Практикалық жұмыстар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Практикалық жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
информатикадан сыныптан тыс жұмыстарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

  1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні-жау алмайды)

  1. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

(Күлсең кәріге күл)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

  1. Компьютер тіршілік көзі

(Су тіршілік көзі)


******************************************************************************

1

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

2. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

3. Сурет салуға арналған программа (Paint)

4. Вирусты тауып жоятын бағдарлама (Антивирус)

5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (Калькулятор)

6. Бір байтта қанша бит бар? (8)

7. Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы (CD-ROM)

8. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)

9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс желісі (интернет)

10. Екілік жүйесінің сандары (0,1)

11. Адам мен компьютердің қарым-қатынас тілі (интерфейс)

12. Пернетақтада болдырмау әмірін растайтын перне? (Esc)

13. Ең алғашқы программаны жазған адам (Ада Лавлейс)

14. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет)

15. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)


2

1. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

2. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)

3. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)

4. Санау жүйелерінің қандай түрі бар? (екілік, сегіздік, ондық, оналтылық)

5. Конъюнкция – бұл логикалық (көбейту)

6. Windows сөзінің аудармасы (терезе)

7. Мәліметтерді енгізу пернесі (Enter)

8. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы)

9.Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete)

10. Пернетақта қандай құрылғы (мәліметтерді енгізу құрылғысы)

11. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)

12. Компьютер жады нешеге бөлінеді (2)

13. Бір килобайтта қанша байт бар (1024)

14. Монитор түрлері (электронды түтікшелі, сұйық кристаллды, плазмалық)

15. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (модем)


******************************************************************************

Бәрін білгім келеді

ҒАЛЫМДАР

  1. Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)

20. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым

(Блез Паскаль)

30. XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик

(Джон Непер)


ТАРИХ

10. Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (серобян)

20. Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (ХХ ғ. І-жартысы)

30. Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 ж.)


АҚПАРАТ

10. Адам ақпаратпен не істейді? (ақпаратты сақтайды, таратады, өңдейді)

20. Ақпараттық процестерді ата (ақпаратты алу, беру, сақтау және өңдеу)

30. Ақпарат қалай бағаланады? (түсінікті, дәл, толық, жаңа, пайдалы болуы керек)


ӘР ТҮРЛІ

10. Амалдардың қандай түрлерін білесіз? ( көбейту, қосу, бөлу,алу)

20. Компьютердің негізгі құрылғылары (пернетақта, монитор, жүйелік блок)

30. ЭЕМ-нің буындары және элементтік базалары (І-буын, электрондық шамдар;

ІІ-буын, транзисторлар; ІІІ-буын, интегралдық схемалар; ІV-буын, микропроцессор)


******************************************************************************


  1. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (процессор)

  2. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)

  3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмай-тын, иә-ні қолдап қайталайтын береген (пернетақта)

  4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан)

  5. Тышқанның ең жақын туысы (трекбол, джойстик)

  6. Қағазға тоймайтын мешкей (принтер)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
808
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі