ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ
ТІЛІ
Абуханова Айнур Абухановна
-
Алматы облысы Еңбекшіқазақ
ауданы
«Жекеменшік гуманитарлық
гимназиясының»
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
ТҮСІНІК
ХАТ
Жаһандану жағдайында қазақ
тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту
мен оны сақтау қажеттілігі туындады. Орыс
сыныптарда қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды тілді меңгеруге,
ауызекі сөйлесе алуға, жазбаша жұмыстарды жүргізуге
үйрету -
тіл туралы заңның орындалуына септігін
тигізеді.
Жалпы білім беретін
мектептерде мемлекеттік тілді оқыту деңгейін жақсарту, тілді
оқытудың қолданбалы жаңа жолдарын іздеу, қоғамдағы өзгерістерге
байланысты оқытудың қажеттілігі туындады.
Қазақ тілі - терең ой
толғанысты, үлкен тебіреністі қалтқысыз жеткізе алатын поэтикалық
күш-қуаты шексіз, алмас қылыштай өткір, ауқымы кең тіл. Ол
лексикалық сөз өрнектерінің оралымдылығымен, сөздік қорының
байлығымен, грамматикалық амал-тәсілдерінің көп түрлілігімен, дыбыс
жүйесінің саздылығымен, ерекшеленеді.
Ұсынылып отырған «Практикалық
қазақ тілі» авторлық бағдарламасы
балаларға фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары бойынша
орыс сыныптарынғы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім
беруді, айтылым, тыңдалым, тілдесім
барысында дұрыс сөйлеу құзіреттілігін
қалыптастыруды көздейді. Оқушылар грамматикалық
тапсырмаларды орындаумен қатар мәтіндермен жұмыс істеуге, диалог
құруға, ауызекі сөйлесім түрін меңгеруге, жазба жұмыстарын
орындауға дағдыланады. Тіл дыбыстары, сөз мағынасы,
сөз құрамы, қосымшалар туралы жас ерекшеліктеріне сәйкес
теориялық білім алады, сөздік қорын, тіл сауаттылығын дамытуға
үйренеді, ана тілінің қызметін, қолданылуын, маңыздылығын
түсінеді. Жұмыс мазмұнында жазбаша
жұмыстарды орындау, лексикалық сөз қорын игеру, сөздікпен және
сөздіксіз жұмыс жасау, шағын мәтіндерді оқу, түсіну, сөйлемдерді
стилистикалық тұрғыда дүрыс құру, көркем сөйлей білуге, сауатты
көшірме жасау жұмыстары да жүргізіледі.
Жұмыс барысында ұсынылатын
қызықты тапсырмалар мен дидактикалық ойын түріндегі жаттығу
жұмыстары баланың қабілетін дамытуға бағытталады
және өз ойын еркін жеткізе білуге
жетелейді. Берілген жаттығулар сауатты
жазуға, тіл дамытуға, ауызекі сөйлей алуға, тілдік материалдармен
жұмыс жасауға бағыттайды. Курс барысында теориялық білім
мен практикалық білім берудің түрлі әдістері мен технологиялары
ұсынылады.
Мақсаты: орыс сыныптары оқушыларына
тілдік
категорияларды меңгерту
арқылы теориялық білім
беру, қарым-қатынастық
құзіреттілігін, тілдік сауаттылығын, сөздік
қорын дамыту.
Міндеттері:
-
ҚР–ның мемлекеттік тілі –
«Қазақ тілі туралы» заңымен таныстыру.
-
Қазақ тілі ғылымының теориялық
және практикалық негіздерінен білім беру.
-
Фонетика, лексика, синтаксис
салалары бойынша орыс сыныптарындағы оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай білім беру.
-
Айтылым, тыңдалым, тілдесім
барысында дұрыс сөйлеу құзіреттілігін
қалыптастыру.
-
Оқушылардың қызығушылығын
арттыратын қосымша білім көздерімен жұмыс істеуге
дағдыландыру.
-
Мәтіндермен жұмыс істеуге,
диалог құруға, ауызекі сөйлесім түрін меңгеруге дағдыландыру.
Ауызша және жазба жұмыстарын орындау.
-
Лексикалық сөз қор минимумын
меңгерту.
-
Сөздікпен және сөздіксіз жұмыс
жасауға баулу
-
Сөйлеу әрекетінің түрлерін
меңгерту және сөйлеу жанрларын әртүрлі жағдайларда қолдана білуге
үйрету.
-
Түрлі білім көздерімен және
ақпараттармен жұмыс жасауға үйрету.
Күтілетін
нәтиже:
-
Грамматикалық тақырыптарды меңгереді,
жаттығуларды орындай алады.
-
Қазақ тілінің грамматикасы
бойынша теориялық білімдері қалыптасады.
-
Фонетика, лексика саласы
бойынша практикалық жұмыстар жасай біледі.
-
Морфологиялық, синтаксистік
талдаулар жасай біледі.
-
Сөйлемнің құрылысын, сөздердің
сөйлемдегі қызметін түсінеді, талдай
алады.
-
Сөзжасам үрдісінің тәсілдерін
– сөз тудырудың жолдары мен түрлері туралы
түсінеді.
-
Мәтіндермен жұмыс істей
біледі.
-
Ауызекі сөйлесім түрін
меңгереді.
-
Лексикалық сөз қор минимумын
меңгереді, ауызша және жазба жұмыстарын орындай
алады.
-
Сөздердің бір–бірімен
байланысу тәсілдері мен түрлерін
ажыратады.
-
Оқу, талдау, пікір айту,
пайымдау, сұрақтары бойынша тапсырмаларды орындай
алады.
-
Сөйлеу техникасы мен
артикуляциясы қалыптасады.
-
Түрлі білім көздерімен және
ақпараттармен жұмыс жасауға үйренеді.
Өзектілігі: Ұлт мектептерінде қазақ тілін
оқыту мен үйрету өзекті болып табылады.
Қолданылатын
технология: АКТ, сыни тұрғыдан ойлау
(СТО), кейс–стади (case -
Study), Блум таксономиясы, дамыта оқыту,
жобалау.
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер: Т
кестесі, 6 неліктен, үшбу хат, автор
орындығы, балық
қаңқасы, кластер, бірін-бірі оқыту, қос
жазба күнделігі.
Пәнаралық
байланыс: тарих,
география.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ
МАЗМҰНЫ
(Барлығы – 34 сағат,
аптасына – 1 сағат)
Кіріспе. 1
сағат. Ұлт мектептеріндегі қазақ
тілінің оқытылуы туралы. Қызықты грамматикалық тапсырмалармен
жұмыс. Қайталау жаттығулары.
Әлем
тілдері.
1
сағат. Әлемдегі тілдердің дамуы және
негізгі қолданылатын тілдер жайында түсінік. Тіл туралы ұлы
адамдардың айтқандарына интерпретация.
Тіл неден
құралады? 1
сағат. Дыбыстар мен сөздер. Сөздің
дыбыстық жағы. Ауыз жолды және мұрын жолды дыбыстарға талдау
тапсырмалары.
Дифтонг дыбыстардың
ерекшеліктері.
Бір және бірнеше
дыбыстардан тұратын сөздер.
1
сағат. Бір дыбыстан тұратын сөздерді
топтау, сөйлем құрамына қосу. Сөзжұмбақтармен жұмыс жасау
арқылы бірнеше дыбыстардан тұратын сөздерді табу,
талдау.
Аудио тыңдау және
фонетикалық жаттығулар. 1 сағат. Қазақ тілі фонетикасындағы
ерекше дыбыстарды есту арқылы
ажырату.
Ә, ө, ғ, қ, ү, ұ, х, щ,
һ дыбыстарымен фонетикалық
жаттығулар жасау. «Дыбыс таңдау» жаттығуы.
Аз және көп буынды сөздер.
«Қазақстан менің Отаным» мәтіні. 1 сағат.
Тақырып бойынша мәтін
құрастыру жұмысы. Мәтіндегі сөздерді буынға
бөлу.
«Тасымалданады,
тасымалданбайды» дидактикалық жаттығулары. 1
сағат. Тасымал. Сөздердің тасымалдану
нормалары. Тасымалданбайтын сөз, буын және қосымша. «Й» әрпінің
тасымалдануы туралы.
Жұп қосымшалар және
үндестік заңы.
1
сағат. Жұп қосымшалардың (-лар, -лер,
-ға, -ге, -сы, -сі, -сың, -сің, -лы, -лі) жалғану тәртібі. Қосымша
жалғанғандағы дыбыстардың өзгеру заңдылықтары. Дыбыс үндестігі
ықпалы: к - г, қ – ғ, п – б. Дыбыстардың
өзгеруі.
Ы.Алтынсарин. «Атасы мен
немересі» әңгімесі. Түбір және қосымша. 1
сағат. Мәтінді оқу, мазмұндау. Мәтін
негізінде сөздерді сөз құрамына талдау. Түбір, жұрнақ және
жалғауларды ажырату. Мәтіннің тәрбиелік мәні туралы диалог
жұмысы.
Су - қадірін білеміз бе?
Лексика. 1 сағат. Қазақ тілі лексикасы және
сөздік қор байлығы туралы. Мәтінді мазмұндау, сөздердің мағынасына
талдау жасау. Қазақстандағы су қоры туралы сұхбаттасу
жұмыстары.
Сөздік диктант. 1 сағат.
Фонетика және
лексика тақырыптары бойынша сөздік
диктант жұмысы. Өткен материалдарды қайталау
және еске сақтау.
«Біздің спорт алаңымыз»
мәтіні. Есімдік. 2 сағат. Мен, сен (сендер), сіз
(сіздер), ол (олар), біз (біздер)
есімдіктеріне жіктік
жалғауларды жалғау. Жіктік жалғаулы сөздермен жұмыс. «Біздің спорт
алаңымыз» мәтінін оқу, мазмұндау. Мәтінді жіктік жалғаудың бірінші
және екінші жағында жекеше, көпше жазу және
мазмұндау.
Мен кіммін? Сен кімсің? Ол
кім? 2
сағат. Мен кіммін? Сен кімсің? Ол
кім? тіркестерімен жаттығу жұмыстарын орындау. Сыпайы формасымен
жұмыс. Ауызекі тілдесім жұмыстары.
Ауызекі тілдесім
жұмыстары. 1
сағат. Менің, сенің, сіздің, оның,
олардың, біздің, сендердің сөздерімен сөз тіркестерін, сөйлемдер
құру. Ауызекі тілдесу, диалогтар құру.
Эссе. 1
сағат.
Шығармашылық жұмыс. Тілде
талай қызық бар. 1
сағат. Өткен материалдар бойынша
грамматикалық қызықты тапсырмалар орындау. Ережелерді
қайталау.
Сөздік жұмыстары. 1
сағат. Орфоэпиялық және
орфографиялық сөздіктермен жұмыс. Сөздердің айтылуы мен жазылуын
салыстыру. Жазылуы қиын сөздерді талдау.
Диалог. «Кітапханада»
мәтіні. Рахмет, сау болыңыз, ертеңге дейін, жолың болсын,
түсінікті, дұрыс, дұрыс емес сөздерін қолдану. 2
сағат. Берілген сөздерді қолдану. Осы
сөздермен диалог құру жұмыстары. Диалог барысында сөздерді дұрыс
қолдану. Қысқа сөйлемдер жазу.
Сұраулық демеуліктер.
«Сабақта» мәтіні. 2 сағат. Тақырып бойынша диалог
жұмысы. Сұраулық демеуліктермен (–ма,
-ме, -ба, -бе, -па, -пе) сөз тіркестерін, сұраулы сөйлемдер құру.
Барасың ба? келесің бе? кайтасың ба? көрдің бе? сөз тіркестерін
қолдану.
Қала және ауыл. Тәуелдік
жалғаудың жеке және көпше түрлері. 1
сағат. Мәтін бойынша тәуелдік
жалғаулардың жеке және көпше түрлерінің қолданылуын ажырату.
Ұсынылған мәтінді оқу, талдау, мазмұндау.
Тәуелдік жалғауларды
қолдану. 1 сағат. –ым, -м, -ім, -ім, -ың,
-ің, -ы, -і тәуелдік жалғаулары.
Тәуелдік жалғауларын қолдануға
арналған тапсырмалар және жаттығу түрлерін орындау. Пысықтау
жаттығулары мен тапсырмалары.
Ия, әрине, жақсы, мақұл,
міндетті түрде сөздерін қолдану. 2
сағат.
Ия, әрине, жақсы, мақұл,
міндетті түрде сөздерін қолдану үшін сұрақтар
қою, диалог құру жұмыстары. Диалог барысында осы сөздерді дұрыс
қолдану.
Синтаксистік тапсырмалар
мен жаттығулар.
Сөйлем. 2
сағат. Сөйлемнің негізгі белгілері.
Мағыналық түрлері мен жасалуы. Тапсырмалар мен жаттығулар
орындау.
Сөйлем мүшелері. 1
сағат. Сөйлем және сөйлем мүшелері
туралы. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер. Жай сөйлем мен құрмалас
сөйлемдер. Сөйлемнің мүшелеріне талдау
тапсырмалары.
Пунктуация. 2
сағат. Қазақ тіліндегі тыныс
белгілерінің қолданылуы. Тыныс белгілердің түрлері мен
қойылуы. Жаттығу жұмыстары.
Ақпараттармен
жұмыс. 1
сағат. Ақпараттарды алу және жинақтау
жұмыстары. Қызықты грамматикалық тапсырмалар
орындау.
Қайталау жаттығулары. 1
сағат. Өтілген материалдарды
қайталау. Ауызекі сөйлесу. Жоба қорғау.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК
ЖОСПАРЫ
|
МАЗМҰНЫ
|
Сағат
саны
|
|
|
Теория
|
Тәжірибе
|
-
|
Кіріспе
|
|
1
|
-
|
Әлем
тілдері
|
1
|
|
-
|
Тіл неден
құралады?
|
|
1
|
-
|
Бір және бірнеше дыбыстардан
тұратын сөздер
|
1
|
|
-
|
Аудио тыңдау және фонетикалық
жаттығулар
|
|
1
|
-
|
Аз және көп буынды сөздер.
«Қазақстан менің Отаным»
мәтіні
|
1
|
|
-
|
«Тасымалданады,
тасымалданбайды» дидактикалық
жаттығулары
|
|
1
|
-
|
Жұп қосымшалар және үндестік
заңы
|
|
1
|
-
|
Ы.Алтынсарин. «Атасы мен
немересі» әңгімесі. Түбір және
қосымша
|
1
|
|
-
|
Су - қадірін білеміз бе?
Лексика
|
|
1
|
-
|
Сөздік
диктант
|
|
1
|
-
|
«Біздің спорт алаңымыз»
мәтіні. Есімдік
|
|
2
|
-
|
Мен кіммін? Сен кімсің? Ол
кім?
|
1
|
1
|
-
|
Ауызекі тілдесім
жұмыстары
|
|
1
|
-
|
Эссе
|
|
1
|
-
|
Шығармашылық жұмыс. Тілде
талай қызық бар
|
|
1
|
-
|
Сөздік
жұмыстары
|
|
1
|
-
|
Диалог. «Кітапханада» мәтіні.
Рахмет, сау болыңыз, ертеңге дейін, жолың болсын, түсінікті, дұрыс,
дұрыс емес сөздерін қолдану
|
1
|
1
|
-
|
Сұраулық демеуліктер.
«Сабақта» мәтіні
|
1
|
1
|
-
|
Қала және ауыл. Тәуелдік
жалғаудың жеке және көпше
түрлері
|
|
1
|
-
|
Тәуелдік жалғауларды
қолдану
|
|
1
|
-
|
Ия, әрине, жақсы, мақұл,
міндетті түрде сөздерін
қолдану
|
1
|
1
|
-
|
Синтаксистік тапсырмалар мен
жаттығулар. Сөйлем
|
1
|
1
|
-
|
Сөйлем
мүшелері
|
|
1
|
-
|
Пунктуация
|
1
|
1
|
-
|
Ақпараттармен
жұмыс
|
|
1
|
-
|
Қайталау
жаттығулары
|
|
1
|
|
|
10
|
24
|
|
Барлығы:
|
34
|
Пайдаланған
әдебиеттер:
-
ҚР Білім және ғылым
министрлігі. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Тілді
меңгерудің халықаралық стандарттары негізінде «Балабақша мектеп
колледж жоғары оқу орны» жүйесінде мемлекеттік тілді үздіксіз
оқытуды енгізудің әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. Астана
2013
-
Ишмұхамедов Ә. Қызықты
грамматика. «Рауан» баспасы. 1995ж.
-
Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ
тілінің пунктуациясы. Алматы. «Мектеп» баспасы. 1991
ж.
-
С. Кеңесбаев., Ғ. Мұсабаев.
Қазіргі қазақ тілі. Алматы. «Мектеп» баспасы. 2009
ж.
-
Бектұров Ш. Қазақ тілі.
-Алматы. 1995.
-
Оқушының қысқаша анықтамалығы.
5-11 сыныптар. Алматы. «Алмтыкітап» баспасы. 2006
ж.
-
Уикипедия ашық
материалдары.