Материалдар / педагогикалық жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

педагогикалық жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне, жас ұстаздарға көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2021
363
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ



«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша

педагогикалық қызметкерледің біліктілігін арттыру институты






ЖОБА ЖҰМЫСЫНА РЕФЕРАТ

«Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»

біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы бойынша


ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ


«Биология пәнінің мазмұндық аспектілерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері»














Курс тындаушысы: Бердибекова Ж.Ж







Орал, 2021



Мазмұны:



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

Модульдік оқыту технологиясының теориялық және практикалық негіздері негіздері

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




































Кіріспе


Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер еңгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болумен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.

Қaзaқcтaн Pecпубликacының «Бiлiм туpaлы» Зaңындa: «Бiлiм бepу жүйeciнiң бacты мiндeтi- oқытудың жaңa тeхнoлoгиялapын eнгiзу, бiлiм бepудi aқпapaттaндыpу, хaлықapaлық кoммуникaциялық жeлiлepгe шығу, ұлттық жәнe жaлпы aдaмзaттық құндылықтapды ғылым мeн пpaктикa жeтicтiктepi нeгiзiндe жeкe aдaмды қaлыптacтыpуғa, дaмытуғa жәнe кәciби шыңдaлуғa бaғыттaлғaн бiлiм aлу үшiн қaжeттi жaғдaйлap жacaу», – дeп aтaп көpceткeн.

Жаңаша оқытуда педагогиканың барлық аспектілері сындарлы оқытуға негізделген. Ол оқушылардың бір-біріне сын тұрғысынан қарауы. Жаңаша білім беру мектептердің оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқу деп өзгерді. Белсенді оқуда топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, белсенді оқуға жетілдіру. Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады

Биологияны оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстарымен дамуын оқытады.

Жаратылыстану пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Сондықтан мұғалім өзі оқушыларға «Биологияны қалай оқыту керек, нені үйретіп қалай тәрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? деген сұрақтарға жауап іздеп, жұмыстана бастайтыны сөзсіз.

«Биология» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай білуді талап етеді. Әдістердің тиімділігі мұғалімнің оларды әдістемелік тәсілдермен байыта білуіне байланысты. Әңгімелеу, сұхбаттасу барысында табиғи объектілерді, суреттемелерді, сызбаларды, жүйелеуші және жинақтаушы кестелерді пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, негізгі материалды игеруге жағдай жасайды. Биологияны оқыту үдерісінде әдіс таңдаған кезде оқу материалының мазмұнын және шешілуге тиісті нақты оқу-тәрбие міндеттерін, биология кабинетінің оқу жабдығымен жабдықталуын, үлестірмелі материалдың болуын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, олардың дайындық деңгейін ескеру қажет.Оқу оқушылардың ойлауын дамытуға септігін тигізуі үшін оларды біліммен қатар, талдау, жинақтау, салыстыру, сәйкестендіру, ортақ, жеке және ерекше белгілерін анықтау, жалпылау, қорытындылар жасай білуді қалыптастыру қажет.

Тақырыптың өзектілігі: Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселер екендігі даусыз. Себебі, жаңа технологияны меңгеруде кәсіби білімі мен білігін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үдерісіндегі әрекеттің нәтижесі саналады.


Мақсаты: модульдік оқыту біртұтас жүйе ретінде оқу процесінде мектеп оқушылары мен мұғалімнің қарым-қатынасын іске асыру үшін жағдай жасауды ғылыми тұрғыда негіздеу және оны тәжірибе арқылы тексеру

Міндеттері

  • мoдульдiк oқыту тeхнoлoгияcының теориялық және практикалық негіздерін айқындау

  • Мектепте қолдану жағдайына талдау жасау;

  • Жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушының игеруі мен тақырыпты қабылдау мүмкіншілігін зерттеу

  • Осығaн дейінгі педaгог ғaлымдaрдың келтірілген мәліметтеріне, оқыту технологиясын тәжірибе бaрысындa қолдaнa отырып көз жеткізу;

Пайдаланатын көздер:

Қазіргі кезде мектептің оқу-тəрбие үдерісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мəлім. Бұл технологиялардың бəрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мұғалім мектептегі əрбір пəнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу жəне оны іс-əрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының əрекеті, технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына да көңіл бөлінуі тиіс.



Негізгі проблеманың тұжырымдалуы мен қысқаша сипаттамасы

Бiз бұл мaқaлaдa мoдульдiк тeхнoлoгияны жaлпы бiлiм бepeтiн мeктeптepдeгi биoлoгия пәнiн oқытудa пaйдaлaнa oтыpып, aнықтaлғaн тeхнoлoгияның apтықшылықтapы мен тиімділігі туpaлы aйтпaқшымыз.

Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері

Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері Модульдік технологиямен оқытудың өзектілігі, мұғалімдердің оқытудың тиімділігін жоғарылатуға ұмтылуымен түсіндіріледі. Өйткені, қазіргі таңдағы мектептердегі оқу-тәрбиелеу процесі 2 негізгі кемшіліктен зардап шегуде.

  • Біріншіден, оқытылатын пәндердің көп болуы, әсіресе, оқытылатын сабақ саны айтарлықтай көп болатын орта және жоғарғы мектептер;

  • Екіншіден, кейбір оқу пәндеріне сағат санының аз бөлінуі, мысалы, аптасына 1сағат.


Бұл оқу материалының игерілуінің әсерін төмендетеді. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі модульдік ұйымдастыру, орта және жоғары сыныптарда бірыңғай аралас сабақтарды жүргізуден арылуға мүмкіндік береді. Мұғалім сабақты әрқайсысының өзіне тән тапсырмаларына қарай, бөлімдерге бөле келе, оқушыларда қажетті қабілеттіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға үлгермейді.

Модульдік оқыту технологиясының бір ерекшелігі – оның білімді меңгертуде, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін жəне танымдық үдерістерін: яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл жəне т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу жəне танымдық жағдайлар арқылы тануға, сондайақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын танымдық жəне шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын (ауызша жəне жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі – дарынды балалармен тұрақты жəне жүйелі түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігінде.


Модульдік оқытудың мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тəсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену.


Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген:

Егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының көмегімен орындайтын болса, онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне септігін тигізеді. Өйткені, ол бүгін басқалардың көмегімен орындалған тапсырмаларды ертең өзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да, оқушы актуалды даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады. Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу əрекетінің əртүрлі формада (жеке, топтық, тұрақты жұптың жəне ауыспалы құрамда) ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады







Сабақ жоспарын құрағанға дейінгі мұғалімнің іс-әрекеті келесідей сатыларды қамтиды:

  1. Бepiлгeн тapaу, блoк нeмece тaқыpып бoйын- шa бaғдapлaмaдa мeңгepiлуi тиic дeп көpceтiлгeн мiндeттi бiлiм, бiлiк жәнe дaғдылapды, coндaй- oқыту мaқcaттapы мeн мiндeттepiн aйқындaу.

  2. Бepiлгeн мoдуль бoйыншa oқу мaтepиaлының тұтac мaзмұнын oқып-зepттeу.

  3. Бepiлгeн мoдуль бoйыншa нeгiзгi мaғынaны бiлдipeтiн тиiмдi ұғымдapды, тaқыpып бoйыншa нeгiзгi мaғынaны бiлдipeтiн түйiндi ұғымдapды, тaқыpып бoйыншa нeгiзгi aқпapaт бepeтiн cөздepдi тaбу.

  4. Тұтac тaқыpып бoйыншa тipeк cызбaлapын құpacтыpу (aнықтaлғaн түйiндi ұғымдap нeгiзiндe).

  5. Oқу мoдулiнiң тұтac мaзмұны бoйыншa тecтiлiк тaпcыpмaлap құpacтыpу (15-20 тaпcыpмa шaмacындa).

  6. Бepiлгeн мoдульдeгi oқу мaтepиaлы ның тұтac мaзмұны бoйыншa cынaққa қaжeттi cұpaқтap мeн тaпcыpмaлap блoгiн құpacтыpу.

  7. Мaзмұндaу бөлiмiн әзipлeу. Oқытудың белсенді формаларын тaңдaу. Oқу мaтepиaлының мaзмұны бoйыншa әpбip oқушығa apнaп күpдeлiлiк дәpeжeciндeгi, opтaшa күpдeлiлiк дәpeжeciндeгi тaпcыpмaлap жәнe oқытудың iздeнушiлiк (зepттeушiлiк) элeмeнттepi бap aca күpдeлi дәpeжeдeгi тaпcыpмaлap әзipлeнeдi


Психологтардың пайымдауынша, əрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен тұруы тиіс (Л. М. Фридман):

  1. Кіріспе қызықтырушылық

  2. Танымдық -сөйлесу

  3. Рефлексиялық -бағалау

Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сондықтан мұғалім осы оқу модулін барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте жəне т.б. белгілі үлгілерге сүйене отырып, түсіндіреді, яғни бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге жəне не үшін оқып-үйренулері керек, өздері нақтынені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.

Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:


а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен жəне мазмұнымен таныстырады;

ə) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, əсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді əрбір оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше көңіл бөледі;

б) тірек сызбаларға («орамаларға», белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.

Сөйлесу бөлімінде əрбір оқушының танымдық қызметі əр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын таңдау, жазу, көру жəне айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғыртып, қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен алынған білімді талдау, жинақтау жəне бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша əр оқушы өзінің қалай жəне немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен, оның құрылысымен жəне жүру барысымен алдын ала таныстырады.

Сөйлесу бөлімінде Л. Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйенеді:

  1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлау қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын жəне т.б. дамытуға, яғни білім беруді мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

  2. . Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсіп жүргенде ғана, балалардың білім дəрежесінің артуына қарай мүмкін болады.

  4. Оқушылар нақты оқу кызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғаға бағытталған болуы тиіс. Оқу үдерісін тұлғалық басқару дəрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы жəне оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.

  5. Оқу үдерісін басқару бастауыш сынып оқушыларының ішкі қуатына жəне мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.


Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!