Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Педагогика-психология мамандығындағы студенттердің сөйлеу техникасын жетілдіру.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Педагогика-психология мамандығындағы студенттердің сөйлеу техникасын жетілдіру.
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Педагогтың сөйлеу техникасы педагогикалық мәдениеттің компонентінің мәні ретінде
2.Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасын жетілдіруге арналған тәжірибелік жұмыстар.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Зерттеу өзектілігі: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз.
Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.
Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық.
Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, кәсіби даярлығы жоғары педагогтар қоғам сұранысынан туындап отырған мәселе.Осындай мәселе біздің педагогика және психология мамандығындағы жалпы педагогикалық ЖОО студенттердің сөйлеу мәдениеті, сөйлеу техникасының жоғары болуын талап етеді.
Сөйлеу мәдениеті техникасын жетілдіру – қазіргі заманауи ЖОО-дарының алдындағы ең өзекті міндеттердің бірі. Жалпы педагог тұлғасының сөйлеу мәдениеті деңгейін оның ойлау, интеллектуалдық даму деңгейіндегі сөйлеу мәнерінің тілдік нормаларға сай келуінен көруге болады. Педагогтың сөз мәдениеті барлық кез келген адамзат баласындағыдай өз Отанына деген махаббатының және жалпы мәдениеттілігінің жоғары деңгейін көрсетеді. Дауысының эстетикалық сұлулығы, байлығы, мазмұны мен бейнелігі бар педагог оқу-тәрбие үдерісіндегі міндеттерін жақсы атқаруға қабілетті болады. Дауысының күші, сарыны да, сонымен қатар шынайлылығы және нақтылығы да маңызды рөл атқарады. Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы.Алтынсаринның пікірін келтірейік: «Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалыңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек»деген болатын ұлы ағартушы.
Зерттеу мақсаты: педагогика-психология мамандығындағы студенттердің сөйлеу мәдениеті техникаларын меңгеруін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
-
қазіргі кездегі педагог-психолог мамандарының сөйлеу мәдениетінде қолданылатын сөйлеу техникалараның мәнін ашу;
-
педагогика-психология мамандығындағы студенттердің сөйлеу мәдениетінің ерекшелігіне талдау жасау;
-
педагогика-психология мамандығындағы студенттердің сөйлеу мәдениетінің ерекшелігіне жүргізілетін жұмыстарды талдау.
Зерттеу болжамы: Егер, педагог мамандарды даярлау барысында сөйлеу техникасын жетілдірсек, онда болашақта сөйлеуі мәдениетті қалыптасқан кәсіби маманды даярлаймыз.
Зерттеу базасы: Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, педагогика және филология факультеті, педагогика және психология мамандығы ІІІ-ІV курс студенттері.
1.ПЕДАГОГТЫҢ СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ КОМПОНЕНТІНІҢ МӘНІ РЕТІНДЕ
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатындыны және аса маңыздысы – тіл. Тіл – адам мен адамды ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек қана адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Тіл – адамның іс-әрекет процесінде таным, ақпараттық және коммуникативтік қызметті атқаратын кез келген физикалық табиғаттың таңбалау жүйесі.
Тіл – адамның жан дүниесінің көрінісі. Ол тұлғаны қалыптастырады. Педагогикалық іс-әрекетті саралау бойынша, егер ашық-жарқын және бейнелі сөз мәнерімен көркемделмесе, оқу-тәрбие мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алмайтындығы анықталды. Педагогтың тіл мәнерінің дамуы білім беру және тәрбиені күшейту үшін өте маңызды. Мұғалімде жақсы дамыған вербалды есте сақтау қабілеті, тіл мәнерін дұрыс таңдау және адаммен тіл табысу барысында дұрыс бағыт таңдай білу, нәтижесін сезе білу дағдысы болуы керек. Вербалды тіл табысу кезінде оның мәдениеттілігімен эрудициясы біршама роль атқарады.
Тіл дегеніміз – адам қоғамының рухани өмірінде объективті өмір сүретін құбылыс. Тіл қарым-қатынас қызметін атқаратын белгілері жүейсі және ой қаруы болып саналады. Тіл мағыналы сөздерден және сол бойынша сөйлемдер жасалынатын ережелер жиынтығы синтаксистен құралады. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы болады. Тілдің сөздік қорында осы тілде сөйлейтін адамдар қауымдастығының айналадағы дүние туралы білімі сақаталады. «Тіл – ой музейі» теңеу тегіннен тегін емес. Тіл жазбаша және ауызша сөйлеу арқылы іске асады. Тіл рухани мәдениет құбылысы ретінде, өзін жасаған қоғам құрып кеткен сонда өмір сүре отырып, жоғалған цивилизация мәдениетінің аса құнды ескерткіші бола алады. Тілдік хабарларды құрайтын құралдар фонемалар және графемалар. Осы әлеуметтік тұрғыда жасалып қалыптасқан дыбыстар мен графикалық белгілерден адамзат тәжірибесін жеткізуші сөздер құрылады.
Сөйтіп тілде бізден бұрынғы ұрпақтар жасаған аса бағалы өмірлік қазына жинақталады.
Педагогикалық шеберліктің маңызды бөліктерінің бірі – сөз мәнері мәдениеті болып табылады. Сөз мәнері педагог үшін оқу материалын тарату және тәрбиелік өзара қарым-қатынас құралы болып саналады.
Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік жөніндегі оқу Ежелгі Грецияның және Ежелгі Римнің ораторлық өнер тәжірибесімен теориясында пайда болған, ал Ресейде М.В.Ломоносов ашқан. Жазушыларға, заңгерлер, ғалымдар, педагогтар сөз мәнеріндегі шеберлікті өз салаларына қарай бейімдейді. Я.А.Коменский педагогтың оқушы назарын өзіне аудара алатындай деңгейдегі сөз мәнері болуы қажет деп санады. Ол мұғалім тілі оқушыға түсінікті, нақты, әрі тартымды болуы керек деп жазды. Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік педагогтың рухани байлығының, ойлау мәдениетінің маңызды көрсеткіші және тұлғалық қалыптасу құралы болып табылады.
Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес [1].
Сөз мәдениеті, біріншіден ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді. Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс қолданудың емле мен белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, оның ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлап берген көркемдігімен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал әрекеттерді қамтиды.
Ауызекі сөйлеу тілінің де бастау негізі – белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез-құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы белгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.
Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді берерде жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.
Сөз дұрыстығы қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл , ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз «дәлірек» , «айқынырақ» деп бағаланады.
Тіл анық болмас ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, Мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.
В.А.Сухомлинский «Сөз – ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен алмастыра алмайсың...» - деп оның маңызына ерекше назар аударады.
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы.Алтынсаринның пікірін келтірейік: «Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалыңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек» [2].
«Сөз мәдениеттілігі» немесе «тілдік мәдениет» сөз тіркестері үш мағынада қолданылады: Сөз мәдениеттілігі – сөз өнеріндегі коммуникативтік жетілдіру үшін көрсететін қасиеттері мен белгілері; Сөз мәдениеттілігі – адамның сөз мәнерін тіл табысу мақсатында дұрыс қолданылуын қамтамасыз ететін білімділігімен дағдылардының жиынтығы; Сөз мәдениеттілігі – сөз мәнері және оның коммуникативті сапалы жүйесі жөніндегі лингвистикалық білімдер жиыны.
Сөз мәнерінің коммуникативті сапасы оқушыларға сөз мәдениеттілігі ретінде әсер етсе, біз оның құрылымын коммуникативті әсері жағынан қарастырамыз.
Сөз бен тіл бірге қолданылады, олар бір емес. Тіл – жалпылама қабылданған мазмұны бекітілген сөз мәнері тәжірибесінде өңделген тілдік белгілер жүйесі. Сөз – жекелеген тұлғалардың тілді нақты тәжірибеде қолданатын тілдік іс-әрекеті.
Тіл мен сөз мәнері бір-бірін өзара толықтырып отырады. Егер тіл – сөйлесу құралдарының жүйесі болса, сөз мәнері – осы жүйені таратушы. Сөз мәнері тіл ережелері бойынша жүзеге асады. Тілдің маңызды қоғамдық функциялары мыналар:
-
Күнделікті тіл табысу – сөйлеу стилі;
-
Хабарлама- іскерлік және ғылыми стиль;
-
Әрекет ету – публицистикалық және көркем –беллетристикалық стиль.
Педагогтың сөз мәнері тек оқыту міндеттерін ған шешпейді. В.А.Сухомлинский мұғалімнің педагогикалық шеберлігі сөздің тәрбиелік мағынасын аша білу дағдысына тікелей байланыста анықталады деп санайды. Педагог кадрларды даярлаудың маңызды шарты – барлық сала бойынша студенттерде тілге деген ұқыпты қарым-қатынасқа тәрбиелеуді қалыптастыру. К.Паустовский былай деп жазған: «Әр адамның өз тіліне деген байланысы бойынша оның мәдениеттілік деңгейі ғана емес, сонымен бірге азаматтық құндылығы жөнінде де пікір айтуға болады. Отанға деген шынайы махаббат өз тіліне деген махаббатсыз қалыптаспайды»[3].
Тілде және сөз арқылы әр адамның өз Отанының, өз халқының өткен және осы жағымен байланысы анықталады. Сондықтан үнемі сөз мәнері, ана тілдің тазалығына мәнерлеп сөйлеу мәдениетіне көңіл аудару қажет.
Сөйлеу әрекетінің мәдениеттілігін анықтайтын сөз сапаларының төмендегідей 23 түрін айқындайды. Олар мыналар: сөздің дұрыстығы (мінсіздігі), тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы,мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі, жүйелілігі, мағыналылығы, байланыстылығы, айқындылығы, жандылығы, тартымдылығы, айғақтылығы, ғылымилығы, идеялылығы, ықпалдылығы, сендірімділігі, тұтастығы.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шараларының бірі – тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегеніміз – айтайын деген ойымызды еркін жеткізу, сөйлегенде бөгде тілдік элементтерді – диалектілерді, варваризмдерді араластырмай сөйлеу халқымыздың асыл сөз қазыналарын тиімді пайдаланып, жатық анық сөйлеу, әдеби тілде сөйлеу.
Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы – тіл заңдылықтарын сақтау және сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын, сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші ым-ишара, әрі қимыл-қозғалысы арқылы жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы,таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану әрі оларды дұрыс байланыстырумен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалды екенінде.
Студенттерді сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе ЖОО-ны жағдайында қолға алу үшін оқытушыға төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:
1. Студенттердің жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза айта алуына, ана тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет.
2. Студенттердің тілінде байқалатын кемшіліктерді (мәселен, кекеш, тұтықпа., кей дыбыстарды дұрыс айтпау және т.б) жою мәселесі де оқытушыға қатысты мәселе. Осы мәселе жөнінде ол логопедтермен (тіл кемістігін түзейтін мамандар) тығыз байланыс жасау қажет.
3.Оқытушылар өз тобындағы студенттердің ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп, олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.
4. Студенттердің сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу – оқу-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі. Өйткені сөйлеу мәдениеті – мәдениеттіліктің басты белгісі. Студенттерді сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. Мысалы, оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі [4].
Мұғалімдермен ата-аналар, оқушылар бір сөзбен айтқанда барша жұршылық осы айтылғандардан тиісті қорытынды шығарып, өздерінің сөйлеу мәдениетін, әсіресе ана тілінің кәусәрінен мол сусындап жетілдіріп отыруды естен шығармаулары тиіс.
Педагогтың сөйлеу мәдениеті дегеніміз – сөз мәнері шеберлігі, стилистикалық ойды нұсқаны таңдау білу, ойын анық және айқын жеткізе білу дағдысы.
Сөйлеу дегеніміз – тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Тіл – қоғам өмірінің обьективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды. Қарым-қатынаста адам тіл байлығының шағын бөлігін ғана пайдаланады. Ұлы жазушылардың тілінің өзінде 10 мыңнан 20 мыңға дейін сөз болады, ал жалпы тілдің құрамында бірнеше жүздеген мың сөз болады.
Адами сөйлеу күрделі, сондықтан да көп құрамдас түсінік. Педагог ауызша және жазбаша әдеби тіл нормаларын, яғни екпінді, грамматиканы, сөздің қолданылу аясын білуі тиіс. Осы тұрғыдан сөз мәнерінің дұрыс не дұрыс еместігін бағалайды.
Педагогтың сөз мәдениеті барлық кез келген адамзат баласындағыдай өз Отанына деген махаббатының және жалпы мәдениеттілігінің жоғары деңгейін көрсетеді. Дауысының эстетикалық сұлулығы, байлығы, мазмұны мен бейнелігі бар педагог оқу-тәрбие үдерісіндегі міндеттерін жақсы атқаруға қабілетті болады. Дауысының күші, сарыны да, сонымен қатар шынайлылығы және нақтылығы да біршама рөл атқарады.
Сөйлеу мәдениеті жөніндегі ғылым тілдік сферамен тығыз байланыста болады. Бұл мәселелермен әдебиет теориясы, психология, педагогика және физиология тәрізді ғылымдар айналысады. Тілдік нормалар (орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) – қоғам үшін мейілінше қажетті жиынтық [5].
«Тәжірибелі мұғалімдер үнемі сабақта айтылып, беріліп отырған түсініктің маңыздылығына аса мән береді. «Сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңдер»,- деп жазды Р.Декарт.
Сөйлеу мәдениеті көптеген факторларға байланысты – тілдесудің ойлы, бағыттылығы, оның мазмұны, жаңа ақпараттың болуы және т. б.
Лингвист Б.Н.Головин «Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік» кітабында оның келесі құрамдас бөліктерін көрсетті:
-
Сөйлеу дұрыстығы: екпін нормалары;
-
Сөйлеу дұрыстығы: грамматика нормалары;
-
Сөйлеу нақтылығы;
-
Сөйлеу логикасы;
-
Сөз мәнерінің тазалығы;
-
Сөз мәнерінің анықтығы;
-
Сөз мәнерінің байлығы, әр алуындығы;
-
Сөздің орындылығы;
-
Тілдік және сөйлеу стилі
Тілдің бай лексикалық – сөздік жүйесі педагогтың сөздік мәнеріндегі педагогикалық мәдениеттілігінің анық белгісі болып табылады. Тіл байлығы тек сөз қорына (санына) байланысты емес, оларды бірнеше мағынада қолдану мүмкіндігімен де анықталады. Бір ғана «жүру» сөзінің бірнеше мағынасы («жаяу жүру», «адымдап жүру», «іс оңға басты» т.б.) бар. Тілдің лексикалық байлығы әр түрлі ойлар мен сезімдерді жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Сөйлеу мәдениетінің маңызды белгісі нақтылық болып табылады. Сөз мәнерінің нақтылығы мен анықтылығына тілдің көптеген құралдарын қолдану арқылы қол жеткіземіз. Мысалы, синонимдер. Синоним дегеніміз – мағынасы жағынан бірдей ал жазылуы әр түрлі сөздер. Мысалы, «атақты», «дәрежелі», «белгілі»; «еркіндік», «бостандық», «тәуелсіздік». Тілдің синонимдік құрылым ойды әр түрлі тәсілдермен жеткізуге, нақтылыққа жетуге көмектеседі.
Сөз нақтылығы оның сыңарын дұрыс келтіре білуге де байланысты, айтылуы ұқсас, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер: «абонемент» - «абонент», «тәжірибелі» - «тәжірибелік» [6].
Педагогикалық тіл табысудағы сөйлеу мәдениеттілігінің қажетті шарттарының бірі – ойды ауызша жеткізудің маңызды белгілері – қарапайымдылық пен қысқаша сөйлеу. Сөйлеу мәнерінің сапасын бір нәрсені қайталап айта беру, яғни тавтология (мағынасыз сөздерді өайталап айта беру) бұзады.
Педагогтың сөйлеу мәнері табиғи және анық болуы тиіс. Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы – бұл сөз тіркестерін және сөйлем құрудағы сөз формаларының орынды қолданылуы мен нормативтілігі.
Мұғалімнің сөйлеу мәнерінде оқушылар жеңіл қабылдайтын қарапайым, кұрделі емес сөйлемдер болуы тиіс.
Дыбысталуы дұрыс болмаса, жоғары дәрежедегі сөйлеу мәдениеттілігі мүмкін болмайды. Бұл – орфоэпия саласы. Екпін орфоэпиямен тығыз байланысты. Көптеген жағдайларда екпін қоя білу қиынға соғып жатады.
Педагогтың сөйлеу мәнері тек дұрыс болып қоймай, сонымен бірге анық, бейнелі, эмоционалды болуы тиіс. Бұл жайға тек фразеологиялық мұраларды, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қолдану дағдысыарқылы қол жеткізуге болады. Фразеологизмдер әр түрлі құбылыстарды сипаттау үшін, сөйлеу мәнерін анық ету үшін қолданылады. Педагог «мақалсыз тіл – тұзсыз ас» екендігін ұғынуы тиіс.
Ауызша сөйлеудің анықталған анафора, градация (бірден-бірге сатыланушылық), инверсия (сөйлемдегі сөздердің дағдылы ретін өзгерту) т.б. тәрізді стилистикалық фигуралар күшейтеді. Анафора – бір сөздің бірнеше жол т.б. басында қайталануы. Мұндай тәсілді М.Ю.Лермонтов пайдаланған. Градация – сөйлемдегі сөздердің айтылу деңгеіне қарай орналасуы.
Сөз мәнерінің жекелеген элементтерін ашып көрсетуі үшін, инверсия жиі қолданылады (сөйлемдегі сөз ретінің өзгеруі).
Педагогтың сөз мәнері тек пән жөнінде жаңа ақпараттар болған жағдайда да ойдағыдай нәтижеге жетеді.
Оқыту – жаттықтыру кештерін немесе тәрбие жұмыстарын өткізген кезде педагогтың табиғи сөйлеу мәнері оқушыларға негізгі әсер ету құрылғысы ретінде рөл атқарады. Сөз көмегімен мұғалім-жаттықтырушы оқу үрдісін басқарады, тәжірибелік әрекеттерді қадағалайды, оқушыларға қажетті білімді жеткізеді. Сөйлеу кей кездері ым-ишара және дене қозғалысымен іске асыралады. Жаттықтарушы үнемі ауызша және жазбаша сөз мәдениеттілігін жетілдірумен, нақтылық, тазалық, логикалық, айқындылық, білімділік, орнықтылық тәрізді коммуникативті қасиеттерді жақсартуға ұмтылумен айналысуы тиіс [7].
«Сөз мәнерінің жоғары мәдениеттілігі» ұғымын ашып көрсету барысында С.И.Ожегов былай деп жазған « ...бұл өз ойларын тіл құрылғылары арқылы нақты және айқын жеткізу. Дұрыс сөз мәдениеті деп қазіргі заманға сай әдеби тіл нормалары сақталған сөз мәнері айтылады».
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру белсенді тілдік қорды толықтырып отырумен тығыз байланысты. Жазбаша мәнердегі мол, белсенді лексикалық сөз қоры ауызша сөйлеу мәнерінің коммуникативті және әр түрлі бейнелі сапаларына әсер етеді. Ауызша сөйлеу мәнерінің мәдениетін арттыру үшін әр кезде (достарымен тіл табысқанда да) әдеби тілдің нормаларын сақтауға және үнемі еркін, дұрыс сөйлеу дағдысын өңдеуге тырысу қажет.
Классикалық көркем әдебиетке үнемі назар аудару да осыған септігін тигізеді. Егер сөз мәнері дұрыс берілмесе («э-э», «м-м-..» дыбыстары арқылы), аудитория эстетикалық тұрғыдан қанағаттанбайды. Осы әдеттерден құтылу үшін және дауыс ырғағын дұрыстау үшін өзіндік мәтіндерді іштей оқып, өзінің сөз мәнерін жазып алып тыңдап дайындалу қажет.
Оқушылардың ақпаратты қабылдауы мен меңгеруі тек мұғалім дұрыс сөйлеу мәнерін байқатса және анық сөйлесе, екпіндерде қателік жібермесе ғана жақсара түседі.
Егер педагог екпінді және жалғау-жұрнақтарды дұрыс айтпаса, оқушылар дұрыс назар аудармайды, мазмұнды да түсіне алмайды.
Педагог сөзінің әрекет ету күші орнықтылықпен де (оқушылармен тіл табысу кезінде) байланысты. Оқушыларға білім беру және оның меңгерілуі айтылған мазмұнның тиімділігін жеңілдетеді. Жаңа оқушы келген күннен бастап, жаттықтырушы тек оның физикалық мәліметтерін ғана біліп қоймай, психикалық қасиеттеріне де назар аударады, мінез-құлқын, темпераментін, ұнамды, интеллектуалды және эститикалық сезімдерін, талғамын, қажеттілігін, дағдылары мен қызығушылықтарын, көңіл-күйінің өзгеруін және оларды қадағалау мүмкіндігін таниды. Тұлғаның психикалық қасиеттерін есепке ала отырып (егер сөз оның техникалық жаттығуларға үлгермеушілігі жөнінде болатын болса), тәрбиеленушімен сұхбаттасатын орынды және уақытты таңдау қажет. Бір спортшымен кө