ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕР СЫНЫП

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕР СЫНЫП

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша педагогтеріне арналған іскерлік жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Мектепке дейінгі жастағы балалардың қатысымдық құзырлылықтарын қалыптастыру» тақырыбындағы іскерлік ойынШЕБЕР СЫНЫПДайындаған: Түпқараған ауданы, С. Шапағатов с. МКҚК «Айналайын» б/б әдіскері Сатова Б. М.Мектепке дейінгі тәрбиенің ең басты міндеті баланы білім алудың келесі кезеңіне дайындау, мектеп өміріне - жаңа өмірге дайындау болып саналады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың қатысымдық құзырлылықтарын қалыптастыру мектепке дейінгі білім берудің басты ұстанымы болуы тиіс, деп ойлаймын. Яғни, өзіне таныс емес жағдаяттарды, жаңа міндеттерді шешуге дайындау. Мектеп жасына дейінгі баланың қатысымдық құзырлылықтарын қалыптастыру мақсатта педагог әртүрлі жұмыс түрлерін, әдіс-тәсілдерді қолдана білуі шарт: жеке жұмыс, топпен сабақ, тренинг жаттығулар. Баланың жаңа ортада өзін еркін сезініп, ұстай білуін дамытатын, құрдастарымен, өздеріне таныс емес адамдармен тіл табыса білуін қалыптастыратын ойын-жаттығуларға шақырамын.Ойын-жаттығулар1) Үлкен адам 1 затты көрсетеді. Ал бала затқа байланысты сұрақтар қоюы керек. Ең көп сұрақ қойған бала жеңіп шығады. (Мадақтау арқылы белгілеп отыру, жұлдызша тарату.)2) Үлкен адам сөздерді жекелеп атайды. (Көктем, орман, доп т.б.) Балалар сөзге байланысты белгілерді атауы керек. 3) «Жеті күлтелі гүл». Балаларға өз армандарын айтқызу. Егер ол өзіне байланысты болса, сары фишка беру, көпшілікке қатысты болса, қызыл фишка беру. Қорытындылай келе, армандар талқыланады. Кімнің арманы ұнады?4) Балабақшаға жаңадан келген балада ойыншық машина болды. Оны Расул тартып алды. Жаңадан келген бала не істеді, өзін қалай ұстады, деп ойлайсыңдар?Дастан мен Ербол ойнап отыр. Қастарына жасы кішілеу Талғат барды да «Менің де ойнағым келеді» деді. Ербол «Сен әлі кішкентайсың, біз сенімен ойнамаймыз» деді. Дастан не айтты? Ал Талғат қайтті? Не айтты? Неліктен?5) Жұбын сал. 2 бөлек қолғап, бас киім схемасы салынған карточка, 6 түсті қарындаш беру. Екеуге бірдей жұппен суретті бояуды тапсыру. Карандашы екеуіне де жеткілікті болуы шарт. Ал келесі екі жұпқа ортақ карандаш беру. 6) Ертегіге байланысты жағдаяттарды шешу.- «Бауырсақ» ертегісіндегі түлкі бірінші болып кездессе, не болар еді?- «Мақтақыз бен мысық» ертегісінде мысық шақырғанда келе қойса не болған болар еді?9) Ренжісеміз-достасамызӘр ойынды талқылап, қорытындылау. Осы ойындар арқылы түзету-дамытушы міндеттерді атқаруға болады. - байланыстырып сөйлеуін дамыту;- диалог құруға үйрету;- шығармашылық қабілетін дамыту( қабылдау, есте сақтау, ойлау)- қатысымдық құзырлылықтарын дамыту, ұжыммен бір болуға үйрету, бірлесе жұмыс атқаруға баулу.- Ойынға қатысқандарыңызға рахмет! Бұл ойын ұнады ма? Несімен ұнады? Қатысқан ата-аналарға, педагог-тәрбиешілерге жадынамалар тарату.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2019
1498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі