ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Т.Б.БАҚТЫБЕКҚЫЗЫ
Алматы қалалық мүмкіндігі
шектеулі
балалардың қоғамға бейімдеу орталығы,
КППК № 2
Педагог-психолог
АҢДАТПА. Мақалада психикалық дамуы тежелген балалардың
танымдық процестердің дамуы мен әлеуметтік ерекшелігі кеңіннен
түсіндірілген. Арнайы білімді қажет ететін балалардың
қарым-қатынастағы, психологиялық міне-құлқының ерекшелігі мақаланың
өзекті екендігін көрсетіп отыр.
ТҮЙІН
СӨЗДЕР. Психологиялық дамуы тежелген
бала, ерекше білімді қажет ететін балалар, танымдық іс-әрекет,
әлеуметтік-психологиялық фактор, эмоциялық-еріктік
жетілмеу.
АННОТАЦИЯ. В статье широко объясняется
развитие и социальная специфика познавательных процессов у детей с
задержкой психического развития. Специфика общения,
психологического поведения детей, нуждающихся в специальных
знаниях, показывает актуальность
статьи.
КЛЮЧЕВЫЕ
СЛОВА: Ребенок с задержкой
психологического развития, дети - требующие особых знаний,
познавательная деятельность, социально-психологический фактор,
эмоционально-волевая
незрелость.
ABSTRACT. The article broadly explains
the development and social specificity of cognitive processes in
children with mental retardation. The specifics of communication,
psychological behavior of children in need of special knowledge,
shows the relevance of the
article.
KEYWORDS: A child with delayed
psychological development, children-requiring special knowledge,
cognitive activity, socio-psychological factor,
emotional-volitional
immaturity.
Заманауи педагогиканың негізгі
идеясы қалыпты балалармен салыстырғанда, даму деңгейі төмен
балаларға көбірек тәрбие беру қажет деген тұжырымнан тұрады. Арнайы
оқытуды қажеттілігі бар балалар және мұндай балаларға білім беру
мен тәрбиелеу кезінде психикалық ерекшеліктерін ескеру
қажет.
Интеллектуалдық дамуындағы
ауытқулар – орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы
нәтижесінде пайда болған бүкіл психиканың, жалпы тұлғаның сапалық
өзгеруі. Бұл ақыл-ойдың бұзылуымен қатар эмоциялардың, еріктің,
мінез-құлықтың, физикалық дамудың
ауытқушылықтары.
Мұндай балаларға танымдық
қызығушылықтың жетілмеуі тән, олардың танымдық қажеттілігі қалыпты
дамып келе жатқан құрбыларымен салыстырғанда аз байқалады немесе
бастауыш мектеп жасы кезеңінде ойын іс- әрекеті басым болғандықтан,
мүлдем болмайды. Нәтижесінде мұндай балалар қоршаған орта туралы
толымсыз, тіпті бұрмаланған түсініктерге ие
болады.
Л.С. Выготский [2, 3], М.С.
Певзнер [1], атап өткендей, интеллектуалдық дамуында ауытқулары бар
балалар жадының әлсіздігі ақпараттар алу мен сақтау қиындықтарынан
емес, оларды жаңғырту қиындықтарынан көрінеді. Жаңғырту – маңызды
ерік белсенділігі пен мақсаттылықты талап ететін, өте күрделі
процесс.
ПДТ балалардың сөйлеу қабілеті
дамуының ерекшеліктерін қарастыру ерекше назар аударуды қажет
етеді. Олардың көпшілігіне дыбыстарды айту ақаулары, фонематикалық
қабылдау кемшілігі тән. Арнайы топтарда тәрбиеленетін балалар
арасында дизартрия түріндегі сөйлеу қабілетінің бұзылулары бар
балалар көп
кездеседі.
Интеллектуалдық ауытқулары бар
балаларда бірінші және екінші сигналдық жүйелері арасындағы
әрекеттестіктің бұзылуы физиологиялық негізі болып табылатын,
сөйлеу қызметінің дамуындағы кемшіліктер байқалады. Кемтар
балаларда сөйлеудің барлық: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
жақтары зардап шегеді. Сөзді қабылдау және түсіну қиындықтары да
байқалады. Соның нәтижесінде жазудағы түрлі бұзылулар, оқу
техникасын меңгеру қиындықтары, сонымен қатар, сөйлеу
қарым-қатынасы қажеттілігінің төмендеуі сезіледі
[4].
ПДТ кезінде сөйлеудің бұзылуы
жүйелі сипатқа ие болады және ақаулар құрылымына жатады.
Импрессивті сөйлеу деңгейінде «Асан Үсеннен үлкен», «Аққайың
алқаптың шетінде өседі» сияқты күрделі, көп сатылы нұсқаулар,
логикалық - грамматикалық сөйлем құрылысын түсіну кезіндегі
қиындықтар байқалады. Балалар жасырын мағынасы бар әңгімелерді
түсінбейді, мәтіндерді мәнерлеу процесі, яғни, олардың мазмұнын
қабылдау мен ұғыну процесі күрделенген. Қарастырылып отырған
топтағы балалардың сөздік қоры шектеулі. Олардың сөздерінде сын
есімдер, үстеулер сирек кездеседі, етістік сөздер тым аз. Сөйлем
құрау процестерінде қиыншылықтар бар, балалардың жаңа сөздер жасау
кезеңі қалыптан кеш, 7 - 8 жасқа дейін
созылады.
Сөздің грамматикалық
құрылымында бірқатар ерекшеліктер бар. Балалар грамматикалық
санаттар қатарын сөйлеуде мүлдем қолданбайды, егер сөздің
грамматикалық формаларын қолданудағы қателер санын грамматикалық
құрылымда қолданылуымен салыстырсақ, екінші түрдегі қателердің
басым екендігі анық
көрінеді.
Балаға суретте бейнеленген
жағдайдың немесе оқылған әңгіменің мағыналық мазмұны түсінікті
болғанымен және педагогтың сұрақтарына дұрыс жауап бере алғанымен,
ойды сөзбен толық жеткізу
қиын.
Ішкі сөйлеу механизмдерінің
жетілмеуі сөйлемдердің грамматикалық жасалу қиындығын ғана
тудырмайды. Негізгі проблемалар байланысты сөздің қалыптасуына да
қатысты болады. Балалар кішкентай мәтіннің мазмұнын айтып, суреттің
сюжеттік желісі бойынша әңгіме құрастырып, көрнекілік жағдаятты
сипаттап бере алмайды, олар үшін шығармашылық баяндау қиынға
соғады.
Ғалымдардың ПДТ балалардың
қалыпты дамып келе жатқан құрдастарынан анық артта қалуын олардың
ойлау процестерін талдау кезінде белгілейді. Артта қалушылық барлық
негізгі ойлау: талдау, жалпылау, абстракция, өзгерту
операцияларының қалыптасу деңгейінің жеткіліксіз болуымен
сипатталады. ПДТ балалардың танымдық іс-әрекетінің даму ерекшелігі
көптеген ғалымдардың зерттеулерінде аталып көрсетіледі. Сонымен,
С.Г.Шевченко [5] ПДТ балалардың сөйлеу қабілетінің даму
ерекшеліктерін зерттей келе, мұндай балалардағы сөйлеу тілінің
ақаулары танымдық іс-әрекеттің жеткіліксіз қалыптасуы аясында анық
байқалатынын белгілейді. ПДТ балалардың тұлғалық ерекшеліктері
едәуір аз дәрежеде зерттелген. Л.В.Кузнецованың,
Н.Л.Белопольскаяның жұмыстарында мотивациялық - еріктік сфераның
ерекшеліктері ашылады
[6].
Н.Л.Белопольская балалардың
жастық ерекшеліктері мен жеке тұлғалық өзгешеліктерін атап
көрсетеді. Психологтар мұндай балалар үшін ерік процестерінің
әлсіздігі, эмоциялық тұрақсыздық, ырықсыздық не болмаса босаңдық
пен енжарлық тән екенін білдіреді (Л.В.
Кузнецова).
Көптеген ПДТ балалардың ойын
іс - әрекеті үшін ойын тәртібіне сай бірлескен ойынды ұйымдастыру
(ересек адамның көмектеспей) қабілетінің болмауы тән. У.В.
Ульяненкова [7] , баланың интеллектуалдық даму деңгейімен
салыстырылатын, оқуға деген жалпы қабілетті қалыптастыру
деңгейлерін бөліп қарастырған. Аталған зерттеу деректері ПДТ
балалардың эмоциялық-ерік сферасы ерекшеліктеріне байланысты
болатын, осы топтар ішіндегі дербес өзгешеліктерді көруге мүмкіндік
береді.
ПДТ балаларда шектес тыс
белсенділік, ырықсыздық, сондай-ақ мазасыздық пен агрессия
белгілерінің көрінуі белгіленген (М.С.
Певзнер[8]).
ПДТ балаларда сана сезім
қалыптасуының өзгерген динамикасы олардың ересек адамдармен және
құрдастарымен өзіндік қарым-қатынас орнатуда көрінеді.
Қарым-қатынастар іс-әрекеті және мінез- құлқының эмоциялық
құбылмалылығымен, тұрақсыздығымен, балалық жасау белгілерінің
көрінуімен ерекшеленеді (Исаев Д.Н.
[9]).
ПДТ феномені биологиялық және
әлеуметтік - психологиялық факторлардың әсерімен қалыптасатын,
жекелеген психикалық және психомоторлық функциялар немесе жалпы
психиканың жетілмей қалуы тән, психикалық дамудың ерекше түрін
ретінде ғылыми тұрғыда аз
зерттелген.
ПДТ себептерінің әлеуметтік
және биологиялық өзара байланыстылығы зерттеудің базистік негізі
ретінде
қарастырылады.
Жүйелік тәсіл проблеманың
көптеген аспектілерін әлі де жеке бөлімдерге бөліп қарастыратын,
медициналық және психологиялық зерттеулердің бытыраңқы болуын
қандай да бір дәрежеде ескеруге ықпал
етеді.
Мектепке дейінгі жастағы ПДТ
балалардың жалпы дамуында, әсіресе, кішкентай моториканың артта
қалуы анықталады. Ең бастысы, қимыл техникасы мен қозғалыс сапалары
(жылдамдық, ептілік, күш, дәлдік, координация) зардап шегеді,
психомоториканың кемшілігі анықталады. Өзіне- өзі қызмет көрсету
дағдыларының, бейнелеу іс-әрекеті, мүсіндеу, аппликация, құрастыру
кезіндегі техникалық дағдыларының қалыптасуы әлсіз. Көптеген
балалар қарындашты, қылқаламды дұрыс ұстай алмайды, бастыру күшін
реттей алмайды, қайшымен жұмыс істеуде қиналады. ПДТ балаларда
қимыл- қозғалыстың тұрпайы бұзылуы жоқ, бірақ физикалық және
моторлық даму деңгейі, қалыпты дамып келе жатқан құрбыларымен
салыстырғанда төмен, графимоторлық дағдылардың қалыптасуы
күрделенген.
Мұндай балалар үшін зейіннің
шашыраңқы болуы, оны барынша ұзақ уақыт шоғырландыруға қабілетсіз
болуы тән, іс - әрекет ауысқан кезде бірден зейінін
аударады.
Бұл балалар зейінінің сөздік
қоздырғыштарға тым көтеріңкі алаңдауымен сипатталады. Іс-әрекетінің
мақсаттылығы жеткіліксіз сипатта болады, көбінесе ырықсыз әрекет
етеді, жиі алаңдап, жылдам шаршап, әлсірейді. Енжарлық танытуы да
бақыланады – бала мұндай жағдайда бір тапсырмадан екіншісіне ауысуы
қиын болады. Сонымен қатар, оларда іс-әрекеті мен мінез-құлқын
ырықты реттеу қабілетінің жетік қалыптаспауы, оның оқу түріндегі
тапсырмаларды орындауын қиындата түседі. Сенсорлық дамуы да сапалық
өзгешелігімен ерекшеленеді. ПДТ балаларда физиологиялық көруі мен
естуі сақталған, алайда, қабылдау процесі бірқатар қиындаған – оның
қарқыны төмендеген, көлемі азайған, қабылдау (көру, есту, жанасу -
қимыл) дәлдігі
жеткіліксіз.
ПДТ балалардың эмоция - ерік
сферасының жетілмеуі олардың мінез- құлқының қалыптасу өзгешелігіне
және тұлғалық ерекшеліктеріне себепші болады. Коммуникация
(байланыс) сферасы да зардап шегеді. Балалар коммуникативті іс -
әрекет деңгейі бойынша қалыпты дамушы балалардан артта қалады.
Осылайша, И.Ф.Марковскаяның [1], зерттеулері ПДТ жоғарғы мектеп
жасына дейінгі балалар ересек адаммен жағдайдан тыс - тұлғалық
қарым-қатынас жасауға дайын еместігін көрсетті. Олар өздерінің
қалыпты дамып келе жатқан құрдастарына қарағанда, тек жағдаят -
іскерлік қарым - қатынас деңгейіне ғана жетеді. Педагогикалық және
психологиялық түзету жүйесін құру кезінде осы деректер ескерілуі
қажет.
Эмоциялық - еріктік жетілмеу
танымдық іс-әрекеттің, сөйлеу қабілетінің аздаған бұзылуларымен,
белсенді зейіннің қатты әлсіреуі мен жалығуымен үйлесуі мүмкін.
Соның салдарынан балада іс-әрекеттік бақылау мен реттеу
әлсіреген. Адамгершілік-этика сферасын
қалыптастыруда да проблемалар байқалады. Әлеуметтік эмоция сферасы
зардап шегеді, балалар құрдастарымен «эмоциялық жылы» қатынастарға
дайын емес, жақын ересек адамдармен эмоциялық байланыстары бұзылуы
ықтимал, балалар мінез - құлықтың адамгершілік-этика нормаларына
әлсіз бағдарланады [9,
8].
Психикалық дамудағы тежелісі
кезінде баланың әлеуметтік дамуы, оның тұлғалық қалыптасуы – сана
сезімнің, өзін - өзі бағалауының, «Мен» жүйесінің қалыптасуы төмен
болады.
Мұндай жоғарғы мектеп жасына
дейінгі бала ынтасыз, эмоциялары айқын емес, ол өзінің эмоциялық
жағдайын білдіре алмайды, басқа адамдар жағдайын түсіне алмайды.
Бала меңгерген нормалар мен ережелер негізінде өзінің мінез -
құлқын реттей алмайды, мінез - құлықты ерікті реттеуге дайын
емес.
Эмоциялық - еріктік жетілмеуі
жалтақтығынан, тым сенгіштігінен, бейқамдығынан, ойнау
қызығушылығының басымдығынан көрінеді. Іс-әрекет мотивациясы,
негізінен, қанағаттану талпынысынан көрінеді. Тұлғааралық
компоненттері дамымаған бала, педагогтың нұсқауларына бағынуы қажет
оқу жағдаяттарында нәтиже бермейді, ол ойнау кезінде белсенділік
танытады. Мұндай балаларға «моторикасының балалығы» - беймазалық,
албырттық, қимыл-қозғалысының үйлеспеушілігі
тән.
Кеңестік психологияда
қарым-қатынас феноменіне қатысты бірнеше амалдар қалыптасқан.
Олардың ұқсастығы, барлығының қарым-қатынас пен іс- әрекет бірлігі
туралы принциптік ұстанымды қарастыруында. Баланың психикалық
дамуы, оның тұлғалық қалыптасуы әлеуметтену процесі ретінде
қарастырылады. Жеке тұлға адамның өмірі мен іс-әрекеті процесінде,
оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау тәжірибесі
барысында біртұтас жасам ретінде қалыптасады. Бұл процесс бала
ағзасының дамуымен, сондай-ақ қоршаған ортаның әсерімен тығыз
байланысты болатын, белгілі психикалық даму заңдары бойынша жүреді
(Л.С. Выготский, Л.И. Божович, А.Н. Леонтьев, М.И. Лисина, В.Н.
Мясищев, Д.Б. Эльконин және басқалар.[ 2, 3, 10, 11,
12])
Балалардың ересек адамдар мен
құрдастары арасындағы қарым- қатынастың баланың жалпы дамуына әсер
ету мәселелері Л.С.Выготский, Г.М.Дульнев, В.Г.Петрова және
басқадай көптеген танымал дефектология ғылымдары өкілдерінің
назарында болған. Балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын
олардың кемшіліктерін түзету факторы ретінде қарастырған,
Л.С.Выготский [2, 3] жалпы заңдылықтан ауытқыған баланың
әлеуметтенуін зерттеудің түбегейлі тәсілін ұсынған. Ол бала
қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуына, оның қоршаған ортамен
қарым-қатынас жасауына, әлеуметтік күрделі байланыстар орнатуына
кедергілердің пайда болуына алғашқы бұзылулар негіз болады деп
есептеген. Осының барлығы өз кезегінде, қалыпты даму барысында
баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасында пайда болатын және
түрленетін, негізгі психикалық процестердің қалыптасуына кері әсер
етеді.
Сонымен, мақаламызды
қорытындылай кететін болсақ, психологиялық дамуы тежелген
балалардың әлеуметтік ортадағы қарым-
қатынасы, танымдық процестерінің қалыпты дамып келе жатқан
құрбыларымен салыстырғанда кеш дамуымен ерекшеленеті
түсіндірілді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Борякова Н.Ю.
Клиническая и психолого-педагогическая
характеристика детей с ЗПР. –
С. 21.
-
Божович Л.И.
Личность и ее формирование в детском возрасте. - М., 1968. –
456 с.
-
Божович Л.И.,
Этапы формирования личности в онотогенезе, в кн. Психология
развития. – Спб.: Питер, 2001. – С. 78.
-
Воспитание и
обучение детей во вспомогательной школе / Под. Ред. Воронковой В.В.
– М., Школа-Пресс., 1994. - С. 19-25.
-
Шевченко С.Г.
Ознакомление с окружающим миром учащихся с ЗПР. - М., 1990. –
С. 100.
-
Белопольская
Н.Л., Психологическая диагностика личности детей с
ЗПР.М., 1999. – С.
21.
-
Ульенкова
У.В. Шестилетние дети с ЗПР. - М., 1990. – С. 22-23.
-
Власова Т.
А., Повзнер М.С. Дети с отклонениями в развитии. - М., 1973. –
236 б.
-
Власова Т.А.,
Певзнер М.С. Учителю о детях с отклонениями в развитии. – М.,
Просвещение, 1967. – С. 58.
-
Выготский
Л.С. Вопросы воспитания слепых, глухонемых, и умственно отсталых
детей: Сборник статей и материалов. / Под. ред. Л. С. Выготского.-
М.,1924. – С. 33.
-
Выготский Л.
С. Основы дефектологии. - СПб., М., Краснодар, 2003. – С.
58.
-
Леонтьев А.Н., Проблемы развития психики. - М.: АПН РСФСР, 1973.- С. 50-52.