Материалдар / Презентация
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Презентация

Материал туралы қысқаша түсінік
экология туралы тазалық пен ұқыптылық сактау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2021
529
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім саласы: «Әлеумет» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері

ТАҚЫРЫБЫ: Табиғатта өзін өзі ұстай білу ережесі


ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты


0.1.1.3.Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесі

Болжамды нəтиже


Барлық балалар істей алады:  «Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесі» деген ұғымды түсіндіре алады

Көпшілік балалар істей алады:  Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесін атауды;  Табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды атауды.

Кейбір балалар істей алады:  Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесінің айтып бере алады;  Қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдаяттармен жəне іс-əрекеттермен күрес жолдарын айтып береді.

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту. «4 бұрыштың стратегиясы (сыни тұрғыдан ойлауды дамыту)» технологиялық тəсілі шегінде болжамдар ұсыну. Болжамдар ұсыну үшін тіректер пайдалану. Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесін құру. Табиғатқа пайдалы іс-əрекеттер мен зиян келтіруі ықтимал жағдаяттардың маңыздылығы туралы əңгіме.

Көптілділік: табиғатты қорғау – защита природы – to protect nature

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Табиғат, табиғатты қорғау, табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережесі, табиғатты сақтау, зиянды іс-əрекет; Қоқыс тастамау, пайдалы іс-əрекет, ағаш сындырмау.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде диалог/хат үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар. Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ержелерін білесің бе? Табиғатқа пайдалы жəне зиянды іс-əрекеттер? Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-əрекет жасадың ?

Өткен ұйымдастырылған оқу қызметінде алған білім

Табиғат туралы қарапайым түсініктер; табиғатты сақтап қалу, табиғаттың зиянды амалдар жасамауға жəне пайдалы іс-əрекеттерге біршама тəуелділігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

III. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2 мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3-5 мин

(Ұ) Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде) Табиғат – бізді қоршаған əлем. Табиғат – адамзатқа барын беруге асыққан ана іспеттес. Адам табиғат арқылы барлық құндылықтарын өтейді. Сондықтан адамзат табиғатқа ерекше қамқорлықпен қарауы қажет. (Ұ)Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды жəне онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Табиғат). Кейіннен ҰОҚ тақырыбы тұжырымдалады: «Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережелері». (Педагог балалардың табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережелері жайында не білетінін анықтап, бүгінгі ҰОҚ-да не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың пікірлері тыңдалады). Болжамдар: – Табиғатта өзін-өзі ұстай білу дегеніміз – қоршаған ортаға зиян келтірмеу. – Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережелерінің бірі- қоқыс тастамау. Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз? Кітаптардан.

Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережелерге байланысты бейнеленген суреттер

III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс 6 – 27 мин.

(Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Табиғатта өзін –өзі ұстай білу ережелерін ұстану қажетпе? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес (Не үшін? Неге?). Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды

үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:  ықтимал  болжамдайық  мүмкін  солай дейік  ал, егер…

(Ұ, Т) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1. Балалардың іс-əрекетін дұрыс деп ойлайсыңдарма? 2. Суреттен нені байқадың, мұндай жағдайда сен қандай іс-əрекет жасар едің? 3. Суретте қай іс-əрекетті дұрыс деп ойлайсыңдар? 4. Сен табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережелерін ұстанасың ба?

(Ұ) Өзекті мəселе. Табиғаттағы пайдалы іс-əрекетке нені жатқызуға болады? Жарамсыз заттан жарамды зат жасауға бола ма? БОЛЖАМДАР. Ойланшы, бұл іс-əрекет табиғатқа қалай көмектесе алады?

(Ұ)Сергіту сəті.

(Ұ, Т) Бақылау. Педагог балаларға табиғаттағы ережелерді өзін-өзі ұстай білу ережесін сақтамасақ не болатындығы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды. (Қоқыстарды табиғат аясына лақтыра салу, ағаштарды кесу сияқты суреті бар карточка тақтаға ілінеді). Ағаштың суреті бар карточка тақтаға бекітіледі). Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережесін орындамасақ не болар еді? (болжамыңыз). Ал егер табиғаттағы өзін-өзі ұстай білу ережесін сақтай білсек не болады?

Табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелері: 1.Қоқысты кез келген жерге тастама, арнайы қоқыс жəшігіне сал! 2.Ағаштарды кеспе, бұтағын сындырма! 3.Жануарларға зиян келтірме, қамқорлық жаса! 4.Құстарды өлтірме, ұя жасап қамқорлық көрсет! 5.Өсімдіктерді (шөптер, гүлдер) жұлма! 6.Суды ластама, керісінше қоқыстардан тазарт! 6.Табиғат аясында түкірінбеу! 7. Табиғатқа қиянат жасама! Табиғатқа шынайы қамқорлық жасай біл!

Өзіндік жұмыс:«Сен қандай ереже ұсынар ең?»

(ОТ) Өзекті мəселе. Біздің табиғаттың осы қалпында сақталып келе жатқанына не көмектеседі? (Балалардың болжамдары: ағаштардың отырғызылуы, жануарларға адамдардың қамқорлығы,…)

Тəжірибелік-зертханалық жұмыс іс-əрекеті «Жарамсыз заттан жарамды зат жасау». Қоқыстарды табиғат аясына лақтырмай керісінше жарамды затқа айналдыру. Сүт, шырын қорапшаларынан арнайы қобдиша əзірлеу. Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен сұрақтар құрастыруға тапсырма беру. Балаларға түсінікті жəне қарапайым суреттерді қолдану. Үлгі сұрақтар: Табиғатқа зиян келтіретін қандай іс- əрекеттер бар? Пайдалы іс-əрекет дегеніміз не? Табиғатты қалай қорғаймыз? Табиғатқа қамқорлық дегенді қалай түсінесіндер? Табиғатта қандай өзін-өзі ұстай білу ережелері бар? т.б.

ҰОҚ қорытындылап, осы ұғымдармен балалар жетік танысу керек. Табиғат – күн, ауа, жер-су, өсімдіктер, жануарлар. Табиғатқа қамқорлық – табиғатты зиян заттардан қорғап, оны сақтап қалу. Пайдалы іс-əрекет – нəтижесінде жақсы көрсеткіштер болатын іс-əрекет. Зиян келтіретін амалдар – өзінен кейін жамандық қана қалдыратын амалдар. Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережесі – қоршаған ортаға зиян келтірмеуге көмектеседі.

Əліппе-дəптермен жұмыс. 1. Сурет бойынша жұмыс. Балалардың іс-əрекетін дұрыс деп ойлайсыңдар ма? Суреттен нені байқадың, мұндай жағдайда сен қандай əрекет жасайтын едің? 2. Сурет бойынша ісі дұрыс балаға алғыс ойлап айтады, ал ісі теріс балаға қалай ақыл айту керектігін айтады. 3.Сен табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережелерін естеріне түсіреді. 4. «Бір тал кессең, он тал ек» мақалын қалай түсінесің? Мағынасын ашады. Сурет салады.

Әліппе дәптер

















Ережелерге байланысты суреттер.
















Ағаш, су, күн сəулесі, қошақан, лақбейнеленген карточкалар.














Тірек сөздер








Əліппе- дəптер


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 мин.

(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі: Қоршаған ортаның тазалығы бүкіл тіршілік атаулы үшін маңыздылығы зор. Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережелерін ұстана білу қоршаған ортаның жойылып кетпеуіне, оған деген қамқорлық таныта білуге көмектеседі. Рефлексивті бағалау. Педагог балаларға жапырақты түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды.

Әліппе дәптер, түрлі түсті қарындаштар



























Білім саласы: «Әлеумет» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері

ТАҚЫРЫБЫ: Табиғат бұрышындағы жануарларға қамқорлық


ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты


0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау

Болжамды нəтиже


Барлық балалар істей алады:  «Күтім жасау » деген ұғымды түсіндіре алады

Көпшілік балалар істей алады:  Жануарларға пайдалы іс-əрекеттерді атауды.  Жанарлардың өміріне зиян келтіруі мүмкін іс-əркеттерді білуі.

Кейбір балалар істей алады:  Жануарларға не үшін күтім керектігін айтып бере алады.  Жануарлардың адам өміріндегі пайдасын айтып бере алады.

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту. «4 бұрыштың стратегиясы (сыни тұрғыдан ойлауды дамыту)» технологиялық тəсілі шегінде болжамдар ұсыну. Болжамдар ұсыну үшін тіректер пайдалану. Жануарларға пайдалы іс-əрекеттер мен зиян келтіруі ықтимал жағдаяттардың маңыздылығы туралы əңгіме.

Көптілділік күтім жасау –уход –care ?

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Табиғат бұрышы, жануарлар күтімі, пайдалы іс-əрекеттер.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде диалог/хат үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар. «Жануарларға күтім жасау» - дегенді қалай түсінесіңдер? Сен жануарларға қандай көмек көрсеттің

Өткен ұйымдастырылған оқу қызметінде алған білім

Табиғат туралы қарапайым түсініктер; табиғатты сақтап қалу, табиғатта зиянды əрекет жасамауға жəне пайдалы іс-əрекеттерге біршама тəуелділігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

III. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2 мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3-5 мин

(Ұ) Шаттық шеңбері Қол ұстасып, кəне, біз, Достасайық бəріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге! Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса.

Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде): – Табиғат бұрышы – балабақшада, мектепте тірі жануарлар орналастырылған бұрыш. Табиғат бұрышында аквариумде балықтар, торда үй қояндары, тотықұстарды ұстайды. Оларды күтіп-баптайды. (Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды жəне онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Жануарлар). Педагог балалардың жануарларға күтім жасау жайында не білетінін анықтап, бүгінгі ҰОҚ-да не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың пікірлері тыңдалады). Болжамдар: – Жануарларға күтім жасау, оларды тамақтандыру деп түсіндіреді. – Жануарларға зиян келтіру деген, уақытында тамақ бермеу. Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз? Кітаптардан.

Жануарлар күтіміне байланысты бейнеленген суреттер.

III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс 6 – 27 мин.

(Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Жануарларға күтім жасау керек пе, керек емес пе? Топтарда түсіндіріңдер: 1- топ – керек, 2-топ – керек емес (Не үшін? Неге?). Педагогтер балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:  ықтимал  болжамдайық  мүмкін  солай дейік  ал, егер…

(Ұ) Өзекті мəселе. Балық немен қоректенеді? Күніне қанша уақыт тамақ бересіңдер? БОЛЖАМДАР. Ойланшы, шамадан тыс қоректендіру зиян ба?

(Ұ)Сергіту сəті.

(Ұ, Т) Бақылау. Педагог балаларға табиғат бұрышындағы жануарлардың пайдасы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды? Сонымен жануарларды аялап, сақтауға тырысу табиғатты қорғауға жатады ма? Жануарларды қорғау керек пе? (Жарық, судың суреттері бейнеленген карточкалар тақтаға бекітіледі).

Тəжірибелік-зертханалық жұмыс іс- əрекеті «Ақ тышқандардың дамуындағы қоршаған ортаға тигізетін əсері» 1. Ақ тышқандардың дамуын, қоректенуін анықтау; 2. Ақ тышқандардың іс-əрекеті мен қоректену ерекшеліктерін бақылау. Əр топ бір жануар туралы дайындалады. Олар жануарлардың қорегі туралы, оларға суды, қоректі қай уақыттта беру керектігін бір-бірімен тəжіребие соңында бөліседі.

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылап, осы ұғымдармен балалар жетік танысу керек. Табиғат – күн, ауа, жер-су, өсімдіктер, жануарлар. Жануарларға күтім жасау – əр жануарды өзінің ерекшелігіне қарай, қоректендіру, тіршілік етуіне керекті жағдай жасау.

(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1. Сурет бойынша жұмыс. Табиғат бұрышындағы жануарға күтім жасау жұмыстарының түрлерін ата (су – жем беру, тазалық жұмыстары). 2. Суреттен табиғат бұрышын мекендемейтін жануарларды белгілету, себебін айтқызу. 3. Тотықұстың басқа құстардан қандай ерекшелігін білесің? Балалар тотықұс туралы білгендерін айтады. Содан соң аудиодан тотықұс туралы мəлімет тыңдатылады.

Мен – жануарлардың ішіндегі ең ақылды тотықұспын. Сендерге біраз өзім жайлы айтып берейін. Тотықұстар 350-гежуық түрі бар. Адамдарға еліктеп сөйлей аламыз. Кейбіреулеріміз сөйлем де құрай аламыз. Өмір жасымыз да ұзақ. 70 жыл өмір сүреміз. Ұзақ жыл өмір сүріп, адамдармен де жақсы қарым- қатынас құра аламыз. Жалпы тропиктік аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейміз. Кейбір түрлеріміз дүниенің барлық өлкесінде тордың ішінде де өмір сүре алады. Біздітануөтеоңай. 4. Тотықұстың суретін бояу.







Жануарлар суреті






Əліппе-дəптер















Тотықұстың дауысымен жазылған аудиотаспа. Тотықұстың суреті.


















IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 мин.

(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі: Жануарларға тіршілік үшін жылу, тамақ, су жəне ауа керек. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау арқылы, біз табиғатты қорғаймыз. Сондықтан жануарлар мен өсімдіктер əлемін қорғау біздің парызымыз. Рефлексивті бағалау. Аквариумді бояйды. 1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр. 2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – көк. 3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жасыл.

Əліппе-дəптер


















































Білім саласы: «Әлеумет» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері

ТАҚЫРЫБЫ: Бөлме өсімдіктерін күту



ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!