Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Періштелер даналығы" тренинг
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Періштелер даналығы
(ата-аналарға арналған психологиялық ойын)
Мақсаты: Ата-аналарға бала бойындағы мінез-құлық сапаларының ерекшеліктерін анықтауға көмектесу.
Міндеті: ата-аналардың психологиялық білімдерін жетілдіру. Ата-анаға баланың жас ерекшеліктер кезеңіндегі мінез-құлық тұстарын айқындауға көмектесу;
Жүру барысы:
І. Амандасу
Бір-бірімен танысу және өз аттарына сипаттама беру. Бір-бірне комплимент айту.
ІІ. Психологиялық жаттығу: «Үй»
Қажетті құралдар: А4 парағы, қарындаш
Ата-аналарға ақ парақ пен қарындаштар беріледі.
Тапсырма: Параққа үйдің суретін сал. Үйді салып болсаңыз, енді сол терезелерге өз отбасыларыныздың мүшелерін орналастырыңыз (өз отбасыларын таныстырады)
Психолог: сіздердің отбасыларыңызбен біз толық таныстық!
Иә, әрбір ата-ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім-тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз. Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінез беріледі екен. Ол – бірінші ата-анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейінг бар нәрсені өз отбасынан табады. Ал-екінші ұстазынан өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш «Әліппе» ұстатып өмір жолына алғаш жол салатын ұстазынан алады. Үшінші – достарынан. Осы үш адамның бойындағы мінез-құлықтарды екшелей келіп, орлардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.
Ендеше, сізден, бізден және өз жолдастарының жақсы жақтарын ала білген біздің балаларымыздың бойында адами қасиеттердің көп болары сөзсіз. Десек те, кейбір олардың бойынан өзімізге ұнамайтын қасиеттерді де кездестіріп қаламыз. Ендеше баламыздың бойындағы осындай қасиеттерді танып білу үшін
ІІІ. «Менің балам...» ойыны
Тапсырма: «Менің балам...» деген сөзін жалғастыру үшін сіздерге ойлануға 1 минут уақыт беріледі.. тапсырманы толық орындау үшін 5 минут беріледі. Ата-аналарға кеспе қағазы беріледі.
Нұсқау: балаңыздың бойында бар мінез-құлық қасиеттерін жазу ұсынылады.
Өіңіз жазған балаңыздың міне-құлық қасиеттерін екі бөлікке бөліңіз?
1-бөлік. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары.
2-бөлік. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары. Рефлексия
-
Балаңыздың жақсы қасиеттерін жазған кезде қандай күйде болдыңыз?
-
Мінездің көлеңкелі тұстары кездескен кезде сіздің көңіл-күйіңізді қынжылтқан не?
Релаксация «Дүкен»
Сұрақ: Сіз қай қабаттағы заттарды алдыңыз?
өмірге бала келгенде біз баламыздың дүкеннің ең жоғарғы қабатындағыдай ақылды, кішіпейіл, мейірімді, дарынды болуын немесе біз қол жеткізе алмаған армандарымызға қол жеткізсе деп ойлаймыз. Бірақ өмірде олай бола бермейді. әрбір бала өзінше дара тұлға. Оның бойында дүкеннің 1,2,3 қабатындағыдай заттар сапасы сияқты мінез-құлықтың әртүрлі жақтары болады.
V. Ойын:
2-жаттығу «Қар қиыршықтары»
жаттығуы
Нұсқау:
Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ
жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғарғы
бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп оң жақ жоғарғы
бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді
өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.
Талдау:
— Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі
неде деп ойлайсыздар?- не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен
бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда
болды?
Түйін:
Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты.
Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің қоғамдағы орнымыз,
қызметіміз, жан-дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге
жиналуымызда бір себеп бар- ол өмір қиыншылықтарына төтеп беру,
одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен роліміз әртүрлі
болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат
бір.
VI. Флеш тренинг: «Періштелер даналығы»
Осы айтылған аңыз сізддерге ой салып, өмір тәжірибелеріңізде жүзеге асса нұр үстіне нұр болар! Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет. Бірде қарт періште мен жас періште жер бетін аралап жүріп, шаршап – шалдығып түнеп шығу үшін бір байдығ үйіне келеді. Ол бай өте сараң, қонақжай емес болып шығады. Оларды сарайына түнетеді. Қаншалықты шаршап тұрса да, сарай іші салқын. әрі ыза болғандықтан жас періште ұйықтай алмайды. Таң ата ұйықтап кетсе, бір дыбыстан оянып кетеді. Тұрса қарт періште сарайдың құлап қалған жерлерін сылап жатыр екен. Жас періште өзінің таңқалысын жасыра алмай, қарт періштеден «Сен оған неге көмектесесің?-ол бізге қандай жақсылық жасады» - деген сұрағына: Көзбен көргеннің бәрі шынайы бола бермейді, - деп жауап берді. Келесі күні қонатын жер іздеп жүріп бір жағының үйіне келеді. Үй иесі құшақ жая қарсы алып, кешкі ас беріп, үйіндегі жалғыз кереутін беріп, өзі әйелімен сарайға кетеді. Ертеңгісін періштелер үй иесі әйелінің жылаған даусынан оянады. Жарлының отбасын асырап отырған жалғыз сиыры өліп қалған екен. Бұған таң қала қараған жас періште қарт періштеге: Сен неге жарлыға көмектеспедің? Өткен түні бізге қонақжайлылық көрсетпеген байдың сарайын сылап беріп едің, енді жарлыға мүмкіндігің бола тұра көмек бермегенің қалай?-деген сұрағына қарт періште көзбен көргеннің бәрі шынайы бола бермейді деп жауап беріпті. Жол бойы жас періште, қарт періштенің осы ісіне келіспейтіндігін айтып, кінәлаумен болады. Қарт періште үшінші рет көзбен көргеннің бәрі шынайы бола бермейді деп жауап береді. Өткен түні біз байдың сарайында түнеген күні мен сарайдың жанынан байдың қазба байлығын көрдім де, сол байлыққа қолы жетпестей етіп сылап кеттім. Ал бүгінгі түні ажал жарлының әйеліне келген болатын. Ал, мен ажалды жарлының сиырына жібердім деген екен.
Ата-анаға кеңес
-
Баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренеді;
-
Егер бала өшпенділікте өссе, ол қатыгездікті үйренеді;
-
Егер де балаға күле берсеңіз, ол тұйық болып өседі;
-
Егер баланы сөге берсеңіз, онда ол кінәлі сезіммен өседі;
-
Егер баланы әлпештей берсе, ол өзімшіл болып өседі;
-
Егер бала шыдамдылықпен өссе, онда ол басқаларды қабылдауды үйренеді;
-
Егер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді;
-
Егер баланы мақтаса, онда ол игілікті болып өседі;
-
Егер бала шындықта өссе, онда ол әділетті болып өседі;
-
Егер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол адамдарға сенуді үйренеді.
VII. Қорытындылау, тілек айту.
Менің балам............................................................
Менің балам............................................................
Менің балам............................................................
Менің балам............................................................
Менің балам............................................................
Менің балам............................................................
Менің балам............................................................
Менің балам............................................................
Менің балам............................................................
Менің балам............................................................
Жағымды Жағымсыз немесе өзгертуге болады
........................................... ...........................................................
........................................... ...........................................................
........................................... ...........................................................
........................................... ...........................................................
........................................... ...........................................................