Материалдар / Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік

Материал туралы қысқаша түсінік
Құметті әріптестер, ұлағатты ұстаздар, бала жанының дәрігерлері, бұл жоғарыда айтылған мәселелер тек менің ғана көкейімде жүрген мәселелер емес, барлық қоғамдағы, яғни педагогика саласында жүрген адамдардың өмірлік іс-тәжірибелері мен ғылыми зеттеулерінен туындап отырған мәселелер. Біз де пендеміз, біздің де (мұғалімдердің) қателесіп, артық кетіп жататын күндеріміз баршылық. Алайда бала тәрбиесін өз қолына алған педагогтың әдеп тұғырынан шығып, педагогтық тактиканы ұстанбауы кешірілмес қателік. Баланы тек сезіммен ғана тәрбиелеу мүмкін емес. Бала тәрбиесіне келгенде өте жауапкершілікпен қараған жөн деп санаймын. Біздер, ұстаздар қауымы, аяулы әріптестерім, педагогикалық әдептің шеңберінен шықпайық дегім келеді!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2020
6667
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӘНЕ ҰСТАЗДАҚ ШЕБЕРЛІК


Набиева Ақмарал Калиматовна

БҚО Орал қаласының №26 ЖББОМ-тің

жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші


Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік белгісі. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогикалық әдебінде жатады.

Ұстаздық шеберлік дегеніміз не?

Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық намысы.

Екіншіден, пәнді жетік білуді, ойымызды оқушыларға жеткізу үшін негізгі материалды терең түсініп, олардың алдында жан-жақты дайындықпен баруды, сонымен қатар, оқушыларымыздың бойына әдеп, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіру үшін моральдық нормаларды білуді қамтиды.

Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру. Педагог көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушыларға бере білуі, сабақтың қызықты да, түсінікті әрі жеңіл өту жағын ойластыруы қажет.

Ал, педагогтық әдеп ұстаз шеберлігінің төртінші құрамды бөлігі десе болады.

Педагогтық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және методикалық сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға сіңіруі.К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «педагогика теориясын қаншама жетік білгенімен, педагогтық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейді».

Педагогикалық әдеп сақталмайынша оқушымен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін тапайынша,оқу – тәрбие процесінде ілгерілеу жоқ. Белгілі психолог М.Д. Летвитов айтып көрсеткендей, педагог әдептен құр қол болса, оқушылар тәрбиесіне залалы тиеді, олардың бойында киін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдет-қылықтардың пайда болуына себеп болады.

Педагогтық әдепті оқушылардың жүрегіне жол таба білу деп түсінген жөн.

«Әдеп»(такт) сөзі «жұғысу», «адамдар ара-қатынасының түрі» мағынасында қолданылады. Әдеп – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынас жасауына қажетті жағдай. Әдепті адамдарға басқаларға барынша жақсылық жасауды, қуаныш әкелуді тілеп тұру тән.

Балалар мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып есептеледі. Әдепті адамдарды олардың кішіпейілдік , тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез – құлық белгілеріне қарап тануға болады.

Педагогтық әдеп – медецина қызметкерлерінің дәрігерлік эткасы сияқты мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педаготық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады.

Педагогикалық әдептің негізгі оқушыларға деген шын ықыласта және олардың адамдық ар – ұятына деген адалдықта жатыр. Педагогтық әдепке – баланы адам ретінде сыйлау деп анықтама беруге болады.

Педагогтық әдеп көбіне – көп оқушылар мен бүкіл оқу – тәрбие жұмысының барысында ұстанатын жөнге лайық шара ретінде анықталады.

Педаготық әдеп, кең мағынасында алғанда – мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс – тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы.

Әдепті мұғалім оқушылардың жүрегіне жол таба біледі. Жол таба білудің нәзік жолдары: ерік – жігер, ұстамдылық, ілтипаттылық, дәйектілік, талап қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай білушілік, орынды мысқыл, ептілік, зіл – оспаққа үйірсектік, көзқарас және дауыс ырғағының мол болуы.

Педагогтық әдеп – творчество, ақыл-ой әрекеті, айрықша іскерлік. Әдепті мұғалім педагогтық әр түрлі әдіс-тәсілдердің мол арсеналын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ақыл таразысына салып өлшеп, орнымен пайдалана да біледі.

Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі және әр қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жасына, темпираментіне, мінез – құлқына, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты.

Педагогтық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогикалық жайттар бар, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық қасиеттері:

  1. Байсалдылық.

Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп, көңіл – күйлерін қабақтарынан танып, әр қайсысының мінез – құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Байқағыштық педагогтық мамандық сияқты аңғару, сезу арқылы жүре бара қалыптасады. Адамның жан – дүниесіне жол табу тәсілдері қалай іздестірілсе, сезімталдық – байқағыштық тәсілдері де соған ұқсайды.

  1. Ілтипаттылық.

Қандай түрде болмасын мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, мұның өзі олардың араларына түбі сызат-жарықшақ түсірмей қоймайды.

  1. Сенім.

Педагогтық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. «Оқушыға сенім арту тәлім – тәрбие жұмысының принципі» деп Макаренко әдемі айтқан.

  1. Әділдік.

Әділ мұғалім оқушылардың кемшілігін, қателігін кешіре алады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмас та еді. Мұғалімнің әдеп сақтамауы оның айнымалы мінезінен немесе өзіне-өзінің ұдайы талап қоймауынан және оқушының білімін бағалай білмегендігінен болуы да мүмкін.

  1. Төзім және сабыр сақтау.

Мұғалімнің педагогтық әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттердің үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы қажет. Басқа мамандық иелері сияқты педагог та жұмыс бабында кездесетін қиыншылықтарды күні бұрын көре білуге және оларды жеңе білуге дайын болуы тиіс.

Мұғалім - өмір тынысын қалаушы. Оның негізгі міндеті- балаларға өз пәнін үйрету. Одан да үлкен міндеті – балаларды адамгершілігі күшті азамат етіп шығару.

Педагогикалық әдеп жоғарыда аталған қасиеттердің бір-бірімен тығыз байлансып жатырған кезінде ғана күшті. Біреуі жетіспей тұрса, соның өзі педагогтық әдепке едәуір нұқсан келтіреді. Педагогтық әдеп мұғалімнің психолгиялық білімін алдын ала қарастырады. Педгогтық әдепті бойына сіңіру үшін әр мұғалім не істеу керек, деген сұраққа, міне, шамамен осылай жауап беруге болады. Тәжірибе жинақталмас бұрын, - деп жазды К.Д. Ушинский , - педагог көп оқып, көздеген мақсаты , пәні және өз еңбегінің кілті жайында жатпай – тұрмай ойлануы керек.

Оқушыларға білім беру мен тәрбиенің табысты болуы қарым-қатынасқа байланысты. Мұғалімнің әр сөзі жақсы өңделген жерге себілген дәндей оқушының көкейіне қонып жатады. Ал қарым-қатынас нашар болған жағдайда жылы сөздің өзі де ешқандай нәтиже бермейді.Оқушылармен тіл табысу – педагогтық әдептіліктің тікелей жемісі. Әдеп сақталмаған жерде оқушылармен қарым-қатынас та бұзылады. Қалыпты жағдайдың болмауы – ұстаз бен шәкірттің арасында әр түрлі қақтығыстар мен түсінбеушілік тууының басты себебі. Бізде сабақтың тиімділігін арттыру, оқушылардың өз беттерімен ойлау қабілеттерін жетілдіру үшін қыруар жұмыстар атқарылады, ал оқушыларға шынайы сүйіспеншілікпен қарауға, сондай-ақ олармен толық тіл табысуға жете көңіл бөлінбейтіні өкінішті-ақ. Қазір оқушылардың ақыл-ойы енжар деп сылтауратып, ережені құр жаттауға бой ұрған педагогтарды көп кездестіреміз. Оқушылармен өзінің қарым-қатынасын тек қана өктемдікке, әкімшілікке құратын педагогтар да кездеседі. Соңғы кезде оқушылармен дәл осындай қарым-қатынаста болатындарды қолпаштаушылар да бой көрсете бастады. Олардың айтатын пікірлері мынадай: «біз, яғни мұғалімдер, оқушылардың жат қылықтарын көп кешіреміз. Сондықтан, мектепте жұмыс істеу барған сайын қиындап барды-мыс». Олардың пайымдауынша, мұғалім оқушыларға неғұрлым қатал болса, онда шәкірттермен арадағы қатынас та солғұрлым жақсара түспек.

Балалар шындықты сүйеді. Олар шындықтан сәл жаза басқанда ешбір төзбейді. Мысалы, үлкендер олардың айыптарын беттеріне басқанды жақсы көреді. Ал, балалар бізден өте әділ болуды тілейді. Педагог оқушылар алдында кіршіксіз адал болуы тиіс.

Оқушылармен ортақ тіл табысу – мұғалімдердің құрметті мамандығының құрамды бөлігі, арнайы педагогикалық шеберлік. Мұндай шеберлікті жете меңгеру – балалардың психологиясын қалай білетіндікке, жұмыс істейтін ұжымның ерекшеліктеріне, өмірлік және педагогикалық тәжірибемізге тікелей байланысты. Сонымен бірге мұғалімдердің бойынан парасаттылық, байсалдылық, ақылдылық, зейінділік,ыждағаттылық, болашаққа кәміл сенушілік, реті келген жерде есе жібермей, бірақ болар-болмасқа күйіп-пісушілік, аңғарымпаздық, ілтипаттылық, мейірімділік, қанағатшылдық және осы қасиеттерге байланысты педагогтық әдеп берік орын алуы қажет.

Сабаққа қойылатын талаптар (педагогикалық техникалар):

  1. Сабақты оқушылардың белгілі бір тобының қабілетіне лайықтап, олардың бос отыруға уақыты болмайтындай қарқында жүргізу;

  2. Тәртіп бұзушыларға үсті-үстіне тапсырма беріп қою керек;

  3. Оларға орынсыз тіл тигізуге, қорқытуға болмайды;

  4. Оқушылардың болымсыз қылығына ескерту жасамаңыз;

  5. Сыныпта тәртіп орнатуға басқа адамдардан көмек сұраудың қажеті жоқ;

  6. Бүкіл сыныппен немесе олардың басым көпшілігімен айтыс-тартысқа түспеңіз, егер ондай жағдай бола қалса, оны ұзаққа созбай келісімге келу керек;

  7. Мына бір қағиданы еске сақтаңыз: кінәлағаннан гөрі мақтауға бейім тұрған жақсы.

Оқушы жүрегіне жол табуға орасан зор мәні бар нәрселер:

  1. Көңіл-күй әрқашанда көтеріңкі болсын!;

  2. Адал сөз беру, ант беру (кешірім сұрау);

  3. Баға қою;

  4. Гүлдер мен орындықтар;

  5. Сынып сағаты (жиналысы) сабақ емес қой?;

  6. Ескертудің орынды болғаны жөн;

  7. Сылтаудың да жөні бар.

Педагогтық әдеп, әдепті болуға құлшыныс болған жағдайда ғана, қажырлы еңбек процесінде, қызмет барысында игеріледі. Педагогтық талант, күнделікті өзіміздің шеберлігімізде жатыр. Кез-келген мұғалім ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз ісінің нағыз шебері атана алада. Педагогтық әдеп және оқушылармен ортақ тіл табысу жағы жеткіліксіз болса, жеткіншек ұрпақ тәрбиелеуде нағыз шебер болу мүмкін емес. Ұстаз ең алдымен – оқушылардың айнымас жан досы, олардың ең жақын көретін адамы, сондай-ақ, жәбірден арашалайтын панасы бола білуі керек. Өз өмірін адамзаттың ең маңызды ісіне – жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнаған әр адам педагогтық шеберліктің ажырамас құрамдас бір бөлігі болып табылатын педагогтық әдепті жете меңгеруі қажет.

Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден–бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жас табу деп те анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан психологиялық бақылау жүргізу деп деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К.Д.Ушинскиидің айтқанындай,- түптеп келгенде психологиялық әдеп.

Оқушылармен тіл табысудың, оларға әсер етудің әр түрлі құралдары бар:

  1. Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу;

  2. Ықпал жасау шамасы;

  3. Шешімге келу;

  4. Көңіл қалдырмау;

  5. Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық;

  6. Оралымды жолдар;

  7. Білімді бағалау;

  8. Көңіл күй;

  9. Әзіл. Тапқыр сөз;

10. Педагогикалық тактика.

Құметті әріптестер, ұлағатты ұстаздар, бала жанының дәрігерлері, бұл жоғарыда айтылған мәселелер тек менің ғана көкейімде жүрген мәселелер емес, барлық қоғамдағы, яғни педагогика саласында жүрген адамдардың өмірлік іс-тәжірибелері мен ғылыми зеттеулерінен туындап отырған мәселелер. Біз де пендеміз, біздің де (мұғалімдердің) қателесіп, артық кетіп жататын күндеріміз баршылық. Алайда бала тәрбиесін өз қолына алған педагогтың әдеп тұғырынан шығып, педагогтық тактиканы ұстанбауы кешірілмес қателік. Баланы тек сезіммен ғана тәрбиелеу мүмкін емес. Бала тәрбиесіне келгенде өте жауапкершілікпен қараған жөн деп санаймын. Біздер, ұстаздар қауымы, аяулы әріптестерім, педагогикалық әдептің шеңберінен шықпайық дегім келеді!

(Синица И.Е. «Педагогический такт и мастерство учителя» - Мәскеу: Педагогика 657, 1983. – 248б.)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!