Материалдар / Пішім сапасын бақылау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пішім сапасын бақылау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Стандарттаудың принциптері мен әдістеріне сипаттама беру Стандарттаудың принциптернін үйреніп, өз білімдерін жетілдіру.
Авторы:
05 Маусым 2024
188
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

    Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі

(білім беру ұйымының атауы)

Сабақ жоспары


Модуль /пән атауы: Пішім сапасын бақылау.


Дайындаған педагог: Бохаева. Қ.У.


2024 жылғы " "


1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ: 3 курс, 2024, 147

Сабақ типі: лекция


2. Мақсаты, міндеттер

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:

Білімділік: Стандарттаудың принциптері мен әдістеріне сипаттама беру

Дамытушылық: Стандарттау жұмыстарында жиі қолданылатын әдістерді дамыту

Тәрбиелік: Стандарттаудың принциптернін үйреніп, өз білімдерін жетілдіру.


3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: лекция жинағы, электронды оқулық, деңгейлік тапсырмалар, жұппен жұмыс жасау.


3.2 Техникалық құралдар, материалдар: слайд, карточкалар, ноутбук


4. Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару


Үй тапсырмасын тексеру



















Стандарттаудың әдістері.

Стандарттау қызмет түрі ретінде жалпы ғылыми және арнаулы әдістердің жиынтығына сүйенеді. Бұл әдістер жиынтығы қайталанып кездесетін міндеттерді оптималды шешу үшін қажет болып табылады.Стандарттау жұмыстарында жиі қолданылатын әдістер:

  • стандарттау нысандарын ретке келтіру;

  • параметрлік стандарттау;

  • унификациялау;

  • агрегаттау;

  • кешенді стандарттау;

  • озық стандарттау.

Стандарттау нысандарын ретке келтіру стандарттау нысандарының алуан түрлігін басқару болып табылады. Мысалы, жіктеуіштер, типтік конструкциялар, комплекттеуші бұйымдар, процестер, ережелер, құжаттардың формалары (нұсқалары) ретке келтіру жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

Ретке келтіру стандарттау нысандарын жүйелеу (жүйеге келтіру), типтендіру, селекциялау, симплификациялау және оңтайлау арқылы (жолымен) жүзеге асырылады.

Жүйелеу – біртекті, өзара байланыстағы стандарттау нысандарының белгілі тізбегін тағайындау болып табылады.

Нысандардың алуан түрлігін ескерсек, жүйелеудің маңызы өте зор болып табылады, өйткені оларды өзара байланыстырылған және өзара бағыныстағы топтарға біріктіруге, оларды жіктеуге жіне ранжирлеуге мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстан Республикасында қолданылатын техника-экономикалық және әлеуметтік ақпарат жіктеуіштері жүйелеу жұмыстарының нәтижелері болып табылады.

Типтендіру – бірқатар стандарттау нысандарына ортақ сипаттар негізінде типтік конструкциялық немесе технологиялық шешімдерді әзірлеу жөніндегі әрекеттер болып табылады.  Типтендіру нәтижелері типтік конструкциялар, бұйымдар, ережелер, процестер, құжаттар формалары, есептер, жұмыс жүргізу тәртібі және т.б. болып табылады.

Селекциялау —  әртүрлі қызметтер облыстарындағы ары қарай да өндіруге немесе қолдануға қолайлы деп танылған нақты стандарттау нысандарын іріктеп алу.

Симплификациялау – селекцияға кері — әртүрлі қызметтер облыстарындағы ары қарай да өндіруге немесе қолдануға қолайлы емес деп танылған нақты стандарттау нысандарын іріктеп алу.

Басқа сөзбен айтқанда симплификациялау деп әр қолданылатын элементтердің санын қолайлы минимумге дейін қысқартуды (мысалы, ыдыстың, ыдыс-аяқтың, бекіту элементерінің  өлшемдік типтерін азайтуды) айтады.

Оңтайлау – мүмкін болғандардың ішінен ең жақсы (оңтайлы) стандарттау нысанын таңдап алу. Стандартталатын нысандардың параметрлерінің (арналу, қауіпсіздік, сапалық параметрлері, тұтыну қасиеттері және т.б.) оңтайлы мәндерін табуға негізделеді.

Жаңа сабақты бекіту. Сұрақтар арқылы бекіту

1. Стандарттау нысандарын ретке келтіру ?

2. Симплификациялау дегеніміз не?

3. Оңтайлау дегеніміз не?

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру: Дәрісті оқып келу.



Стандартты құру әдіснің негізге ережесі.



Әрбір стандартты жасаудың мақсаты өнеркәсіп қажеттілігі мен күтілген экономикалық және техникалық тиімділікке негізделеді. Бүл үшін алдын ала теориялық және өндірістік мәліметтер, шетел тәжірибесі талданады, өнеркәсіптің даму тенденциялары және болашақ қажеттіліктері бекітіледі.
Мемлекеттік стандарттау жүйесі стандарттарды жасаудың 6 кезеңін белгілейді:
1 кезең.Техникалық тапсырманы құру және стандартты жа¬сауды ұйымдастыру. Бұл кезеңде стандарт шығарушылар шығармашылық тобы құрылады. Топқа берілген техника немесе өндіріс саласының мамандары, стандарттау және метрология қызметтерінің қызметкерлері кіреді. Топ стандартқа енетін техникалық тапсырмадағы стандарттау өніміне қойылатын талаптарды қалыптастырады. Мысалы, жаңа буын тұрмыстық радиоаспапта-рына стандарт жасалып жатыр делік. Топқа радиоэлектроника, акустика саласы мамандары, стандарттаужәне медицина қызметкерлері кіреді. Техникалық тапсырмада техниканың габаритіне, салмағына, дыбыс шығару параметрлеріне, эргономикалық көрсеткіштеріне, пайдалану қауіпсіздігіне және т.б. қойылатын іс-талаптарды қалыптастыру қажет.



Жаңа сабақты бекіту. Сұрақтар арқылы бекіту

1. Мемлекеттік стандарттау жүйесі неше кезеңнен тұрады?



Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру: Дәрісті оқып келу.



























Стандарттау саласына негізгі түсініктер мен анықтамаларды біледі

Қазіргі кезеңде көптеген өнімдердің техникалық деңгейі мен сапасы бүгінгі күн талабына, халық шаруашылығы қажеттіліктеріне сай емес. Өндіріс орындарының ескірген, төмен сапалы өнімдерді шығаруы ғылыми -техникалық дамудың қарқынды түрде алға басуын тежейді, өндіріс тиімділігін төмен-детеді,әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге септігін тигізбейді.Бұл мәселелерді шешуде стандарттаудың маңызы зор.

Стандарттау дегеніміз-ғылымның, техниканың және экономикалық әр түрлі саласындағы үнемі қайталанылатын шешімдерді тауып, реттеуге бағытталған ең жоғарғы деңгейдегі іс-әрекет.Стандартауға өнімдер және оларды өндіру мен қолдануды қамтамасыз етудің ережелері және қоғамдық өндіріс пен әлеуметтік өмірге байланысты Министрлер кабинеті бекіткен нысандар жатады. Қоғамдық өндірісте дәстүрлі түрде стандарттауға жататын нысандар:

- өндіріс-техникалық бағыттағы өнімдер;

- халық тұтынатын тауарлар (құралдар, станоктар, аспаптар, механизмдер);

- өндіріс орындары мен тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің көрсетіп отырған қызметтері.

Стандарттауға байланысты көптеген басшы органдар бар, олар:

- біріңғай уақыт пен эталондық жиіліктердің мемлекеттік комиссиясы;

- стандарттау және оны өткізудің әдістемесі жөніндегі ғылыми –зерттеу инсти-туттарының обылыстық орталықтары;

- Стандарттау және оны өткізудің әдістемесінің этлондарын оқытып, зерттеу және халыққа ұғындыруды жүзеге асыратын оқу орындары мен баспалар мен басылымдар;

Стандарттауға және оны өткізудің әдістемесін күнделікті өмірге тиімді енгізу үшін ҚР-ның Мемлекеттік стандарттау мен сертификаттау Комитеті басты бағыттарда жүйелі жұмыстар атқаруда:

- Кешенді стандарттау бағдарламасы негізінде стандарттауды одан әрі дамыту;

- Сенімділікті қамтамасыз ететін стандарттар жүйесін қайта қарап, жетілдіру;

- Машиналар мен технологиялық кешендер жүйесінің технико –экономикалық бағытта даярлап, стандарттау тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу;

- Тиімділік пен тез жұмыстанудың деңгейін көтеру;

- Өндірістік бақылау мен өлшеу құралдарының көлемін ұлғайту;

- стандартқа сай емес өнімдер шығаратын өндіріс орындарында тексеру шараларын оздыру;

Сапасыз өнімдер шығаратын өндіріс орындарына қатаң санкциялар қолдану.

ҚР-ның Мемлекеттік Стандарттау мен Сертификаттау Комитеті тікелей басшылық ететін Мемлекеттік комиссия мен Ғылыми - Техникалық Кеңес отандық стандарттау және сертификаттау жүйесін әлемдік озық үлгілер дәрежесіне жеткізу бағытында жұмыстанады және халықаралық стандарттау мен сертификаттау ұйымдары құжаттарының қажет тұстарын тікелей пайдалану туралы мәселелерді ұсынып, енгізеді, мысалы:

- Стандартқа сай Сапа бағдарламасын жасақтау;

- Машина жасау индустриясында сынақ жұмыстарын біріңғай талапқа сүйене отырып, халықаралық дәрежедегі стандарттау мен сертификаттауға сай оздыру;

- Машина жасау индустриясында қазіргі заман талаптарға сай диогнастикалық құралдармен қамту;

- Халықаралық стандарттау мен сертификатау талаптарына сай орталықтарын құру;

Жаңа сабақты бекіту. Сұрақтар арқылы бекіту

1. Стандарттау дегеніміз не?

2. Стандартты құру неше сатыдан тұрады?


Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру: Дәрісті оқып келу.























Қазақстан Республикасы стандарттау мемлекеттік жүйесінің негізгі қағидаларын біледі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық регламенттердің, стандарттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік стандарттау жүйесін реформалау басталды. Бұл жұмыстың үш кезеңін атап өтуге болады.

  1. кезең - алғашқы (2005 ж.) - мемлекеттік стандарттау жүйесінің Қазақстан егемендік алғаннан бастап атал- ған заң қабылданғанға дейінгі жағдайы.

  2. кезең - өтпелі (2005-2012 жж.) - жүйе жұмыс ының құқықтың статусын мемлекеттіктен еріктілікке өзгер- ту үшін мемлекеттік стандарттау жүйесін үлттың стан- дарттау жүйесі етіп қайта құру.

  3. кезең - ңорытынды, яғни стандарттаудың үлттық жүйесін қалыптастыруды аяңтау. Бұл жүйені мемле- кеттік емес үйымдар басқаруға тиісті жене жүйе ерікті қолданылатын үлттық стандарттарға негізделеді.

Алғашқы кезеңде Қазақстанның мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізін осы саладағы заңнамалар қоры, Заңдарды іске асырушы актілер және нормативтік құжаттар құрды. Өтпелі кезеңде адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық регламенттердің қолданысқа енгізілуіне қарай олар қамтитын немесе оларға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға тиіс. Қорытынды кезең. 2013 жылға дейін ұлттың жүйе біржолата шет елдердегі практикаға ауысуға тиісті. Жүйені мемлекеттік емес мекеме басқарады. Қажетті техникалық регламенттер қоры қалыптасқандықтан, ұлттың стандарттарда тек қана ұсынылатын талаптар қарастырылады. Ұлттық жүйенің статусының өзгеруі бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мүлдем қатыспайды дегенді білдірмейді. Үкіметтің реттеудегі жұмысы стандарттау саласының мақсаты мен принциптерін, Қазаңстанның стандарттау саласындағы үлттың органның жұмысын, үлттың стандарттарды әзірлеу және іске асыру ережелерін регламенттеу болып табылады. Стандарттардың екі категориясының болуы - « ұлттың стандарттық» және «ұйым стандарттарының» - әрекет өрісіне байланысты екі жүйенің болатынын айқындайды, яғни, бүкіл Қазақстан аумағында іс-әрекет жасайтын ұлттық жүйе және іс-әрекеті жекелеген ұйым шеңберінен аспайтын жергілікті жүйе. Стандарттаудың ұлттық жүйесіне мыналар кіреді:

  • ұлттық стандарттар;

  • стандарттау ережелері, стандарттау саласындағы нормалар мен ұсыныстар;

  • техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіші.

Жаңа сабақты бекіту. Сұрақтар арқылы бекіту

1. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік стандарттау жүйесін реформалау неше кезеңнен тұрады?

2. Стандарттаудың ұлттық жүйесіне нелер кіреді?

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру: Дәрісті оқып келу

Сапаны басқару амалдарын айқындайды

Сапа түсінігі жинақтық, оған әртүрлі анықтама беріледі. EOQ (Сапа бойынша Еуропалық ұйым) анықтамасы бойынша – тұтынушы талаптарына өнімнің сәйкестік деңгейі. ИСО 9000:2000 стандартының анықтамасы бойынша «Сапа жүйесі – негіздемелер жән терминология», сапа – тұтынушы талаптарын орындайтын өзіндік мінездемелер жиынтығы деңгейі.

Әрбір өндірістің маңызды мақсаты сапалы өнімнің шығарылуы болып табылады. Уақыт өте келе бұл мақсаттың маңыздылығы күшейе береді. Ол ғылыми-техникалық прогресі, жаһандану құбылысы және мемлекеттер арасында өнідірістік күш пен сауда байланыстары жоғарылап жатқанымен түсіндіріледі. Қазіргі кезде дүниежүзі өндірістік күштермен толы, өндірісі дамыған мемлекеттер өздерінің тауарлары үшін күресуде. Жоғарғы сапалы тауар және қолжетімді баға ұсынған жеңеді.

Сапа – күрделі және көп критерийлі түсінік. Сапа критерийі функционалдық (тұтынушылық), эргономикалық, қолданушылық, эстетикалық және басқа да көрсеткіштер болуы мүмкін. Әртүрлі өнімдерде әрбір критерийдің мағынасы әртүрлі болады. Мысалы, электр лампасында маңызды критерий функционалды критерий – лампа жарық жануы керек, қолданушылық критерий – ұзақ жануы керек және энергияны аз жұмсау керек. эстетикалық критерий аз рөл ойнайды. Ал хрусталды вазаны жасаған кезде эстетикалық критерий маңызды, ал функционалды критерий маңызы аз болады.

Сапаның сандық бағасы үшін квалиметрия әдісі қоланылады. Квалиметрияның негізі мақсаты - өнімнің қажет сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын, оның оңтайлы мәндерін анықтау, сонымен қатар сапаның сандық бағалау әдісін өңдеу, уақытта сапа өзгеру санағы әдістемесін жасау.

Сапалы өнім алу үшін бірнеше талаптар жиынтығын орындау керектігі түсінікті. Алдымен объективті факторлар:

1. Ғылымның, техниканың және дизайнның соңғы талаптарына сай келетін өнімнің қазіргі заманғы жұмыс жобасы;

2. Қазіргі заманғы материалдар мен ғылым мен техникасы жетістіктерін қолданатын өнім өндірудің қазіргі заманғы технологиясы;

3. Қазіргі заманғы жаңа технологиялық қондырғылар;

4. Қазіргі заманғы құрылғыларында қызмет көрсете алатын және алдыңғы қатарлы технологияны қолдана алатын мамандырылған жұмыс кадрлары.

Бұлар сапалы өнім алу үшін қажет объективті компоненттер. Бірақ олар сапалы бәсекеге қабілетті өнімді тұрақты және ұзақ алу үшін жеткіліксіз. Көп мәнге өндірістің субъективті факторлары ие. Олар: жұмысшылардың өз жұмыстарына қатынасы, мекеме басшыларының рөлі, жұмысшылар арасындағы қатынас және тағы басқа. Объективті және субъективті факторлар, олардың өзара қатынасы, бір-біріне әсері сапа қамтамасыз ету жүйесін құрайды.

Жаңа сабақты бекіту. Сұрақтар арқылы бекіту

1.Сапа дегеніміз не?

2.Сапалы өнім алу үшін қандай талаптар орындау керек?

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру: Дәрісті оқып келу.

Бақлау, сертификаттау және өнімді сынау түрлерін ажратады

Сапаны бақылау – сапаны басқару процесіндегі негізгі функциялардың бірі. Бұл сонымен қатар қолданылу әдістеріне қарай ең көлемді функция, оған әр түрлі білім саласында көп мөлшерде жұмыстар арналған. Сапаны бақылау берілген талаптарға өнім сәйкестігін анықтауды немесе кеткен қателіктерді анықтап, оны өнімді тапсырыс берушіге жеткізбестен бұрын ретке келтіреді.

Бақылау деген не? Дерекнамаларда бақылау анықтамасы әр түрлі болып келеді. ИСО 8402 стандарттарында, бақылау – бұл бір немесе бірнеше объект сипаттамасына бағалау, сараптама, өлшеу, сынау жүргізіп және осы алынған нәтижелердің қойылған талаптарға сәйкестігін анықтайтын қызмет делінген.

Сонымен, сапаны бақылау деп, бекітілген талаптар бойынша өнім сапасына әсер ететін, өнім қасиеттері немесе процестердің санды немесе сапалы сипаттамасына сәйкес екендігін тексеруді айтады. Ал сапаны бақылауды ұйымдастыру – ол нормативті техникалық құжаттарға толық сәйкес өнімдерді өндіруді қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және административтік шаралар жүйесі. Бақылаудың мақсаты бақылау объектісінің жағдайы, оның қасиеттерінің көрсеткіштері мен белгілері туралы ақпараттар алуда жатыр және алынған нәтижелерді жобалау конструкторлық құжаттарда және басқада құжаттарда бекітілген талаптармен салыстыру.Егер бақылау нәтижесінде талаптардан ауытқу анықталса, оны ақаулы өнімге жатқызады. Бақылау түрлі объектіні басқару процесінде маңызды рөл атқарады. ХІХ ғасырдан бастап кәсіпорындарда техникалық бақылаушылар (контролер) тауарды берілген талаптар бойынша органолептикалық тексеру және өлшеуден тұратын бақылаулар жүргізген. Олар тауарды түгел тексеріп, ақаулы немесе сапалы деп бөліп отырған екен.

Қазіргі кезде өндірістердің жаппай дамуы кезінде мұндай бақылау түрі тиімсіз, себебі бұл бақылау түрінде әр сәйкессіздікті реттеу үшін көп қаражат кететіні анық. Сондықтан қажетті тауар сапасын қамтамасыз ету үшін анықталған ақауларды жою немесе реттеу үшін емес ауытқуларды болдырмау үшін яғни өндіріс процесі кезінде дұрыс басқару жұмыстарын жүргізу қажет екені анықталды. Қазіргі заманғы сапа жүйесі процестерді басқаруға негізделген.

Бақылау обьектілері ретінде технологиялық құжаттарға сәйкес өнім немесе оны жасау, сақтау тасымалдау, жөндеу үрдісі қарастырылады.

Өнімді өндіру үрдісі негізіндегі сапаны бақылау сұлбасы 1 – суретте көрсетілген.

Бақылау обьектісі бір бөлек белгілермен сипатталады, олар міндетті бақыланатын обьектінің қасиеттерінің санды және сапалы сипаттамаларынан тұрады.Бақыланатын белгілер құрал бақылау обьектісіне болады.



1-сурет.Бұйымды өндіру үрдістеріндегі сапаны бақылау сұлбасы

Бақылауды жүргізгенде бақылау обьектісін, бақылау әдісін, бақылауды жүргізушіні және бақылауды жүргізуге арналған нормативтік құжаттарды анықтау өте маңызды.


Жаңа сабақты бекіту. Сұрақтар арқылы бекіту

1.Сапаны бақылау дегеніміз не?

2. ХІХ ғасырдан бастап кәсіпорындарда тауарды берілген талаптар бойынша органолептикалық тексеру және өлшеуден тұратын бақылау қалай аталады?

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру: Дәрісті оқып келу.







































Өнім сапасын басқару кешендік жүйесін анықтайды

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеге қабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.

Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

Өнім сапасын басқару – бұл белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілетініс-әрекет.

Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемаларын шешу нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы тахникалық деңгейге бағытталады. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларда қолданылатын шикізаттар, материялдар, жабдықтардыдың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және себептерін белгілеу кіреді.Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:

· өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизімін қосу;

· тұтынушыға және барлық өнірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

· өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту;

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

· жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

· өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты табу;

· жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;

· өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу;




 Сапаны қамтамасыз ету




Кәсіпорынның сапа жөніндегі саясаты

Жаңа сабақты бекіту. Сұрақтар арқылы бекіту

1. Өнімнің сапасын қалай анықтайды?

2. Өнім сапасын басқару дегеніміз не?



Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру: Дәрісті оқып келу.





Стандарттаудың халықаралық жүйесін қолданады (ISO 9001-2000).

Халықаралық стандарттау саласында стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО), Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралық электр байланыстары одағы (ХЭО) жұмыс атқарады. Стандарттау жөніндегі халықаральщ үйым (ИСО) 1947 жылы құрылған. ИСО-ның қызметі электроника мен электротехникада басқа стандарттау салаларының барлығын қамтиды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан ИСО жұмысына 178 ел қатысты. ИСО-ның органдары - Бас ассамблея, ИСО кеңесі, Кеңес комитеттері, техникалық комитеттер және орталық секретариат, Жоғарғы органы - Бас ассамблея.

Бас ассамблея сессияларының арасында ұйым жұмысын ИСО-ның Кеңесі басқарады. Кеңеске стандарттаудың үлттық мемлекеттік өкілдері кіреді. Кеңес жанынан техникалық комитеттердің жұмысын басқаратын атқарушы бюро құрылған. Халықаралық стандарттардың жобасын техникалық комитеттер шеңберінде жұмыс атқаратын жұмыс топтары дайындайды. Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақтылы саласына қатысты болып екіге бөлінеді. Жалпытехникалық топқа жататын техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны 26) жалпытехникалық және салааралық мәселелермен шүғылданады. Оларға жататындардың ішінде «Өлшем бірліктері» (ТК 12), «Ерекше сандар» (ТК 19) ж.б. бар. Қалған техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны шамамен 140) техниканың нақты салаларына қатысты. Мысалы, «Автомобильдер» (ТК 22), «Станоктар» (ТК 39) ж.б. ТК күрделі салаларға қатысты болған жағдайда (химия, космостың техника ж.б.) олардың құрамында комитет бөлімдері және жұмыс топтары құрылады. Халықаралық стандарттың жобасын қабылдау үшін ТК мүшелерінің 75%-ның келісімі болуы керек. 2000 жылдың басында шамамен 12 мың халықаралық стандарттар қолданыста болған. Халықаралық стандарттарды қолдану міндетті емес, яғни әрбір ел оны толығымен, тек қана кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе жалпы қолданбауы да мүмкін. Бірақ та халықаралық нарықтағы бәсекелестіктің артуы жағдайында өндірушілер өз өнімдерінің бәсекелесу деңгейін көтеру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шетел мамандарының бағалауларына қарағанда кейбір өндірістері дамыған елдерде ИСО-ның стандарттар қорының 80%-ына дейін қолданылады. Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника және байланыс салаларында қолданылатын стандарттарды дайындайды.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!