400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психологиялық алдын - алу жұмысы: "Стресс және одан арылу жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы стрестен шығу үшін, өз-өзіңе көмектесетін тиімді тәсілдері көрсетілген. Кенеттен, әр минутта пайда болатын, қиын-қыстау жағдайларда біз тез бағдар алып осы көмек әдісін алғашқы стресс кезінде қалай қолдануымызға түсініктер берілген. Бұл материал жоғарғы сынып оқушыларына стресс кезінде өзін- өзі қалай қолға алу керек, жалпы стресс дегеніміз не жайлы мағлұматтар берілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Стресс және одан арылу жолдары

Мақсаты:

Стресс туралы түсінік беру.

Стресстің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру.

Тренинг - жаттығулар арқылы стресстен арылту.

Міндеттері:

Позитивті ойды дамыту.

Стресстен арылуға психологиялық кеңес беру.


Стресс – адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің өзгерістерге ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады. «Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы рет стресс сөзіне анықтама берген канадалық физиолог Ганс Селье.


Стресстің пайда болу себептері

- уақыт жетіспеушілігі,

- жұмыстың шамадан тыс көптігі.


Стресс белгілері

- Үнемі шаршаңқылық сезімі;

- Эмоционалды ден саулығының азғыруы (истощения);

- Сыртқы ортадағы өзгерістерге байланысты қабылдауы мен белсенділіктегі өзгерістер;

- Себепсіз бастың ауруы мен қан қысымының көтерілуі;

- асқазан-ішек ауруларының трактаттарының қозуы;

- Жыныс қызметіндегі бұзылыстар;

- Дене массасының күрт азаю немесе ұлғаюы;

- Толығымен немесе сирек ұйқының бұзылуы;

- Ұйқылы ояу жүру;

- Физикалық және эмоционалды жағдайлардағы тыныс алудың қиындауы


Стресске қарсы тұру факторлары:

Өз денсаулығын күту;

Өз-өзін жоғары бағалау;

Өзіне және өз қабілеттеріне деген сенімділік;

Стресске қарсы тұра алу;

Ашық қарым- қатынасқа түсе білу;

Өз-өзін басқару;

Оптимизм;


Жалпы әйел адам мен ер адам психологиясының айырмашылығы.

Зерттеу бойынша әйел адамдар ер адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді екен. Психологтардың зерттеуі бойынша, әйелдер әңгімеге жақын, жылауға дайын тұрады. Сол арқылы іштегі барлық жағымсыз эмоция, энергияларын көз жасы арқылы, сырын бөлісіу арқылы сыртқа шығарып отырады. Ал ер адамдар барлығын ішке сақтайды, олар жыламайды не әйелдер сияқты өсек әңгімеге де жақын емес. Бұдан шығатын қорытынды: ер адамдарға айтар кеңесіміз, арасында жылап алғандарыныз дұрыс.

Егер мәселе уақытында шешілмесе ол – стресске ұшырайды,

Стресс уақытында шешілмесе, оның арты депрессияға ұшырайды,

Депррессия – неврозға,

Невроз – соматикалық ауруларға ұшыратады (эпелепция, олигофрения және т.б. )

Сондықтан стресстің алдын алу үшін, мәселені өз уақытында шешкен дұрыс.


Алғашқы стресс кезіндегі бірінші көмек.

Егерде біз кездейсоқ стресс жағдаятына кездессек / бізді біреу ұрысты немесе үйдегілермен келіспеушілік / - бізде алғашқы / өткір немесее острый / стресс басталып жатыр. Алғашқы стрестің дамуын тежеу үшін, алдымен өзіміздің барлық еркімізді жұдырыққа жинаймыз да, өзімізге “Тоқта!” деген команда береміз.

Алғашқы стрестен шығу үшін, өз-өзіңе көмектесетін тиімді тәсілдерді табу керек. Кенеттен, әр минутте пайда болатын, қиын-қыстау жағдайларда біз тез бағдар алып осы көмек әдісін алғашқы стресс кезінде қолданамыз.


Алғашқы стресстен шығуға көмектесетін жаттығулар

1. Стреске қарсы тыныс алу. Мұрынмен жәй тыныс алу, тыныс алудын шыңында бір сәтке тыныс алуды тоқтатамыз, содан кейін барынша жәй ғана

тыныс шығарамыз. Бұл тыныштандыратын жаттығу. Әр тыныс алған сайын

елестетіміз: әр терең демалған сайын жыне тыныс шығарған сайын сіз стресстік күштенуден бірте-бірте арылып жатырсыз.

2. Минуттік релаксация. Ауыздың бұрыштарын босатамыз, ерінді суландырамыз. Иығымызды босатамыз. Өзіңіздің жанарыңыз бен денеңіздің

жай-күйіне назар аударыңыз: есте сақтаңыз, бұлар сіздің ішкі эмоциялар мен

ойларыңыздың жағдайын білдіреді. Әрине, сіз стресстік жағдаятыңызды сырт жұртқа білдіргіңіз келмейді. Бұл жағдайда сіз “жанар мен дененің

тілін” бұлшық еттерді босансыту мен терен тыныс алу жолдарымен өзгерте

аласыз???

3. Тұрыңыз…

4.“Шапалақ жаңбыр”

- Ал сіздер білесіздер ме шапалақ соғудың өзі әр түрлі болады екен. Сол

алақанға оң қолдын сұқ саусағымен соғамыз. Содан соң екінші саусақты

қосамыз да, екі саусақпен соғамыз. Содан кейін үш саусақпен:

- Төрт.

- Бес.

- Тұтас алақанмен шапалақтаймыз.

- Тек бес саусақпен соғамыз.

- Бір саусақты алып төрт саусақпен соғамыз.

- Үш саусақпен.

- Екі.

- Бір.

Жаттығу жетекшінің санауымен /бір, екі/ бірнеше рет қайталанады.

- Жарайсыздар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Көтерілді ме?



















Психологиялық жұмыстың жүргізілуі туралы хаттама


Күні: 2015-2016

Тақырыбы: Стресс және одан арылу жолдары

Мақсаты: стресс туралы түсінік беру. Стресстің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру

Қатысқандар саны: 22

Сыныбы: 10 «Б»


Жүргізілу барысы:

Оқушыларға жалпы стресс жайлы түсіндірді. Стрестің пайда болу себептерін және белгілерінің, стреске қарсы тұру факторларын түсіндіру. Алғашқы стресс кезіндегі бірінші көмек, алғашқы стрестен шығуға көмектесіп әр түрлі жаттығулар жүргізіді.

Жүргізілген жаттығулар: «Стреске қарсы тыныс алу», «Минуттік релаксация»


Қорытынды:

Оқушылар стресс туралы білімдерін кеңейтті, әр түрлі жаттығулар жасап, көңіл-күйлері көтерілді




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
20 сәуір
1914
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі