Материалдар / Педагогикалық кадрдің біліктілігін арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық кадрдің біліктілігін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама қазіргі таңдағы болып жатқан жағдайға байланысты,яғни мұғалімдердің біліктілігін арттыру ол өте маңызды тақырып деп есептеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2021
529
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру – сабақ беру мен оқыту сапасын арттыру үшін жаңадан және бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыретін дамытуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны. Ал, біліктілік дегеніміз – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік болып табылады. Сонымен қатар, біліктілік – тиісті кәсіби қызмет шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажет кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы. Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты — маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту? (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту? (құрылымы), қалай оқыту? (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.

Білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі – жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте, кәсіби білікті болуы тиіс.

Заманауи ұстаз тұлғаға бағдарлы білім беретін, оқушылармен кері байланысты ұйымдастыра білетін, өзінің ұстаздық іс-тәжірибесін сыни бағалайтын және білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, арнайы білім, білік, дағдыларды меңгеру нәтижесінде инновациялық білікті ұстаз ретінде қалыптасуы тиіс. Бұл бағдарлама білім беру технологияларын тиімді пайдалану және оқушылар арасында сыни ойлау дағдыларын дамытуға, білімдерін дербес шығаруға және практикада одан әрі қолдану үшін алынған ақпаратты өңдеуге мүмкіндік беретін әртүрлі әдістер арқылы ұлттық білім берудің сапасын жақсартады.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық процестерді ұйымдастыру үшін педагогтың біліктілігі, оның кәсіптік даярлығы, оның тұрақты және динамикалық түрде дамитын педагогикалық ортада өз қызметін жүзеге асыруға дайындығының маңызы зор.

Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы оқытушылардың біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады.Қазақстан Республикасында педагогтар біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы «Кембридж» тәсілдеріне негізделген жаңаша оқытудың баспалдақтарында да «…білім беру жүйесінің алдына жаңа инновациялық технологиялық әдістерді қолдануды игеру, …үнемі жетілдіріп отыру міндеттері қойылып отыр».

Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді.

Ұстаз …жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, …алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек” – деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл – Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен.

Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!