КҚМК «№ 10 «Бал бұлақ»
ясли-бақшасы
гуманитарлық-эстетикалық
және сауықтыру
бейініңдегі»
Дайындаған:
Карибаева
К.С.
Семей
қаласы.
Мақсаты:
1) белгілі бір қабілетті
қалыптастыру;
2) белгілі бір тілдік
іс-әрекетті дамыту;
3) қарым –қатынас жасауға
үйреті;
4) қажетті мүмкіндікпен
психикалық қызметті дамыту;
5) білім
беру;
6) тілдік материалды еске
сақтау.
Міндеттері:
Керекті
құралдар: музыкалық таспа, дидактикалық
ойындарға керек заттар.
Педагогикалық сағаттың
барысы:
«Ине мен жіп»
тренинг.
Тренинг аяқталған сон
педагогтар өз орындарына отырады.
Құрметті әріптестер, бүгінгі
педагогикалық сабатымызды мына бір тақырыппен таныстырғымыз келеді.
«Мектепке дейінгі балалардың оқу іс әрекетіндегі ойын
технологиясының маңызы»
Слайд
көрсету (15 мин)
Ойын дегеніміз
не?
Ойын ― халықтың баланы
әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралының бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы:
рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар,
дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор.
Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, ұйымдастырылған
оқу іс – әрекетіне деген қызығушылығын
арттырады.
Ойын
технологиясы:
Оқу
үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген
материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде,
яғни оқу іс-әрекеттің кез келген сәтінде оқыту әдісінің
құралы ретінде пайдаланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы
ойын арқылы білім алып, жан- жақты тұлға дамиды.
Ойындарды құру мына бағытта
жүреді:
-
Баланың іс-әрекетінде ойын
элементтері мен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл
ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне
көшу;
-
Ойын шарты мен оқу міндетінің
күрделенуі;
-
Берілген тапсырмаларды шешуде
баланың ақыл-ой белсенділігінің күшейуі.
-
Оқу мен тәрбие мақсаттарының
бірлігі;
Ойын
– бұл бала үшiн табиғи және
оқытудың ізгілікті нысаны.
Біз балаларды ойын арқылы оқыта отыра, бізге, ересектерге оқу
материалын беру қолайлы болатындай емес, балаларға ыңғайлы
болатындай және оны табиғи түрде алатындай оқытамыз.
Қазақ тілін оқып - үйрену кезінде лексикалық тақырыптар бойынша
мектепке дейiнгi балалардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып
сөйлеуді дамыту зерттеудің объектісі болып табылады.
Қазақ тілінің баланың тілін, танымдылығы мен
коммуникативтік қабiлеттілігiн дамытуға оң әсер ететін, баланың
тілді, сөйлеуді жақсы меңгеруге көмектесетінін ұсынылған кестеден
көруге болады. Мектеп жасына дейiнгi балада логикалық ойлау, өзінің
жолдастарымен өзара қарым – қатынас жасай білу қабілеті дамиды, ой
- өрісі кеңиді.
Педагогикалық ойын
технологиялары:
Ойын бұл оқыту әдiстері
сияқты, аға ұрпақтардың тәжiрибесін кiшiлерге беру ежелгi заманнан
бері қолданылып келеді. Халық педагогикасында мектепке дейiнгi
мекемелерде ойын кеңінен қолданылады. Аталмыш жағдайларда ойын
қызметі :
• ұғымды, тақырыпты және оқу пәнінің бөлімін меңгеру үшін дербес
технологиялар ретінде;
• анағұрлым көлемдi технология элементтері (кейде өте маңызды)
ретiнде;
• ұйымдастырған оқу іс-әрекетінде немесе оның бөлігі ретiнде
(кіріспе, түсiндiрме, бекiту, жаттығу, бақылау) қолданылады.
Жалпы педагогикалық ойынның ойындардан айырмашылығы - оқытудың
нақтылы қойылған мақсатының және оған сәйкес негізделген, айқын
түрде бөліп көрсетілетін педагогикалық нәтиженің болуымен маңызды
белгiге ие болады және оқу – танымдылық бағыттылығымен
сипатталады.
Оқу үрдісіндегі ойын технологиясының рөлін және орнын, ойын
элементтерінің байланысы мен оқу – жаттығуларды анықтау көбінесе
ұстаздардың педагогикалық ойындардың қызметі мен жіктеуін
түсінуіне байланысты.
Ойын ортасы ойын технологиясының ерекшелігін елеулі дәрежеде
анықтайды: ойынды заттармен және заттарсыз, столға қоятын, бөлме,
көше, белгілі бір жерде, компьютер және ТСО - мен, сонымен бiрге
жылжымалы әр түрлi құралдармен танып бiледi.
Әлбетте, мектепке дейiнгi тәжiрибеде ұйымдастырған оқу
іс-әрекетінде ойын нысанына қалай түрлендіруге болады? Мұнда
нысандар көп, бiрақ аталмыш шарттардың орындалуы мiндеттi:
1) ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің мақсатына
ойынның сәйкестiгi;
2) осы жастың балалары үшiн қол жетiмдiлiк;
3) ұйымдастырған оқу іс-әрекетінде ойындарды
орынды қолдану.
Одан басқа, тақырып
шеңберiнде төмендегідей оқу түрлерін ерекшелеуге
болады:
1)
ұйымдастырған оқу іс-әрекетінде рөлді ойындар (сахналау):
2) оқу үрдісінде ойын тапсырмаларын пайдаланумен
ойын ұйымдастыру (жарыс сабақ, конкурс , саяхат ұйымдастырған оқу
іс-әрекетінде, АКТ ұйымдастырған оқу іс-әрекетінде).
3) ойынды ұйымдастырған оқу іс-әрекетінде белгілі
кезеңінде қолдану (басында, ортасында, соңында; жаңа материалмен
танысу, бiлiмдерін бекіту, дағдысын, іскерлігін, қайталау мен
игергенді жүйелеу).
Тапсырмалар, жаттығулар және сөйлеуді дамытуға арналған
жаттығулар
Сөйлеуді дамыту балалық шақта ортақ психикалық дамудың ең маңызды
аспектiсi болып табылады. Сөйлеу қызметі баланың айналаны қоршаған
адамдармен қарым-қатынасы барысында меңгеретін, тiл арқылы жүзеге
асырылады.
Қазақ тілін үйренуде рөлдік
ойындардың пайдасы зор. Ойын-балалардың тілді үйренуге деген
сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді
де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі.
Балалар белсене жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын
мұқият тыңдап,өздерін жіне бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек
бағыттаушы болады. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын
арттыру қажет.Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты
рөлді өзі таңдап алған жөн. Сода ғана олардың ойыны да, тілі де
нанымды және сенімді шығады. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан
дұрыс.
Қазақ тілін сабақтарында драматизацияланған ойындар балаларға
керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс
пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін
тигізеді. Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса,
ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға
жаттықтыру. Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.
2. Балаларды сөйлеуге үйрету
3. Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға
және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге
үйрету.
Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі –
балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де
сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл
атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның
түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық
элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын
немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын
ережесі.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын,
адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын -
төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты,
ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің,
көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық
қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық,
тиімді әдістерінің бipi.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел
үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне
болады.
Ойынның түрлері: «Дәл осындайды тауып ал»,
«Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Суретті
құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Есіңде сақта», «Сөз ойла»,
«Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы - жаман» «Жалғастыр»,«Үш сөз ата»
т.б. Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын
дамыта отырып, бір — бірімен достығын арттырып және саусақ бұлшық
етін дамытады.
Жас өспірім ойын арқылы дүниені танып,
түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді, өз
бойына қабылдайды. Таңдалған ойынды өткізуге қойылатын талаптар
төмендегідей:
•
Ойынды тақырыпқа сәйкес
алу.
•
Ойынның мақсаты нақты қойып,
керекті көрнекіліктерді балалардың қызығушылығына сәйкес
дайындау.
•
Ойнар алдында балаларға
жүргізілу барысын әбден
түсіндіру.
•
Ойынға балалардың барлығын
қатыстыру.
•
Ойын барысында балардың
қатысуын қадағалау, білмеген жерлеріне көмек, жәрдем беру
керек.
Қорыта келе, ойындар балалардың таным
белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің
бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып,
балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына
қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі.
Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар
жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің
тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік
береді.
Педагогтармен орыс тілінде
ойындар
Игры на сотрудничество и
взаимопомощь.
«Спасибо!» - Эта
красивая игра важна в социальном аспекте. В ней дети учатся быть
внимательными к тому, нуждается ли другой ребенок в их помощи,
благодарить другого за помощь, за приятное.
Педагоги
двигаются под музыку, учатся удерживать на голове
очень легкий предмет. У них развивается чувство пространства,
способность решать задачи и принимать решение.
Материалы: для
каждого педагога
бумажная салфетка и
тд;
Инструкция: Я
хочу предложить вам игру, для которой понадобиться много места.
Каждый из вас должен двигаться с салфеткой на голове и следить,
чтобы она не падала. Двигайтесь под музыку то медленнее, то
быстрее. Будьте внимательны и обходите все препятствия на своем
пути.
Если салфетка упадет, вы должны остановиться и не
шевелиться, пока другой не поможет вам и не положит упавшую
салфетку снова на голову. Если хотите, вы можете спасти другого
ребенка иным способом. Бережно коснитесь, и тогда ребенок может сам
положить упавшую салфетку себе на голову.
«Листок бумаги» -
в этой игре с партнером педагоги
учатся прислушиваться друг к другу и
контролировать свои руки.
Материалы: один лист бумаги А4 для каждой пары
детей.
Инструкция: Мне
очень интересно, скольким из вас удастся проделать такой фокус…
Разделитесь на пары и возьмите по одному листу бумаги. Станьте друг
против друга и вдвоем держите лист бумаги ладонями: одна ладошка
ваша, другая – партнера. А теперь сам фокус: вы должны одновременно
отпустить бумагу на очень короткое время и снова вернуть руки в
исходное положение, так чтобы лист бумаги не упал на пол. Можете
немного потренироваться. А потом, возможно, вам захочется
попробовать сделать это другой рукой.
Педагогтармен қазақ тілінде
ойындар.
«Сөздермен» ойыны.
«Сөзде»
ойыны баланың лексикалық қорын молайтады,
қажеттi
сөздерді тез табуға үйретеді,
пассивті сөздiкті активтендіреді.
Көптеген осындай ойындарды тапсырманы орындаған (мысалы, 3-5
минут)
уақытты шектеумен жүргізу ұсынылады.
Бұл ойынға жарыс қозғамын кіргізуге және оған қосымша құмарлық беруге ықпал етеді.
«Сөздi
толықтыр»
ойыны
-
Бастаушы сөздiң бiр бөлiгi
атайды (қо...) және допты лақтырады.
Бала допты ұстап алуы және сөздi
толықтыруы (...
ян)
керек .
Бастаушы рөлінде бала мен ересек адам кезекпен шығып тұруға болады.
Педагогтармен осы ойынды
ойнау.
- Ұсынылған әріптер жиынтығынан неғұрлым көп сөз
құрастыру:
Б Л А Қ Ш А Б А
А мына сөзге мұғалімдер сөздер
құрастырады.
Мысалы:
бала,
бақша,
бақа,
лақ....
- Сөздердi
қарама-қарсы мағынасы бойынша айту:
аш -
жап,
отыр -
тұр...
«Кiм көп атайды»
ойыны
Бiрнеше пәндiк суреттер таңдап алынады.
Балаға заттарды атау ұсынылады.
«Аударып қойылған сөздер»
Балаға орындары ауыстырылған әріптерге сөздер теру ұсынылады.
Сөздердің қалыпты тәртiбін қалпына келтiру керек.
Мысалы:
мала -
алма,
ирсы –
сиыр
«Буындардан -
сөздер»
Алдын ала таңдап алынған сөздерден буындардың бiрнеше блоктары қалыптастырылады.
Балаға олардан әр буынды бір рет қолданумен
анықталған сөздер санын құрастыру ұсынылады.
"Сөздердің жарты