Материалдар / Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы. ҚМЖ 7 сынып геометрия 3 тоқсан
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы. ҚМЖ 7 сынып геометрия 3 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
7.1.2.8 перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын меңгеру; 7.1.2.9 нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болуы туралы теореманы дәлелдеу және қолдану;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2024
99
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Таныстым:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Геометрия

Тақырыбы: Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы.


Бөлім:

Түзулердің өзара орналасуы

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гулжан Аманкулкызы

Күні:

05.03.2024ж

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.2.8 перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын меңгеру;

7.1.2.9 нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болуы туралы теореманы дәлелдеу және қолдану;

Сабақтың мақсаты

Перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын ажырата білу;

Нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болатыны туралы теореманы қолдана білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын / ОМ анықтап алу

Оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Сұрақ - жауап / өткен тақырыптарға шолу/

1. Екі үшбұрыштың үш қабырғасы және үш бұрышы тең, олар тең үшбұрыштар ма?

2.Барлық қабырғасы тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш па?

3.Екі тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштары тең, олар тең

үшбұрыштар ма?

4.Бір катеті және бір бұрышы (сүйір бұрышы болмауы да мүмкін) тең тікбұрышты үшбұрыштар, тең үшбұрыштар ма?

5.Катет гипотенузадан үлкен болуы мүмкін бе?


Жинақтала

ды,сабаққа ынталанады



Үй жұмысы мадақтау әдісімен бағаланады



Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ түсіндіру.

Бір-бірімен тікбұрыш жасап қиылысқан екі түзу перпендикуляр түзулер деп аталады.

Мысалы, a және b перпендикуляр түзулер, себебі түзулер тікбұрыш жасап қиылысады.


Анықтама. Берілген нүктеден түзуге жүргізілген көлбеу деп берілген нүктені түзудің кез келген нүктесімен қосатын перпендикуляр емес кесіндіні атайды.

Анықтама. Түзудің бойында жатқан кесіндінің ұшын көлбеудің табаны деп атайды.

Анықтама. Берілген нүктеден түзуге жүргізілген перпендикулярдың табаны мен көлбеудің табанын қосатын кесіндіні көлбеудің проекциясы деп атайды.

Мысалы, а түзуі мен а түзуінде жатпайтын A нүктесі берілсін. АН кесіндісі – А нүктесінен а түзуіне жүргізілген перпендикуляр. Егер М нүктесі Н нүктесіне сәйкес келмейтін а түзуіне тиісті нүкте болсын, онда:

  • АМ кесіндісі А нүктесінен а түзуіне жүргізілген көлбеу болады;

  • М нүктесі АМ көлбеуінің табаны болады;

  • МН кесіндісі АМ көлбеуінің проекциясы болады.

Топтық тапсырмалар:

1 – тапсырма.


а және b түзулерінің қиылысуында пайда болған бұрыштардың үшеуі өзара тең. а ┴ b екенін дәлелдендер.


АВ және СD перпендикуляр түзулері О нүктесінде қиылысады. ОЕ және ОF сәулелері ОD сәулесімен бір жарты жазықтықта жатады және <ЕОF=105, <ВОF=28°. DОF және DОЕ бұрыштарын табыңдар.

Шешуі. Есептің шартына сәйкес сурет саламыз ВОЕ және АОЕ – сыбайлас бұрыштар. Сондықтан <ВОЕ немесе <АОЕ=180°-(105°+28°) 180°- 133°=47°. <АОD=90° болғандықтан,<ЕОD=90° - <АОЕ=90°- 47°= 43°. Суреттен, < DОF = 105°- 43°=62°.


Жауабы: 62°, 43°.



Топтық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. ОВ-суретте берілген. COF бұрышының биссектриcсасы, АОВ=140°. СОВ бұрышын табыңдар.







2. m‖n, x-y=46° болса x=?







3. m‖n x=?





4. Төбелері ортақ, сәйкес қабырғалары перпендикуляр екі бұрыш берілген. Олардың бірі екіншісінен 4 есе кем. Осы бұрыштарды табыңдар.

ІІ деңгей тапсырмалары

1.АВСD тіктөртбұрышы берілген. Оның қарама-қарсы қабырғалары арқылы өтетін түзулері параллель екенін дәлелдеңдер.

2 АВСD тіктөртбұрышы берілген. Оның іргелес қабырғалары арқылы өтетін түзулері перпендикуляр екенін дәлелдеңдер.

ІІІ деңгей тапсырмалары

1. Төбелері ортақ бір сүйір және бір доғал бұрыш берілген. ОЛ бұрыштардың сәйкес қабырғалары перпендикуляр. Пайда болған екі сүйір бұрыштың тең болатынын дәлелдеңдер


Жеке тапсырма.

Көше шамының жарығының сәулесі жерге 60° бұрыш жасап түседі. Көлбеу ұзындығы 8 м-ге тең. Жарық шашырауы болатын дөңгелектің радиусы көлбеу проекциясынан 2 м-ге артық. Сол дөңгелектің диаметрін тап.

Жаңа сабақты меңгереді.


























Тапсырмаларды өз бетінше орындайды









Мақтау, мадақтау әдісі арқылы бағаланады.






















Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі


























Сабақтың соңы

Үй жұмысы.

есеп

Рефлексия:

Мен барлығын түсіндім

Мен үйрендім



Мен келесілерді түсінбедім

Маған қиындық тудырған келесілер




Үй жұмысымен танысады.


Рефлексияны дәптерге орындайды







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!