Плагиаттан сақтану жолдары туралы баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Плагиаттан сақтану жолдары туралы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Плагиаттан сақтану жолдары""
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті»

Факультеті: Инновациялық білім беру

Кафедра: Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру











Баяндама

Тақырыбы: Плагиат және одан сақтану жолдары



Орындаған: «Бастауыш білім беру деңгейінің

педагогы» мамандығының

1-курс студенты: Балтабай Назерке

Тексерген: Аға оқытушы, магистр

Әуелбаева Гүлсара Саламатқызы

Плагиаттық дегеніміз - біреудін сөзiн немесе ойын, пiкiрiн өз сөзi ретiнде қолдану және ол өрескел заң бұзушылық болып табылады. Кейбір студенттер автордын кейбiр сөздерін сәл ғана өзгертiп плагиат ережесiн сақтадым деп есептейдi, сондықтан да автор сөзiн толыктай баска мағыналас сөздермен алмастырып беру манызды болып табылады.

Эссенні жазу барысында студент өз ойын жазганы дұрыс. Академиялык жазылым барысында студент кітаптарды, газеттердi,ғылыми журналдарды, вебсайтарды және өзге де материалдарды колдануы мүмкiн. Бiрак оларды плагиаттық жасамай өз еңбектерiнде колдана бiлудiң маңызы зор.

Сонымен, плагиаттык өзге адамның ойын немесе идеясын ұрлау немесе колдану; біреудін ойына, сөзіне сілтеме жасамай қолдану, осы кезге дейiн айтылган ойды немесе идеяны өз ойы ретінде беру. Плагиаттык көптеген елдерде өрескел заң бұзушылық болып табылады. Плагиат бойынша жауапка тартылган Жоғары оқу орнының окытушылары ғылыми атағынан айрылып, жұмысынан шектетілсе, студенттер оқудан шығарылады. Казiргi танда бiздiң елiмiзде де пагиаттықпен күресу жолдары қалыптаскан және заң бойынша жауапкершiлiкке тартылады.



Әдетте жиi кездесетiн плагиаттық түрлерiн шартты түрде мынадай топтарга белуге болады:

Қасақана плагиаттык жасау- накты сілтеме берместен өзгенің ойын немесе сөзiн қолдану.



  • Өзiне-өзi плагиаттық жасау - бұрын жазылган өз жұмысын рұқсатсыз қайта қолдану.

  • Тыныс белгiлердi дұрыс қолданбай плагиаттық жасау- өзгелердiң сөзiн арнайы тыныс белгілерсіз (тырнакшасыз) қолдану.

  • Абайсызда плагиаттық жасау - материалға сілтеме берудi, тыныс белгiлерiн қоюуды, парафразага сілтеме жасауды ұмытып кету.



Плагиаттықтан сақтану жолдары:

Плагиаттык жасамау жазып отырған такырып туралы толық мәлiмет алуға, ойды корытындылауга, жуйелеуге такырыпты талдауға үлкен ыкпалын тигiзедi. Плагиаттыктан сақтану үшiн өзге еңбектерден алынған баска авторлардын сөзiне, оларға жасалған корытындыға және парафразға қашанда талапқа сай сілтеме берiлуi қажет. Сол себепті, плагиат жасамау үшiн мына амалдарды орындаған абзал:

Сілтеме жасау - баска бiр автордын пiкiрiн колдану үшiн үнемі сол сөзге сілтеме жасауды ұмытпау керек.

Сілтеме дегеніміз - өзге автордың ойын немесе сөзін алған әдебиетті, яғни материалды көрсету

Төл сөзді колдану – мәтіннен керекті деген ақпаратты өзгертпей сол күйде тырнақшаға алу арқылы қолдану. Кейде бұл тура сілтеме жасау деп те аталады.

Парафраз жасау- автор сөзін мығынасын сақтай отырып өз сөзiмен қайта жазып шығу. Қазақ тілі ережесі бойынша өзгенің сөзiн мағынасына өзгертпей қайталау « төлеу сөз» деп аталады. Бұл әдіс студент үшiн өзге автор ойын толық түсiнуге көмегін тигізеді.

Қорытынды жасау – студенттің оқыған, көрген немесе тыңдаған дәрiсiнiң мазмұнын түсінгендiгiн көрсетеді. Бұл – академиялық жұмыстың басты мақсаты. Ол ушiн өзге авторлардың пікірлеріне сілтеме жасай отырып еңбектiң қысқаша мазмұнын беруге болады.

Сонымен катар, өзге авторлардың сөзiн тiкелей қолдану барысында тыныс белгiлердi дұрыс қолдану қажет. Әдетте, автор сөзiн сол күйiнде, яғни төл сөз ретiнде алу барысында тырнақша қолданылады.Бұл өзге автор сөзі мен жазушы сөзін ажыратуға көмектеседі. Үнемі өзге авторлардың сөздерін идеяларын қолданғанда сілтеме жасап отыру қажет. Идея авторына сілтеме жасамау плагиаттыққа деген күдік тудыруы мүмкін.

Плагиаттық жасамау үшін:

Зерттеу жұмысын жазуды бастамас бұрын тақырып жайында жазылған еңбектерге шолу жасау кажет. Сол себепті, алдымен қажеттi ғылыми әдебиеттер мен құжаттарды мұкият таңдап алып, оларды жүйелеп алу қажет. Қолданылатын материалдарды жұмыста плагиат талаптарын сақтай отырып қолдану үшiн төл сөз, төлеу сөз және қорытындыны қолданылу жолдарын жақсы бiлу қажет.

Бұл аталғандардың барлығынада сiлтеме қажет, ал төл сөзді қолданған жағдайда мiндеттi түрде сілтеме алынған бет көрсетiлуi тиiс.



























Пайдаланылған әдебиеттер:

Оспанов Еділбай Төлеубайұлы «Академиялық жазылым» еңбегінен.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2023
1325
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі