Материалдар / Психологиялық тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім мен оқушыларға арналған психологиялық тренинг;Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін өзі еркін сезіне алуға үйрететеді Тренинг шешілетін барысында зерделеніп қаралып міндеттер: - Тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту. -Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан үрейден арылу. -Өзгелердің пікірімен қызығушылығымен санасу. -Өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі сенімділікті қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
936
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психологиялық тренингтің

Мақсаты:
Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін өзі еркін сезіне алуға үйрететеді
Тренинг шешілетін барысында зерделеніп қаралып міндеттер:
- Тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту.
-Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан үрейден арылу.
-Өзгелердің пікірімен қызығушылығымен санасу.
-Өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі сенімділікті қалыптастыру.
Тренингтің бағдарламасы
«Танысу» жүргізуші :
Барлығымыз шеңбер жасап отырайық . Қазір барлывғымыз шеңбер бойымен
кезекпен жүргізушінің оң жағындағы ы отырған қатысушыдан оқушыдан
бастап топқа таныстыруды бастаймыз.
Алдымен өз есімдеріңді
айтыңдар. «1-2 сөйлем арқылы қай сыныпта оқитыны
өзінің
атым, өзінің мінезі туралы айту
шығулары керек. Осы сөздерден 
кейін таныстырып психолог өзін әңгімелейді.
соң, таныстырудың қалай өткені туралы пікірталас жүргізіледі.
Психолог топқа мынадай сұрақтар береді.
Психологтан кейін әрбір
адам айналым бойынша өзін-өзі таныстырады. Танысу біткенКімнің таныстыруы сіздің есінізде қалды және оның  
таныстыруы сізге несімен ұнады?
  « Карусель » жаттығуы.
Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады
Топ мүшелері 2-ге бөлінеді . 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды.
Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы- сатып алушы ; мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы ; полиция –шофер; әке – бала; анасы –қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін , өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
  « Бүлінген телефон » 
Мақсаты: Есту қабілетін дамытуға арналған
Бір сөзді мұғалім бір баланың құлағына сыбырлап сол пікірді қайталайды, солай жалғаса беріп барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп дауыстап айтады. Мен әрқашан шындықты айтамын.
• Көңіл күйімізді жаттықтыру»
Мақсаты:Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл күйімізді жатықтыра алуға арналады.

Жүргізуші:Бүгін мен сендерге актер болуға үйретемін. Мен
сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.
1. Қабақтарыңды түйіп,ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер 
2. Қатты қорқу қажет.Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты,мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет -әлпеттеріңмен көрсету қажет.
3. Жылап тұрған адамды көрсету.
4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету
5. Өлең айтып тұрған адамдың сезімін көрсете білу
  Өлең айту « Біз тамшымыз » Сергіту сәті
Өздеріне ұнаған әуенге салып,қимылмен көрсетіп айту керек.Бәрі дөңгелене тұрады да Біз тамшымыз дегенде жаңбырдың тамшысын бір теңіздің толқыны
дегенде қолымен ирелектетіп толқынды көрсетеді
Біз тамшымыз мұхиттағы 
  Бір теңіздің толқыны.
  Бізге келіңіз ²
  Сен мен мен.
  Бәрімізде бір жанұя боламыз
Біз бұтақпыз бақшадағы
Бір бақшаның гүліміз
  қайырмасы

  Ауызша волейбол ойыны.
Мақсаты: Өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге,өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге ,
бір-бірін терең түсінуге арналады 
Допты бір-бірне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек.
Мысалы: шыншылдық: ұстамдылық; жанашырлық.мейірімділік; адамдық; адамгершілік әділдік; кішіпейілдік; батылдық;
Өзінде басым қасиетті айта білулері қаралады.
«Кім екенін тап» ойыны
Мақсаты:Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады.Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған бетерді жетекші жинап, араластырады да,арасынан біреуін алып дауыстап оқиды .Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек
Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап,тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйреді
  "Шөлдеу" ойыны.
Мақсаты: Достыққа,бір-біріне көмектесіп қана нәтижеге жетуге болатына тәрбиелеу
  Балалардың қолдары шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін ыстық шөл даладамыз деп елестетеді, қатты шөлдеп
жүреді. Бір кезде тостағандардағы суларға кездеседі. Енді
осы суды ішуге амал табулары керек ( бір-біріне көмекте-
сіп қана суды шашпай, шөлдерін қандыруға болатынына
көз жеткізеді).

  "Алып" ойыны.
Мақсаты:Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
  Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіншісінің оң


аяғына байлайды, сөйтіп бір белгіленген жерге барады. Не-
месе: үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар
бірге жүруге тырысады. ( бақаға ұқсап секіреді).

  "Көпір" ойыны.
  Еденді бормен "көпір" (түзу) сызылады. Екі топ, бір-біріне  
қарсы шыққан балалар "көпірден" құлап қалмай өтуі керек.
Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-
бірін өткізіп жіберулері керек.
Рефлексия
Тренинг жаттығулары сіздерге ұнады ма?
Сендерде қандайда болсада өзгеріс пайда болды ма?
Күнделікті өмірде бұл ойындарды ойнау арқылы ішкі жан дүниелеріңді дамытуға бола ма?
Бүгінгі тренингіде біздер ойындар ойнау арқылы өзгелерді дұрыс қабылдап, өздеріңді еркін сезіне алуға тұлғаны дамытуға жұмыстандық.



Сынып ұжымын біріктіруге арналған тренинг сабағы

Тақырыбы: «Менің көзқарасымдағы – менің сыныбым»
Мақсаты:
1. Сынып ұжымын біріктіру.
2. Қолайлы психологиялық климат орнату, тұлға аралық қатынастағы кедергілерді жою, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: қаламдар, есімдер жазылған парақтар, маркерлер, презентация.

Тренинг қатысушылары шеңберге жиналады.
Психолог: Бүгінгі тренингімізде біз біздің сынып жайлы әңгімелесіп, арамыздағы қарым - қатынас туралы сөйлесеміз. Алдымен тренинг сабағының ережесін еске түсіреміз. Қатысушылар тренинг ережесін айтады. Кейін сабақ презентациясынан тренинг ережесі көрсетіледі. Сабағымызды «Екеуміздің ұқсастығымыз сонда...» жаттығуынан бастаймыз.

Амандасу рәсімі
Қатысушылар «Алма», «Қарбыз», «Қауын», «Алмұрт» деп аталатын 4 топқа бөлінеді. Кейін әр топ өздерінің амандасу рәсімін ойлап тауып, көрсету керек.
1. «Екеуміздің ұқсастығымыз сонда...» жаттығуы.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ сыртқы шеңбер, ал екінші топ ішкі шеңбер жасайды. Бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Сыртқы шеңбердегі әр бала, өзінің ішкі шеңбердегі сыңарына: «Екеуміздің ұқсастығымыз...», деп айтқан кезде, ішкі шеңбердегі сыңары «Екеуміздің айырмашылығымыз...», деп жауап қайтарып, шеңбер бойымен келесі адамға бір қадам жасайды. Барлығы өзінің бірінші сыңарына жетпейінше, осылай ойын жалғаса береді.

Рефлексия: Бір - бірлеріңнің ұқсастықтарың және айырмашылықтарың қандай екен?

2. «Салфетка» жаттығуы.
Әрбір қатысушыға бірнеше рет бүктелген салфетка беріледі. Психолог нұсқауы бойынша: салфетканың оң жағын, төменгі сол жағын жыртып алу. Содан кейін салфетканы жайып, бірдей ұқсайтын салфетканы тауып алуға тырысу. Ондай салфетка жоқ. Оқушыларды ұқсас салфетка жоқ екені және бізде бір - бірімізге ұқсамайтынымызды, бірақ бірлік пен бейбіт өмірде тұрып жатқанымыз жөнінде ойға жетелеу.

3. «Мінсіз сынып моделі», «Шынайы топтың моделі» жаттығуы.
Әңгімелесу.
- Барлықтарың бір сыныпта бірнеше жылдан бері оқып келесі4дер, кейбіреулерің тіпті бірінші сыныптан оқып келесіңдер. Қазір өз сыныптарыңның психологиялық климатына баға бересіңдер. Сендер бір - бірлеріңді түсінесіңдер ме, бір - бірлеріңе қол ұшын бересіңдер ме? Мектепке не үшін келеді? Біріншіден білім алу үшін, екіншіден балалармен араласуға. Бұл басты себептер. Кейбір бала сыныптастарымен қарым - қатынасты орната алмағандықтан мектепке барғысы келмейді. Қазір сендермен сыныпта әр бала өзін жақсы сезіну үшін, сыныпта қандай қасиеттер болу керектігі туралы әңгімелесеміз. Сыныпта барлығына жайлы болу үшін қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
Парақта 16 бөлікке бөлінген шеңбер салынған. Психолог әр радиусты шеңбердің сыртқы жағынан сыныпта жайлы қарым - қатынас орнататын қасиеттерді жазады. Ол қасиеттер жайлы оқушыларға түсіндіріп, әр қасиет жөнінде түсінік қалыптастырады. Берілген қасиеттер төмендегідей болуы мүмкін: тең құқылық, мейірімділік, өзара көмек, сыпайылылық, достық, тыңдай білу, топқа қабылдау, эмпатия, альтруизм, құрметтеу, жақсылық, көңілділік, сөз бостандығы, жауапкершілік, ұйымшылдық, татулық т. б. Әрбір шеңбер радиусы 10 ұпай жүйесімен бөлінеді. Бұл шкаламен әр қасиетті бағалаймыз.
Әрі қарай психолог қасиеттерді бір - бірден атайды, ал топ мүшелері аталған қасиет өз сыныптарында қанша ұпайға байқалатынын атайды. Болғаннан кейін барлық нүктелер қосылып, нәтижесінде «өрмекші торы» пайда болады. Егер нүктелеріңіз орталыққа жақын болса, сыныптағы әрқайсысының жағдай қиын. Өрмекші торы шеңбердің шеткі жағына жақын болса, сыныптарыңның психологиялық ахуалы жақсырақ және әрбіреуіңнің сыныптағы жағдайы жайлы.

Кейін алынған нәтиже бойынша талдау жұмысы жүргізіледі. Сыныптың ахуалын қалай жақсартуға болады, топтағы қандай қасиеттерді дамыту керек, сыныптың ахуалын жақсартуға әрбір оқушы қандай үлес қоса алады. Мұнда психолог әрбір оқушы өзінің кемшіліктерін түзету үшін жұмыс атқару керектігі жөнінде ойға шақырады. «Өзімізді өзгертпейінше, біз топты өзгерте алмаймыз».

4. «Ұғымдар» жаттығуы.
Сынып сабақтың басындағыдай 4 топқа бөлінеді. Әр топтың бір мүшесі адамдардың қандай қасиетін бағалайтынын атайды. А3 форматты парақта келесі сөздер жазылған: Өзара көмек, Достық, Кикілжің, Теңдік.
Әр топқа ватман мен маркерлер беріледі. Топтарға мынадай тапсырма беріледі:
1. Эмблема немесе белгінің суретін салу.
2. Осы сөздің мағынасын жазу.
3. Осы сөзге девиз немесе лозунг жазу.
4. Бұл ұғымның жақсы жақтары және жаман жақтары.
Ватмандар топтар арасында беріліп, әр топ басқа топтың жұмысын жалғастырады. Соңында ватмандар бастапқы топқа қайтарылады.

5. «Тілектер» жаттығуы.
Қатысушыларға сыныптастарының есімі жазылған жапырақтар таратылады. Жапырақта есімі жазылған сыныптасына тілек жазу ұсынылады. Жазған соң жапырақшалар иесіне беріледі. Жазылған тілектер позитивті, жақсылыққа бағытталған болу керек.
Тренинг сабағының рефлексиясы.
– Кімге не ұнады, не ұнамады?
– Өздеріңе қандай қорытынды жасадыңдар. (Әр оқушының пікірін тыңдау.)
Қоштасу рәсімі «Күнбағыс»
Барлығы шеңбер құрып, аяқтарының ұшымен тұрып, күнге қол жеткізетіндей қолдарын жоғарыға көтереді, жақсылыққа, жетістікке, позитивке, мейірімділікке ұмтылады

Менің ең жақсы қасиеттерім

Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл - күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым - қатынас орната білу.

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл - күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз - өзіңізге құрметпен қарауға, бір - бірімізбен сыйластық қарым - қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Жаңа ғасыр — адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы — мектеп
Н. Ә. Назарбаев

Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиында күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білумен, сол білімнің балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді. Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай, білімді интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан – жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.

Тренинг сабақ құрылымы:
1. Танысу «Қадір – қасиет» жаттығуы
2. «Менің мінезім» жаттығуы
3. «Ашулы шарлар» жаттығуы
4. «Тиімді қарым - қатынас орнату» жаттығуы
5. Жеті құндылық жаттығуы
5. «Ашулы шарлар» жаттығуы
6. Релаксациялық жаттығу «Сарқырама»
7. Қорытынды «Күн шуағы» жаттығуы

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл - күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз - өзіңізге құрметпен қарауға, бір - бірімізбен сыйластық қарым - қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Топтағы қағида:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір - біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым - қатынаста болу
7. Өзін еркін ұстауға үйрену

1. «Қадір қасиет» жаттығуы
Мақсаты: Өзін таныстыру, есімнің жанына өзінің жақсы қасиетін қоса айтуы керек. Осылай кезекпен жалғасып барлық қатысушы өзін таныстырып өтеді.

2. «Менің мінезім» жаттығуы
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.

Әрбір қатысушыға қағаздар таратылады. Қағаз ішіндегі кестені толтыру қажет. Төрт бөлікке бөлініп сызылған әр бөлікке төмендегі жануар, аң, құс аттарын жазып шығады.

Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш,
Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа,
Жылан, Балық.

Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады..

1. Үйде
2. Жұмыста
3. Жолдастарының арасында
4. Өзіндік баға

Жауабы:
1. Түйе — шыдамды
2. Жылқы — тектілік
3. Сиыр — өкпелегіш
4. Қой — жайдарлылық
5. Ешкі — ұйымдастырушылық
6. Ит — адалдық
7. Мысық — биөрісі басым адамдар
8. Тауық — шығармашыл
9. Қаз — тазалық
10. Аққу — сезімтал
11. Қарлығаш — бауырмал
12. Үйрек — ұқыптылық
13. Бұлбұл — әнді жақсы көретін
14. Арыстан — қайратты
15. Қасқыр — жігерлі
16. Түлкі — бейімделгіш
17. Маймыл — әртістік қабілеті бар
18. Қоян — елгезек
19. Тауешкі — талғамы жоғары
20. Тасбақа — мейірімді
21. Жылан — салқынқанды
22. Балық — еркіндікті қалайды

Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?
3. «Ашулы шарлар» жаттығуы
Мақсаты: Өзінің ашуын басқара білуге шақыру. Оқушымен жұмыс жасау барысында өзін ұстай білуге кеңес беру.
Шарты: 8 - 10 қатысушыны ортаға шығарып бір - бір шарды үрлеп, оларды байлау сұралады.

Қатысушыларға түсіндіру керек, шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа - адам сезімін білдіреді. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
— Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды осылай шыңару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?
— Бұндай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.

Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар да ашуға толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана шардың жарты ауасын шығарамыз. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады,. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екендігін білдіреді. Ендеше ашуымызға ерік беріп алмайық.

4. «Адамгершілік ағашы» жаттығуы. Қатысушыларға қағаздардан жасалған кішкентай жапырақшалар таратылады. Әр топ мүшелері өздерінің қолындағы жүрекке «Жаман қасиеттерден аулақ болуымыз үшін не істеуіміз қажет, қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?», – деген сұраққа жауап жазады. Жылы, мейірімді сөздер жазылған жапырақшаларын адамгершілік ағашына іліп, солып қалған ағашты жандандырады.

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, ағашымыз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?

Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу - ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу.

5. «Жеті құндылық» жаттығуы

Бірде жолаушы өмір жолында арманды мақсатты орындайтын құсты іздеп жолға шығады. Бірде сол кісімен жолда келеміз. Алдыңызға берілген ісқағаз бетіне 7 құндылықтарыңызды жазуларыңыз керек (Отбасы, жұмыс үй, ана, әке, бала, ақша ) т. б.

1. Жолда шаршап әлсіреп демалуға бұлақ басына келіп су ішу қажет қатты шөлдеп тұрсыз. Су ішу үшін бір құндылықтарыңызды берулеріңіз қажет.

2. Су ішіп болғасын тағы жолға шықтық. Кенеттен алдымыздан жол екіге бөлінді, тура жолды табу үшін тағы бір құндылықты беруіміз керек.

3. Ұзақ жолмен келе жатырмыз алдымыздан арыстанмен арпалысқан адам шықты. Арыстан әлгі адамды жегелі жатыр екен. Әлгі адам көмек қолыңды созшы деп жалынуда. Арыстан болса осы адамды аман қалдыру үшін бір құндылығыңды бер дейді.

4. Кеш батып келеді дала қараңғы орманға кіріп келеміз. Орман іші қараңғы екен, шам жарығы болса ғой деп армандап қоямыз. Егер шам жарығы керек болса тағы бір құндылық береміз.

5. Орманнан шықсақ алдымызда үлкен өзен шыға келді. Оны қалай кесіп өтеміз, кенеттен шетте тұрған қайықты байқадық. Қайық егесі әлгі із арыстаннан құтқарған адам екен. Ол бізге арғы жағаға шығу үшін бір құндылыққа бересің деді.

6. Қалған құндылықтарымызбен жолда келеміз. Алдымызда үлкен тау екен. Біз іздеп келе жатқан арман орындайтын құстың ұясы да көрінеді. Ол биікте тұрғандықтан бүркіт мен сендерді сол құсқа алып барамын. Ол үшін маған құндылық берші дейді.
Соңғы құндылық қалды.
Соңы.

Бүркіт киелі құсқа алып барады әлгі құс сендер менің бір шартыма көндіңдер сендерге барлық 7 - құндылықтарыңды қайтарамын.
Бай бақытты да ұзақ ғұмырлы өмір сүріңдер деп барша адамды қуанышқа бөлеп құндылықтарын қайтарыпты.
6. «Тілек шамы» жаттығуы.

Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Қорытынды:
Қымбатты ұстаздар! Сыйласымды қарым - қатынасымыз бұзылмасын, алдарыңызда отырған оқушыларға деген мейірімдеріңіз күннің шуағындай болсын деп тренингімізді аяқтаймыз. РАХМЕТ!

Кері қайту

Ілмек сөздер: Менің ең жақсы қасиеттерімпсихологиятренинг сабақ

Тренингте ұйымдастырылатын психологиялық ойындар

20 сәуір 2017, 21:53

Фото: www.psychologos.ru

@. @assel_assanova

Қазір барлық адам жігерлендіру (мотивация) мен көңіл аударуға (внимание) зәру. Көп жастар бір істі бастайын десем мотивация ала алмай жүрмін, яғни кірісіп кетуіме түрткі болатын ештеңе табылмай жүр деп шағымданады. Сұранысқа орай, ұсыныс та бар. Жер-жерде түрлі тренинг өткізу сәнге айналғалы қашан. Тренингтер әзіл айтумен басталып, жан мен сананы сергітуге арналған ойындармен қыза түседі. Ал күндердің күнінде сізге де аяқ асты ел алдында сөйлеуге тура келетін жағдай туса, тыңдармандарды қалай қызықтыруға болады? Біле жүріңіз.



Алдымен таныстықтан бастайық. Мұның өзін қызықты сауыққа айналдыруға болады. Екі тәсілін ұсынайық:



– Отырғандар алдымен өз атын айтып, содан соң жанындағы жанға мадақ сөз айтады. Тізбек осылай соңына дейін жалғаса береді.

Мысалы: Менің есімім – Кербез, (оң жағында отырған) Маржан – нәзік қыз.

Келесі қастысушы: Менің есімім – Маржан (оң жағында), Азамат – салмақты жігіт.

– Бірінші адам өз есімін және есімінің бас әрпінен басталатын өзіне тән сын есім айтады, жанындағы адам көршісінің айтқанын қайталап және өз атын айтады.

Мысалы: Мен – Ермекпін, Ермек – ержүрек.

Келесі адам: Ермек – ержүрек. Мен – Әлимамын, Әлима – әдемі.

Үшінші адам: Әлима – әдемі. Мен – Ғарифолламын, Ғарифолла – Ғажап. Осылай жалғаса береді.



Одан соң қатысушыларға қалта толы кәмпит (не басқа да тәтті) беріңіз. Біреуі барлығына үлестіріп шыға ма, өздері бөліп ала ма – оны еріктері білсін. Тек басты шарты: тәтті ешкімге жетпей қалмауы керек және қалтаны босату қажет. Талап орындалған соң, келесі шартымен таныстырасыз. Кімге ең көп тәтті түскенін анықтаңыз. Біреуге 2 кәмпит, біреуге 5 кәмпиттен тиюі мүмкін. Енді ең көп тәтті алған адам қолындағы кәмпитінің санына қарай өзінің жақсы қасиеттерін айтып шығады. Мысалы: 4 кәмпиті болса, мен ақкөңілмін, сабырлымын, мейірімдімін, жайдарымын деп өзінің төрт жақсы қасиетін айтуы тиіс.







Тәттілер бір жағынан ойынға арқау болса, екінші жағынан бақыт гормондарын көбейтіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, тренингті асқан құлшыныспен тыңдауға жетелейді.



Келесі ойын – телефон. Қатысушылар бірнеше топқа бөлінеді. Ұйымдастырушы неше топ болса, сонша жаңылтпаш дайындап әкелуі керек. Ойыншылар бірінің артына бірі қатарға тізіліп тұрады. Бірінші тұрған адамға жаңылтпаштарды сыбырлап айтасыз. Барлығы толық естіген соң, топтар ойынды бірге бастайды. Әп дегеннен жылдамдатып артында тұрған адамға жаңылтпашты сыбырлап айтып жеткізуі керек. Қай топ бірінші аяқтап және қатесіз айтса, сол топ жеңімпаз атанады. Жаңылтпаш қатардың соңына дейін жеткенше, сан құбылып, бастапқы қалпынан мүлде өзге сөздер шығады.



Түйін: жаңылтпаш сияқты кез келген жаңалықты әркім әрқалай естиді, әркім өз шамасынша түсінеді, әртүрлі қабылдайды, басқа адамға естігенінен басқаша жеткізеді, мұны қате екенін өзі де білмеуі мүмкін. Сондықтан естіген сөзіміздің барлығын шын деп қабылдауға болмайды. 



Тренинг соңына қарай қатысушыларға әртүрлі қанатты сөздер жазылған қағаз таратып беріңіз. Тек мұнда авторы көрсетілмеуі тиіс. Шарты: осы нақыл сөздің авторы кім екенін өзі тауып не гуглге жазып, сол тұлғаның өмірбаянымен танысуы тиіс. Әр тұлғаның өмірінде үлгі аларлық, мотивация боларлық қасиеттер

«Оқушыларға арналған теренинг "МЕЙІРІМДІЛІК"»


Оқушыларға арналған тренинг сабақ
Тақырыбы: «Мейірімділік»
Тақырыбы: «Жеке адам және өзін - өзі тәрбиелеу»
Тақырыбы: «Мінез – көңіл – күй айнасы»



Тақырыбы: «Мейірімділік»
Мақсаты: Жеке тұлғаның өзіндік қарым – қатынасын дамыту, 

бойына жағымды қасиет сіңіру.

Тренинг барысы:

1. Танысу тренингі.

- оқушылар шеңбер бойынша өздерін таныстырады.

2. Сағат тілі тренингі.

- сағат суретін салады.
- жұптасады.
- сұрақ қойылады.
- өз ойларын айтады.

12.00 – Сіздің сынып серуенге шығуға жиналды, бірақ сіздің жан досыңыз ауруханаға түсті де сол күні оған барып шығу керек болды. Сіз ауруханадағы досыңызға барасыз ба немесе сыныптастармен досыңызға барасыз ба?

15.00 – Аялдамада сізбен бір әже сөйлесті. Сіздің сөйлесуге көңіліңіз жоқ. Сіз мейірімді, жылы жүзді болу ниетімен әңгімені жалғастырасыз ба немесе үзіп жібересіз бе?

18.00 – Сіз мысықтың баласын үйге келе жатырғанда тауып алдыңыз. Бірақ ата – анаңыз оны үйге әкелуге рұқсат етпейді. Егер сіз мейірімді болсаңыз, сонымен қатар ата – анаңыздың қойған талабын бұзбай сіз қандай қылық жасаған болар едіңіз?

21.00 – Сіз жек көретін адам сізге мейірімділік жасады. Сіз оның қылығына қалай жауап берер едіңіз?

3.Эмоция тренингі.

- Оқушылар шеңберге жиналып, эмоция түрлерін мимикамен көрсетеді.
4. «Мейірімділік» тренингі.

- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды 
2. Сергіту сәті.

- өлеңмен танысады.
- өлең жолдарына өз ойларымен әуен, қимыл шығарады.
- топпен айтады.

Біз тамшымыз, біз тамшымыз мұхиттағы
Бір теңіздің , бір теңіздің толқыны
Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен
Бәрімізде бір жанұя боламыз

Бір бұтақпыз, бір бұтақпыз бақшадағы
Бір теректің, бір теректің гүліміз
Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен
Бәрімізде бір жанұя боламыз

2. Жүректен жүрекке тренингі
- Оқушылар бір – біріне тілек жазып, тілектерін оқиды

----------------------------------------------------------------------------------------------------

Тренинг сабақ
Тақырыбы: «Жеке адам және өзін - өзі тәрбиелеу»

Мақсаты: Жеке адам, адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттер, 
өзін -өзі тәрбиелеу туралы мағлұмат беру.

Тренинг барысы:

1. Оқушыларға сұрақ қойылады

Жеке адам дегеніміз кім?
Оқушылар өз ойларын айтады.

2. Оқушыларға мұғалім адам ғұмырының кезеңдері туралы мағлұмат береді

Адам ғұмырының 7 кезеңі

0 – 12 жас балалық кезең 

13 жас – 25 жас жастық кезең

25 жас – 49 жас ересек кезең 

37 жас – 49 жас мосқал кезең

49 жас – 61 жас кәртаң кезең

61 жас – 73 жас кәрілік кезең

73 жас - 85 жас қарт кезең

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу - тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Жалпы өзін - өзі тәрбиелеу мақсатында әрбір адам ең алдымен өз бойындағы жағымсыз қасиеттен арылуы тиіс. Атап айтсақ: сараңдық, пайдакүнемдік, екі жүзділік ұстамсыздық, күншілдік, жалқаулық, тәкаппарлық т.б. қасиеттер болуы мүмкін. Сонымен қатар 1 адам өз бойындағы тұйықтықтан , 2 – ші адам орынсыз ұялшақтықтан арылғысы келеді? 
Ал, сіздер өз бойларыңызда жағымсыз қасиеттер бар деп ойлайсыздар ма?

Оқушылар өз бойларындағы жағымсыз қасиеттерді атап, қағаз бетіне түсіреді. Жазған қағазды жағымсыз қасиеттерден арылу үшін ұсақтайды.


3. «Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тренингі

Әр адамның алға қойған мақсат – мұраты, тілектері болады. Бойына жақсы адами қасиеттерді дарыта алғандар ғана өмір жолындағы қиыншылықтарға қарамастан шыдамдылық танытып, өзін - өзі тәрбиелеп мақсатына жетеді. Ал адам бойында болуға тиісті 20 құнды қасиет бар. Адам қасиеттердің қайсысы өз бойында бар деп ойлайсыздар . Соны белгілейміз.

Адами құнды қасиеттер Менің бойымдағы құнды қасиеттер
1. Өмірге риза болу
2. Ақылдылық
3. Ұқыптылық
4. Кең пейілділік
5. Қарапайымдылық
6. Әділдік
7. Ашықтық
8. Өз бетінділік
9. Принциптілік
10. Шыншылдық
11. Өзіне сенімділік 
12. Еңбекқорлық 
13. Батылдық 
14. Тұрақтылық
15. Төзімділік
16. Сабырлық
17. Тіл табысушылық
18. Саналылық
19. Бауырмалдық
20. Сыпайылық


4. Жақсы қасиетке иелену, жақсы адам атану өз қолымызда. Сол себепті мен сендерге өзін - өзі тәрбиелеуге арналған бетшелер таратамын.

1.Ерекше сабырлылық, ең болмағанда сырттай сабырлы болу.
2. Сөз бен істе әділ болу
3. Қимыл – қозғалыстың ақылға қонымдылығы
4. Тоқтамға тез келе алу
5. Өзің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау
6. Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу
7. Қажетті, не ұнамды нәрсеге ғана бой ұсыну, көрсеқызарлыққа салынбау
8. Әр кез өзің істеген іске мұқият есеп беріп отыру
9. Еш уақытта да өткендегі, не қазіргі, не алда болған ісіңмен мақтанбау
10. Ешқашан біреуге жамандық ойламау

----------------------------------------------------------------------------------------

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!