Материалдар / Педагогикалық идеялар материалы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық идеялар материалы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық идея материалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2023
2274
23 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі







Баланың оқуға құштарлығын арттыру жолдары




Дайындаған: Искакова Сандуғаш Жантасовна

бастауыш сынып мұғалімі




2022-2023 оқу жылы

Мақсаты

Бастауыш сынып пәндерінде жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолында оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында оқуға құштарлығын арттыру мақсатында заманауи интерактивті ойындарды тиімді қолдану.


Жұмыстың міндеттері

  • Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;

  • Алған білімді жүйелеу ;

  • Мәтінмен жұмыс барысында оқу сауаттылығын арттыру;

  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

  • Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

  • Оқушылардың бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру


Зерттеудің болжамы

Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беруде маңызды мәселелерінің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Бұл мәселелерді шешуі үшін ақпаратқа және саналы еңбекке бейімдеу, ғылым мен мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу қажет.


Күтілетін нәтиже

Оқыту технологияларын пайдалануда мына жағдайлар еске алынуы қажет.

  • Қоғамның түлекке қойып отырған талабы;

  • Таңдалып отырған технологияларды іске асыруға мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сәйкестігі;

  • Жұмыстың жүйелілігі


Тақырыптың өзектілігі:    Қазіргі жағдайда жаңартылған біліммен, өзіндік әдіс-тәсілдерді меңгеру ұстазға қойылған заман талабы, әр ұстаз жаңашыл бола отырып, оқушылардың білім сапасын тиімді тәсілдермен арттыруы өзекті мәселеге айналды









Кіріспе

Мектепте оқытуды ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын тарих сабағында қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарын қамтамасыз ету үдерісі. Оқу үдерісінде білім беруді ақпараттандырудың негізгі бөлігі дербес компьютерлерді қолдану, интернет желісін пайдалану арқылы жүреді. Сондықтан ол Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылатын негізгі мақсатты көздейді. Олай болса, білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану еліміздегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.

Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты мңдеті.

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор.

Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін еме. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.


Жаңа инновациялық технологияларды басьтауыш сыныптарда оқуға құштарлығын арттыру үшін қолдану

Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттырып, олармен бірлесе индивидульді жұмыстарды ұйымдастыру үшін мұғалім әр бір оқушының білімділігін, қабілетін білуі қажет және де оның (педагогтың) барлық оқушылары өзінің берген тапсырмаларын орындай алатына көз жеткізуі керек. Оқушының қаншалықты өзінің мүмкіндіктерін, фантазиясын жүзеге асыра алатыны оның тек көңіл-күйіне ғана елес, мектепке деген, оқу процесіне, сондай-ақ оның жалпы дамуына байланысты.

Дәстүрлік сабақтар орта дәрежедегі оқушыларға арналған, сондықтан да әлсіз оқушылар үшін берілген материалды ұғыну уақыт жеткіліксіз, ол ең бастысы олардың мүмкіндіктеріне жауап беретін шығармашылығы, жетіспейді.

Сондықтан да сабақтарда, әсіресе бастауыш сыныптарда жаңа информациялық технологиялар құралдарын қолданған жөн.

Өйткені олар:

  1. Оқушылардың жеке қасиеттерін пайдалануға (диагностика)

  2. Оқылып жатқан дәреже бойынша диференциясын

  3. Қорытынды нәтиже (бақылау, талдау, тексеру) береді.

А.В Осиннин айтушы бойынша, жаңа технологиялық құралдардың пайда болуы оқыту процесінің формасы мен әдіс-тәсілдерін өзгертуі қажет. Олар оқушыға материалдың мазмұнынан «дискуссияға» (пікір-сайыс) өтуіне, кең мағынада, түсіндірме-иллюстративті оқыту (бейнелеуіш) әдісінен интерактивтіге өтеді[7;59].

Компьютерлік мультимедиялық құралдар, әсіресе тарих пәнінде оқулықтар мен қағаз тасмалдарынан ерекшеленетін көрнекілікті, интерактивті және т.б. сапарларды қамтамасыз етеді.

Жаңа технологияларды бастауыш сынып сабақтарында қолдану ұстаз бен оқушы қызметінің қарқындауына мүмкіндік береді; пәнді оқыту саласын арттырады; билогиялық объектілердің өмірлік сиклн бинелеуді, зерттелетін объектілер мен табиғи құбылыстардың ең маңызы сипаттамаларын береді. Мультимедияны пайдаланудың әдістемелік тәсілдері өте көп.

Мультимедиялық технолгогиялардың дәстүрлі құралдардан артықшылығы басым: материалды көрнекі түрде бейнелеу, білімді эффект (әсерлі) тексерудің мүмкіндігі, оқушылардың жұмысындағы ұйымдастырылған формаларының көп түрлілігі мен оқытушының әдістемелік тәсілдерді пайдалануы. Көптеген тарихи процестер күрделілігі мен еркешеленеді. Балалар бейнелік ойлау арқылы абстрактілі қорытынды жасайды, суретсіз өтіп жатқан процесті түсінбейді, құбылысты зерттей алмайды.

Қазіргі таңда қоғам оқушыға оқушылардың жеке маңызды сапасын орттырып, білім жете меңгеруіне таспсырма береді. Білімнің гуманизациялану оқушының әр түрлі жеке қасиеттеріне бағаны қарым-қатынасты көздейді. Білім мақсат ретінде емес, тұлғаны дамудың құралы болып табылады. Бұған жол ашатын ең басты информациялық компьютерлік (ИКТ) технологиялары болып табылады.

Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы.;

Мектеп мұғалімдері  үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

-  оқушының өз бетімен жұмысына;

-  уақытын үнемдеуге;

-  білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;

-  қашыктықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

-  қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

-  экономикалық тиімділігі;

-  қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

-  оқушының ой-өрісін дүниетанымың  кеңейтуге де ықпалы зор.

Мұғалім сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі.


WORDVALL білім ресурсын қолдану өз тәжірибемде


WORDVALL - ұстаздар мен оқушыларға, студенттерге арналған ойын тапсырмаларын құруға көмекші платформа болып табылады. Мақсаты – оқу мотивациясын арттыру үшін интерактивті және баспа материалдарын жасау болып табылады. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның көмегімен оқу процесін осы платформа арқылы тиімді етуге болады.

Күнделікті сабақ барысында мен осы платформаның өзім жасаған ойын түрлерін көп қолданамын. Бұл платформада қолданған ойын түрлерін ссылка арқылы оқушыларға таратып бір мезетте, немесе үй тапсырмасы ретінде қолдануға болады.

Ол үшін ең алдымен тіркелу батырмасын басып электронды пошталарыныз арқылы тіркелесіздер.


Құпия пароль енгізіп, әр-түрлі қызықты ойындар құрастыра аласыздар.

Мен тіл маманы ретінде оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында көптеген ойын түрлерін құрастырдым.


1 «Ақселеу Сейдімбеков»

Ойын ссылкасы https://wordwall.net/ru/resource/28219901

Ойынның мақсаты берілген сөйлемдерді орналастыру





2 ойын «Ахмет Байтұрсынов «Шын және жалған» ойыны

Ойын ссылкасы



Әдебиеттік оқу пәні бағдарламасына сәйкес М.Өтемісұлының «Мен - мен едім, мен едім» толғауына интерактивті ойын құрастырдым.

ОЙЫН ССЫЛКАСЫ https://wordwall.net/ru/resource/28224322





ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОЙЫН ҚҰРАСТЫРДЫМ. ОЙЫН ССЫЛКАСЫ https://wordwall.net/ru/resource/26540815

ОҚУШЫЛАР БАРАБАНДЫ АЙНАЛДЫРУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛГЕН СҰРАҚТАРҒА ЖЫЛДАМ, ӘРІ САУАТТЫ ТҮРДЕ ЖАУАП БЕРУІ ҚАЖЕТ.



Қорытынды

Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол – оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен еңгізу.

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибегенегізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор.Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларынмеңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңатехнологиялардың өзіәрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.

 Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі –жобалар әдісі, өзін-дік өзінің дидактикалық негізі бойынша, шынайы өмірде тиімді әрекет етуде мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзыреттілікті қолдайтын жаңа технология. Қазіргі кезде баланың интеллектісіне  дербес ойлауын дамытуға бағытталған өз бетімен ізденуге даярлауда жаңа технологияның маңызы зор. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу,оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың деңгейіне қарай отырып жұмыс жасау қажет.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде  пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туып отыр.

Жаңа ғасыр ұстазы заманауи болу керек!
















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 2010.

2 Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2000.

3 Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: РБК, 1999.

4 Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау. Алматы.

5 Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру // Сыныптағы тәрбие. - №1.

6 Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар //Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.-2008.18-24 б

7 Қабдешова Ә. Сын тұрғысынан ойлау // Қазақ тілі мен әдебиеті.- №10.35-45б

8 Ешанова Г.Сұлтанбек Қожахметовтің жеке тұлғаның дамуына бағытталған ой- пікірлер// Қазақстан жоғары мектебі. -2006.-№1.96-99 б.

9 ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //Білім-Образование .-2006. -№2.15-18 б.

10 Тілдік тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы //Білім-Образование.-2007.-№5.12-23 б.

11 Н.А. Оразахынова «Сатылай кешенді талдау» технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы. «Даир». 2007.289-б.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!