Материалдар / Психологпен жұмыс жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологпен жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологпен жұмыс Тақырыбы: Педагог-психолог мамандарымен жұмыс жүргізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2024
154
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласының № 8 орта мектебі






Тақырыбы: Тақырыбы: Педагог-психолог

мамандарымен жұмыс жүргізу

Өткізген оқытушы: А.Б.Даулетиярова

Класы: 6 “Б” класс

Өткізген күні: 19.12.2023











2023-2024 оқу жылы



Мектеп психолог маманы – Жансая:


Дүние жүзі бойынша соңғы жылдары жасөспірімдердің ғана емес, жалпы жастардың психикалық денсаулығы мәселелеріне баса назар аударылып келеді. Мамандардың айтуынша, жастарға дер кезінде көмек көрсету үшін мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен бизнес тарапынан арнайы шаралар қажет. Дамыған елдердегі сияқты, дамушы елдерде де жастар осы психикалық дертке ұшырауда. Мәселен, табысы жоғары елдерде 11-15 жас аралығындағы балалардың төрттен бірі күніне екі не одан да көп рет әлсіреу, ашушаңдық, күйгелектену немесе ұйқының болмауы сияқты психологиялық белгілерді бастан өткереді. Егер оларға уақытында көмек көрсетілмесе, бұл белгілер одан бетер асқынып, өмір сүру сапасының төмендеуі мен суицидтік мінез-құлыққа әкеліп соғуы әбден мүмкін.

Ел үкіметі де суицидті қоғамдық денсаулықтың маңызды тақырыбы ретінде мойындап, жағдайды тыңғылықты зерттеуді қолға алған. Ол үшін ЮНИСИФ сияқты әлемдік ұйымдармен бірлесе отырып арнайы бағдарламалар әзірлеу, халықаралық мамандарды,  үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру және психикалық денсаулық саласындағы жергілікті мамандармен тығыз байланыс орнатудың маңызы зор. Бірлескен жұмыс нәтижесінде кәмелетке толмаған жастар арасында  суицидтің алдын алу бойынша пилоттық жоба әзірленген.  Осының негізінде жасөспірімдер арасында психикалық денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, суицидтің алдын алу бағдарламасы жасалып, еліміздің бірнеше облысында іске асқан. Бүгінгі заман талабы ерекше. Балаларымыз түрлі сынақтарға тап болып жатыр. Жасөспірімдер психологиялық тұрғыдан мықты болуы керек. Бірінші кезекте халықтың, қоғамның менталитетін өзгерту керек. Балалар проблемасын ашық айтуды үйрету қажет. Қазіргі кезде психиатрға барыңыз десе, бәрі қорқады, теріс қабылдайды. Бір қуанарлығы Қазақстанда өткен жылдармен салыстырғанда суицид көрсеткіштері төмендеп келе жатыр. Осы бағытта арнайы желі жұмыс істейді.

Психологиялық тренингтің мақсаты адамның өзіне деген сенімділігін арттыру, ой-өрісін дамыту. Тренингтің ерекшелігі, бір-бірімізге деген сыйластықтың артуына, алға қойған мақсатымыз бен болашақ белестерге ұмтылуға мүмкіндік тудырады.

Психологиялық тренинг - тұлғаны дамыту мен мінез-құлық дағдыларына белсенді оқыту түрі. Тренингте қатысушыға психологиялық қасиеттерді немесе дағдыларды дамытуға немесе көрсетуге бағытталған қандай да бір жаттығуларды орындау ұсынылады. Тиімді оқыту мен дамуды қамтамасыз ететін негізгі принцип-тренингте қызметтің барлық түрлерінің тұрақты үйлесімі: қарым-қатынас, ойын, оқыту, еңбек. Психологиялық тренингтерді топтық психотерапиядан ажырату керек. Өзін психологиялық тренингтер деп атайтын көптеген тәжірибелер кейбір авторлармен психокульт ретінде сыналады.

Топтық тренингтердің негізгі міндеттері: - өзіндік түсіну; - өзіндік реттеу; - қарым - қатынас ситуациясында басқаларды түсіну; - адекватсыз және жаңа адекватты қарым - қатынас дағдыларын коррекциялау.


Тренинг. “Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек” атты тренингін 6 «Б» оқушыларымен өткіздім.


Мақсаты: эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Балалардың қоғамдық шаралаларға ынтасын арттыру.


Мұндай тренингтер релаксацияға ықпал етеді, оқушыларды алдында тұлға ретінде танытады, топтағы психологиялық ахуал жақсарады, ұйымшылдық артады, әлемді жақсы қабылдауға ықпал етеді.

Топтағы тренингтер көңілді жағдайда өтеді, әр жаттығуда оқушылар қызығушылық танытып, тапсырмаларды шығармашылықпен шешеді, топпен жұмыс істеуге тырысады. Тренинг соңында барлық қатысушылар босаңсып, сергектік пен позитивті қуат алғанын атап өтеді. Анонимді кері байланыс сауалнамаларында оқушыларға оң баға беріп, кері байланыс беріп, тренингтің топ үшін пайдасын атап өтеді.



Пікір алмасу.(Оқушыларға сөз беріледі)


Қорытынды: Тренинг барысында топ студенттері өздері жайында қызықты мәліметтерді баяндап, тренингтің қызықты өтуіне септігін тигізді. Психологпен кездесудің маңыздылығы –оқушыларды үлкен өмірге бейімдеудің көрінісі деген түсінік қалыптасты.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!