1. Оқушылармен
амандасу. Мұғалім
жағымды эмоциялық көңіл-күй
орнату үшін,
«Қуанайық»
ойын-жаттығуын ұсынады.
2. Карточкалар таңдау арқылы
топқа бөлу.
(Оқушыларға үш түсті “алма”
беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу
керек)
3. Презентацияда сабақтың
тақырыбы, мақсаты көрсетіледі. Пирография туралы слайд
көрсету. Сабақтың тақырыбы
анықталады.
«Шын және жалған»
әдісі бойынша алдыңғы білімдерін
тексеру. Егер айтылған тұжырым шын (дұрыс) болса, онда оқушылар оң
қолдарын, егер жалған (дұрыс емес) болса, онда сол қолдарын
көтереді.
ҚБ:«Бас бармақ»
әдісі .
1-тапсырма. (Т) Оқушылар күйдіріп өрнектеу
өнерінің басқа қолөнер түрлерінен айырмашылықтары мен
ерекшеліктерін, ұқсастықтарын, тарихи мен мәдени шығу тегін зерттеу
ұсынылады. Ізденіс жұмыстары кезінде
келесі сұрақтарға жауап берулері кажет:
- пирография өнері қалай пайда
болды?
- пирография өнері
материалдардың қандай қасиеттеріне
негізделген?
- пирография өнері қолөнердің
қандай түріне жатады?
Әр топ өз таныстырылымдарын
даярлайды.
Таныстырылым сыныптың
талқылауына ұсынылады және бағаланады.
Дескрипторлар:
- ағашты күйдіру техникасын
зерттейді;
- презентация
жасайды;
- қауіпсіздік ережелерінің
орындалуын қадағалайды;
ҚБ:«Рахмет!!!»
әдісі
2–тапсырма. (МК),
(Ұ) Оқушылар көркем күйдіру
тәсілдерімен, өңдеу технологиясымен, ағашты күйдіріп өрнектеу
аспабымен танысады.
(Ж) Оқушылар күйдіріп өрнектеу
аспабымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтай
отырып күйдіру тәсілдеріне тәжірибе жасап
көреді.
Жұмыс жасау барысында
қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
Дескрипторлар:
- қолөнер туындыларының
атауларын анықтайды;
- тұрмыста не үшін
қолдананылатынын сипаттайды;
- қандай материалдардан
жасалғанын жазады;
- ою-өрнектермен
безендірілгенін анықтап, жазады.
ҚБ:«Бағдаршам»
әдісі.
Қорытынды.
|
Слайдтар
Күйдіру әдісімен жасалған
суреттер мен бұйымдардың үлгілері.
Пирография
видео
Күйдіріп өрнектеу
аспабымен
Ағашты өңдеу және
күйдіру.
Ағашты күйдіру. Техникалар,
әдістер, бұйымдар
|