Психологиялық тренинг.
Тақырыбы «Кел ойнайық»
№2 Оңалту орталығының
педагог-психологі
Доскеева Гулзат
Оразамбековна
Мақсаты: зейіннің, ерік жігерін дамыту,
релаксация және қиялын дамыту.
Міндеттері:
Білімдік:- балаға қзінің көңіл күйін
анықтап бағалай отырып өзгелердің көңіл күйіне назар аудара білуге
үйрету;
Тәрбиелік:- өзіне және қоршаған ортаға
позитивті қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;
Дамытушылық: Басқаның және өзінің
эмоционалды күйін түсініп, сезімтал, жанашыр болу
тәрбиелеу;
Қажетті
құралдар:баяу орындалатын музыка,
кілемшелер (бала санына қарай),
доп.
Сәлемдесу сәті: балалар шеңбер
бойы тұрып, бір-біріне допты беріп, өз атын
айтады.
-
«Түлкінің балалары мен
бүркіт»: Балалар 1,2 санау арқылы
немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді.
Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің
ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады.
Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып
өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын
қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей
немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған
түлкі баласы жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері
ауыстырылып 2-3 рет қайталанады.
Ойын көңілді әуенің
сүйемелдеуіменойналады.
-
«Көбелектер
әлемі»: Балалар кілемшеге шалқасынан
жатып, аяқ – қолдарын еркін
созады.
Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді
жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар.
Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді
елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек
гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының
қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп
қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі
керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап
көріңдерші!
Сендердің қанаттарың төмен –
жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезініңдер! Ауада баяу
қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаныңдар! Ал енді өздерің ұшып
жүрген жерлеріңнентөмендегі жап-жасыл болып тұрған шөптерге зер
салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін!
Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді
сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап
осы гүлдің аңқыған исінің ортасына отырыңдар! Тағыда оның жұпар
исімен демалыңдар... енді көздеріңді
ашыңдар!
3. Мен жақсы көремін
ойыны Ойын шарты:Дөңгеленіп тұрып,
бір-бірімізге доп лақтырамыз. Доп кімнің қолына түссе, сол оқушы
кімді жақсы көретінін айтады. Мысалы, мен анамды жақсы көремін.
Өйткені, ол менің ең жақын адамым. Немесе мен Айнұрды жақсы
көремін. Өйткені ол сыпайы және т.б. ойынның соңында доп
жүргізушінің қолына тиеді.
-
Құлақ-мұрын:
Балалар шеңбермен
тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған
мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен
қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып
атайды.
5.
Қырықаяқ: Балалар бірінің артынан бірі
тізбек құрып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша бір-бірінің
белінен ұстап, шеңбер бойымен жүреді, жартылай отырып жүреді, бір
аяқпен секіреді. т.б. Қимылдарды жасау барысында тізбек үзілмей,
барлығы бір адамдай жасау керек.
Қортынды: Кері байланыс. Балалар
тренингтен алған әсерлерін айтады.