400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Пицца»

Материал туралы қысқаша түсінік
Пиццаны дурыс жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: «Пицца»

Сабақтың мақсаты: Балаларға пиццаның түрлерін әзірлеп дайындауды үйрету


1. Білімділік: Өз ойларын нақты дұрыс жеткізуге,ауызекі сөйлеуге үйрету.

2. Дамытушылық: оқушылардың ой- өрсін дамыту, қисынды ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын тереңдету;
3. Тәрбиелік: Баланы дұрыс тамақтануға,денсаулығын күтуге,оны нығайтуға,қоршаған ортада өзін дұрыс ұстай білуге,тиімді қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

2. Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

3. Оқушылардың жұмыс формасы: түсіндіру, іздендіру, өз ойларын жеткізу.

  1. Қажетті техникалық жабдығы: компьютер

  2. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар:

әр түсті маркерлер, желім, стикерлер, алжапқыш, орамал, асхана құралдары,

  1. Жаңа сабақ: «Пицца»

Пицца (итал. pizza) — Италияның ұлттық тағамы. Ашыған қамырдан дайындалатын, ашық бетіне күрделі салма салынған таба нан немесе пирог. Қамырға ашытқы көбірек салынады (1 кг ұнға 60 г ашытқы). Салма ретінде шұжық, жіңішке шұжық, саңырауқұлақ, зәйтүн, қызанақ, тәтті бұрыш және т.б. қолданылады. Көптеген түрлерінде салмаға ысқыланған қатты ірімшік қолданылады.

Тарихы

Пиццаның прототиптері (алғашқы нұсқалары) көне гректер мен римдіктерде болған. Ол кейбір астардың нан үзінділеріне салынған күйінде дастарханға қойылған. Қызанақтардың Еуропаға әкелінуімен байланысты 1522 жылы Неапольде итальяндық пицца үлгісі қалыптасты. XVII ғасырда пицца даярлайтын арнайы адамдар («pizzaiolo», «пиццайоло») пайда болды.

Маргарита пиццасы

Пиццаны дайындау екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Бірінші тәсілде піскен таба нанның үстіне салмасын салып дайын болғанша қайта пісіреді, ал екінші тәсілде салманы шикі қамыр үстіне салып пісіреді. Пиццаларды шағын табаларда пісіреді. Дайын тағам үстіне өсімдік майын себелеп көктермен әшекелейді.

Пиццаның қамырын дайындау үшін:

2 стақан ұн
— 0,5 стақан сүт
— 2 жұмыртқа
— 0,5 шәй қасық тұз
— 3 үлкен қасық сұйық май

Ал, ішіне өзіңіздің талғамыңызға қарай ірімшік, бұрыш, майонез, кетчуп, қызанақ сынды т.б. нәрселер салсаңыз болады.
Пиццаның қамырын дайындау үшін алдымен:

Ұн мен тұзды бөлек табада араластырып аламыз.

Жұмыртқа, сүт пен сұйық майды екінші табада араластырып аламыз.

Сөйтіп ұн мен тұз араласқан табаға дайын сұйықтықты сұямыз.

Қамырды илеп, 30 минутқа үстін сүлгімен жауып қойып қоямыз.

30 минуттан кейін қамырды екіге бөліп, оқтаумен илей отырып пиццаның пішініне келтіреміз.

Үстіне майонез бен кетчупты жағамыз.

Қызанақты саламыз.

Сырды үгітіп салып, үстіне қара бұрыш себеміз де ыстық пешке 25 минутқа салып қоямыз.

Пицца дайын! Асыңыз дәмді болсын!



Сабақты қорытындылау: Балалар, біз сіздермен ас мәзірді қалай дайындауды және де дастарханды дұрыс жабдықтауды үйрендік сондықтанда біз аспаздық түрлі тағамдарды біле отырып, іс - жүзінде үйренеміз деп сенемін. Жаңа материалды пысықтау, тәрбиеленушілерді меңгерген білімдерін талдау, бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.02.2023
547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі