Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Педагогикалық философия

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің ой толғауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы Үлгілі орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі- Калиева Айгуль Бекболовна

«Педагогикалық философия»


Мұғалім-үнемі ізденіс үстінде жүретін адам. Адамзат дамыған сайын мұғалімге деген талап та күшеюде. Қазіргі білім саласындағы өзгерістер тарихта қалары хақ. Әр ғасырдың өзіне тән ерекшелігі болады. Ал қазіргі білім саласының мақсаты оқушы өзіне өзі жауап бере алатын адами тұлға ретінде қалыптасуында. Сондықтан оқушыларға да қойылып отырған талап логикалық тұрғыда ойлауында, жұмысының нәтижелі және сәтті аяқталуында, тұлғаның өзін өзі дамытып отыруында. Ал бұған жауап беретін педагогикалық философия. Педагогикалық философия Жер бетінде үстемдік етіп отырған адамзаттың тәрбиелі, жанашыр, білімді, дене бітімі келіскен тұлға болып қалыптасқанын зерттейді. Яғни, педагогикалық философияның ең бірінші міндеті- адамның таным қабілетін аша отырып, адам табиғатын тану. Ал тұлғаның дұрыс қалыптасуы - адам табиғатының әлеуметтік тұрғыда және тарихи дамуына байланысты. Философия өмір заңдылықтарын зерттейтін ғылым және басқа ғылымдардың тірегі болып есептеледі. Философияны педагогикадан бөліп қарастыра алмаймыз, неге десеңіз, психология, этика, мәдениеттану салалары бір-бірін толықтырады. Яғни педагогикалық философия мен философияны тоғысқан дүние ретінде қарауымыз керек.

Менің педагогикалық еңбек жолымда өз философиям қалыптасқан деп есептеймін. Өйткені өз ұлтымды, жерімді жан-тәніммен сүйемін. Менің қолымнан кәсіпкерлік те, саясаткерлік те шықпауы мүмкін, бірақ алдымда отырған ауыл балаларының бойынан өз ұлтын, жерін сүйіп қана қоймай, сол елі үшін еңбек ететін азаматтарды тәрбиелеу бұл менің қолымнан келетін іс екеніне еш күмәнім жоқ. Бала тәрбиесі өте күрделі процесс. Бала тәбиесіне қарай ұлттың ірге тасы да қаланады. Сол ірге тастың берік болуы үшін мен «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын басшылыққа аламын. Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Ал білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірге жүруінде. Кез келген ақпаратты оқушыларға қарапайым түрде жеткізу керек, ал егер сол ақпарат адамның қалауын қанағаттандырса ол құндылыққа айналары сөзсіз. Өз іс-тәжірибемде осы құндылықтарды оқушы бойына қалай сіңірудемін, соның бір екеуіне тоқтала кетейін. Зайырлы қоғам және руханиятты оқушы бойына сіңіру үшін Ата Заңнан туындайтын басқа да заңдардың барлық баптарын қатаң орындау керек екендігін оқушыларға айтамын. Заңмен жүрген адам ешуақытта теріс жолды таңдамайды.Заң бойынша оқушылардың сауаттылығын арттыру менің өз тәжірибемде алға қойған мақсатым.

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсуді әсіресе жоғары сынып оқушыларына кеңінен қолданамын. Оған себеп болған өз білімімді жетілдіруге арналған курстарға барып жүргенімде Жапон мемлекетінің білім саласына қойылған талаптары түрткі болды. Олар оқушылары жоғары сыныпқа келгенде өздерінің ата кәсіптері кеме тұрғызуды оқушыларына бағдарлы курс ретінде қарастырады екен, ал біздің ата кәсібіміз мал шаруашылығы сондықтан мен 10 мен 11 сынып оқушыларына бағдарлы оқыту курсы бойынша «Ауыл шаруашылығындағы биология» тақырыбында авторлық жұмыс жасап шықтым. Бұл курста оқушыларды мамандыққа даярлау кезінде мемлекетіміздің ішкі жалпы өнімін қалай өндіреміз, өсіреміз деген сұраққа жауап береміз. Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған міндеттермен таныстырамын.

Мысалы, қолданбалы курста ауылшаруашылық дақылдары, ауыспалы егістер, егін шаруашылығын механикаландыру, мал шаруашылығы, мал азығы сияқты тақырыптар егжей-тегжей қарастырылады. Әр бөлімді талқылап болғаннан кейін жоба қорғалады. Жобада малға тиімді қора-қопсықтан бастап қандай жем-шөп түрлерін өсіру керек немесе сол малдың терісін, жүнін қалай тиімді пайдалануға болатыны жайлы айтылады және Отандық өнімді өндірудің жолдары мен Отандық өнімді қолдау керек екендігі туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде кластерлік жүйеге келтіруге үйретімін. Әсіресе біздің мемлекетіміз ауыл шаруашылығына бейімделген сондықтан экономикамызды көтерудің бірден бір жолы ауылшаруашылығына ден қою деп ойлаймын. Менің ауыл педагогі ретіндегі философиям осы.





















































1) барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі реквизиттер арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК (резидент - 19).

БИН 990140004733

ИИКKZ918560000005068448

БИК KCJBKZКX

КНП 859

Кбе 16

АО БанкЦентрКредит

Төлемақы аталуы: «Шебердің қолтаңбасы» байқауы.

Қатысушының аты-жөнін, тегін толықтай көрсету қажет(жіберуші –Резидент:19).

2) Kaspi.kz арқылы жүргізіледі: 1) Kaspi.kz тіркелу; 2) «Платеж» бөлімі 3) «Образование»; 4) «Школы»; 5) «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»; 6) қатысушы туралы мәлімет енгізу және төлем сомасын көрсету; 7) төлем түрін көрсету (Kaspi gold, Kaspi депозит, Kaspi кошелек, Kредитная карта); 8) төлем жасау.

9. Байқауға қатысу үшін pochergmaster0819@mail.ruэлектронды поштаcына келесі құжаттарды жіберу қажет:

1) 1-қосымшаға сәйкес өтінімді;

2) сканерден өткізілген төлемақы құжаты (түбіртек немесе төлем тапсырмасы);

3) байқауға қатысатын жұмыс.

3. Байқауға





















.




















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
1126
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12