Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Педагогикалық оқу "Жобалау әдісі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТІҢ ҒЫЛЫМИ, ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Мектепке дейінгі ұйымда «Жобалау» технологиясы»
2020 жыл
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТІҢ ҒЫЛЫМИ, ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Байболатова Асель Мырзагалиевна, әдіскер
КМҚК «№45 бөбекжай-балабақшасы»
Dastan-asel87@mail.ru
Түсініктеме хат
Қазіргі ғылым мен технология заманында білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – білім беруді жаңарту. Қазіргі таңда өзекті педагогикалық проблемалардың бірі – бұл оқу процесіне жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды енгізу. Жаңашыл педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар - балаларға ғылым жолына бағыт бағдар беру, баланың өзін - өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Оқу процесін дәстүрлі әдістерден тыс жаңа технология әдіс-тәсілдерімен ұйымдастыру, балаларға көмек бере отырып, тұлғаның жеке және кәсіптік деңгейін анықтауға бағытталған, балалардың жаңа білімді өз бетімен қолдануына дағдыландыру – қазіргі білім берудің басты мақсаты.
Бұл бағытта үлкен мүмкіндік беретін инновациялық технологиялардың бірі - жобалау технологиясы. Балалардың белсенді амал әрекеті арқылы рухани және кәсіптік тұлға болуына бағытталған.
Жобалау технологиясы балаларға өз бетімен ізденіске, парасаттылыққа, қызықты жұмысқа қатысуға көмектеседі, өзін шығармашылықта көрсетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қызығушылық, эстетикалық жағынан тәрбиелейді.
Жобалау технологиясының мақсаты – балалардың танымдық дағдыларын дамыту, білімдерін өз бетімен құру шеберлігін және ақпараттық кеңістікте хабардар болуын, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Жобаның міндеті:
-
Шешімін іздейтін мәселенің болуы, баланың дербестігін, ата-ана мен баланың ортақ шығармашылығын дамыту;
-
Білімді іс-тәжірибесінде қолдануға үйрету, өз ойын еркін жеткізіп, бір –бірімен ақылдасуға үйрету;
-
Жоба барысында баланың қызығушылығын, белсенділігін және дербестігін арттыру;
Жобалау технологиясы әр уақытта бір мәселені шешуді ұйғарады. Жобаның
ерекшелігі мұнда бала өз бетімен жұмыс істеу әрекетіне және жұмысты жоспарлауға ерекше көңіл бөледі.
Жобалау технологиясымен жұмыс ұйымдастырғанда балалар тек қана өз бетімен жекеше жұмыс істей қоймайды , оларға топпен де , жұппен де жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Бұл балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырады. Жобалау баланың оянбай жатқан мүмкіндіктерін дамытуға, өз ісіне сыни баға бере білуіне, өзінің және басқаның, ұжымның үйлесімді қарым-қатынасына жол ашады. Жобалаудың тақырыбы, мерзімі әр топтың ерекшелігіне қарай таңдалып жұмыс жүргізіледі.
Осы жазылған инновациялық жоба жобалау технологиясын енгізу мен ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен және ерекшелігімен таныстырып, жобалау технологиясын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізі, Ұлттық жаңғырудың басты әлеуетінің бірі – білім. Қазіргі ғылым мен технология заманында қазақ ұлтының білімді болуы – оның табиғи міндеті. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт - дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды, тарихымызды жаңғырту.[1] Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Осы орайда балабақша білім ордасының бастауы. Балаға берілген білім мен тәрбие тиімді болсын десеңіз, тиімді әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды балабақшаға енгізу керек. Инновация дегеніміз - білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, жаңа әдістер мен тәсілдерді зерттеп, тұжырымдама жасап, оларды қолдану
іс-әрекеті. Инновациялық технологиялар бала тұлғасын бар жағынан дамытып қана қоймай, онымен жұмыс істейтін педагогтардың да шығармашылығын арттырып, екі ортаның білім кемесіндегі алтын көпіріне айналмақ. Яғни инновациялық технологиялар баланың интеллектуалдық сұраныстарын барынша тиімді шешу жолы. Осы орайда балабақша педагогтарының негізгі міндеті: әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңа педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Көптеген инновациялық технологияларды зерттей келе, балабақшамызға 2017 жылы қыркүйек айынан бастап жобалау технологиясын енгіздік.
Жобалау технологиясы - инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба - педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде қолданылуы. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың ІІ жартысында АҚШ-та пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюн атты психолог-педагог, философ.
Жоба мақсатына қарай (мақсат жоқ болса – жоба да жоқ):
1.Монопәндік – бір ғана білім саласы бойынша мәселелерді шешетін жоба. (Денсаулық)
2.Пәнаралық – «Денсаулық» «Әлеумет», «Таным» сияқты бірнеше білім салаларының мәселесін шешетін жоба, яғни бір тақырыпты әр түрлі сала бойынша қарастырамыз.
3. Пәндік немесе пәннен тыс мектепке дейінгі білім беру оқу жоспарының вариациялық бөлігінің мәселесін шешетін жоба.
Жобалаудың бірнеше түрі бар:
1.Эмпирикалық: тірі және өлі табиғат әлемінде өзіндік бақылаулар мен эксперименттер жүргізу. «Қар түйіршіктері қалай пайда болады?», «Судың құрамы қандай?» және т.б. жоба нәтижесінде өсімдік пен жәндіктерден гербарий, тәжірибе картотекалары әзірленеді.
2.Зерттеу жобалары: ізденеді, деректерді жинақтап қорытады, табиғат құбылыстары туралы әр түрлі зерттеу жұмыстарынан мағлұмат жинайды, кітаптар, кинофильмдер, интернет пайдаланады. Зерттеу нәтижесі газет айдарлары, альбомдар, журналдар немесе аспаздық кітаптарда жинақталады. Қызыл кітап арқылы (сирек кездесетін және жойылып бара жатқан) өсімдік түрлері мен жануарлар, құстар туралы білімдері кеңейтіледі.
3.Рөлдік ойындар жобасы: бұл шығармашылық ойын жобасы. Мұнда балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, берілген тапсырмаларды өздері шешеді. Нәтижесінде: мазмұнды ойын, бала мерекелері ұйымдастырылады, балалар ертегілерді кейіптендіре біледі. Су асты әлеміне ойын-саяхаттары ойнатылады. Балалар «Театр» сюжеттік-рөлдік ойындар ойнауға үйренеді.
4.Шығармашылық жоба: әдетте қатысушыларда ортақ іс-әрекеттерінің дайындалған құрылымы болмайды. Бұл балалардың үлгілер мен пішімдер жасау, әңгімелер құрастыру, тақпақтар, ойдан шығарылған кейіпкерлері бар әңгімелер. Нәтижесінде балалар музыкалық ертегі драмаландыру, үстел үсті театры арқылы әңгімелер ойлап табу, кейіпкерлерді дайындау, ата-аналар мен балаларға қойылым көрсету мен сахналанған, суреттелген диафильмдердің фильмотекасын жасау, альбомдық дизайн көрмесі ұйымдастырылады. Шығармашылық жобаларда табиғи және құнсыз материалдарды пайдаланған жөн.
5. Фантастикалық жоба: таныс әңгімелер мен ертегілер, мультфильмдерді мазмұнына қарай отырып, балалардың өз шығармашылығы мен қиялынан «Болашақтың қаласы» сияқты жобалар құру.
Жобаға қатысушылар санына байланысты: топтық, шағын топтық, жеке, отбасы, жұп болуы мүмкін.
Жобаның ұзақтығы қысқа мерзімді – 1, 2 немесе бірнеше сағат, 1-2 апта, орта мерзімді -1-3 ай, ұзақ мерзімді– бір жылға дейін. Тәжірибеде мектепке дейінгі білім беруде жобаның орындалуы мектеп жасына дейінгі баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына байланысты болады.
Жобалаудың негізгі қызметі: – бағдарламаны белгілеп, жоспар бойынша арнаулы іс-әрекеттердің жалғасуына жағдай жасау, құралдар таңдау.
Жоба құрылымы бойынша 3 кезеңге бөлінеді.
Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба таңдалды деген сұраққа жауап бере отырып, жобаның қазіргі мән-жайы, бұл жоба қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен бірге жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталады. Жұмыс жоспары жасалады, командалар құрылымы, жауапты адамдар тағайындалады.
Негізгі кезең – жобаның жүзеге асу кезеңі. Бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жоба жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі. Жобаның жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес, жұмыстың тиімділігі, жобаның мақсатқа жетуі. Қорытынды кезеңде жобаны қорғау, рефлексия, қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулер енгізілуі және қорытындылануы жүзеге асады. Жобаның жалпы жеткен жетістігі талқыланады.
Жобалау технологиясының артықшылығы:
логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау, балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы, жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі дамып, сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.[2]
Нәтижесінде жобалау технологиясы балалардың жан – жақты болып өсуіне, өз ойын еркін жеткізуге, кез-келген затты зерттеп, мәселені өз бетімен шешуге, атқарылған жұмыстан нәтиже шығаруға үйренеді. Жобалау технологиясын балабақшаға енгізе отырып, тақырып таңдауда балабақша педагогтарымен, ата-аналарымен кеңесіп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шығарып, балалардың білім мен тәрбие алуы үшін ең алдымен денсаулық керек деп шештік. Бәрімізге мәлім, мықты денсаулық сәтті оқыту мен тәрбиелеуге жағдай жасайды, ал сәтті тәрбие мен оқыту –денсаулықтың жақсаруы. Яғни, білім мен денсаулық ажырамас ұғым. Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжірибесі мол болғанымен, баланың денсаулығының нашарлап, жиі ауыратын балалардың саны көбеюде. (1-қосымша) Балалардың денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында жоба тақырыбын «Бала денсаулығы және оның қауіпсіздігі» деп алдық.
Жалпы жобаны құру ретіне тоқталсақ.
Денсаулық жобасының паспорты: «Бала денсаулығы және оның қауіпсіздігі».
Бағытталуы: ортаңғы «Айгөлек» тобы.
Бақылаушылары: әдіскер Байболатова А.М. топ тәрбиешісі Исаева Б.Т.
Қатысушылары: балалар, тәрбиешілер, ата-аналар.
Қатысушыларының саны бойынша: топпен, жеке.
Ерекшелігі:
-
Балалардың денсаулығын дамыту бойынша сауықтыру –шынықтыру шараларының жаңа формациясын қолдану;
-
Салауатты өмір салтына баулу;
-
Арттерапия, стретчинг, релаксация, нүктелі массаж т.б. денсаулық сақтау технологияларын қолдану;
-
Өмір қауіпсіздік ережелерінің алғы шарттарымен таныстыру;
Мерзімі: ұзақ мерзімді (қыркүйек - мамыр)
Білім беру салалары: «Денсаулық»
Денсаулық жобасының мақсаты:
-
Балабақшаға денсаулық сақтау технологиясын енгізу;
-
бала денсаулығын нығайту, дене сымбатын, қимыл-қозғалысын, жаттығуды орындау сапасын дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету. Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
-
Өмір қауіпсіздік ережелерінің алғы шарттарын қалыптастыру;
-
Педагогтарды, ата-аналарды және олардың балаларын дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына баулу;
Денсаулық жобасының міндеттері:
-
Баланың денсаулығын нығайту және шынықтыру. Түрлі аурулардың алдын алу;
-
Баланың дене тәрбиесінің сапалық дамуын, тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өміріне қажет қимыл ептілігін қалыптастыру;
-
Баланың қимыл белсенділік талабын жүзеге асыруға жағдайлар тудыру және қауіпсіздік ережелерін сақтау;
-
Салауатты өмір салтын жеке бас гигиенасын ұстауға дағдыландыру;
-
Психологиялық және физиологиялық сауықтыру;
Денсаулық жобасының ресурстары:
-
жобаның тақырыбы бойынша ақпараттық материал (ғаламтор, әдебиеттер, ертегі кітаптар);
-
әдістемелік әдебиеттер;
-
фото суреттер, слайдтар, графикалық кестелер;
-
музыкалық қолдау;
Денсаулық жобасының нәтижелері:
- денсаулығы нығайып, қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасады;
- салауатты өмір салтын ұстауға дағдыланады;
- Өмір қауіпсіздік ережелерінің алғы шарттары қалыптасады;
-күнделікті жас ерекшелігіне сай дене шынықтыру жаттығуларын меңгереді;
- балалардың дене сымбаты қалыптасады;
- балалар шапшаң, алғыр, мықты, шымыр болып өседі;
Денсаулық жобасының кезеңдері:
-
жобамен таныстыру;
-
әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, жинақтау, толықтыру;
-
тақырып бойынша ақпараттар мен көрнекі құралдарды таңдап алу;
-
жобаның жоспары бойынша қатысушылардың рөлдерін талқылау;
-
жоба соңында жеткен жетістіктердің қорытындысын шығару;
Денсаулық жобасының қысқаша мазмұны:
Денсаулық сақтау технологияларының мәні - салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру. Денсаулық технологияларымен таныстыру, денсаулық мәдениетіне үйрету, дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтып, дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады. Өмір қауіпсіздік ережелері жолда жүру, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін меңгерту.
Осы жобаны іске асыруда балалардың денсаулығын нығайту барысында алғашқы жұмысты ертеңгілік жаттығу, динамикалық үзіліс, сауықтыру-шынықтыру шаралары, дене шынықтыру оқу қызметінен бастадық. Ол үшін денсаулық сақтау технологияларын зерттеп, іс –тәжірибеде қолдану арқылы денсаулық сақтау технологияларының тиімді жаңа бағыттарымен таныстық.
Денсаулық сақтау технологияларының тиімді бағыттары:
1.Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы. Біз өз жобамызда сауықтыру-шынықтыру шараларына, стретчингке, ұлттық ойындарға көңіл бөлдік. Көп жағдай да педагогтар оқу қызметінде динамикалық үзілістерде қимылмен тақпақ айтумен шектеліп қалған. Осы орайда барлық оқу қызметіне динамикалық үзілістерді түрлендіріп қолдандық. Осы орайда тиімді жаттығуларды іздестіре келе зерттеу жүргізіп, төмендегі денсаулық сақтау ынталандыру технологияларының тиімді жақтарын анықтадық. [4]
Стретчинг – созылу жаттығулары. Стретчингті арнайы таңдалған жаттығулармен ойын түрінде өткіземіз. Нәтижесінде буын қозғалысы жақсарады, бұлшықеттер иілгіш созылмалы болып, жұмысқа қабілеттілігін ұзақ уақыт сақтайды, күш пен төзімділігі дамиды, жалпы қимыл –қозғалыс белсенділігін көтереді. Стретчингті таңғы жаттығуда қолданамыз, ол кезде созылудың жаңа түрлерімен таныстырып, бұрынғы жаттығуларды бекітіп, оқу қызметінде, жаттығуларды жетілдіріп, дұрыс орындау шеберлігін шыңдаймыз. Балалар білетін жаттығулардан ертегі құрайды, құрылған ертегі бойынша слайд шоу құрамыз. Ертегі желісі бойынша бір бала баяндайды, ал қалған балалар айтылған ертегіні желісі бойынша көрсетілген созылу жаттығуларын орындайды. Бұл балалардың жауапкершілігін арттырып, сөйлеу тілін дамытады. [5]
Сауықтыру-шынықтыру шаралары ұйқыдан кейін 5-10 минут жүргізіледі. Бұл кешенге төсекте ояну, жалпақтабандылықтың алдын-алу, дұрыс сымбатты қалыптастыру, ауқымды жуыну жаттығулары кіреді. Бізде осы мақсатта арнайы денсаулық кілемшелері дайындалған. Бұл кілемшелерде балалар ұйқыдан кейін жүріп өтеді. Кілемшелер баланың табанын өте жақсы уқалап, бұлшықеттерін және табанның байланыс аппаратын нығайтады, ағзаны түгел қорғайды. Жыл мезгіліне сай ауа, күн ваннасын қолданып, суға шомылу сауықтыру шараларының денсаулыққа пайдасы мол. [3]
Қимылды және спорттық ойындар дене шынықтыру оқу қызметінің және серуеннің бір бөлігі. Ойындар баланың жас ерекшелігіне, уақыты мен орынына сай жүргізілу керек. Қимылдық және спорттық ойындарды таңдауда ұлттық кодымызды дәріптей отырып, ұлттық ойындардың шығу тарихымен, ұлттық ойын ережесімен таныстырып, ұлттық ойынға қызығушылығы артты. Педагогтармен жүргізілген ойындардан ұлттық ойындар картатекасын әзірледік.
2. Салауатты өмір салтына үйрету технологиясы. Бұл жерде дене шынықтыру оқу қызметіне, нүктелі массажға көп көңіл бөлдік.
Дене шынықтыру оқу қызметі аптасына 2 рет жас ерекшелігіне қарай бағдарлама талабына сай жүргізіледі. Олар қимыл дағдысы мен ептілігін оқытуға бағытталады. Жүйелі дене шынықтыру оқу қызметі бала ағзасын нығайтып және иммунитетінің көтерілуін қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру оқу қызметін түрлі денсаулық технологиялырын қолдана отырып түрлендіріп өткізу арқылы балалардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығы артты.
Нүктелі массаж - бұл уқалау, бала өзі жасайды. Ол қанайналымды жақсартады, ішкі ағзалар жұмысының жүйеленуіне көмектесіп, сымбатты түзейді. Сылау адамның физикалық нығаюына ғана емес, психологиялық сауығуына да мүмкіндік береді. Нүктелі массаждың бірі - су-джок терапиясын қолдандық. «Су-джок» сөзінің өзі адамның табаны мен алақаны деген сөз. Қол мен табанда биологиялық нүктелер орналасқан, кішкентай бөбек - жүрек, шылдыр шүмек – өкпе, ортан терек – ішектер, бас бармақ- бас. Су Джок массажорының екі түрі бар: мүйізшелі доп және қолға киілетін сақина. Яғни, балалардың алақаны мен табанын жұмсақ мүйізшелері бар доптармен қолдың ұсақ моторикасын дамыту жаттығулары арқылы жаттықтырамыз. Ол алақанға жұмсақ тиеді, балаларға қызықты әрі кішкентай мүйізшелері саусақ арасындағы бұлшық еттердің жұмысын жақсартады. Су-джок терапиясының практикадағы пайдалы қасиеттері: алақан мен табандағы нүктелерді қозғау арқылы, миға сигнал түсіп баланың сөйлеу тілі ерте дамиды, қолдың ұсақ моторикасын дамыту арқылы қимыл-қозғалыс координациясын, көру өткірлігін, есте сақтау қабілетін, кеңістікті бағдарлауын дамытамыз. [6]
770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз