Материалдар / Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы. ҚМЖ 7 сынып геометрия 3 тоқсан
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы. ҚМЖ 7 сынып геометрия 3 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
7.1.2.10 перпендикуляр түзулердің қасиеттерін білу және қолдану; (есептер шығару)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2024
96
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Таныстым:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Геометрия

Тақырыбы: Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы.


Бөлім:

Түзулердің өзара орналасуы

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гулжан Аманкулкызы

Күні:

12.03.2024ж

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.2.10 перпендикуляр түзулердің қасиеттерін білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты

Нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болатыны туралы теореманы қолдана білу;

Перпендикуляр түзулердің қасиеттерін қолдана білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын / ОМ анықтап алу

Оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау


Жинақтала

ды,сабаққа ынталанады





Үй жұмысы мадақтау әдісімен бағаланады



Сабақтың ортасы

Өткен сабақты пысықтау.

Перпендикуляр түзулердің қасиеттері

1-қасиет. Егер екі түзу бір түзуге перпендикуляр болса, онда олар өзара параллель болады.

Яғни ab және c түзулері үшін a  c және b  c орындалса, онда a || b.

2-қасиет. Түзудің нүктелері арқылы түзуге жүргізілген бірнеше перпендикуляр бір-бірімен ешқашан қиылыспайды.

3-қасиет. Түзудің әр нүктесі арқылы оған перпендикуляр түзу жүргізуге болады және ол біреу ғана болады.

Мысал. Сыбайлас бұрыштардың биссектрисалары өзара перпендикуляр болатынын дәлелде.

Дәлелдеуі.

OK және OF сәулелері AOB және BOC сыбайлас бұрыштарының биссектрисалары болсын. Сыбайлас бұрыштардың қасиеттері бойынша, AOB + BOC = 180°.

OK сәулесі AOB бұрышын екі тең бұрышқа бөледі. Демек, AOK = KOB.

Сол сияқты, BOC бұрышы үшін BOF = FOC теңдігі орындалады.

Сонда AOB + BOC = 180° өрнегін 2KOB + 2BOF = 180° өрнегімен алмастыруға болады.

Осы өрнекті екіге бөлгенде, KOB + BOF = 90° өрнегі шығады.

Демек, сыбайлас бұрыштардың биссектрисалары өзара перпендикуляр.

Далелденді.


Тапсырмалар орындау. Жеке жұмыс

1. Қабырғалары 12 см және 5 см болатын тіктөртбұрыш кесінділермен төрт бірдей тіктөрбұрышқа бөлінген, олардың ұзындықтары бастапқы тіктөртбұрыштың еніне тең. Сызылған кесінділердің өзара орналасуы қандай?

2. Жолдың ені 6,8 м. Жаяу жүргіншілер жолында ақ жолақтардың әрқайсысының ені 35 см және осы жолақтарының арақашықтығы 30 см болса, жолда ақ жолақтардың саны қанша?

Жаяу жүргіншілер жолы қара жолақпен басталып, қара жолақпен аяқталады.

3. AOB және BOC – сыбайлас бұрыштар, OM сәулесі – AOB бұрышының биссектрисасы, ON сәулесі BOC бұрышының қабырғалары арасынан өтеді және OM-ге перпендикуляр болады. ON сәулесі BOC бұрышының биссектрисасы бола ма?

4. α бұрышының төбесінен оның n биссектрисасына перпендикуляр m сәулесі жүргізілген. Егер α = 34° болса, m сәулесі бұрыштың a қабырғасымен қандай бұрыш құрайды?

5. Егер AB  CDOK  OPCOK = 58° болса, AOP бұрышын тап.


БЖБ орындау.


Алдыңғы сабақта алған білімдерін еске түсіреді.









Мысалдарды түсінеді, жазады

























Тапсырмаларды өз бетінше орындайды













Мақтау, мадақтау әдісі арқылы бағаланады.


































Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі























Сабақтың соңы

Үй жұмысы.

есеп

Рефлексия:

Мен барлығын түсіндім

Мен үйрендім



Мен келесілерді түсінбедім

Маған қиындық тудырған келесілер




Үй жұмысымен танысады.


Рефлексияны дәптерге орындайды







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!