|
3.Қысқаша тезисті
конспект: Ұлпа туралы ғылымның негізін
салған белгілі италян ғалымы М.Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н.Грю
(1671 ж.) болды. Олардан кейін микроскопиялық техниканың даму
барысында ұлпалар туралы көптеген жаңалықтар мен жаңа
эксперименттік деректер жинақтала басталды.1807 жылы фитогистолог
Г. Линк өзінің зерттеулерінің нәтижесінде ұлпаларды жасанды түрде
паренхималық және прозенхималық деп екі топқа бөлді. Бұл сипаттама
әлі күнге дейін сақталып қалды. Ал П. Ван-Тигем (1891) ұлпаларды
тірі және өлі ұлпалар деп бөлді. Егер олардың атқаратын қызметтерін
ескермегенде осылай бөлу заңды еді. Алғашқы табиғи әрі нақты
жіктеуді физиолог Ю.Сакс (1868) ұсынды. Ол морфологиялық
ұқсастықтарын, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұлпаларды
үш топқа бөлді: жабындық, негізгі, өткізгіш. Және олардың
элементтеріне, өсімдіктер денесінде орналасуына, атқаратын
қызметтеріне түсінік беріп кетті. Сонымен қатар ұлпалар туралы
түсініктерді дамытуда С.Швенденер мен С. Габерландт (1879) өз
үлесін қосты. Олар ұлпаларды физиологиялық қызметі тұрғысынан
зерттеп, өсімдіктер әлемінің анатомиялық және физиологиялық дамуына
зор үлесін қосты. Бірақ олардың жіктеулерінің барлығы жасанды
болғандықтан, бұл нақты ғылыми жүйе жасауға, тіпті ол туралы ғылыми
пікірлер айтуға қиындықтар туғызды. Оның себебі, біріншіден,
белгілі бір жасқа келгенде ұлпа қызметін өзгертеді немесе алғашқы
қызметтерінің кейбіреулері ғана сақталады. Екіншіден, өсімдік
ұлпаларының басым көпшілігі бір мезгілде екі, үш қызмет
атқарады.
Соңғы
ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ұлпаларды негізінен мынадай
алты топқа бөледі: меристемалық (түзуші), жабындық, негізгі,
арқаулық (механикалық), өткізгіш және бөліп шығарушы.
Осылардың ішіндегі түзуші ұлпалардан басқалары түпкілікті ұлпалар.
1-тапсырма.
Суретке қарап өсімдіктер мен жануарлардағы ұлпаларды
жүйелеңдер. Ерекшеліктерін табыңдар.Әр суреттің тұсына аттарын және
мағынасын жазыңдар.
Оқулықтың
246-247 беттеріндегі № 1-2 зертханалық жұмысты орында кестелерді
дәптерге сызып ұлпалардың әрбір типтерінің ерекшелігіне сипаттама
беріңдер.
Рефлексия «Синквейн». Оқушылар
1- жол: бір сөз– негізгі идея
2- жол: екі сын есім– негізгі ой
3- жол: үш етістік– тақырып
бойынша
4- жол: тақырыпқа қатысты пікірді көрсететін
жол
5- жол: тақырыпты көрсететін сөздер жазады.
Мұғалім тыңдайды, бағасын береді, пікірін айтады.
Сабақты қорытындылау.
|
Оқушылар берілген мәліметтер бойынша ақпарат
алды
Суреттермен жұмыс жасады
Зертханалық жұмысқа арналған виеоны
көрді
Даптермен жұмыс жасады
Оқушылар оз ойларын айтады кері байланыс
жасалады
|
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/lesson/12682/media/4b76615b0198060eb6f9d35d41464133/content/script_00014/media/uc_b4_l010_03_03ss.mp4
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/lesson/12682/media/4b76615b0198060eb6f9d35d41464133/content/script_00014/media/mcc_ge_ls_14_05_01v.mp4
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/lesson/12682/media/4b76615b0198060eb6f9d35d41464133/content/script_00014/media/mcc_ge_ls_14_06_01v.mp4 бейне фильмді қараңыз.
8 сынып ,биология 2018 ж 7-12 бет
|