға болады.
-
Ваннаға кіргеннен кейін айна алдына
тұрып, жақсы нәрсені еске алыңыз.
Кейін
сіз қандай іспен айналыспаңыз шағын үзіліс табуға және 2-3 минуттай
бір жерге барып (ванна, әжетхана) жағымды музыканы ысқырып тұрып
айтыңыз, секіріңіз, тентек болыңыз. Жалпы
айтқанда бала қылықтарын көрсету – жастықтың, жанның, психиканың,
жүйке-жүйесінің сақталуының белгісі.
15. «Иә»
жаттығуы
Мақсаты: босаңсу және мазасыздануды
түсіру.
Ұзақтығы – 15
минут.
Мәтін:
Көзіңізді жұмыңыз!
Өзіңізді орманда жүрмін деп елестетіңіз. Ормандағы ағаштарды, жұпар
аңқыған жапырақтарды, гүлдерді иіскеңіз. Құстардың әнін естіңіз!
Орман ішінде қыдырыңыз. Орманда қыдырып жүріп бір үңгірге келдіңіз,
оның қабырғаларын сипап көріңіз, тастардың қаттылығын сезініңіз.
Үңгірдің жанында қатты сарқырап ағып жатқан сарқырама судың дауысы
естіліп тұр, оны іздеп табыңыз, енді кішігірім ғана су сарқырамасын
іздеп табыңыз. Ағып жатқан судың дыбысын естіңіз! Соны және де
ормандағы тыныштықты, құстың әнін тыңдаңыз. Осының бәріне өз жан
тәніңізді ашыңыз, яғни салқын леп, тыныштық,
дыбыстар.
Өзіңізге ыңғайлы
жерге отырыңыз, сол жерге көңіл қошыңызды шоғырландырып көңіл
бөліңіз. Сізді қоршаған барлық дүние сізге толығымен өткенін
сезініңіз, басыңыздан аяғыңызға дейін бәрі өтсін. Сіздің жан
дүниеңізге «Иә» деген сөз толығымен кірсін. Сол сөзді сезініңіз!
Сіздегі барлық жағымсыз көңіл-күйді, өзіңізді қабылдамау
сезіміңізді, қорқыныштарды ұмытып, керісінше жағымды, тамаша
сезімдерді қалдырыңыз! Иә, мен (атыңызды айтасыз) барлық тамаша,
жағымды нәрселерге лайықтымын – деп өзіңізді бекітіңіз. Мен
табысқа, беделге, құрметке татимын! Иә, мені керемет болашақ пен
сәттілік күтіп тұр! – деп сенімділікке
кіріңіз.
Өз жан дүниеңіздегі
жағымды күйді сезініңіз, оны барлық тәнге, атыңызға, бәріне сол
сезімді өткізіңіз! Сіз кереметсіз, ендеше өз өткендеріңізге,
қазіргіге, болашаққа жымиыңыз! Бұл жымию өте жұмсақ, нәзік ашылып
келе жатқан гүлге ұқсайды, ол сіздің ішіңізде ашылуда, оның жұпар
иісі сіздің бүкіл жан дүниеңізді
аралауда!