Материалдар / Педагогикалық идея: «Байырғы қазақ халқының өлшемдері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық идея: «Байырғы қазақ халқының өлшемдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық идея
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2020
1290
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Авторы: Кузибаева Меруерт Бейсеновна –математика пәні мұғалімі;

Жобаның атауы: «Байырғы қазақ халқының өлшемдері»

Бағыты: «Шеберлік палитрасы»

Білім беру ұйымы: «М.Ғабдуллин атындағы №52 ЖОМ» КММ- Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, «Достық» а/о, Бескетік ауылы, Ы. Алтынсарин көш. №24 тел: +77253456138

Автордың мекенжайы: Түркістан облысы, Жетісай ауданы, «Жаңаауыл» а/о, Мырзашөл ауылы, Тюрин көш. №33

Байланыс нөмері: +77782657990

Электронды пошта: kuzibaeva.m89@mail.ru














Аннотация

Қазіргі мына жаңа технологиялар заманында әрбір мамандық иесі өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарайтыны белгілі. Тек қана жауапкершілікпен шектеліп қалмай ізденімпаз, төзімді, шығармашыл болуда қажет.

Сонымен қатар өз болмысымызды, ұлттық менталитетімізді, салт-дәстүрімізді ұмытпағанымыз абзал.

Адамзат ерте кезден-ақ өлшем бірліктерді білмесе де, барлығын шамамен болжаған. Математика пәнінде де оқушылар қазақтың байырғы өлшем бірліктердің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін, өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға болады.

Бұл жұмыста менің озық педагогикалық тәжірибемнің сипаттамасы ұсынылған, онда 5-сыныпта математика сабағында «Жай бөлшектер» және «Ондық бөлшектер» тарауларында байырғы өлшем бірліктерін қолдана отырып ұйымдастырудың тиімділігін арттыру көзделген.

Оқушылардың пәнге деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру әдістері, оларды оқуға ынталандыру, сабақта байырғы өлшем бірліктерді қолдану нәтижесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары қарастырылған.


Аннотация

В современном мире технологий известно, что каждый профессионал несет ответственность за свою работу. Нужно не только быть ответственным, но и любознательным, терпеливым и творческим. При этом нельзя забывать о своей идентичности, национальном менталитете и традициях. С незапамятных времен человечество не знало единиц измерения, но все предсказало. В математике учащиеся также могут выбирать и дифференцировать древние казахские единицы измерения на конкретные, прогнозируемые размеры, представляющие расстояния, значения, объемы, время, возраст и единицы измерения. В данной статье представлено описание моей лучшей педагогической практики, направленной на повышение эффективности организации уроков математики в

5-м классе по разделам «Простые дроби» и «Десятичные дроби» с использованием старинных единиц измерения. Существуют методы формирования у учеников творческого отношения к предмету, способы мотивации их к обучению, способы повышения функциональной грамотности учащихся в результате использования на уроках древних единиц измерения.




Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел.

Еліміздің әрбір парасатты азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін, дінін, өткенін білуі қажет, себебі өзін, өз халқының жақсысын түсіне білген адам ғана өзгені де сыйлай алады. Туған тілінің асыл қазынасының тұнығынан тұшынып іше білген, оның інжу- маржанын мөлдіретіп тізіп ала білген ұрпақ қана халқын сүйеді, елінің ертеңін ойлайды.Байтақ далада сан ғасыр көші - қонды күндер кешкен қазақ халқы жан сезімін өлең – жырымен ағытқан, ақыл мен ойдың кені даналық сөз өнерінде деп қадірлеген, қылпылдап тұрған қылышқа қыңбаса да, жүйелі сөзге жүгінген. Сөз асылы жыраудан – жыршыға, атадан – балаға ұласып, тот баспай, ғасырлар аттап, біздің дәуірімізге жеткен. 
Ғылым мен техника дәуірлеген бүгінгі таңда еліміздің болашағы, халқымыздың тірегі болар ұрпағымызға сапалы да нәрлі білім берумен бірге ұлттық тағлымдарды бойына сіңіре тәрбиелеу басты міндет. Физиканы және математиканы оқыту кезінде халқымыздың ұлттық ерекшеліктеріне көңіл аудара отырып, математикалық білімінің өмірде қолданылуы басым келетін құнды тәлімдерін пайдаланған абзал.

Мақсаты: Байырғы қазақ халқының өлшемдерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, мұраларды зерделеу арқылы ұлттық құндылықтарға баулу.

Міндеті: Қазақтың ұлттық өлшемдерін білу, ұғыну, есеп шығару барысында қолдану. Өлшемдерді оқулықтар құрамына енгізу.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз, өңделіп, жаңарып жетуі нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасты.

Қазақтың байырғы өлшем сөздерінің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға әбден болады. Енді кейбір өлшем сөздердің мағынасына тоқталайық. Мәселен «батпан» сөзін алайық. Халық ауыз әдебиетіндегі «Батырлар жырында» алып батырлардың күрзісі үнемі батпан өлшемімен көрсетіледі. Егер Бұхарада бір батпан 7 пұт 32 фунтқа тең болса, Талас өңірінде 12 пұтқа тең болған. Батпанға ұқсас қазақта«дыр» деген сөз бар. Дыр – үлкен, ірі, зор. Батпан да, дыр да - өлшем. Өлшем - өлшеу бірлігі мөлшер, шама. Заттың көлемін, салмағын, қысымын, ыстық – суықтығын, т. б. сапаларын белгілі өлшем арқылы анықтайды.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде ұзындық өлшеміндегі өлшем сөздер 

Қазақ халқының ауыз әдебиетінде ұзындық өлшеміндегі өлшем сөздер кез, аршын, сүйем, құлаш, тұтам, шынтақ, қарыс, елі, табан, т. б. түрінде кездеседі.


Кез – көне өлшем бірлік сөзі. Шамамен 70 – 80 см - ге тең ( дәлірек айтқанда 71, 12 см-ге) ұзындық өлшемі. Кез – метр. Кез – ұзындығы бір метрге тең ағаштан жасалған өлшемдік құрал. Кез – садақ оғының ойыс (ашаланып) келген түбі, серіппеге ілінер жері. Кез – түйенің екі өркешінің аралығындағы ойыс жер. Кезде – матаны кезбен өлшеу, кезге салу, метрлеу.
Қ ұлаш- иық деңгейінде көтерілген қолдың екі саусағының арасына тең өлшем.
1 құлаш = 8 қарыс = 2,5 шариат кезі = 167,5 см.
2 таяқ тастам жер = 1 құлаш

Е лі –сұқ саусақтың екінші буынының еніне тең өлшем:
1 елі ≈ 2 см 


Қ арыс – бас бармақ пен шынашақтың керіп ұстаған арасы.
1 қарыс ≈ 23 см 
Шынтақ - ежелден бері қолданылып келе жатқан шамамен екі қарысқа тең өлшеуіш.

Аршын – метрге тең өлшем, кез. Аршын – заттың көлемін аршынмен өлшеу, мөлшерлеу.
С үйем – бас бармақ пен сұқ саусақты керген кездегі ұзындық. Сондықтан «сүйем» өлшеміне саусақтың қатысы барлығына орай, осы сөздің пайда болуына негіз болған деген ойды түйіндеуге болады. 1 сүйем ≈ 18 см 

Халық уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірибе жинақтап, оны қолданудың сәті мен жолдарын және соған лайықты сөз өрнектерін де таба білді. Жылды, тоқсанды, айды, аптаны, тәулікті бөлудің шаруашылыққа сай реті мен ыңғайын да орайластыра келтіре білді.


Мезгіл сол уақыттың бір сәтін ғана айқындайды. Мысалы: елең-алаң, түс-кеш, түн ортасы т.б. Қыс, көктем, жаз, күз – мезгіл өлшемдеріне жатады.  Мерзім өлшемдері: бір сәт, қас қағым, ә дегенше (1 сек), сүт пісірім (5-10 мин), бие сауым (1,5 сағат), ет пісірім (2,5-3 сағат), жарты күн, бір түн (тәуліктік) (24 сағат), апта (7 күн), ай (30-31 күн), тоқсан (3 ай), жыл (365 күн) немесе 12 ай, ғасыр (100 жыл). Адам өмірі де: жас (1 жыл), мүшелмен (12 жас) есептеліп, бір мүшел (13 жас), екі мүшел (25 жас), үш мүшел (37 жас), төрт мүшел (49 жас) ... т.с.с. бөлінеді. Мерзім өлшеміне күн, ай аттары да жатады. Уақыт мезгілдерін анықтауда және оның жиіліктерін жіктеп, айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әрі түрге де өте бай.
Мысқалдан батпанға дейін.
Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Енді халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке-жеке тоқталайық. Мұны халықтың өзі белгілегеніндей салмақ өлшемі, көлем өлшемі мен мөлшері, ұзындық өлшемі, қашықтық өлшемі, уақыт және мезгіл өлшемдері деп бөлуге болады. 
Салмақ өлшемдерін халық былайшы жіктеген. Мысқал (1гр), қадақ (750 г), келі (1к), пұт (16кг), батпан (100 кг). Бұл өлшемдер мен бірге халық салмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
Көлем өлшемдері бір заттың немесе малдың саны, көлемі мен мөлшерін, аумағын шамамен белгілейді. Мысалы: бір шымшым, бір шөкім, бір уыс, қос уыс, бір тілім, (нан), бір түйір, бір қолтық, бір шүйке,бір құшақ, бір қап, бір шелек, бір қасық, бір тамшы, бір арқа, бір шана, бір арба, бір табақ, бір шоқ( үкі, тал), бір топ(адам), бір қарын, бір сандық, бір қалта тағы сол сияқты. Мал саны мен көлемін де осылай шамамен ажыратады. Яғни бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір, оншақты, жиырма шақты... заттың көлеміне, аумағына кейде бармақтай, шыншақтай, жұдырықтай, құмалақтай, етектей, алақандай деген теңеу сөздер де қолданыла береді.Сұйық заттарға мөлшер сөзі қолданылып,оны мөлшерлеп есептейді. Халыққалыңдық өлшемін де ұмытпаған. Мұны олар көбіне жылқы қазысының жұқа,қалыңына қарай айтқан. Айталық бұлт, пышақ сырты, қылыш сырты (бұлар 3 – 5мм шамасы), шынашақ, елі, бармақ(бұлар 1–2,5см),екі елі...,сере, табан (7–10см) т.с.с. Басқа заттардың қалыңдығы да көбінесе елімен яғни саусақ қырымен өлшенеді. Оны елі дейді.
Ұзындық және қашықтық өлшемі мүлде екі ұғымды, екі түрлі өлшемді білдіреді. Бір заттың (таяқтың, арқанның) ұзындығын анықтайды және ол (1;5см),екі елі, үш елі...,тұтам,сынық сүйем (14–15см),сүйем (17-18см),қарыс,кере қарыс (20-22см), кез (50см), аршын (75см), құлаш (1,80-2м), т.б. Балтасап,кебіс басындайдеген өлшемдері де бар. Сол сияқты ұзын, қысқа деп шамамен есептей береді.
Қашықтық өлшемдері жердің қашықтығын (ауылдың ара қашықтығына) қолданылатын өлшем екені белгілі. Бұл өлшем түрлері былайша аталады: адым (қадам)(1м), таяқ тастам(10-15м), әй дейтін жер(100м), дауыс жететін жер(250-300м), шақырым (1км), иек астында, бір төбе астында(4-5км), қозы көш жер(5-6км), көз ұшында(6-7км), тай шаптырым(4-5км), құнан шаптырым(8-10км),  770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!