Психологиялық жаттығуларды қолдану арқылы даярлық
тобы
оқушыларының мектепке даярлығын
қалыфптастыру.
Мақсаты:
Психологиялық жаттығуларды қолдану арқылы даярлық тобы
оқушыларының оқу дағдысын, танымдық үрдісін, тұлға аралық
қатынастарын, қалыптастыру, дамыту.
Жоспары:
-
Сәлемдесу. Вербалды және вербалды емес тәсілдер
арқылы амандасу.
-
Оқу үрдісін ұйымдастыруға арналған
ойындар.
-
Танымдық үрдістерін дамыту
жаттығулары.
-
Тұлға аралық қатынастарды дамыту
жаттығулары.
-
Релаксациялық жаттығу.
-
Қорытынды.
Қатысушылар: Даярлық тобы
оқушылар.
I.
Амандасу.
1. жаттығу.
Сәлемдесу.
Шарты: балалар шеңбермен
тұрады. Олар кезекпен бір-бірімен әртүрлі тілде, сөз арқылы
амандасады. Келесі жүргіуші балаларға бір-бірімен мимика, жест
немесе бет әлпеттерінің қимылымен амандасуды көрсетеді. Ары қарай,
қол қимылдары арқылы амандасады. Соңына аяқ қозғалыстары арқылы
амандасу ережелерін меңгереді. Сәлемдесу жаттығуларына 5-6 минут
уақыт қажет.
II.
Оқу үрдісін ұйымдастыруға арналған
жаттығулар.
2. жаттығу. «Кім тынышты?» жаттығуы.
Тақтада ұйықтап жатқан мысықтың суреті ілінеді.
Балалар шеңбермен ыңғайланып отырады. Жүргізуші ақырын дауыспен:
«Балалар біздің сыныпта мамық аппақ мысық ұйықтап жатыр деп
елестетейік. Сол мысықты оянып алмас үшін сендер тыныш отыру
керексіңдер. Кәнеки, көзімізді жұмып, тыныштықты тыңдап көрелікші».
Жаттығу 5 минутқа арналады.
3.жаттығу. «Кәнеки, ән салайық?»
жаттығуы.
Тақтада балалар өздері бұрыннан білетін ән
сөздері жазылып тұрады. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Сол әннің 1
шумағын бірінші топ айту керек. Қалған екі топ тыңдайды. Екінші
шумағын екінші топ, үшінші шумағын үшінші топ айтады. Кезектесіп
айтылған соң, жүргізуші балаларға әркімнің өз топтарының шумақтарын
бірдей уақытта айтуларын сұрайды. Соңында егер де бір-бірісізді
тыңдай алмасақ осындай шудың болатыны туралы қорытынды жасалады.
5-6 минут уақыт қажет.
III.
Танымдық үрдістерін дамыту жаттығулары.
4. жаттығу. Қол –
қимылдарына арналған жаттығу.
1. Биік-аласа
2. Анда-мында
3. Мен-сен
4. Жуан-жіңішке
5. Алыс-жақын
6. Оң қолым, сол
қолым
Оң қолымда бес саусақ, сол
қолымда бес саусақ, қосылған да он саусақ.
5. жаттығу. «Шапалақтарды
тыңда!» Балалар шеңберде тұрады. 1 шапалақ берген де ақ құтан
позасы, 2 шапалақ бергенде көжектер сияқты секіреді, 3 шапалақ
бергенде сиыр құсап мөңірейді, 4 шапалақ бергенде тауықтың позасы
көрсетеді, жерден дән шоқиды.
IV.
Тұлға аралық қатынастарды дамыту жаттығулары.
6.жаттығу. Достық торы. Балалар шеңбермен отырады.
Жүргізуші оралған жіптің ұшынан бастап отырған баланың біріне-бір
әдемі комплимент айтып жіпті ұстатады. Ол бала жіпті ұстай отырып
ары қарай тағы бір балаға комплимент айтып жіпті беріп
жалғастырады. Осылайша барлық бала аяқтаған соң достықтың торы
құралады. Жүргізуші оқушыларға әрқашан осылайша достығымызды
бұзбай, бір-бірін сыйлап, татту-тәтті болу керек екенін
түсіндіреді.
V. Релаксациялық
жаттығу.
7. «Бұлттарға саяхат»
Жеңіл, тыныш музыка ойналады. Балалар шеңбермен
өздеріне ыңғайлы позада отырады. Жүргізуші: Балалар қазір біз
бұлттарға саяхат жасаймыз. Ол үшін сендер көздеріңді жұмып,
ыңғайланып отырыңдар. «Біз сыныптың ішінде отырмыз бір кезде біздің
қасымызға аппақ, мамық бұлт жақындап келе жатыр екен. Қазір,
ақырындап сол бұлттың үстіне мініп алайық. Бұлт бізді ақырындап
сыныптан шығарып алды да, аспанға қарай ұшырып әкете берді. Міне,
біз мектебімізден алыстап бара жатырмыз. Мектеп артта қалды, тіпті
қалада артта қалып бара жатыр.бізаспанда ұшып биік-биік таулардан
асып барамыз, ауылдардың үстінен өтіп барамыз. Барлығымыз астында
не болып жатқандарын қарап отырайық. Енді міне жазық далаға да
келіп жетіппіз. Дала жап-жасыл шөптер биік-биік екен. Шөптердің
арасында қызыл гулдер де толып тұр екен. Бұлт жақындап келіп
гулдердің қасына жақындайды. Бұлттан ақырындап түсейік те,
құшағымызды толтыра гул терейік. Құшағымызды гулге толтырып алдық.
Енді айналамызға құлақ салайықшы. Құстар сайрап өлең айтуда.
Сыңғырлап су ағып жатыр.Дауысы бақытты балалардың дауысына ұқсайды
екен. Біраз , тынығып алайықта гулдерімізді алып қайта бұлтқа
отырайық. Бұлт бізді жоғары көтеріл келе жатыр. Қызыл гулге толы
дала алыстап барады. Ауылдардың үстінен таулардың үстінен қайтадан
басып келе жатырмыз. Міне, біздің қаламызда көрініп қалыпты.
Мектебіміз де бізді күтіп қалыпты. Бұлт бізді сыныбымызға кіргізді
де өзі ұшып кете бары. Бұлтқа рахметімізді айтып, қол бұлғайық.
Енді орынымызға келіп отырып мен 1,2,3 деген де көзімізді ашайық.
Енді құшағымыздағы гулдерді келіп отырған қонақтарға сыйлайық »
рахмет балалар.
VI.
Қорытынды.
«Көңіл-күй» жаттығуы. Тақтаға бірнеше көңіл-күй
бейнеленген адам беттері салынады. Жүргізуші балаларға бүгінгі
сабақтан алған әсерлерінен оның көңіл-күйі қалай болғанын көрсету
үшін суреттің біреуін таңдап алу қажет екенін айтады. Балалар
суретті салып болған соң жинап алып, талданылады.