Материалдар / Практикалық қазақ тілі 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Практикалық қазақ тілі 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған факультатив қазақ мектептерінің 5 сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі» оқулығы бойынша өткізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2024
96
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қызықты қазақ тілі»

Түсінік хат


«Қазақ тілі» пәнінен 5-9-сыныптардың оқу процесі ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен және ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген жалпы білім беретін пәндердің курстарының және факультативтердің үлгілік бағдарламалары негізінде жасалды. «Қазақ тілі» авторлық бағдарламасы оқушылардың функционалдық сауатттылығын дамытуға негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.

«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы оқушыға қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін тануды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықты үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.

Бағдарлама бойынша жүргізілетін практикалық сабақтарда әр оқушының белгілі тақырыптар бойынша өзінше жұмыс жасауына мән берілді. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады.

Қазақ тілін тереңдетіп оқытудың жолға қойылуы – бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отыған мәселе. Қазақ тілінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында белгіленген талаптарға жаңартылған білім мазмұнына, оқушына меңгертуге тиіс міндетті білім деңгейлеріне табан тірей отырып, қазақ тілін тереңдетіп оқытуға қатысты міндеттер мен нәтиже межелері белгіленеді.

      2. Қазақ тілін тереңдетіп оқытудың мақсаты – тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тіл қызметтерін жүйелі меңгерген, сөз мәдениеті талаптарына сай білік-дағдылары жетілген дара тұлға даярлау.

      3. Қазақ тілін тереңдетіп оқытудың негізгі міндеттері:

  1. Теория мен практиканың бірілігін нығайту, яғни тілдік білік пен коммунакативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашуды көздей отырып оқыту.

  2. Білім мазмұны мен білікті қалыптастыру жүйесіндегі сатылы-сабақтастықты сақтау, яғни тереңдетілген білім мазмүнында қазақ тілі білімі салаларының бірі –бірімен ұштастыра берілуімен қамтамасыз ете отырып оқытуымен қатар, сол білімді тілдік бірлікпен сабақтастыруға басымдылықпен беру.

  3. Білім мазмұнының қоғамдық-әлеуметтік сұраным талаптарына сәйкестігі, яғни тілдік білімніб ң оқушының өзіндік көзқарастары мен дүниетанымын жетілдірудің басты факторының бірі екендігіне жол аша отырып оқыту.

  4. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, яғни тіл туралы білімнің оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалан отырып оқыту.

  5. Тілдік білімнің лингвомәдени, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика мәселерімен байланысын арттыра оқыту, яғни сөйлеу әдебі, сөз мәдениеті талаптарына ерекше мән бере отырып оқыту.

      Қазақ тілі" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  5-сынып – аптасына сағат, оқу жылында – 34 сағат.

      5-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" пәнінің базалық білім мазмұны:

    1) тыңдалым және айтылым:

тірек сөздер арқылы тақырыпты болжау, негізгі ойды анықтау, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіру;

2) оқылым:

мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы тану, хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы, жанрлық ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндер, оқылым стратегияларын қолдану, қажетті ақпаратты таба білу;

3) жазылым:

мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құру, хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес жазу, сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазу, эссенің бөлімдерін меңгеру (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазу;

4) әдеби тіл нормалары:

орфографиялық норма: қазақ тілінің дыбыстар жүйесі, үндестік заңы, емле заңдылықтары;

орфоэпиялық норма: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал;

лексикалық норма: сөздердің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним;

грамматикалық норма: туынды сөздер, күрделі сөздер, зат есімнің мағыналық түрлері, сын есім, шырай категориясы, сан есім, мағыналық түрлері, төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі;

пунктуациялық норма: төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.


Сынып

Міндетті деңгей

Мүмкіндік деңгейі

5-сынып

105-115

110-120


Сынып

Тыңдалым

Оқылым

Жазылым

Айтылым

Тыңдалым ұзақтығы

Мәтіндегі сөз саны

диалог

монолог

5-сынып

3-5 минут

200-300

500-900 сөз

150-200 сөз

6-8 сөйлем

8-10 сөйлем

Ұсынылып отырған факультатив қазақ мектептерінің 5 сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі» оқулығы бойынша өткізіледі.



Алғы сөз

Қазақ тілі қазақстандық қоғам мен қазақ тілін ана тілі ретінде қолданатын әрбір жеке тұлға өмірінде бірегей қызмет атқарады. Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік және қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің қоғамдағы маңызды қызметі мен рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын ғылыми танымдық тұрғысдан түсініп меңгеруге, коммуникактивтік тілдесім әрекетіндегі тілдік бірліктердің функционалдық қасиеттерін саналы түрде қолдануға, әрбір тілдік бірліктің ішкі мағыналық иірімдерін түсініп қолдануға дағдыландырады.

Жалпы білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Соңғы кезде орфографиялық қателер туралы көп сөз бола бастады.Мұның негізгі себебі тіліміздегі сөздердің грамматикалық, фонетикалық қағидаларын талдай білмеуден туындайтын сияқты.Фонетикалық,морфологиялық талдауды дұрыс жүргізе алмаған адамның сауатты жаза қоюы екіталай. Сөздерді айтылуы мен естілуі бойынша жаза салатын адамдардың саны уақыт өткен сайын көбеймесе, азайып келе жатқан жоқ. Жас ұрпақтың сауатты жазуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлес қоссақ деген ниетпен « Қазақ тілі» пәнін тереңдетіп оқитын 6-сыныпқа арналған бағдарламаның авторлық үлгісін ұсынбақшымызБұл бағдарламада Аханов К. Тіл білімінің негіздері,Байтұрсынов. А. Тіл тағылымы, Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер,Балақаев М.,Кеңесбаев І., Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі, Фонетика, лексика. Қордабаев.Т.. Қазіргі қазақ тілі,Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис,Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі,Төлеуов Ә. Сөз таптары,Оралбаева Н., Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі,Хасенов Ә. Тіл білімі, Бектұров.Ш.Қ. Қазақ тілі оқулықтарын басшылыққа алдық.Бағдарлама «Лексика», «Фонетика», «Граммамтика», «Морфология» деп аталатын тарауларды қамтыды, 170 сағатқа арналған тақырыптар мен сол тақырыптар барысында қамтитын оқу мақсаттырынан тұрады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығына 2-қосымша , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі№ 115 бұйрығына 192-қосымша «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа алынып жасалды. Оқу мақсаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығына 2-қосымша , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі№ 115 бұйрығына 192-қосымша «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасынан алынды .

«Қазақ тілі» пәнін тереңдетіп оқу арқылы оқушылар:

1) оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретіндегі мәртебесіне лайықты қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін танып-біледі;

2) қазақ тілінде тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді үйренеді;

3)қазақ тілінің грамматикалық құрылымын туралы білімі тереңдей түседі

4) жазба тілді дамытудың тұрақты дағдыларын қалыптасып, сол арқылы аса жоғары сауаттылыққа қол жеткізеді деп ойлаймыз.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - А., 1973,1978,1993,2002.

2.Байтұрсынов. А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992

3.. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. Алматы, 1970

4.Балақаев М., . Қордабаев.Т.. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971.

5.. .Кеңесбаев І., Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. Фонетика, лексика. – А.,1975

6.. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. -

Астана, 2002

7.. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы, 1977

8. Төлеуов Ә. Сөз таптары. - Алматы, 1982

9. Оралбаева Н., Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі. - Алматы, 1993

10. Хасенов Ә. Тіл білімі. - А., 1996, 2002

11.Бектұров.Ш.Қ. Қазақ тілі Алматы: Атамұра, 2006.
























«Қызықты қазақ тілі» факультативі

Барлығы – 36, аптасына – 1 сағат.


Сабақ тақырыбы

Оқу мақсаты

с/с

Мерзімі

5а сынып

Мерзімі

5ә сынып

1

Ана тілінің қызметі. Әдеби тіл туралы түсінік.

5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

1



2

Лексика туралы түсінік. Сөз бен мағына

5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

1



3

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

5.4.3.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

1



4

Көп мағыналы сөздер

5.4.3.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздеркөркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

1



5

Омонимдер

5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

1



6

Синонимдер

5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

1



7

Антонимдер

5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

1



8

Фонетика – тіл білімінің бір саласы. Тіл дыбыстары

5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

1



9

Қазақ әліпбиі. Қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылуы

5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

1



10

Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауыстылар

Ашық және қысаң дауыстылар

Еріндік және езулік дауыстылар

5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу


1



11

Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың түрлері

5.4.2.1 сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

1



12

Буын. Буын үндестігі

5.4.2.1 сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

1



13

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

5.4.2.1 сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

1



14

Дыбыс үндестігі

5.4.2.1 сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

1



15

Орфография мен орфоэпия

5.4.2.1 сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

1



16

Зат есімдер арқылы тіркескен күрделі сөздер

5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

1



17

Сын есімдер арқылы тіркескен күрделі сөздер

5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

1



18

Етістік арқылы тіркескен сөздер

5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

1



19

Зат есім

5.4.2.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

1



20

Туынды сөздер

5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

1



21

Біріккен сөздер

5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

1



22

Кіріккен сөздер

5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

1



23

Қайталама қос сөздер

5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

1



24

Негізгі және көмекші сөздер

5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

1



26

Көптік жалғауы

5.4.2.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

1



27

Септік жалғауы

5.4.2.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

1



28

Тәуелдік жалғауы

5.4.2.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

1



29

Жіктік жалғауы

5.4.2.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

1



30

Сын есім

5.4.4.3 -сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу

1



31

Сапалық сын есімдер


5.4.4.3 -сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу

1



32

Қатыстық сын есімдер

5.4.4.3 -сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу

1



33

Сан есім. Сан есімнің түрлері

5.4.4.4 -сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу,  сан есімді зат есім орнына қолдана білу

1



34

Сан есім. Сан есімнің түрлері

5.4.4.4 -сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу,  сан есімді зат есім орнына қолдана білу

1



35

Сан есімнің емлесі

5.4.4.4 -сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу,  сан есімді зат есім орнына қолдана білу

1



36

Жыл бойы өткенді қайталау

5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

1








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!