Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Презентация "Ұлт-азаттық көсбасшылары " 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл презентация 11 сынып оқушыларына елінің бостандығы мен дербестігін қорғаған адамдарымен толығырақ танысуға мүмкіндік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

20 ғасырдың бас
кезіндегі ұлт-
азаттық
қозғалыстардың
көсбасшылары
Орындаған:Игенова Әсел


Page 2

Жанбосын Әбдіғапар
Жанбосын Әбдіғапар (1870 - 1919) — 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі.1916 жылғы
қазанда оны көтеріліс жасаған халық ақ киізне көтеріп, Торғай қыпшақтарының ханы етіп жариялады. Ол
ресми түрде хан атағынан бас тартып, әмір деп аталса да, хан өкіметі құрылымын қалпына келтірді. Әдбіғапар
алдыңғы қатарлы көзқараста болған адам, ауыл мектебін, бастауыш орыс мектепбін ұйымдастырып, мешіт
құрылысын басқарды. Әдбіғапардың ұсынысымен жаратылысынан қолбасшылық дарыны бар Амангелді
сардарбек болып сайланды. Ол 1919 жылдың аяғында беймәлім жағдайда қайтыс болды.


Page 3


Page 4

Аманкелді Үдербайұлы Иманов (03.04.1873 -18.5.1919) — қазақ халқының батыры.
Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі
Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан
Компартия мүшесі
Қазан революциясының алғашқы күндерінен-ақ Аманкелді бұрынғы
көтерілісшілерден қызыл партизандар отрядын құрып, Кеңес өкіметін қорғау және
нығайту күресіне белсене араласты. Торғай уезінің соғыс комиссары болып
тағайындалды. 1918 жылы наурызда Аманкелді Кеңестердің облыстық сьезіне
(Орынбор) қатысты. 1918 жылы шілдеде Кеңес қызметкерлерінің бір тобын басқарып,
Торғай уезінде ауылдық және облыстық Кеңестердің сайлауын өткізді. Азамат соғысы
жылдарында Ә.Жангелдинмен бірге Қазақстанда тұңғыш ұлттық Қызыл Әскер
бөлімдерін ұйымдастырады. Колчак әскерінің тылындағы партизандарға көмектесті.
1918 жылы қарашада Аманкелді және Ә. Жангелдин басқарған отряд ақ
гвардияшылардан Торғай қаласын азат етті. Шығыс майданда Колчак армиясының
шабуылға шығуына байланысты алашордашылар 1919 жылы 20 сәуірде де төңкеріс
жасап, Аманкелдіні қолға түсірді. Қызыл партизандар қалаға кіруге бірнеше сағат
қалғанда алашордашылардың қолынан қаза табады.
Амангелді Иманов


Page 5


Page 6

Бекболат Әшекеев(Әшекеұлы)
Бекболат Әшекеев (1843/48 ж.ш., бұрынғы Жетісу облысы, Жайылмыс болысы 11-а. -
9.9. 1916, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай) — ұлт-азаттық көтеріліс
басшыларының бірі.1916 жылы 7-8 шілдеде Бекболат Алматының батысындағы
(шамамен 40 км) Үшқоңыр деген жерде Жайылмыс және онымен көршілес болыстар
тұрғындарының басын қосып, Ресей патшасының маусым жарлығын талқылайды.


Page 7


Page 8

Бокин Тоқаш
Бокин Тоқаш (1890 - 1918) - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Қазақстанда (Жетісуда) Кеңес өкіметін
орнатуға белсене қатысушы.Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) ер балалар гимназиясында оқыды,
сот органдары мен Верныйдың қоныс аударушылар басқармасында аудармашы болып жұмыс істеді.
1914-1916 жылдары Петроградтың Сот палатасында, зауытта жұмыс істеді.1918 жылы наурызда
облыстық революциялық комитеттің мүшесі болып сайланды, Жетісу облысындағы орыс-қазақ қарым-
қатынастарын реттеу жөніндегі комиссариат комиссарының орынбасары болды. Ауыл және селолық
кеңестерді құруға қатысты. 1918 жылғы сөуір-мамыр айларында Верныйдағы Кеңес өкіметіне қарсы
болған бүлікті басуға қатынасты. 1918 жылдың қыркүйегінде саяси күрестің құрбаны болды


Page 9


Page 10

Әлихан Бөкейханов
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала
Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) —Ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі
.XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет
қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет
қайраткері. Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым,
аудармашы.


Page 11


Page 12

Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді
ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны,
әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам
қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы
жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану
ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-
Орда өкіметінің мүшесі.


Page 13


Page 14

Тынышбаев Мұхаметжан
Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937)
— 20 ғасыр басындағы қазақ ұлт-
азаттық қозғалысының жетекшісі.
қазақтың көрнекті саяси және қоғам
қайрат кері, алаш қозғалысының негізін
салушылардың бірі, Алаш Орда
үкіметінің мүшесі және оның
төрағасының орынбасары, тарихшы-
ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш
теміржол қатынастарының инженері.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
22.10.2020
615
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12