Материалдар / "Психологиялық тренинг"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Психологиялық тренинг"

Материал туралы қысқаша түсінік
ңдаушылардың жан дүниесіне сенім ұялату.» Н.Г. Чернышевский 31. «Айқын түсінбегенді айқын айта алмайсың» Аристотель 32. «Айқындық — сөздің басты артықшылығы» Қорқыт. 33. «Айтар сөзді алдымен ойлап ал» 34. «Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны артық» 35. «Көңілі пасық ерде дәулет болмас» 36. «Тәкаппарлықты тәңір сүймес» Ж. Баласағұн 37. «Ақыл мен білімнің тілмашы — тіл» 38. «Бала нені білсе жастан, ұяда өле өлгенше соны таныр қиядан,» 39. « Көз жітік, құлақ сақ, көңіл кең болуы керек.» 40. «Сөз адамды ұлы қылады, масқара қылады. Алтын күміс жыйған адам бай емес, сөз білген адам бай» С.Сарай. 41. «Ақылды адам сөзді орнымен айтын, жөнді жауап күтеді». 42. «Нағыз дос құлап жатқаныңда қолтығыңнан сүйрейді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
661
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағаты 
«Салауатты өмір салты» 


Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру 
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: оқушылардың газеттері, түрлі түсті қағаздар, жіп және т.б.

Сабақ түрі: Ашық тәрбие сағаты.

Сабақ әдәсі: Интерактивті,баяндау,сұрақтар арқылы.
Сабақтың мақсаты
1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; 
2. ой - өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; 
3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 
Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. 
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. 
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.

-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз. 

1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу. (Түрлі –түсті қағаз арқылы )
1- топ «Денсаулық» 
2- топ «Салауат»
 
Ұраны: «Денсаулық –зор байлық». 
Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі» 
2. Әділ қазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: 
Бүгінгі сайысымыздың негізгі кезеңімен таныстырып өтейін:

І -«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. 
ІІ- Мақал-мәтелдер жарысы. ІІІ -Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды. 

IV-тапсырма: Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .

V- Мимикалық ойын (Кракодил)

VI -Сұрақ-жауап:

І-тапсырма бойынша:

«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. (2-минут)

топ: 1. Д...... і (дәрі) 
2. в...та...н (витамин) 
3. ....ны.....у (шынығу) 
4. с....ау......т (салауат) 

2- топ: 1. Г...и...на (гигиена) 
2.ту...ку....ез (туберкулез) 
3. тұ......у (тұмау) 
4. д... ау.... қ (денсаулық) 



Күннің шуағы деп аталатын қысқаша ойын түрінде яғни бір оқушы шығып кун болады қалғаны сол күннің жақсы шуағын жылуын келтіретін тақырыпқа сай қағаздарды алып іледі немесе тұрады.

ІІ-тапсырма «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық, ауру туралы мақал – мәтел ауызша. Кезекпен .5 мақал-мәтел.

ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ



1.Денсаулық зор байлық.

2.Тазалық — саулық негізі.

3.Бірінші байлық — денсаулық,

Екінші байлық — ақ жаулық,

Үшінші байлық — он саулық

4.Аурудың алдын ал.

5.Демі бардың емі бар.

6.Көзің ауырса, қолынды тый,

Ішің ауырса, тамағың тый.

7.Көкірек ауру күле кетер.

8.Ауру аздырады,

Суық тондырады.

9.Ауру кісі күлкі сүймес,

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

10.Ауру батпандап кіріп,

Мысқалдап шығады.

Мақал мәтелдің жалғасын тап:

1.Дауды елемеген төлейді,

Ауруды елемеген өледі.

2.Іздеп алған аурудың емі табылмас.

3.Жасыңда салақ болсаң,

Бара-бара былық боларсың.

4.Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

5.Ауру желмен келіп, термен шығады.

6.Сырқат - тән жарасы,

Қайғы - жан жарасы.

7,Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.

8.Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

9.Демі бардың емі бар.




ІІІ -тапсырма

  1. топ: Денсаулықты нығайту жолдары. (спорт,шынығу,таза ауада серуендеу жақсы тамақтану т.б.)

  2. 2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. (Темекі,нашақор,арақ, және т.б.)

IV-тапсырма
Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .(5 мин)
1- топ: 
................................................баламыз, 
.................................................аламыз. 
..................................................... 
.................................................санамыз. 
2-топ: 
................................................күлеміз, 
.................................................жүреміз, 
....................................................... 
...................................................сүреміз. 






V Мимикалық ойын:

  1. Темекі зиян екенін көрсету.

  2. Арақ,есірткі шеккен адам. Бейнесін көрсету.

  3. Таңғы жаттығулар немесе спортпен айналысу.

  4. Таза ауада серуендеу.

VI Сұрақ-жауап:

I топ - Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді. Бірақ сен оны білмейсің. Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не істейсің? Достығың жалғаса ма?
II топ - Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығыңыз жалғаса ма?
Ортақ сұрақ қою: Сенің жан досың бар. Бірақ оның араласатын достары есіркі,арақ,темекі шегетін ортамен араласады, сенің ойын қандай және сен ол досыңмен ара қарай араласасыңба әлде сен оған кеңес бересіңбе.

Ойларыңа рахмет балалар. Дұрыс шешімдер қабылдап шықтыңдар деп ойлаймын.
Бекіту: Тренинг «Өрмекшінің торы...» 
Тренинг «Денің сау болсын десең...» 
Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды. 
VII Қорытынды: 
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.



















































Сынып сағатының тақырыбы: Салауатты өмір салты

Сынып сағатының мақсаты:

Білімділігі:Салауатты өмір салтын сақтау,оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.

Дамытушылығы: Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.

Тәрбиелігі:Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.

Түрі: ашық сынып сағаты

Әдісі: ойын, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап, плакаттар.

Көрнекілігі: Суреттер, дәрігер салауат

Тәрбие сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылардың дайындығын қадағалау.

-назарын сабаққа аудару.

Мұғалім: Күндей жарқырап,

Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі  тәрбие сабағымызды бастайық.(Оқушылар орнынан тұрады)

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос

Міне, менің қолым.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан -2030 »

стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал –ахаулы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.

  Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізіліп отырған « Салауатты өмір біздің болашағымыз »атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Бүгінгі тәрбие сағатында екі топқа бөліну  арқылы өз білімдерімізді ортаға саламыз.

1-топ: Алма

2-топ Алмұрт

Бүгінгі сайысымыздың мақсаты-« Бірінші байлық-денсаулық » деп

дана  халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.Зиянды әрекеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.

Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көптің жүзін білненше,

Бірдің атын біл.

1.   Таныстыру.  Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

2.   «Бірінші байлық –денсаулық » сұрақ жауап кезеңі.

1 –топқа     1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.

Денсулық салауатты өмір  салты туралы ғылым.

3.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

 Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.

4.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?

5. Денсаулыққа  не зиян?/ Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу /

6. Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.

2-топқа    1.  Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?

2.Біз не үшін тамақтанамыз?  Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

3.Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіндер

4. Кандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

5. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?

6.Үстел басында өзіңді қалай ұстауың керек?

 3.   Дені саудың –жаны сау

Жігерің бар, талабың бар қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар әлі алда солмайтын-дей отырып, мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру.

Дене қимылы-дәрісіз ем,

Шыныға жүріп дертті жең.

Таза болса- табиғат,

     Аман болар –адамзат.

    Жалқаулық-жаман ауру.

    Шынықсаң, шымыр боласың.

4.   Ситуациялық жағдайлардан шығу.

1-   жағдаят:

Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол

 « Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

2-жағжаят:

Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

- Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?

5.   Білігіңе сенбе, біліміне сен! Жұмбақ шешу

Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз.  ( он саусақ)

Асқар тауда қара орман (шаш)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады? (күн)

Жеп көріп ем мен,

Жас шығарды көзімнен / пияз /

Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті. / қарбыз/

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.  / алма /

Тәтті жемістердің бірі,

Қауақтың кішкентай түрі.

Ай бұтаққа ілінді,

Айтыңдаршы, кім біледі.  / алмұрт /

Дәмі де жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. / су/

  Дидактикалық ойын: « Егер де..-не болар еді? »

-Егер де күн болмаса не болар еді?

-Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді.

-Егер де су болмаса не болар еді?

-Шөптер құрғайды, шөлдейміз.

-Егер де ауа болмаса не болар еді?

- Дем ала алмаймыз.

-Ендеше бізге балалар күн, ауа, су өте қажет екен.

--Балалар , дүнеиде ең басты нәрсе, ең басты байлық не екен?

-Денсаулық

Аслан:

Шыныққан шымыр денеміз,

Күн сайын өсіп келеміз.

Денсаулық- 5 сабақ -5

Деп рапорт береміз!

Сардар:

Суық қардан онша қорқа қоймасаң,

Шынығасың таза ауада ойнасаң.

 Осы кезде спортпен шұғылданып,

Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.

Нұрай: Дені сау адам ақжарқын, көңілді және іскер болады. Оның жұмысы алға, өнері биікке көтеріліп, отбасында тыныштық орнайды.

Берік:  Денсаулық-адамға табиғаттың берген құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілмен сақтап, нығайтуға болады.

Аяулым:

Спорт біздің досымыз,

Күш қайрат сыналған.

Спорт біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған

Анель:

Денсаулық ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Ералы:

Басты байлық-денсаулық-

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

Нұралы:

Денсаулық –ол шыныққан

Барлық денең мүшесі

Денсаулық –ол тыныққан

Жүйке-тамыр жүйесі.

Алишер: Салауатты өмір салтын қолдайық,

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық,

Өз өмірің өз қолыңда, ей , балалар,

Су ішпеген гүлдей болып қалмайық,

  Әділет:

Біз өмірді таңдаймйз,

Біз өмірді қолдаймыз. 

Әрқашан бар ынтамен,

Салауатты қолдаймыз.

Айым: Денсаулық табиғаттың адамға берген ең үлкен байлығы.

Мейрамбек:

Денсаулықты сақтайық.

Шынығайық баптайық

Сынып сағатын қорыту:

Салауатты өмір салты біздің болашағымыз тақырыбында газет шығару.

Сабақ сонында екі топты мадақтау. Денсаулығымыз мықты болу  үшін аурудан алдын-ала сақтану керектігін, спорт шұғылдану, сонымен қатар қоршаған ортамен біздің денсаулығымызға берері көп екенін білдік

 

 

 

 











«№5 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ







Тақырыбы:

«Жолда сақ бол, балақай!»





Дайындаған:Баисова А.М.

бастауыш сынып мұғалімі





2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: Жолда сақ бол, балақай!
Сабақтың тақырыбы: Жолда сақ бол, балақай!
Мақсаты: білімділік: – ойынды тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып жолда жүру ережесімен таныстыру, жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, білім-білік жағдыларын қалыптастыру, жол бойында өзін дұрыстап жүруге, сабырлыққа тәрбиелеу, бағдаршам және көшедегі жол белгілерімен таныстыру;
Дамытушылық – сөздік қоры, сөйлеу мәнері, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік – жолда жүру мәдениетіне үйретіп, сақтыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, еденге арнай салынған жол, үнтаспалар, тақырыптық суреттер мен плакаттар, жол белгілері.
Сабақтың барысы
Кіріспе.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазіргі таңда балалардың өмірін кездейсоқжол-көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор мәселелердің бірі болып отыр.Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда – жол қауіпсіздігі ережелерін оқушылардан сұрай отырып, көлік түрлерін дұрыс атауды, жолдың ортасындағы ақжолақ, тротуар жөнінде, сондай-ақ балалар арасында жолда жүру ережелерін насихаттау.

Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын айтпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға сабағымыз басталады сәлемменен

І-бөлім
Сұрақ-жауап кезеңі.
-Балалар, біз үнемі тротуардан шықпай жүре береміз бе?
-Жолдардан да өтеміз.
-Жолдардан қалай өтеміз?
-Бағдаршам арқылы өтеміз.

Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда

Сары жарық: Сары шамы жағылса,
Сақ, абай бол барынша!

Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық,
Зымырай бер бел асып.

Бағдаршам: Менің атым «Бағдаршам »мекен жайым тұрақты
Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін сұрақтан,
Жол сілтеймін белгі біткен бөлінеді топтарға
Адастырмай алып барады жақын етіп жырақты.

Бағдаршам: Бейғам кісі – бейбақ,
Болғын алғыр бала
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда.

Аружан: Ирек-ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де
Үйренесің біртіндеп
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
Ән: Хормен ( Бағдаршам )
Балалар, біз жол бойынан бетонға қалдырылған дөңгелек, щеңбкр, үшбұрыш және басқа белгілерді көреміз, олар қандай белгілер деп ойлайсыңдар?

Ескерту белгісі – қызыл жолақпен көмкерілген тең қабырғалы үшбұрыш.
Тыйым салу белгісі – қызыл жолақпен көмкерілген, сары түске боялған дөңгелек.
Анықтама белгісі – көк түсті дөңгелек.
Нұсқау белгісі – көк түсті төртбұрыш.

Сонымен белгілер неше топтан тұратын болды?
Жол елгілері төрт топтан тұрады екен. Осы топтарға байланысты өлеңдерді еске түсірейік.

Ал кәнекей үйренейік біз де жүру тәртібін,
Ережені жақсы білер бар кімің?
Кім айтады жол белгіс неше топтан тұрады?
Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріпешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Ескерту белгісі – қып-қызыл үшбұрыш.
Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол» деп сәт-сапар жолдаған
Аман-сау жүреді жаяу да көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.


Тыйым салу белгісі: Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты,
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты

Анықтама белгісі: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті,
Барлығын анықтаптұрамын жолыңда
Абай бол, шартымды, міндетті орында!

Нұсқау белгісі: Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым

Ойын: « Қызыл,сары, жасыл »

ІІ-бөлім « Кім жылдам? »
Жұмбақтар шешу

Бұйырмапты бас та, ауыз да,құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам )

Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. ( Жол )

Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған. ( Автоинспекция қызметкері )
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.

Сөйлегенді білмейді, 
Бірақ « Тоқта, жүр »-дейді. ( Бағдаршам )

ІІІ-бөлім « Үйренейік, білейік »
Сурет бойынша жауап беру.
1. Жүргізуші деген кім? (Көлік жүргізуші адам) 
2. Бағдаршам жоқ жерден қалай өтеміз? ( Әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз.)
3. Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты қалай атаймыз?
( Ақжолақша)
4. Автобус тоқтайтын орын. (Аялдама )

Қорытынды: 
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер жарақат алады.

Басталар әр қадамның аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен
.





















Тақырыбы:Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі
Мақсаты:

І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,

буклеттер,карта,мақал-мәтелдер, Отанын,жер туралы нақыл сөздер. Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.
Сабақ барысы:

Әнұран орындалады

Кіріспе бөлім:

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?

Өйткені, «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» – бұл бізге бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігіқажет дегенді білдіреді.

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан дегеніміз не?

-Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.

– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз,  Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.

Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:

1. Отан отбасынан (басталады)

2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)

3.  Отан- елдің анасы,  (Ел- ердің анасы)

4. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).

5.  Отанды сүю- (отбасынан басталады)

6.  Отан оттан да (ыстық)

«Отан» жайлы тақпақтар

Әли: Отан менің ата-анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем Астанам

Отан аудан ауылым

Парасат:  Отаным алтын бесігім

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Ер жеткен кезде есімде

Ақерке:Отан, Отан бәрінен биік екен

Мен сені мәңгілікке, сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...

Жарайсыңдар балалар! Отан жайлы көп біледі екенсіңдер.

Отан –жерім,Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді..

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.Ендеше, тәрбие сағатымызды бастаймыз.

«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек,қасиет тұтуымыз керек.Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын,Елтаңбасын,Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы,біздің ең киелі құндылықтарымыз.»

Н.Ә.Назарбаев.

1.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

2.Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұғыш Президенті болып қашан сайланды?

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

ҚР Конституциясы - 1995 жылы 30-тамызда қабылданды.

Елім үшін, жерім үшін жан пида

Республикам, Отаным, Атамекенім

Арай : Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Бүгінгі бізің сынып сағатымызда үш топ жұмыс істейді, олар «Көк аспан» тобы Мемлекеттік Ту туралы, «Алтын дән» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы және «Қыран»тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған дерекеріңізді ортаға сала отырып, топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер туралы жобамызды қорғап шығамыз.Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Биыл 24 жыл .Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.


2-бөлім: Туымен-Тұғырлы, Елтаңбасымен- Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!

«Көк аспан» тобы тұғырлы Туымыз туралы жинаған деректерін ортаға салады.   

Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс даму,өсіп өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек алтын түсті.

Мұғалім:
- Міне, балалар, өздерің айтқандай, мемлекеттік туымыз бүгінде Б¥¥- ы ғимараттарының алдында, әр түрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал алпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп қуантып жатқаны қаншама.
Біздің мектептегі өмірімізде де мемлекеттік ту ерекше орын алады.

Медина:                                          Ақерке:      

Айнымайды аспаннан                  Мереке бүгін бақ күні

Біздің тудың бояуы                       Егеменді елімнің

Оны халық қашанда                    Желбірейді көк туы

Биікке іліп қояды.                        Түсіндей боп көгімнің

Ән:Көк тудың желбірегені

«Алтын дән» тобы еңселі Елтаңбамыз туралы: 
Біздің  Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.Елтаңба негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі.
Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

(Экраннан мемлекеттік ту тігілген ғимараттар мен мекемелердің суреттері көрсетіледі)

                                Елтаңба

                       Өр қанатты сұңқардың

                       Қанатымен шырқар кім?

                       Қазақстан – Отаным,

                       Әлем білген атағын.

                       Жарқыраған әр таңда

                       Мемлекеттік Елтаңба.

Ән: Елтаңбасы елімнің

«Қыран» тобы асқақтаған Әнұран.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде

«Менің Қазақстаным»  әні 10 қаңтарда 2006 жылы,  Елбасын  ұлықтау рәсімінде орындалды.

Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

3- бөлім: Ш/т:

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран

Ел                                           Бай                                       Ән

Таңба                                      ай                                        Ұра

Таң                                          қар                                      Ұн

Аң                                           ар                                         нан

4-бөлім. «Кім зерек?» тапсырмасы.

М ұғалім: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)

4.ҚР Мемлекеттік ту қандай жерлерге ілінеді?

Мемлекеттік Ту ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары Сотының және басқа да соттарының, бас прокуратурасының, Ұлттық Ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай - ақ еліміздің дипломатиялық және сауда өкілдерінің, Конституциялық мекемелерінің орналасқаи жерлерінде ұдайы тігіледі.(Экраннан мемлекеттік ту тігілген ғимараттар мен мекемелердің суреттері көрсетіледі)
5.Өскемен қаласына барғанда қай жерлерден ілулі тұрған туды көрдіңдер?
6.Біздің ауылымызда ше?

5-бөлім. Білімдінің көзі ашық.

 – ҚР тәуелсіз мемлекет пе?

 – Еліміздің бас қаласы

 – ҚР президенті

 – ҚР туының авторы 

 – ҚР елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы.

 – Әнұранымыздың авторлары: Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 Сөзін жазғандар:   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.

 – Еліміздің көрікті жерлері

 – Отан туралы өлең

 – Отан туралы мақал-мәтел

 -  ҚР  мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген.  Нешінші бабында?    9 бап.

-  Әркім  республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.Нешінші бапта?   34 бап 

Мұғалім.
- Қазір бәріміз орнымыздан тұрып біздің еліміздің Мемлекеттік әнұранын орындайық.



 Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!
































Атырау қаласы №23 орта мектебінің 3 «б» сыныбының «Отты жылдар шежіресі» атты тәрбие сағатынан.

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Отты жылдар шежіресі»

Мақсаты:Оқушыларды өжеттіке,Отанды сүюге,адамгершілікке,патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:Интератив тақта,шар,гүлдер,жазылған ұлағатты сөздер,тақырып мәтіні,көрме.

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар! 3 «б» сынып оқушыларының қолдауымен «Отты жылдар шежіресі» атты ашық тәрбие шарамызға қош келдіңіздер!

2 жүргізуші:-Ия, Ұлыжеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.Сондықтан біз үшін бұл күннің маңызы өте жоғары.

(1,2,3, слайд, марш өлең)

Мұғалім. 4 слайд оқу. Бейнеролик (Соғыс туралы)

1 жүргізуші. - Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап,1418 азапты күнді мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен,қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

- -Енднеше бүгінгі «Отты жылдар шежіресі» деп аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске,Жеңіс себепкерлеріне арналады.

2жүргізуші -Ия,Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады.Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

1жүргізуші: -Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес.Соғыста

27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты.Соның ішінде 410 мыңы Қазақстандықтар болды.

Келесі кезек оқушыларға беріледі

Ислам.

-Сен құрметте оны,

Түсіндің бе қарағым.

Ол ақшаға сатқан жоқ.

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Ол жауға қарсы шапты.

Бізді жалмамақ болған ажалды,

Өр кеудесімен қақты.

Сен құрметте оны!

З.Асылай

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып,қар төсеп,

Мен жатырмын далада.

Ұлан

Қалғымасын шекарада тұрған

Айналмасын ешқашан да мұңға шер.

Ескерткіштер орнатады ерлерге

Бейбіт өмір салтанатын құрған ер.

2жүргізуші: -Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында. (Бейнеролик)

Аманжан

-Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте Қазақстандықтардың үлесі зор болды.

Камилат:

Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлыболған.

1 жүргізуші: -Алматыда жасақталған 28 Панфиловшы батырлардың ерліктері ше?

1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясынжасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары құрады.

Расул.-Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды.

-Ашу мен кек оятты ел намысын,

Әйелдер төкті терді майдан үшін.

Сұрапыл соғыс әлі бітпей қойды.

Сеніммен күтті халық жеңіс тойды.

-Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.



ответил от Surak_zhauap

Комментировать

0голосов

2 жүргізуші -Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:

Бауыржан Момышұлы,Мәлік Габдуллин,Төлеген Тоқтаров.Қазақ батырлары Сталингрд үшін шайқасты.

1 жүргізуші.-Қазақ халқының қаһарман батыр қыздары Әлия мен Мәншүк,ұшқыш Хиуаз Доспанова.

2 жүргізуші: Оқушылардың орындауындаӘн «28 батыр» Хор.

Жаңғырып орны жараның, (Камилат)

Жазылып әлі кенткен жоқ.

Жоғалтқан ұлын ананың.

Көз жасы әлі кепкен жоқ.

Жабысып соғыс суығы.

Денеде жатыр дерт болып.

Шырпыдай жанған шыбығы,

Елестер орман өрт болып.

Тауларды бомба төңгеріп. (Расул)

Өмірге оқтар дақ салған.

Жетпіс те өлең өртеніп,

Жетпіс те шашты ақ салған.

Жорыққа бүгін шықты жұрт. (Айдын)

Жоюға соғыс тұманын.

Тыңдады дүние тік тұрып,

Коммунистер ұранын.

«Түспесін ауыр,басқа күй,

Болмасын соғыс қанды апат.

Қалмасын жетім жас сәби

Болмасын жесір махаббат.»

Күш қуаттың бойында тасқыны бар. (Толғанай)

Мұқалмайтын төзімді достығы бар.

Талай тарих таңғалып куә болған.

Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.

1-жүргізуші: -«Ұлын күткен 40 жыл» көрінісіне назар аударыңыздар!

(Немересі әжесінің қасында сурет салып жатады.Әжесі ұршық иіріп отырады.Радиодан А.Қоразбаевтың «Қара кемпір әңі» баяу естіліп тұрады.

Немересі: -Әже мына ән қандай зарлы,қандай мұңды бұл кім туралы айтылып жатыр?

Әжесі: -Е,шырағым бұл соғыс кімдерді жылатпады,кімдер жыламады? Бұл ән қос егіз ұлын осыдан 40 жыл бұрын соғысқа аттандырған қос боздағын жоқтаған бейбақ ананың үні.Ол ана осы Жамбыл облысы,Жуалы ауданында тұрып келді.Қос боздағын күткен ғазиз ана сол жердегі «Қызыл сай» деген төбеге шығып күнде келе жатыр ма деп күтіп жүреді екен. Қайтсін, 40 жыл болса да өлімге қимай қос ұлын күтумен көз жұмыпты.Соған шығарылған ән шырағым!

Немересі:

- Қандай қорқынышты,қандай қасіретті.Бұл соғысты ойлап тапқан гитлердің жүрегі жоқ-ау сірә.Қаншама адам,қаншама бейбақ соғыстың құрбаны болды десеңші.Ал біздердің ше?. –Жоқ,жоқ оны елестетудің өзі қорқынышты. –Мен соғысты жек көрем,жек көрем.

Әжесі: -Ия шырағым, мұндай алапат соғыс жойылсын,сендерден бұл күндердің беті әрмен.Соғысты ашқан жауыздарды халықтың қарғысы атсын деймін. (жылап,көзін сүртеді)

Немересі: -ия,мен соғысты жек көремін! «Мен соғысты жек көрем» (тақпақ айту)

2 жүргізуші:-Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін 45 бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды.Халық Отан ұғымын терең сезінді. «Ешкім де,ештеңе де ұмыт қалған жоқ» Осынау сөздер жеңіс мерекелеу кезінде жиі айтылады.

1жүргізуші:-Композиция «Соғыстан қайтқан солдаттар» (Ескерткішке гүл шоқтарын қою.)

2-жүргізуш: -1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев.(Қошқарбаев слайд)

Ойлап ойлап тұрдым көп. (Асылай)

Сұрау бердім білгім кеп.

Қуанышты мереке,

Жеңіс күні қай күн деп.

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын.

Бейбіт күннің бәрі де,

Жеңіс күні шырағым!

Ән:

Жеңіс келді ән болды. (Нұржан) (Жеңіс туралы бейнебаян,әуенмен)

Келді ауылға сән көрік.

Жеңіс келді,алақай.

Тойып жейтін нан болып.

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.

Көктем шуақ-тоғызыншы май күні.

Біздің ұлы жеңісіміз көктем ғой.

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Би. «Катюша»

Жасасын Жеңіс! (Асылхан)

Бақытты елім,күле бер!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер.

Болмасын соғыс,болмасын соғыс,

Болмасын!

Ән: «День победы» (слайд,музыка,қолдарын былғау)

1 жүргізуші: - Ия,Соғыс жан алып,жан беру,Соғыс халықтың басына келген қасірет,жұт.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 27 жыл толып отыр. (Слайд) « Ауған соғысы.»

2-жүргізуші: -1989 жылы.15 ақпанында талай аналарды,перзенттерінен айырған,мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де,қайғылы «Ауған соғысы» аяқталды.Жылдар өткен сайын жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.Еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Қазір ортамызда ардагер ұлдары қонақта.

Қонақтарға сөз берілді.

1-жүргізуші –«Ауған соғысы» ардагерлері біздің «Отты жылдар шежіресі» тақырыбындағы патриоттық тәрбиелік шарамызға хош келіпсіздер!

2-жүргізуші: -Армысыздар Ауғандық жауынгерлер, (Слайд,музыка)

Жырым бар жараланған жаныңды емдер

Өлгендердің жәнната болсын жаны,

Тірілерің мың жаса дәуірлеңдер.!

1-жүргізуші! - Ерлік қылған ағаларым, аспан, асты,жер үсті.

Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті.

Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,

Аттандыңдар,атқардыңдар соғысты.

2-жүргізуші. -Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды.

1-жүгізуші: -Жауынан қарсы келіп жасқанбаған. (Бейнебаян)

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолын өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң.

Ислам -Мен қазақтың ұланыңмын елімнің (слайд,музыка)

Мен қазақтың тірегімін жерімнің

Ұланыңмын туын көкке көтерер.

Болашаққа алға бастап жетелер

Қиындығын қазағымның әрқашан,

Қайыспастай қара нардай көтерер.

Нұржан- Елге қауіп төнбесін.

Егестен адам өлмесін.

Есен аман болайық.

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел! Шайқалмасын асқар бел. Шайқалмасын шалқар көл! (хормен)

-Жасасын жеңіс!

Бақытты елім,күле бер!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

Болмасын соғыс,Болмасын соғыс,Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Бәрі. Хор Ән «Бейбітшілік сақталады.»

2-жүргізуші: Осымен қымбатты,ұстаздар,қонақтар! 3 «б» сынып оқушыларының қолдауымен көрсетілген «Отты жылдар шежіресі» атты мектепішілік шарамыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға алғыс білдіреміз!

Өткізген сынып жетекші: Султангалиева Қоныр Тулеуовна

ответил от Surak_zhauap

Комментировать




Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
А.Меңдалыұлы атындағы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бектурганова Айтгул Сыдиыковна

Мақсаты: Болашақ ұрпақты аталы сөздерге құлақ асып жүруге тәрбиелеу. Бабаларымыздың айтып кеткен сөздерінің мағыналарын ашып түсіндіру.

Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
 
Бабалар сөзі  - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен  шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.
Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
 
- Үйде кім, елде кім қадірлі?
- Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі – депті жігіт.
- Жоқ балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй қу мазар, - депті қарт.
 
- Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
- Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, - депті жігіт.
- Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ана – үйдегі бақ, әке отыратын - тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы – депті қарт.
 
- Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Қонақтар мен оқушылар болып сайысқа  түсеміз. Сұрақтарға жауап беру кезегін алдымен қонақтарға береміз, соңынан оқушылар толықтырады.
 
Жерден ауыр не бар?
Судан терең не бар?
Оттан ыстық не бар?
Көктен биік не бар?
 
(Қонақтар жауабы сұралады)
 
Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім,
Судан терең дегенім – оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.
Көктен биік дегенім – тәккапардың көңілі
 
Алты алаш деген не?
- Алты алаш деген – Алаш ханның балалары – Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.
 
Дүниеде не жетім?
Жаңбыр жаумаса – жер жетім,
Басшысы болмаса – ел жетім.
Ұқпасқа айтылған – сөз жетім
     
Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты.
 
Дүниеде ең жақының кім?
Тату болса – ағайын жақын
Ақылшы болса – апайың жақын
Бауырмал болса – інің жақын.
Инабатты болса – келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың.
 
Дүниеде не қымбат?
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді – апаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
 
Дүниеде не қиын?
Арадан шыққан – жау қиын.
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын.
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын.
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың.
 
Енді біз сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды біз бастаймыз, қонақтар жалғастырып аяқтайды. Егер қонақтар жалғастыра алмаса, кезекті оқушылар алады. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылады.
     
(Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады)
 
1.  Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)
2.  Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)
3.  Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)
4.  Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)
5.  Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)
6.  Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)
7.  Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),
8.  Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).
9.  Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).
10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).
11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)
12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)
13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).
14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)
 
Осыдан соң сайыстың  қорытындысы шығарылады.
 
Қорытынды сөз: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай “Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан  да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.



Күні: 05.02.2018

Сынып сағаты

Тақырыбы

Аталар сөзі – ақылдың көзі

Мақсаты

Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қарттардың кеңесіне құлақ түре отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылар өнерін шыңдау.

Міндеттері

Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Күтілетін нәтиже

Әдет-ғұрып – қоғамдық жосық ережелерін дәстүрлі түрде белгілейтін көпшілік мақұлдаған тәртіп.

Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтетін, өткен ұрпақтардан қалған мұра.

Салт-дәстүр – тұрмыста дәстүрлер көрініс тауып, әдет- ғұрыппен белгіленген әрекеттер.

Ресурстар

Нақыл сөздер

Ұйымдастыру

Мұғалімнің іс- әрекеті

Бабалар сөзі  - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен  шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.
Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.


Оқушының іс- әрекеті

Ата салты – ардақты

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң

Тістерсің бір күн бармақты.

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз – дария

Көп өнеге сөзі бар

Сөзі соқпақ, өзі нәр.


Ынтымақтастық атмосферасы,топқа бөлу

Түрлі салт дәстүрлер бейнеленген суреттерге жазылған сөздер арқылы бір біріне игі тілектерін айтады.

Бір - біріне тілек айтады.

Ой қозғау

Адамның сәні- өнер-білімі ақылы,

Жердің сәні- жеміс, өнім дақылы.

Сөздің сәні - өнегелі өткір нақылы.

Пікірдің сәні- ең пайдалы мақұлы- деп сөздің сәні мақал-мәтелдер мен тиым сөзер айтамыз

Кезекті оқушыларға берейік

Отқа су құйма, түкірме.Себебі, кезінде ата-бабаларымыз отқа табынған.От өмір, тіршілік көзі саналған.

Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.

Қазақ түнде мал, адам санамайды.Себебе, басың кемиді деп есептеген.

Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе.Себебі, пышақ ұзарып кетеді.

Үйге қараай, үйді айналып жүгірме.

Күлді., тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.

Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама, тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.

Бас киімді лақтырма, теппе, басың ауырады.

Нанды шашпа, баспа, нан-өмір нәрі.

Туысыңа ит, пышақ сыйлама.Себебі, араз болып қалуың мүмкін.

Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.

Үш күн айтта кір жууға , шаш, тырнақ алуға болмайды.

Адамға ажал шақыратын мына ырымдар.Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатуға болмайды.

Мойынға бос арқан салмайды.Қамшының өрімін ұстап сабын жерге сүйретпейді.Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды.

Міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып шық.Себебі « таңғы тамақ тәңірден» деген сөз бар.

Өз ойларын ортаға салады, ортақ шешімдерін постерге түсіріп,қорғайды.

«Фишбоун» әдісі

Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Қонақтар мен оқушылар болып сайысқа  түсеміз. Сұрақтарға жауап беру кезегін алдымен қонақтарға береміз, соңынан оқушылар толықтырады.
 
Жерден ауыр не бар?
Судан терең не бар?
Оттан ыстық не бар?
Көктен биік не бар?

Алты алаш деген не?
- Алты алаш деген – Алаш ханның балалары – Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.
 
Дүниеде не жетім?
Жаңбыр жаумаса – жер жетім,
Басшысы болмаса – ел жетім.
Ұқпасқа айтылған – сөз жетім
     
Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты.
 
Дүниеде ең жақының кім?
Тату болса – ағайын жақын
Ақылшы болса – апайың жақын
Бауырмал болса – інің жақын.
Инабатты болса – келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың.
 
Дүниеде не қымбат?
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді – апаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
 
Дүниеде не қиын?
Арадан шыққан – жау қиын.
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын.
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын.
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың. ойнап, көңіл көтереді.

Сұрақтың жауаптарын балықтың қаңқасына жазады.

Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім,
Судан терең дегенім – оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.
Көктен биік дегенім – тәккапардың көңілі

Кім көп біледі?

Салт дәстүр туралы мақал мәтелдер айту

1.  Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)
2.  Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)
3.  Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)
4.  Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)
5.  Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)
6.  Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)
7.  Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),
8.  Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).
9.  Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).
10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).
11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)
12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)
13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).
14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)

Топтар мақал мәтел айтып жарысады.

Қорыту

Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай “Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан  да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.

Ойларын қорытады.

Бағалау

Бір бірінің жұмыстарын бағалайды


Рефлексия

«Бір ауыз айтайын» әдісі арқылы сабақты қорытындылау

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз! – деп бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Әр оқушы бір сөйлеммен сабақта алған әсерлерін,тақырып жайлы ойларын айтып шығады.


Күні: 05.02.2018

Сынып сағаты

Тақырыбы

Аталар сөзі – ақылдың көзі

Мақсаты

Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қарттардың кеңесіне құлақ түре отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылар өнерін шыңдау.

Міндеттері

Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Күтілетін нәтиже

Әдет-ғұрып – қоғамдық жосық ережелерін дәстүрлі түрде белгілейтін көпшілік мақұлдаған тәртіп.

Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтетін, өткен ұрпақтардан қалған мұра.

Салт-дәстүр – тұрмыста дәстүрлер көрініс тауып, әдет- ғұрыппен белгіленген әрекеттер.

Ресурстар

Нақыл сөздер

Ұйымдастыру

Мұғалімнің іс- әрекеті

Бабалар сөзі  - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен  шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.
Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.


Оқушының іс- әрекеті

Ата салты – ардақты

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң

Тістерсің бір күн бармақты.

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз – дария

Көп өнеге сөзі бар

Сөзі соқпақ, өзі нәр.


Ынтымақтастық атмосферасы,топқа бөлу

Түрлі салт дәстүрлер бейнеленген суреттерге жазылған сөздер арқылы бір біріне игі тілектерін айтады.

Бір - біріне тілек айтады.

Ой қозғау

Адамның сәні- өнер-білімі ақылы,

Жердің сәні- жеміс, өнім дақылы.

Сөздің сәні - өнегелі өткір нақылы.

Пікірдің сәні- ең пайдалы мақұлы- деп сөздің сәні мақал-мәтелдер мен тиым сөзер айтамыз

Кезекті оқушыларға берейік

Отқа су құйма, түкірме.Себебі, кезінде ата-бабаларымыз отқа табынған.От өмір, тіршілік көзі саналған.

Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.

Қазақ түнде мал, адам санамайды.Себебе, басың кемиді деп есептеген.

Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе.Себебі, пышақ ұзарып кетеді.

Үйге қараай, үйді айналып жүгірме.

Күлді., тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.

Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама, тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.

Бас киімді лақтырма, теппе, басың ауырады.

Нанды шашпа, баспа, нан-өмір нәрі.

Туысыңа ит, пышақ сыйлама.Себебі, араз болып қалуың мүмкін.

Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.

Үш күн айтта кір жууға , шаш, тырнақ алуға болмайды.

Адамға ажал шақыратын мына ырымдар.Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатуға болмайды.

Мойынға бос арқан салмайды.Қамшының өрімін ұстап сабын жерге сүйретпейді.Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды.

Міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып шық.Себебі « таңғы тамақ тәңірден» деген сөз бар.

Өз ойларын ортаға салады, ортақ шешімдерін постерге түсіріп,қорғайды.

«Фишбоун» әдісі

Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Қонақтар мен оқушылар болып сайысқа  түсеміз. Сұрақтарға жауап беру кезегін алдымен қонақтарға береміз, соңынан оқушылар толықтырады.
 
Жерден ауыр не бар?
Судан терең не бар?
Оттан ыстық не бар?
Көктен биік не бар?

Алты алаш деген не?
- Алты алаш деген – Алаш ханның балалары – Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.
 
Дүниеде не жетім?
Жаңбыр жаумаса – жер жетім,
Басшысы болмаса – ел жетім.
Ұқпасқа айтылған – сөз жетім
     
Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты.
 
Дүниеде ең жақының кім?
Тату болса – ағайын жақын
Ақылшы болса – апайың жақын
Бауырмал болса – інің жақын.
Инабатты болса – келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың.
 
Дүниеде не қымбат?
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді – апаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
 
Дүниеде не қиын?
Арадан шыққан – жау қиын.
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын.
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын.
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың. ойнап, көңіл көтереді.

Сұрақтың жауаптарын балықтың қаңқасына жазады.

Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім,
Судан терең дегенім – оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.
Көктен биік дегенім – тәккапардың көңілі

Кім көп біледі?

Салт дәстүр туралы мақал мәтелдер айту

1.  Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)
2.  Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)
3.  Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)
4.  Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)
5.  Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)
6.  Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)
7.  Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),
8.  Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).
9.  Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).
10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).
11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)
12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)
13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).
14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)

Топтар мақал мәтел айтып жарысады.

Қорыту

Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай “Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан  да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.

Ойларын қорытады.

Бағалау

Бір бірінің жұмыстарын бағалайды


Рефлексия

«Бір ауыз айтайын» әдісі арқылы сабақты қорытындылау

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз! – деп бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Әр оқушы бір сөйлеммен сабақта алған әсерлерін,тақырып жайлы ойларын айтып шығады.




Сабақтың тақырыбы:   Тәртіп — тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы.

 

Мақсаты:  Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру. 



Міндеттері: -өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі

                           мәнін түсіндіру;

                         -жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

                        -жақсылыққа,имандылыққа,адамгершілікке, шыншылдыққа,

                         қамқорлыққа тәрбиелеу.                                                            



Әдісі:   сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Түрі:     Саяхат сабақ

Көрнекілігі: медиапроектор, слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа

 

Семинар сабақтың барысы:

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.

І.Ауылдарға саяхат.(«Әдептілер»«Тәртіптілер»        «Мәдениеттілер»)

               ІІ.Ескірмейтін есті сөз (ұлылардың сөздері)

      ІІІ. Жалғасын тап ( Мақалдардың жалғасын табу)

             IV.Шығармашылық жұмыс.(Әдепті бала – арлы бала)

  1. Хаттар сырына үңілейік.

Сабақтың эпиграфы:
«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс… Мен көркі мен киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас
айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан-дүниесіне үңілсек – құдай сақтасын! Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара
болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың». Чехов А.П.

Мұғалім:

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар

 

Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса  маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.

Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатымиа жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса,әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді.

Мұғалім: -Қане, балалар, ұлы данамыз Әл-Фараби тәрбие туралы қандай өсиет айтқан екен?

Шолпан: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»

 Мұғалім: — Иә, балалар, адамға берілген тәрбиенің нәтижесі – тәртіп болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп аталады.

Біз тәрбие сағаттарымызды тәрбиенің 12 бағыты бойынша өтіп жатырмыз. Айтыңдаршы, қандай бағыттармен жұмыс жасап жатырмыз?

Оқушылар:

І. Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

ІІ.  Рухани – адамгершілік тәрбиесі

ІІІ. Отбасы тәрбиесі

  1. Өзін – өзі тану мен өзін – өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру

  2. Әлеуметтік – мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру

  3. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

Мұғалім:

-Балалар, коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағытын қалай түсінеміз? Тәрбиенің қандай тұстарын анықтайды?

Назиғат: — Тәртіп қағидасын анықтайды.

Шолпан: — Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуді дәріптейді. Әдепті болуға, ізетті, кішіпейіл болуға негіздейді.

Еркебұлан: — Сабақтан тыс уақытта көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландырады. Адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді.

Мұғалім: — Сонымен, балалар, бұл бағыттың мақсаты қандай?

 Мақсаты: Оқушылар мен  жастардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жасампаздық әлеуметін ашу, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Міне, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың қай бағытта,нені үйрететінін де білдік.  Бүгінгі тәрбие сағатымыздың түрі —  саяхат сабағы. Ендеше, мына тақтада көрсетілген карта бойынша ауылдарды аралап саяхатқа шығайық.

                         І кезең: Ауылдарға саяхат

 Оқушы:    —   Құрметті оқушылар! Біздің отарба «Әдептілер» ауылына келіп тоқтады. Тұру уақыты: 5 минут. Кешігіп қалушы болмаңыздар!

  • Ал, балалар, «Әдептілер» ауылында біз қандай қызықтарға тап болар екенбіз.

Шолпан: Әдептілік дегеніміз-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.

Маржан: Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды.Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

Қажымұқан: Әдептілік дегеніміз- әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да-әдептілік.

 

Ақерке: Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі- адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің – әуре сарсаң әлегің.

Абылай: Әдептілік- деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі,көпшіліке өзінің әдептілігін көрсетеді.

 

Бекзат:  Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені,сәлемдесу- бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

Мұғалім: — Ал, балалар, енді сендерге сұрақ қояйық.

1)-Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Шолпан: Әдептілікті біз үлкендерден үйренеміз. Ата-әжелеріміздің, ата-аналарымыздың,ұстаздарымыздың ақылын тыңдап,айтқандарын орындағанда ғана тәрбиелі адам болып өсеміз.

     2) -«Әдеп» пен «әдептілік» деп қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?

Аман: Әдептілік- деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі,көпшіліке өзінің әдептілігін көрсетеді.

     3) –Мектептен үйге жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

Маржан: Үлкен кісі алдымнан шықса алдынан кесіп өтпеймін,жол беремін, сәлемдесіп,баратын жеріне дейін көмектесіп апарып тастаймын.

Әдеп, ізет, иба да — Әдеп — алтын сабырың,
Шарайнасы жаныңның. Жетелейтін мұратқа.
Әдептіні сыйла да, Әдеп — талап, жалының,
Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа.

  • Құрметті оқушылар! Біздің отарба «Тәртіптілер» ауылына келіп тоқтады.

Мұғалім: Ия, тәртіптілер ауылының балалары қандай екен? Тәртіпті ме екен? Тәртіп туралы не айтады екен? Қане, тыңдайық.

Назиғат: «Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды»- деп Бауыржан атамыз бізді тәртіпті болуға шақырған.

Жәнібек: Тәртіпті бала сүйеніш

Төбең бір көкке жетеді

Ұрыншақ бала жанында

Ұрыс пен керіс айқай шу

Ұстамды бала маңынан

Ұнамды қылық байқайсың

Жансая: Әділ болу –адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

Ерасыл: Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына,тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

Нұртас: Қазақ халқының ерекше қадір-қасиеттерінің бірі-ұрпағының иманжүзді, адал да өжет,батыл да табанды, еңбекқор болуы үшін, обал мен сауапты білуі үшін олардың іс-әрекетін бақылап кейбір жаман қылықтардан,істерден тыйып отырған. Мұндай тәрбиеге мән беру адамдық қасиетті арттырып, жаманшылықтан сақтайды.

Феруза: Ашу шақырғанда, ең алдымен, тоқтау салатын – сабырлылық. Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де,екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез -құлқына  ие бола алатынын көрсетеді.

Назиғат: Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ.Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Мұғалім: Ал, балалар, тәртіпті, тәрбиелі болу – бәрімізге ортақ  қағида. Енді сұрақтар қояйық.

  • Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

  • Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың?

  • Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?

 

Жауап:

  1)Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік,бірін-бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік,өтірік айту, сабақтан қашу,ұстаздарды,ата-ананы сыйламау сияқты жаман қасиеттерді көп байқауға болады.

  2)Кей адамдар өте жалқау болып келеді.Еңбек еткісі келмейді. Ата-анасының тапқанын шашса болды,бос уақыттарын тиімді пайдаланбайды.Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып келеді.

  3)Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік,ұяты-күшті болуы керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам.

         «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде».(слайд)

 

  • Құрметті оқушылар! Біздің отарба «Мәдениеттілер» ауылына келіп тоқтады. Олар бізге не айтар екен?

 

 

Еркебұлан:Мәдениеттілік-адамның айнасы іспетті. Мәдениетті болу айналаңдағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу.

Ситора: Адам тумысынан жамандыққа үйір емес.Ол жылдар өте келе өніп шығады.Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты мәдениеттілік түрлері отбасынан басталады.

Айдана: Адам қандай лауазымды қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беруқажет.

Арман: Кешірімді болу, рұқсат сұрау, кешікпеу,ізеттілік көрсету – адамды мәдениетті болуға жетелейді.

Мұқасан: Рұқсат сұрау- адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау.

Айдос: Кешікпеу- бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн.Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік.Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

 

Мұғалім: Ал, балалар, мәдениетті болу – өзіңді сыйлы ету екенін түсіндік. Енді сұрақтар қояйық.

1)Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалаймыз?

2)Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба?

3)Адам адамнан несімен ерекшеленеді?

Жауап:

1)Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалай білуіміз керек. Адамгершілікке барлық қасиеттер саяды. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет.

2)Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау – ол үлкен ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге зияныңды тигізбеу, ешкімнің обалына қалмау.

3)Адам адамнан білімімен, тәрбиелілігімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі мінезімен озады.

 

Әдептілік деген не?(слайд)

                                                                           Сәлемдесу

                                                  Жол беру                                          Тәртіптілік

                                                                            Әдептілік

                               Кешірім сұрау                                                           Рұқсат сұрау

                                 қайырымды,мейірімді                                ата-ананы тыңдау

                                                                            Көмектесу.

 

 

                           ІІ кезең. Ескірмейтін есті сөз.

 

 

 

 

 

  1. Ақерке: «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» В.Г. Белинский.

  2. Жансая:«Ел боламын десең бесігіңді түзе» М.О Әуезов

  3. Айдос:«Әлемде адам тұлғасынан күрделі, одан бай ешнәрсе жоқ» В.А.Сухомлинский

  4. Феруза:«Бала ата-ананың тағылымымен өседі» М.О.Әуезов.

  5. Мұқасан: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» Әбунасыр Әл-Фараби.

  6. Бекзат: «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек,тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» В.Г.Белинский.

  7. Шолпан: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап,татып ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» Абай. (19-шы қара сөзінен)

 

  1. Еркебұлан: «Бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де, адамдардың жүріс —
    тұрыстары да жинақы, ретті, таза, әдепті, сұлу болуға тиісті.»
    Мағжан Жұмабаев

  2. Нұртас: «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды».
    Жүсіп Баласағұни.
    Қажымұқан: «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім — үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады» деген Шәкәрім

  3. Ситора: «Жақсы тәрбие мен ақыл күші болып, екеуі біріккенде — бұлар адамшылық                  қасиеттері болып табылады» Әл-Фараби

 

 

 

 

                                        ІІІ кезең. Жалғасын тап…

                        

                                   (мақалдардың жалғасын табу)

 

Әдепті бала-

Әдептілік белгісі-

Тәрбиелі адам-

Атаңа не қылсаң –

Жақсы бала сүйік-

Әдепсіз өскен адамнан-

Жеті атасын білмеген-

Ұяда не көрсең…

Ұлық болсаң –

Ашу –  …  , ақыл -…

 

 

                          

 

 

 

 

                         ІV кезең. Шығармашылық жұмыс.

 

                        (Әдепті бала – арлы бала)

Мұғалім: -Ал, балалар, үйден эссе жазып келіңдер дегенмін. Оқи қойыңдар.

 

Оқушылар шығармаларын оқып, плакатқа өз ойларын түсіреді. Жұмыстарын қорғайды.

 

 

Осыдан кейін тәртіпсіздік туралы видео көрсетіліп, талқыланады.

 

 

                            VI кезең. Хаттар сырына үңілейік

 

Мұғалім: Балалар,  мына біздің поштп жәшігімізге хаттар келіпті. Біреуін алып оқып көрейік.

Хатта былай делінген: -Құрметті достар! Мен жанұяда жалғыз баламын. Сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап еркелетеді. Әке-шешем менен ешнәрсені аямайды. Барлық зат оңай келетіндіктен мен өмірге жеңіл қараймын. Бос уақыттарымды көше кезіп бұзақылық жасаймын. Ұрлық та жасаған кездерім болды.  Бұның ақыры немен тынарын білмеймін. Ата-анам ешнәрседен хабарсыз. Егер білсе ше… Мені аямайды. Мен өмірден жалығып барамын.Ешнәрсе қызықсыз болып кеткен. Мен өмірімді қайтадан келтіру үшін не істерімді білмей жүрмін. Басым қатты. Достар, дұрыс жолға түсуге қандай ақыл-кеңес бересіңдер? Сендерден көмек күтемін. Сәлеммен Дарын.

 

Оқушылар  өз ойларын ортаға салады,ақыл-кеңестерін береді.

 

Үйге тапсырма: Хатқа жауап жазу.

 

 

Қорытынды. –Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.

Құрметті қонақтар, тәрбиелеген әрбір балаларымыз – еліміздің мәртебесін асқақтатар ұландары бола берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Балалар, сендер де әдепті, тәртіпті, мәдениетті оқушы болып, жарқын болашағымыздың ертеңі болыңдар!



Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы:

Тәртіп – тәрбие бастауы

Мақсаты

Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Жетістік критерийлері

Оқушылардың құқықтық сауаттылықтары дамиды, құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттіліктерін түсінеді.

Түрі

Пікірталас

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс- әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

І Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті оқушылар бүгінгі сынып сағатымыз «Тәртіп — тәрбие бастауы» атты пікірталас сабақ! Біз бүгін оқушы жасөспірімдердің мектептегі және мектептен тыс ережелері, құқық бұзушылықтары туралы айтамыз. Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктер белең алып бара жатыр. Қателік кімнен кетуде? Ата — анадан ба, мектептен бе, әлде қоғамнан ба? Мүмкін осы үш тараптың жауапкершілікті тең арқалай алмауынан болар… Біз бүгін осы тақырыпқа тереңірек үңілмекпіз. Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық түрлерімен таныстыру, құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.


Сабақтың ортасы

ІІ «Оқушы ережесі»

Оқушылар плакатқа оқушының мектептегі ережелерін жазып, жұмыстарын қорғайды.

ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы?» оқушылардың пікірін тыңдау.

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» романының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді.

Қожаның әрекетін оқушылар жиналысында талқылау.

— Қожа қандай әрекеттері үшін жазаланып отыр?

— Қожаның тәртібі мектепте қандай болған?

— Сендер Қожаның жолдасы болсаңдар, қандай көмек берер едіңдер?

Плакат










Қожаның өзіне — өзі есеп беруі.

— Бұл видеодан не түсіндіңдер?

— Күн сайын өзіне — өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме?

— Сендер өз — өздеріне есеп бересіңдер ме?

— Яғни тәртіпті бала қандай болу керек? Өздеріңді тәртіптімін деп санайсыңдар ма?

Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.

IҮ. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» (сұрақ-жауап.)

Мұғалім:

Тәртіпті бала сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді – дегендей, оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)

1)Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады? (Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік,бірін-бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік,өтірік айту, сабақтан қашу,ұстаздарды,ата-ананы сыйламау сияқты жаман қасиеттерді көп байқауға болады.)

2)Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың? (Кей адамдар өте жалқау болып келеді.Еңбек еткісі келмейді. Ата-анасының тапқанын шашса болды,бос уақыттарын тиімді пайдаланбайды.Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып келеді.)

3)Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің? (Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік, ұяты-күшті болуы керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам.)

4)Әдептілік дегеніміз? (адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да-әдептілік.)

5)Адам боламын деген бала не істеу керек? (барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды.Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар

6) «Әдеп» пен «әдептілік» деп қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?(Әдептілік- деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі,көпшіліке өзінің әдептілігін көрсетеді.)

7)Ашу шақырғанда, ең алдымен, тоқтау салатын қандай қасиет ? ( Сабырлылық. Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де,екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез -құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

8) Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер? (айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ.Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.)

9) Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба? (Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау – ол үлкен ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге зияныңды тигізбеу, ешкімнің обалына қалмау.)

10) Адам адамнан несімен ерекшеленеді? (Адам адамнан білімімен, тәрбиелілігімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі мінезімен озады.) 11)Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

V. Жалғасын тап… (мақалдардың жалғасын табу)

Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі- адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің – әуре сарсаң әлегің.

Ия, тәртіпті, тәрбиелі болу – бәрімізге ортақ қағида. Келесі кезекте, Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. Бүгінгі тақырыпқа байланысты мен сіздерге мақал-мәтелдер айтамын, ал сіздер жалғасын тауып айтасыздар. -Әдепті бала- (арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.)

-Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)

-Атаңа не қылсаң – (алдыңа сол келеді.)

-Жақсы бала сүйік- (жаман бала күйік)

-Жеті атасын білмеген- (жетесіз)

-Ұяда не көрсең… (ұшқанда соны ілерсің)

-Ұлық болсаң – (кішік бол)

-Ашу – … , ақыл – (дұшпан, дос, ақылыңа, ақыл қос.) -Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)

-Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)

-Ақырын жүріп………….. (анық бас)

-Асыл тастан………… (өнер жастан)

-Ұрлық түбі………….. (қорлық)

-Әдепті бала……………….(арлы бала)

-Тәрбие………(отбасынан басталады)

-Әділ істің……..(арты игі)

Қорытынды: Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.

Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.

Интер. тақта

Сабақтың соңы

Кері байланыс: оқушы есебі .(стикерлерге жазып, тақтаға жазады.) ( Өздеріңді алдағы уақытта қалай ұстар едіңдер? Өздеріңнің бойындағы кемшіліктерің туралы байқасаңдар стикерлерге түсіріп, алма ағашына іліп қойыңдар.)

Стикер





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!