400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Педагог қандай болу керек эссе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагог қандай болуы керек?

(эссе)


«Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі», деп Мағ­жан Жұмабаев айтқан еді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел арасындағы осы сөзді қайта тірілтіп, 2019 жылғы 30 желтоқсан күні «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойып, педагог мәртебесін заңмен бекітті.

Ал, ендеше, «Педагог қандай болуы керек?» деген ой бәріміздің көңілімізде тұрары анық.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық деп ойлаймын. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған ұзақ еңбек жолымдағы өмірлік ұстанымым – әрқашан шығармашылық ізденісте,ой қозғалысында болу.

Заман өзгеруде, менде заман талабына сай өзгере білуім керек — деген ұстаным әр ұстаздың бойынан табылуы керек. Осы орайда, ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың сөзі ойыма орала береді:

«Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады»

Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті.Даму мен үйрену бір үйдің егіз балалары секілді. Бір-бірінсіз толық салынбаған сурет секілді шимай болып қала береді. Дамығың келсе үйренесің, үйрене бастасаң, дамып жатырсың деген сөз!

Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден оқытудың оқушы мен  мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы.Құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Сондықтан мұғалімнің бойында Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болуы тиіс (бас,қол,жүрек).

Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы“Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.Не деген керемет ой десеңізші!

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім емес пе?!

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. «Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес.

Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани жан-дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі аса кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті бар, жан-жақты жақсы ақпараттандырылған, заман талабына сай өмір сүре алатын, белсенді ұрпақ тəрбиелеу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр педагогтың борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз, адал сүйе білетін адам болуы керек.Осы орайда ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың:

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен еңбегіміздің анық ақталғаны емес пе, шіркін?! Ендеше, осы «Педагог» атына лайық болайық ағайын! Өйткені, Мұғалім - мектептің жүрегі!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі