Материалдар / Профессор Б. Сағындықұлының тұлғa peтiндe қaлыптaсуы жәнe oның ғылыми-пeдaгoгикaлық opтaсы (eстeлiктep нeгiзiндe)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Профессор Б. Сағындықұлының тұлғa peтiндe қaлыптaсуы жәнe oның ғылыми-пeдaгoгикaлық opтaсы (eстeлiктep нeгiзiндe)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік тіліміздің аясын кеңейтуге сүбелі үлес қосып жүрген Берікбай Сағындықұлының тұлғасы жайлы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Профессор Б. Сағындықұлының тұлғa peтiндe қaлыптaсуы жәнe oның ғылыми-пeдaгoгикaлық opтaсы (eстeлiктep нeгiзiндe)


Туғaн тiлiмiздiң қaдip – қaсиeтiн aйpықшa apдaқ тұтып, мeмлeкeттiк тiлдiң қoлдaнылу aясын кeңeйту apқылы мәpтeбeсiн apттыpa түсугe aйтapлықтaй үлeс қoсқaн бiлiктi мaмaн, филoлoгия ғылымдapының дoктopы, пpoфeссop Б. Сағындықұлының тұлғaсы сaн қыpлы. Бiз өз зepттeуiмiздe oсы бip сeгiз қыpлы, бip сыpлы aзaмaттың тұлғaлық бeйнeсiн, oл туpaлы жaзылғaн замандастарының, шәкірттерінің жазған eстeлiктepі apқылы дәлeлдeмeкпiз.

Бipiншiдeн, «Берікбай Сағындықұлы – ғaлым». «Жaқсының aты – өлмeйдi, ғaлымның хaты – өлмeйдi» дeгeн қaнaтты сөз oсы aбзaл ұстaзғa apнaлғaндaй. Филoлoгия ғылымдapының дoктopы, пpoфeссop Мұрат Сабырдың (Б.Құлжановамен бірлестікте) мынa бip мaқaлaсынa көз жүгipтсeк, oның ғaлымдығының, шынымeн, шeгi жoқ eкeнiн түсiнeмiз:

«Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында Қазақстан – күллі түркі халық­та­ры­ның қасиетті «Қара шаңырағы» дей отырып, «Түркі өр­ке­ние­ті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны ұсынды. Осы жобаны қолға алмас бұрын бүгінге дейін түркітану ғылымында не істелді деген сұрақ туындайды. Қолжеткен табыстарымызды саралау болашақта істелетін зерттеу жұмыстарының мақсатын айқындау үшін қажет.

Әлемге танымал түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, МГУ-дің профессоры Әмір Нәджіпұлы Нәджіптің 1978 жылы «Изучение истории тюркских языков в Казахстане» атты мақаласы жарияланды. Мақалада қазақтың танымал түркітанушы ғалымдарының еңбектерін саралай келе, шәкірті Б.Сағындықұлы зерттеулерінің құндылығын ашып көрсетіп, зор үміт артқан еді. Ұлы ғалымның еңбекқор шәкірті бола білген Берікбай Сағындықұлы ғылымға адалдығынан өмір бойы айныған емес. Ол өз ұстазының жетекшілігімен 1977 жылы «XIV ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің салыстырмалы лексикасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация жазып, ойдағыдай қорғап шықты. Осыдан кейін жас ғалым орта ғасырлардағы бүкіл ескерткіштердің мәтіндерін терең меңгеруге кірісті, теориялық зерттеулерге ерекше ден қойды. Нәтижесінде ғылыми жұртшылықтың көңілінен шыққан ірі-ірі жаңалықтар ашты. Ашылған жаңалықтардың бастылары ретінде мына төмендегілерді атап көрсеткелі отырмыз.

1. Түркі тілдерінің аса ежелгі дәуірлерінде жіңішке дауыстылардың мүлдем болмағандығын айқындап, анықтап берді. Олардың барлығының да жуан дауыстылардан пайда болғандығын нақты фактілермен дәлелдеді. Мысалы, татлы сын есімінен қазіргі тәтті сын есімі туындаса, қол, орқаш, қары, ажа, ажым, бары, доңғалақ сөздерінен жіңішке айтылатынкөл, өркеш, кәрі, әже, әжім, бәрі, дөңгелек сөздері пайда болған. Тілімізде жіңішке айтылатын қанша сөз болса, солардың барлығының да сонша жуан варианты бар болып шықты. Мұның өзі қай жіңішке дауыстының қай жуан дауысты дыбыстан шыққандығын пайымдауға толық мүмкіндік береді.

2. Түркі тілдерінің аса ежелгі дәуірлерінде жіңішке дауыстылардың болмағандығы сияқты, ұяң дауыссыздардың да мүлде болмағандығына Б. Сағындықұлы ғылыми жұртшылықтың көзін жеткізе алды. Фонетистердің зерттеулеріне көз салсақ, қатаңдар мен ұяңдар ежелгі дәуірлерден-ақ жарыса қолданылып келе жатқандай сезілетін. Ұяңдар бұрыннан бар ма еді, жоқ па еді деген мәселеге көңіл бөлінбейтін. Оның есесіне тіл-тілде қатаңнан ұяңның пайда болғандығы фонетикалық сөз варианттары арқылы белгілі болатын: тұз~дұз, тиірмен ~ диірмен, т.б.

Жуан дауыстылардың жіңішкеру, қатаң дауыссыздардың ұяңдану үдерісі бір мезгілде, бір дәуірде жүрді деуге толық негіз бар.

3. Әлемдік деңгейде алғанда тіл-тілде дыбыстардың шыққан тегіне, арғы тегіне (архетипіне), түпкі тегіне (прототипіне) жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келді. Жуан дауыстылардан жіңішке дауыстылдардың пайда болу үдерісін анықтау барысында профессор Б.Сағындықұлы дауыстылардың шыққан тегін де, арғы тегін де, түпкі тегін де анықтай алды. Қоспасыз таза дыбысталатын созылыңқы у дауыстысы тарихи даму барысында қазақ тілінде бірте-біртеұ,ы, і дауыстыларына айналған. Мысалы, тарихи жазба ескерткіштерде «жылқының алты айға дейінгі төлі»қулун түрінде таңбаланған. Қазір–құлын. Сонда аталған сөздің құрамындағы алғашқы у-дың ұ дауыстысына, соңғысы ы дауыстысына айналғандығын байқаймыз. у>ұ>ы формуласы пайда болды. Бұл құбылыс тұрақты түрде қайталанады. Ал қары сын есімі кәрі тұлғасында жіңішкергенде ы дан і туындайды. Демек, і-нің шыққан тегі -ы, ы-ның шыққан тегі –ұ. ұ-дың шыққан тегі қоспасыз айтылатын, аса ежелгі у дауыстысы болып есептеледі. Бір ғана і дауыстысы үшін ы- шыққан тек, ұ–арғы тек, созылыңқы у–түпкі тек. Осылайша талдағанда түркі тілдерінде дауыстылардың бар болғаны үш қана түпкі тегі бар екендігі белгілі болды. Олар ٭А ٭У٭И.

4. Дауыссыздардың түпкі тегін табу дауыстылардың түпкі тегін табуға қарағанда әлдеқайда қиын. Мысалы, орысша «дорога» ұғымындағы "жол" сөзі оғыз, қарлұқ тілдерінде «йол», қыпшақ тілдерінде «джол-жол», алтай, чулым тілдерінде «тйол-дйол», тува, хақас, қарағас, шор тілдерінде «чол», қарашай-балқар тілінде «дзол-зол»,якут тілінде «суол», чуваш тілінде «с'ул». Бір буыннан ғана тұратын бұл атаудың үшінші дыбысында мүлдем өзгеріс жоқ. Екінші дыбысындағы өзгерісте елеусіз, болар-болмас: у~о. Айырмашылық тек бірінші дыбысында: й-дж- ж- тй- дй-ч-дз- з-с- с'. Бүкіл түркі тілдерінде ұшырасатын бұл айырмашылықтың арғы тегін (архетипін) табуға әлемнің ірі-ірі ғалымдары түгелге жуық қатысты. Ресейлік түркологтар В.В. Радлов пен В.А. Богородицкий сөз басындағы й ~дж~ж~ т ~д~ч~ ш ~с~з... сәйкестігінің архетипін й сонор дауыссызы деп есептеді. Шет елдік алтаистер мен түркологтар – Г.И. Рамстедт дж аффрикатын, Н. Поппе дз, И. Маркварт пен К.Г. Менгес жіңішке д'з' аффрикатын, Г. Дерфер жалпы алтайлық д дауыссызын арғытек деп таныды. Бұл тұспалдардың қай-қайсысы да түркітанушыларды қанағаттандыра алмады. Кемшілігі көрсетіліп, сын айтылды. Жүз жылға жуық уақыт өтсе де, шиеленіскен жұмбақтың түйіні шешілмеді. Бұл мәселені белгілі ғалымдарымыздың бірі Б. Сағындықұлы ұзақ жылдар бойы зерттеді. Ең алдымен, ол жоғарыдағы аты аталған ғұламалардың бір ғана дауыссыз немесе бір ғана қарапайым аффрикат арғы тек (архетип) бола алады деген ұйғарымдарына шәк келтірді. Осы ретте тарихтың өн бойында қатаңдардың ұяңданғанымен, ұяңдардың қатаңдана алмайтын фонологиялық заңдылығын анықтады. Бұдан соң бүкіл дауыссыздардың арғы тегін (архетипін) ғана емес, түпкітектерін (прототиптерін) ашып, айқындауға кірісті. Тіл тарихында қарапайым ц(тс), ч (тш)қатаң аффрикаттарының фонологиялық жүгін арқалаған күрделі ٭Т [С/Ш] (ықшамдалған таңбасы ٭Ц ) аффрикаты болғандығын болжамдады. Бұл күрделі аффрикаттың уақыт өте келе қарапайым екі аффрикатқа ажырағанын дәлелдеді. Бұл пікіріне айғақ ретінде моңғол, тұңғыс-манчжур тілдеріндегі цецек, түркі тілдеріндегі чечек атауларын мысалға келтіреді. «Түрлі-түсті жұпар иісті гүл» деген бір ғана лексикалық мағына беретін әуелгі жалғыз тұлға, жоғарыда көрсетілгендей, екі тұлғаға айналады: ц~ч.Т(с/ш) аффрикатының алғашқы жапсары т элементі элизияға ұшырап түсіріліп айтылған соң қазақ тілінде үшінші форма – шешек тұлғасы өмірге келеді. Қысқасы ٭Т [С/Ш] күрделі африкатынан қазіргі заманғы т,с,ш,д,з,ж дыбыстары пайда болды. Түпкітек ٭Т [С/Ш] күрделі аффрикаты тілдерде өшіп кеткеннен кейін түркі тілдерінің шығыс хунь бұтағына қарапайым ц аффрикаты,түркі тілдерінің бастыс хунь бұтағына қарапайым ч аффрикаты арғы тек (архетип) болып қала берді. Сонда сөз басындағы й ~дж~ж~ т ~д~ч~ ш ~с~з... сәйкестігінің арғытектері қарапайым ц,ч қос аффрикаты екендігі анықталады. Бұл жайында Б. Сағындықұлы 1994 жылы «Түркі тілдері лексикасы дамуының фонологиялық заңдылықтары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғап шықты. Осы диссертацияда х,һ,қ,к,ғ,г дыбыстарының түпкітегі ٭Һ екендігін, р,л сонорының түпкі тегі ٭Р, н,ң,м сонорының түпкі тегі ٭Н екендігін нақты фактілермен дәлелдеп берді. Қысқасы, дауыстылар үшін түпкітек (прототип)-٭Ц, ٭Һ, ٭Р, ٭Н.

5. Соңғы жылдары Б. Сағындықұлы тіл білімінде аса ірі жаңалық ашты. Зерттеу барысында тіл-тілде фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем сияқты тілдік бөлшектермен дәрежелес, әлем тілдеріне ортақ, алайда біздің заманымызға дейін беймәлім болып, құпия сақталған тілдік бірлік (бөлшек) –түбіртек (архесилаб) бар екендігін анықтады. Фонемаға (дыбысқа) бөлінбейтін түбір, негіз, қосымша болмайтынысияқты, тіл-тілде түбіртекке бөлінбейтін түбір, негіз, қосымша жоқ. Қандай дыбыстық комбинацияда тұрсын, түбіртек бір ғана дауысты мен бір ғана дауыссыздың табиғи тіркесуінен тұрады да, я лексикалық, я грамматикалық мағына береді. Мағынасы анықталмаған жағдайда дауысты мен дауыссыздың жай тіркесі түбіртек болып есептелмейді. Қазіргі тілдерде түбіртектердің басым бөлегі бір сыңарын жоғалтып, жартыкештеніп, бір ғана дауыстыдан немесе бір бір ғана дауыссыздан тұратындықтан, басқаша айтқанда, толық формасын сақтамағандықтан, олар іс жүзінде арнайы зерттеушілерден басқа ешкімнің назарына түспейді. Бүкіл түбірлердің түп негізі, тегі болып есептелетіндіктен, жаңадан табылған тілдік бірлікке қазақ тілінде түбіртек деген атау берілген. Барлық лингвист ғалымдарға түсінікті болу үшін автор архесиллаб (ең ежелгі, ең алғашқы буын) деп аталатын терминді ұсынады. Тіл-тілдегі фонемалар қаншалықты ескі болса, түбіртектер де соншалықты ескі. Түбіртектерді тіл тарихының бүкіл өн бойында өмір сүрген десек, қателеспейміз. Қазақ тілінде де тарихқа белгісіз аса ежелгі дәуірлерден бері өмір сүріп келе жатқан түбіртектер бар. Мысалы, ақ (судың өз арнасымен төмен қарап жылжуы), ар (адамгершілік, ізгі қасиет), ін (жабайы аңдар жататын орын, үңгір), іс (жұмыс, қызмет, шаруа) тағы басқалар.

Тілімізде екі түбіртектің (кейде үш, төрт, түбіртектің) сіңісуі нәтижесінде пайда болған сөздер де біршама дәрежеде кездеседі. Мысалға жоғарыда аталған ақ түбіртегі мен етістіктен есім жасайтын ын түбіртегінің қосылуынан ағын сын есімі жасалған. «Соғу, сабау, тоқпақтау» мағынасындағы ұр етістігіне етістіктен етістіктен есім жасайтын ыс түбіртегі кірігіп, ұрыс зат есімін тудырып тұр.Сондай-ақ өн+ім, ұл+ан, от+ан,, ен+ші атаулары екі түбіртектен тұрса, үз+іл+іс, үг+ін+ді, үй+ін+ді үш түбіртектің жиынтығынан жасалған. Бұларға да көненің көзі ретінде қарауға болады. Бұл жерде атап көрсететін бір жайт, түбіртекті әр тілдің өз мамандары ғана аша алады. Жоғарыда келтірілген тілдік фактілер түбіртектердің бір ғана дауысты мен бір ғана дауыссыздан тұра алатындығына толық дәлел бола алады. Алайда тарихқа белгісіз аса ежелгі дәуірлерде қалыптасқан түбіртектер біздің заманымызға сан алуан фонетикалық, морфологиялық, семантикалық өзгерістерге ұшырап, алғашқы тұлғасын, қалып-пішінін жоғалтып барып жетіп отыр. Алғашқы тілдік формалардың қалып-пішінін бұрынғы қалпына келтірмейінше, әрбір өзгерістің, даму эволюциясының бүкіл сыр-сипатын анықтап алмайынша, түбіртектердің болмысын, табиғатын түсіну тіпті мүмкін емсе. Аса ежелгі дәуірлерден келіп жеткен жазба ескерткіштер атымен жоқ. Осы жағдайда белгісізді белгілі ету, ашылмағанды ашу, шешілмегенді шешу үшін зерттеудің әр түрлі жаңа әдістері мен жаңа тәсілдерін пайдалануға тура келеді. Тығырықтан шығу жолдарын профессор Б. Сағындықұлы негізін қалаған Силлабология ілімі өмірге әкеліп отыр. Бұл терминді де автордың өзі ұсынған. Силлаб ағылшын тілінде «буын» деген ұғымда жұмсалады. Ал логос деген сөздің «ілім» семантикасына ие екендігі жалпы көпшілікке белгілі. Сонда Силлабология «Буын ілімі» деген терминдік мағынада әлемдік лингвистиканың жаңа да тың саласының атауы болып шығады. Силлабологияның негізгі нысаны (обьектісі) – жоғарыда атап өткеніміздей,- архесиллаб (түбіртек). Архесиллаб фонемадан үлкен, морфемадан кіші тілдік бөлшек. Осыған орай, силлабология фонология мен мен морфология ілімдерінің аралығынан орын алады. Ілім ретінде тізбектесек, - фонология, СИЛЛАБОЛОГИЯ, морфология, лексикология, фразеология, диалектология, семасиология т.б.

Силлабология ілімінің негізін қалаушы профессор, филология ғылымдарының докторы Б. Сағындықұлы қазір «Силлабология негіздері» деп аталатын монографиясын жазу үстінде. Бұл еңбек қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баспадан жарық көрген жағдайда архесиллаб ұғымы екінің біріне түсінікті болады. Жаңа ілімнің ілгері дамуына әлемдегі ірі-ірі лингвистердің ат салысатындығына ешқандай күмәніміз жоқ.

Түбіртектерді (архесиллабтарды) сөз құрамынан айырып-ажыратуда, олардың ежелгі бітім-пішінін анықтауда кездесетін кедергілер өте көп. Әсіресе, үнемдеу, сіңісу, жылысу, ығысу, метатеза, флекция құбылыстары сияқты сан алуан тілдік факторлар белгілібір сөздің, грамматикалық тұлғалардың әдепкі формаларын адам танығысыздай етіп өзгертіп жібереді. Жаңалық авторы өзгерістерді бұрынғы қалпына қалай келтіруге болатындығын 2011 жылы «Қазақ университеті» баспасы шығарған «Қазақ тілі тарихы» атты монографиялық еңбегінде әлденеше әдістер мен тәсілдер негізінде тәптіштеп толық түсіндіреді. Біз ғалымның ғылыми жаңалықтарының бір бөлегін ғана әңгіме еттік. Зерттеушінің барлық еңбегімен танысқан кез келген тілші-маман олардың қай-қайсысының да жаңалыққа толы екендігін байқай алады».

Екіншіден, «Берікбай ағай – ұстaз». Б.Сағындықұлының ғaлымдығымeн қoсa oның ұстaздығы туpaлы әpiптeстepi мeн шәкipттepi сүбeлi пiкipлep aйтaды. Тiл мaмaны, ф.ғ.к., доцент Г.Ж.Баялиева Б.Сағындықұлының ұстaздық кeлбeтiн, өмipдeн мысaл кeлтipe oтыpып, тәнтi бoлaды, oның ұстaз peтiндe студeнт aлдын жaуaпкepшiлiгi мeн aзaмaттық бeйнeсiн тaмaшa суpeттeйдi:

«Адамзатқа ортақ ұстаз әл-Фараби «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» деп теңеу жасаған ұстаздар есімі, олардың жүрген жолы – шәкіртке қашан да ыстық, қашан да аяулы. Ұстазға деген адамның ықылас-пейілі, жан жүрегінен шыққан ұшан-теңіз алғысы – бір күннің жұмысы емес. Ол – талай ғасырлардан келе жатқан құрмет. Ол – айтып жасатпайтын, қолдан істелмейтін мәртебе. Өз ұстазын бағаламаған, білімді құрметтеп, оған әл-қадірінше ілтипат білдіре алмаған пенденің ғылымда нәтижеге жете алмайтыны, жетсе де, оны кәдесіне асыра алмайтындығын қасиетті Құран да айғақтайды. Жердің бар байлығы мен иелігі өзінде болуды армандаған кешегі Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазы – Аристотельді жанынан артық бағалағанын, хан Абылайдың үлкен биіміз – Төлені ардақ еткенін, Шәкәрім атамыздың – біртуар Абайды қалай сыйлағанын, Жамбыл бабамыздың – Сүйінбайды пірі тұтқанын еске алсақ, ұстаздың қандайлық құрмет пен атақ-даңққа лайықты екендігіне бірден-ақ көз жеткіземіз.

Ескі аңыздар бойынша «басында мүйізінің бар екендігін ел біліп қоймасын» деп, талай шаштаразды әп-сәтте мерт қып отырған, алдына да, артына да ешкімді келтірмеген сол Ескендір, ұстаз алдында ғана бас иген. Сондықтан да оның: «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деуі – тарихи шындық. Міне, ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ақын Абай ұстаздың адам, нақтырақ айтқанда, бүкіл адамзат білімі мен тәрбиесіндегі нық орнын шегелеп берді. Ал қазақтың арда ұлы Мағжан Жұмабаевтың: «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мүғалімдікі» деп айтып кеткен сөзінің мәні де, мағынасы да мәңгілікке құнын жоғалтпақ емес.

Ұстаз. Аяулы да, ардақты есім. Бұл – жәй айтыла салған сөз емес. Себебі, сенің өмір жолыңды таңдауға септігі тиген, сенің бар болмысың мен біліміңді, өміріңе қажеттіні үйреткен жанға сөз жәй ғана айтыла салмайды. Ол сенің жан жүрегіңнен, көңіл түкпірінен шығады, ол туралы ойлағанда бойыңды әсем күй билеп, бүкіл өне бойың ән салғысы келеді...

«Ұстазым менің, ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым...». Сен ғана емес, бар әлем саған қосылып ән айтып, билегісі кеп тұрғандай...

Иә, бүгінгі күні қалай ағымыздан жарылып сөйлесек те, қалай ақтарыла тілек айтсақ та жарасады. Оған үлкен себеп бар. Бүгін – тек «ұстазым» деп үлгі тұтып, мақтанатын шәкірттерінің ғана емес, исі қазақтың оның осылай аман-есен сексеннің салтанатын көруді Алла нәсіп еткен ағайымыз Берікбай Сағындықұлының мерейтойы.

Мен де – миллион шәкірттің бірімін. Сонау 1985 жылы арман қала – Алматыға бар ынта-жігерімізді арнап, оқуға деген жастық құлшыныспен келгенімізде, алдымыздан әкеміз бен анамыздай боп, қарсы алған ұстаздар бейнесі мен тәлімді тәрбиесі, өнегесі көкіректе әлі сайрап тұр.

Сол кездегі С.М.Киров атындағы қара шаңырақ – Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, ұлттың МЕН деген тұлғалары, ұстаздарымыз З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Т. Сайранбаев, Х. Кәрімов, С. Мырзабеков, Б .Сағындықұлы, Ж. Дәдебаевтардан білім алғандығын кім айтып, мақтанбас? Әрине, сол кісілердің алдын көріп, қазір өзіміз де соларға ұқсап бағуға тырысып жүргенімізді Хақтың берген бұйрық-сыйындай көреміз.

Берікбай ағай Сағындықұлының алғаш сабақтарына қатысқан кезімізді еске алсам, балалығымыз ойыма келіп, еріксіз езу тартам. Ол кісі бізге «Лексикология» пәнінен дәріс оқыды. Ағайымыз аудиторияға кірген кезде шыбынның ызыңы естілетіндей тыныштық орнайтын. Демімізді ішімізден алып, ұстаздың әр айтқан сөзін сілтідей тынып, тыңдайтынбыз. Бақсақ, ағай тек білім беруге келгенде ғана ұстанымы жоғары, талабы биік екен де, былайша өмірде балажан, ақкөңіл кісі болып шықты. Талай баланың шамшырағын жағып, қолымен білім мен ғылымның шыңына жетелеген ұстаз еңбегінің өтеуі ешқашан да ештеңемен өлшенбейтіндігін қазір сезініп, біліп-қанығып жүрміз».

Үшіншіден, «Берікбай Сағындықұлы – қaмқop aғa». Қaзaқтың «Aғaсы бapдың жaғaсы бap, iнiсi бapдың тынысы бap» дeгeн нaқыл сөзi Берікбай aғaйғa apнaп aйтылғaндaй. Oл көп aдaмғa қaмқop aғa бoлa бiлгeн. Сөз құдipeтiн, сөз өнepiн түсiнeтiн қaзaқтың бap бaлaсы oны туғaн aғaлapындaй қaдipлeп өткeн. Филология ғылымдарының докторы Ғ.Қ.Хасанов өзінің «Ағаның ыстық алақаны» атты мақаласында Берікбай Сағындықұлы жөнiндe кiшкeнe ғaнa oйындa oның қaмқopлығы мeн қoлдaуын пaш eтeдi.

«Ұстазымыздың толық келбетін таныту үшін шегіністер жасап, өткенді бір еске түсірейік. Сонау 1994 жыл. Орал қаласында педагогикалық институтта жас оқытушы болып қызмет істеймін. Бізге осының алдында ҚазМУ бітіріп, бір топ жас мамандар ұстаздық қызметке келген болатын. Солардың ішінде Мұрат Сабыр өзінің ұстаздарының ішінен Берікбай Сағындықұлының есімін ерекше жиі айтатын. Шын ғылымға берілген ұстаз деп бағалайтын. Бекең бізге лексикология пәнінен сабақ берді. Түркітанушы, тіл тарихының білгірі, қазіргі қазақ тілі лексикологиясының мықты маманы деп айтатын. Лексикологияға қызығып жүрген маған ондай ғалыммен дидарласу бір арман болды.

Білікті де өмір мектебінен өткен, шәкірттері жоғары бағалайтын ұстаз Болат Жексенғалиев 1994 қысында досы, Алматыда Тіл білімі институтында ғылымда жүрген Мұрат Сабырға бармақшы болды. Оған мен де ілестім. Мақсат екеумізде біреу: ғылыммен айналысу, ұстаз іздеу. Ол кезде де жұмыстан сұрану оңай емес, дегенмен де студенттердің қысқы демалысын пайдаланып бармақшы болдық. Пойыз Алматыға екі тәуліктің үстінде жүреді, қайтып келуің бар, сонда төрт тәулік кетеді. Ұшақ аптасына екі рет Алматыға қатынайды, сондықтан уақыт кетпес үшін соны пайдаланып, Алматыға таңда ұшып келдік. Ару Алматыны бірінші рет көргенім. Тауларды айтсаңшы, олардың сұлулығы мен тәкаппарлығын көріп, таң қалдым. Қыр баласы маған ерекше әсер етті. Тауларды көріп, орыстың ұлы ақыны В. Высоцкийдің «Таулардан артық таулар ғана болады» деген сөзін енді ғана түсіндім. Сол күні таңертең Мәкеңе ілесіп, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына барып, қазақ фонетикасының ақсақалы профессор Әлімхан Жүнісбекке барып, сәлем бердік. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Әлекеңнің сол кезде ана тіліміздің дыбыс жүйесінің бұзылғаны туралы, оны дұрыстауға байланысты қыруар жұмыстар атқарылуы керек екені туралы айтқандары күні бүгінге дейін жадымда. Одан соң профессор Берікбай Сағындықұлына барып жолығысудың реті түсті. Өз басыма Бекеңнің жайдары кейпі қатты ұнады. Мейірбан жүзді, бетінен иманы төгілген, асықпай ойланып сөйлейтін мінезі ерекше әсер етті. Сол кезде менің өз ішімде қазақ тілінің жазылмаған бір сұрағына жауап іздеу мақсаты тұрды. Ұстаздың маған қойған алғашқы сұрағы «өзің бір тақырыпты қаузап жүрсің бе» деді. Мен бір мәселені қарастырып жүргенімді айтып едім. «Иә, ол жақсы екен, босқа жүрмегенің, алайда, сенің қарастырып жүрген мәселең ауқымы тар, болашағы жоқ. Болашағы жоқ тақырып тақырып емес. Қазақ тілінің бір мәселесін қопарсаң ар жағында көптеген қарастырылмай жатқан сұрақтар шығып жатса бір адамның өмірі жетпейтін тақырып шығады. Міне, нағыз ғылым. Қазақ тілінің семантикасы зерттелмей отырғанына қанша уақыт өтті. Сондықтан қазақ тілінің сөз мағынасын зерттеу – абыройлы іс. Тілдің жаны болатын сөз мағынасында ұлттық мінез, салт-дәстүр, ұлтымыздың барлық қасиеті бар. Міне, осы мәселе – ұшы-қиыры жоқ ірі, ауқымды тақырып болады. Мен өз басым осы тақырыпқа көптеген жылдардың тәжірибесі арқылы жеттім. Ал өз басым оны қ

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!