Материалдар / "Педогок тұлғасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Педогок тұлғасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
355
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЭССЕ

«Педагог тұлғасы»

Мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылған басты мақсат- баланың жас ерекшелігіне қарай бабалар тарихын негізге ала отырып ұлттық тәрбиені,салт-дәстүрді бойына сіңіріп,жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына ықпал ету.Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік,қайырымдылық,ізеттілік,қонақжайлық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін әрбір тәрбиеші,ұстаз халық педагогикасын, салт-дәстүр,әдеп-ғұрыптарды жақсы меңгерген рухани дүниесі бай,жаны таза адал жан болуы керек.Тәрбиеші үшін күрделі де қиын сәттерден жасқанбай, танымы мен саналы көзқарастарын таныта алатын,білімі мен тәжірибесін жан-жақты дамытып байыта алатын сәт мектепке дейінгі мекеме қабырғасынан басталады.

Бала, балабақшаға келгенде өзін жақсы сезінуі үшін, топ бөлмесі жарық,көз тартатындай әсем безендірілуі керек.Балаға өз қолымен жасаған жұмыстарынан көркем зат жоқ тәрізді көрінеді.Балаларды сонымен қатар, түрлі ойындар ойнау арқылы топпен жұмыла жұмыс жасауына жол ашатын әдістер мен тәсілдерді орнымен таңдап іске асыру -әр педагогтың міндеті.

Балалардың шығармашылық ойлау мен сөйлеу процестерін дамыту үшін педагог іс-шараны неғұрлым қызықты ойын түрінде ұйымдастыра білсе, соғұрлым баланың дамуына қомақты үлес қостым деп айта алады.

Балаларды қызықтырар болсақ ,олар берілген тапсырма бойынша түрлі жүйелі сөйлемде құрап, түрлі тың ойларды ортаға салады. Тәрбиеші сабақ арасында ойынға қосылып,бағыт ұстап отырса,ең аз сөйлейтін,сабаққа аз қатысатын баланың өзі ойын,өз қиялын жеткілікті түрде жеткізетінін көруге болады.Баланың мүмкіндіктері мен қабілеттерінің деңгейін білген педагог ары қарай сол қасиеттерді аша түсуге қолдау көрсетіп жұмыс жасайды.

Педагог балалар жайлы ойынға олармен бірге қосыла ойнағанда ғана дұрыс мағлұмат ала алады. Өте тұйық сәбидің өзі, ойнап отырып ашылады.Сараң күлетін бала, ойын үстінде күледі. Таңдап ұстаған ойыншығына, ұнатып кірген ролдеріне қарап, тәжірибелі педагог бала сезімінің арқау жібін адаспай таба алады.

Мектепке дейінгі жастағы бала үшін айналамен танысып білудің басты жолы-ойын.Балалар сурет салуды,бояуды,түрлі дидактикалық ойындар ойнауды,сұрақтарға жауап беруді ,қиып-жапсыруды,кітап қарауды ұнатады. Бірақ осы жұмыстарға баланың бәрі бірден түсініп,құлшынып кірісіп кете алмайды. Сондықтан барлық сәбидің жұмыла жұмыс жасауына жол ашатын әдістер мен тәсілдерді орнымен таңдап іске асыру -әр тәрбиешінің міндеті.Балалар түрлі ойындар ойнағанда барлығы ашылып,қызыға қатысады,жарыса сөйлеп ,шаршауды білмейді.Балалардың шығармашылық ойлау мен сөйлеу жүйесін дамыту үшін педагог өз іс-әрекетінде неғұрлым қызықты ойын түрінде ұйымдастыра білсе,соғұрлым баланың дамуына қомақты үлес деп есептеуіне болады.Ойын үстінде бала бәрін ұмытып,батыл түрде өзінің жасаған ортасына кіріп кетіп, өзі қалаған бейнелерімен басқа өмір кешеді.Баламен іс-әрекеттерді ойын түрінде өткізссе,тапсырмалар оңай орындалып,алға қойған мәжеге жету оңай болады.Ертегі кейіпкерлеріне, ойыншы кейіпкерлерге көмектесу баланың қызығушылығын оятып, бәсекелестігін арттырады.Сондай-ақ ойлау,тапқырлық қабілеттерін дамытып,адамгершілік мейірімділік қасиеттерін оятуға себебі тиеді.

Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиеленушілерімен менің қызметім тығыз байланысты болғандықтан менің нақты арманым - әр баласы ана тілін жетік білсе екен деген ниетпен халықтық педагогика арқылы Қазақстанның болашағын көркейтетін адал азамат болатындай балаларды тәрбиелеу. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дегендей «Қазақ баласының жүрегіне жол-мемлекеттік тілде» атты әдістемелік нұсқау жобасын жазу үстіндемін, осы жобаның негізгі қағидасы мен міндеттерін бала тәрбиесімен терең ұштастыру жолында іс-әрекеттер атқарып келемін.

Еліміздің болашағын ойлаған педагог әріптестеріме, мектепке дейінгі мекемелерде күн көріс көзі деп жұмыс істемей, ұрпақ болашағы үшін жауапты екенімізді әрдайым жадымызда ұстанғанда барып, болашақ педагог тұлғасы осындай болуы керек дегенді айтар едім.

Өз білімімді жетілдіру жолында «Қатынас», «Әлеуметтік орта» білім беру саласының тіл дамыту, көркем әдебиет бөлімдерінің әр жанырларын терең меңгеру мақсатында бірнеше жылдан бері жоба құрып бағытты басшылыққа алып келемін.

Облыстық білім беру біліктілігімді арттыруда қайра даярлау курсынан кезекті 2017 жылы өту жоспарда.

Диплом мамандығы бойынша бастауыш сыныптар мұғалімі болғандықтан, кәзіргі таңда мектепке дейінгі мекемеде қызмет атқаруда, кәсіби қызыметке сай болу мақсатында, биылғы оқу жылында тәрбиеші мамандығын алуда оқуға түсу жоспарлануда.

Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы: «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандылықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы,көңіл-күйлеріне байланысты» -деп білім беру саласын дамытудың қаншалықты маңызды екендігіне аса назар аударғанымыз жөн.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!