Материалдар / Психологтың ғажайып әлемі

Психологтың ғажайып әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал қазіргі замандағы үлкен мәселелердің бірі болып отырған әлемметтік желі және сол арқылы таралатын қауыпты ойындар, олардың бала психологиясына әсері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2018
1235
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аннотация Күн санап өміріміз экранға тәуелді боп барады. Ақпарат, ғылым, үкімет, нарық та ғаламторға телміріп отыр. Ал енді адамдар арасындағы қарым-қатынасты да ғаламтор шешеді. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желілерде «әңгімелеседі». Әлеуметтік желі — адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін ғаламтор ресурсы. Зерттеу жұмысы Бірлік орта мектебінің оқушылары мен қызметкерлері арасындағы әлеуметтік желі қолдану контингенті мен тәлеуділікке жақын адамдарды анықтау, пайдасы мен зиянына шолу жасау Аннотация Жизнь с каждым днем идет на экран зависит от дцп. Информации, науки, образования, правительства, рынка, в рамках государственной программы " интернет. А теперь общение между людьми, как интернет решает. Уже 57% населения мира сталкивается с тілдесуден, а не через интернет, а именно, в социальных сетях «беседуют». Социальная сеть людей друг с другом через интернет, интернет-ресурсы, обеспечивающие взаимосвязь. Исследовательская работа социальная сеть и контингент учащихся средней школы и определение Единиц е близких людей, применение, обзор мгновенный пользы и вреда



Аbstract Life with each day that goes by on the screen depends on the cerebral palsy. Information, science, education, government, market, in the framework of the state program " the Internet. Now, communication between people, as the Internet decides. Already 57% of the world population is faced with tidesmen, not via the Internet, specifically in social media "talk". People with each other through the Internet, Social networking, Internet resources, ensure the relationship. Research social network and contingent of pupils of high school and define the Units of e relatives, application, an instant overview of the benefits and harms







Тақырыбы: Әлемді шарпыған әлеуметтік желі Секциясы: этномәдениеттануАты-жөні: Ислямғали Еркежан Сыныбы: 10 Оқу орны: «Сарқан аудандық білім бөлімінің Бірлік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіЖетекшісі: Омарова Динара АсхаровнаӨтетін орны: Н.Островский атындағы мектеп-лицей









Сарқан қаласы, 2017 жТақырыбы: «Әлемді шарпыған әлеуметтік желі»Жұмыстың мақсаты:
  • Қолданыстағы әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы мәліметтерді жинақтап, зерттеу жүргізу.
  • Әлеуметтік желілердің адам денсаулығына тигізетін зияндылығын дәлелдеу.
Жұмыстың міндеттері:- Әлеуметтік желілер туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;- Әлеуметтік желілердің әлемдік статистикасымен танысу және оларға талдау жасап, зиянын анықтау;Зерттеу кезеңдері: Ғылыми жобаның құрылымын жасауЖалпы әдебиеттерге шолу жасау.Әлеуметтік желілердің түрлерімен танысу.Әлеуметтік желілердің адамдарға тигізетін зиянды әсері.Күтілетін нәтижеОқушылардың апараттық сауаттылығын арттыру.Адам- әлеуметтік желі қатынасын дұрыс үйлестіруге шақыру. Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан қауіпті топтар мен ойындардың алдын алу.











































МАЗМҰНЫ:

І. Кіріспе......................................................................................................................3ІІ. Негізгі бөлім:2.1.Әлеуметтік желі, шығу тарихы және олардың түрлері.......................................42.2.Әлеуметтік желідегі қауіпті топтар мен ойындар...............................................52. 3.Мектеп оқушылары мен қызметкерлердің арасындағы ақпараттық сауаттылығы .................................................................................................................6ІІІ. Қорытынды...........................................................................................................9ІҮ.Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................10





































Кіріспе Қазіргі уақытта күнделікті өмірдің жартысын, кейде одан да көп бөлігін әлеуметтік желілер алып кетті. Әр жыл сайын әлеуметтік желілер саны көбейіп келе жатыр: Instagram, Вконтакте, Facebook, YouTube, Однокласники және т.б. Осылар ішінен, әсіресе, Instagram желісіне енді әріп үйренген баладан еңкейген қарттарымызға дейін кіреді екен. Ал желімен бірге таңын атырып, күнін батыратындар оқушылар мен студенттер екен. Әлеуметтік желіге көп адамдар танымал тұлғаларды, соңғы жаңалықтарды, қызықты, кейде масқара видеолар мен суреттерді көру үшін кіреді. Бұл неге алып келеді? Біріншіден, жұлдыздар мен танымал тұлғалардың өміріне қарап, жастарда танымалдылыққа қызығушылық пайда болады. Танымал болу мақсатында кейбір жастар мен ересектер «атын шықпаса, жер өрте» деп небір ессіз қылықтарға барады. Мысалы, әйел кейпіндегі еркектер, өмірге қауіпті жаттығулар, ашық-шашық киіну, ақылға қонымсыз флешмобтар және т.с.с. Екіншіден, парақшаларда жас ерекшелігі көрсетілмегендіктен, кейбір видеолар мен суреттер жас баланың психикасына кері әсерін тигізеді, мысалы, біреуді топпен бірге ұрып-теуіп төбелеп жатқан видеолар немесе жартылай жалаңаш киінген қыздар суреттері, жануарларды қинап, мазақ етіп түсірген видеолар жастарды қатыгездікке баулиды. Үшіншіден, азаннан кешке дейін ұялы телефонға телміріп отыра бергендіктен, көз қызметінің бұзылуына алып келеді және оқуға, жұмысқа арналған уақытты босқа кетіреді. Сондай-ақ, әлеуметтік желіні дұрыс мақсатта қолданып жүргендер де аз емес. Әлеуметтік желі көмегімен біреу өз бизнесін жүргізіп жатса, біреу қайырымдылық жұмыстарын өткізіп жатыр, енді біреуі өзінің оқып, көріп, білген-түйгенін жұртпен бөлісіп жатыр. Менің зерттеу жұмысына әлеуметтік желіні алған себебім, өзім жасөспірім болғандықтан, достарым мен сыныптастарым арасында кейінгі кездері жоғарыда аталған әлеуметтік желіге көп тіркеліп және желі арқылы ойындар мен топтарға деген қызығушылықтарының арттып келе жатқанын байқаймын.
  • Әлеуметтік желі, шығу тарихы және олардың түрлері
1970-ші жылдардың соңында адамдар бір-бірімен әңгімелесе алатын алғашқы электронды хабарландыру тақталары пайда бола бастады. Әрине, сол кезде бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ адамдарды ғаламторда біріктірудің бұл алғашқы қадамдары еді. Келесі кезең, алғашқы «on-line» сервистердің пайда болуы еді. Әңгімелесуге арналған чатты жасаған бірінші компания «CompuServe» болды. Сервисте әңгімелесудің бір сағатына 30 доллар төлеу керек еді, бұл осы компанияның негізгі кемшілігі болды. Кейін жедел хабарламалар жүйесі пайда болды.  Файлдарды жіберетін және чаттағы жедел әңгімелесудің бірінші сервисі, 1988 жылы «MultiUser Talk» программасын алмастырған  IRC (Internet Relay Chat) болды. 1991 жылғы «Шөлдегі дауыл» әскери операциясын «on-line» режимінде бүкіл әлемнен келген хабарламалар трансляциясынан кейін «IRC»-дің кең таным болды. «IRC» – дің негізгі кемшілігі - шектеулі қолдану болды. 1990 жылдардың ортасында «ICQ» құрылды,  ол жеке компьютерлерге арналған жедел хабарламалар жеткізудің бірінші жүйесі болды. «ICQ»-дің негізін «Mirabilis» компаниясы қалады.  Бүгінгі таңда ICQ – «Mail.Ru Group»-тың құрамына кіреді, 2012 жылдың наурыздағы көрсеткіш бойынша әлем бойынша 23.4 млн. қолданушысы бар. Әлеуметтік желілердің құрылуына келсек. Әлеуметтік желілердің пайда болуының басты себебі, ол әрине, адамдардың бір-бірімен әңгімелесуді қалауы.  Бұрындары адамдар әңгімелесу үшін бір-бірімен кездесетін. Ер жігіт қызбен танысқысы келсе, көшеде танысып, серуендеуге шақыратын, киноға, театрға апаратын. Ал бүгінгі күні жастар қалай танысады? Таныс емес адамдарды, әлеуметтік желідегі парақшасына қосып танысады.Интернеттің пайда болуымен және таралуымен барлығы өзгере бастады. Достарыңмен тілдесу виртуалды әлемге көше бастады. Бұл дұрыс па, бұрыс па, әркім өзі шешеді. Соңғы кездері адамдар бетпе-бет кездесуден гөрі әлеуметтік желілерде тілдесуді қалайды.Әлеуметтік желілердің пайда болуы мен дамуына не түрткі болды? Әрине тез дамып келе жатқан интернет. Интернеттегі әлеуметтік желінің бірінші аналогі 1995 жылы Рэнди Конрадс іске қосқан «Classmates» болып табылады. Сайттың аудармасы «Сыныптастар»/однокласники/. Сайттың мақсаты, сыныптастарды және мектептегі достарды табуға мүмкіндік жасау. Бастапқыда сайт танымал емес еді, өйткені профильді жасау және достарды қосу функциялары болмады. Ал сайт қолданушылары тек білім беру мекемелерінің және сонда оқыған оқушылардың тізімін ғана көре алатын. «Classmates» әлеуметтік желілердің пайда болуына түрткі болды. Жоба нәтижелі болды, және де өз иелеріне табыс әкелді. Осыған қызығушылықпен қараған басқа адамдар өз әлеуметтік желілерін ойлап табуға кірісті. Бүгінгі күні сайт өз жұмысын жалғастыруда. Әлем бойынша сайттың қолданушылар саны 50 млн.Бүгінгі күнні, біздің түсінігіміздегі бірінші толыққанды әлеуметтік желіні Эндрю Вейнрейх 1997 жылы іске қосқан «SixDegrees»-деп айтуға болады. Әлеуметтік желінің мақсаты «алты қолалысу» теориясын дәлелдеу еді. Келесі әлеуметтік желілер «AsianAvenue», «MiGente», «BlackPlanet» 1997 және 1999 жылдары аралығында пайда болды. Функционалдығы жағынан алдындағылардан қатты өзгешелік болмады.1999 жылдың 18 наурызында америкалық студент-программист Брэд Фицпатрик «жанды журнал» - Livejournal-ды құрды. Ол ТМД елдерінде кең танымал болды. «Livejournal»» бірінші болып топтарды құрып, хат алмасу мүмкіндігін еңгізді. Осыны біз бүгін барлық әлеуметтік желілерден байқай аламыз.2004 жылы Марк Цукерберг «TheFacebook» әлеуметтік желісінің негізін қалады. 2005 жылдан бұл желі «Facebook» деп атала бастады. 2008 жылы «Facebook» әлеуметтік желісі әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіге айналды, және де бүгінгі күнге дейін көштің басында. Бүгінгі күні «Facebook» әлем бойынша «Google»-дан кейін ең көп танымалдылыққа ие екінші интернет сайт.2006 жылы Джек Дорси - «Twitter» жобасын іске қосты. Ол тез дамып келе жатқан жаңа әлеуметтік желіге айналды. «Twitter»-дің ерекшелігі, тек 140 символдан ғана тұратын хабарлама жаза аласыз. 2010 жылдан бастап сайттан видео, фото көруге мүмкіндіктері пайда болды. Бүгінгі таңда «Twitter» әлем бойынша ең көп қаралатын сайттардың 10-на кіреді. (1)Бұл әлеуметтік желілердің тарихына қысқаша шолу. Енді өзіміздің мемлекетімізге келсек, қазіргі уақытта Қазақстанда Instagram, Вконтакте, Facebook, YouTube, Однокласники сияқты әлеуметтік желілер қолданыста жүр. Бұл желілердің жұмыс жасау жүйесі бір-біріне ұқсас. Яғни суреттерді, видеороликтерді жүктей аламыз, желі арқылы достарымыздың өмірлерін жүктеген суреттері арқылы, жаңалықтары арқылы көріп отыра аламыз, хат жазып, алмаса аламыз. Әлеуметтік статистикаға көз жүгіртсек, Қазақстанда байланыс қызметінің табысы мынандай екен: Әлеуметтік желілердің ақпарат қоғамындағы рөлін көрсету үшін бірнеше статистикалық мәліметтерге тоқталсақ:
  • Әлемдегі отыз жасқа дейінгі адамдардың 50 пайызы, жаңа ғасырда туылғандардың 96 пайызы әлеуметтік желілерді пайдаланады;
  • «Facebook»-тің апталық трафигі «Google»-дікінен де асып түсті;
  • АҚШ-тың әрбір сегізінші жұбы әлеуметтік желілер арқылы танысқан;
  • 50 миллион қолданушыны өзіне қарату үшін радио отыз сегіз жыл, телевизия он үш жыл, интернет төрт жыл талмай қызмет етсе, әлеуметтік желілердің тек біреуі — «Facebook» бір жылда 200 милллион адам жинады;
  • Егер «Facebook» мемлекет болғанда, халық саны бойынша үшінші орында тұрар еді. Себебі 800 миллион қолданушысы бар.
  • Компаниялардың 80 пайызы кадр табуда әлеуметтік желілерге жүгінеді;
  • Леди Гага мен Джастен Бибердің твиттердегі қонақтарының саны Қазақстан халқынан да көп;
  • «Facebook»-та тіркелушілер саны Қытай халқының өсу үдерісінен де асып түсуде.
Осылардың өзінен-ақ әлеуметтік желілердің қалың көпшілікті өзіне тартып, бұрын-соңды болмаған алып күшке айналғанын көруге болады. Бір ғана Америкада жаңа медианың дамуына байланысты талай баспасөздің редакциясы жұмысын тоқтатты, талай газет-журналдар таралымы азайып, шығынға батты. Бұл — оқырман үшін ақпараттанудың жаңа, тиімді әдісі. Бір ғана мысал, газеттен, телевизиядан, радиодан ақпаратты іздейсің, күтесің, ал әлеуметтік желіде «мынандай-мынандай жаңалықтар» деп ақпарат өзі келеді. Бұл — жаңа серпіліс. Бұл серпіліс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Бізде де халық тиімді деп таныған әлеуметтік желілерін пайдаланып жүр. «Internet World Stats»-тің есептеуі бойынша, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады. Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желілердің қатарына «Инсаграм»-ды (күніне1 125 000 қаралым), «Одноклассники» — ді (күніне 558 000 қаралым), «Вконтакте»- ні (күніне 525 000 қаралым), «Facebook»-ті (күніне 410 000 қаралым), және т.б. жатқызуға болады. Атап өткен жөн, қазақстандық ешбір сайт, портал мұндай кең аудиторияны қамти алған жоқ.(2) Күніне үш жүз елу мың қазақстандық ұялы телефонмен «Инстаграм» желісіне кіреді екен. Шын мәнінде, инстаграм— ақпарат алмасудың әрі тиімді, әрі арзан жолы. Дегенмен күні инстаграммен өтіп жатқандар да табылады. Инстаграм дос, лайк /лүпіл/ деген терминдер пайда болып, кеңінен қолданылып та жүр. Қанша адаммен жеке сөйлесіп араласуға болады? Бәрімен сөйлесе беруге уақыт та жетпейді. Ал әлеуметтік желі арқылы миллиондаған адамдардың ішінен өзіңізге «жүзі жылы» көрінге¬ніне «достық» ұсынысын жасап, сөйлесуге, кейінірек шынайы қатынастар жасауға мүмкіндік бар. Зерттеулерге қарағанда, әлеуметтік желілерде әрбір екінші адам өзі жайлы өтірік мәлімет жазады екен. Оның ішінде:— 29 пайызы есім мен жасқа қатысты;— 23 пайызы отбасылық жағдайы жайлы;— 22 пайыз түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы;— 17 пайыз білімі мен жұмысына қатысты өтірік айтады.2.Әлеуметтік желідегі зияны мен пайдасы Адамдар арасында бөгетті бұзған әлеуметтік желілер біздің қарым-қатынас құруымыз үшін шексіз мүмкіндік беруде. Дегенмен, әлеуметтік желілер феноменінің басқа жағы да бар. Әлеуметтік желілер туралы қызықты да күтпеген фактілер және олардың адам өміріндегі орныа көз жүгіртпекпіз. 1. Әр 20 минут сайын Instagram-да бір миллион сілтеме таралады. 2. Әр сағат сайын Instagram-да 4,5 миллион адам қандай да бір іс-шараға шақыру алады. 3. Әр минут сайын Instagram-да 100 мың адам дос болып қабылданады. 4. Барлық қолданушылардың 50 пайызы аптасына 1-5 сағат уақытын әлеуметтік желілерде сөйлесумен өткізеді. 5. Әр секунд сайын 8 адам қандай да бір әлеуметтік желіге тіркеледі. 6. Google-дегі іздеу саны күніне 1 миллиардтан асады. 7. Адам саны жағынан Instagram- Қытай, Үндістан елдерінен кейінгі әлемдегі үшінші мемлекет. 8. Орта есеппен алғанда әрбір қолданушы өз аккаунтына күніне 2 рет кіреді.Қауіпті әлеуметтік желілер: 1. Жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады. 2.Әлеуметтік желі әлемдегі әрбір үшінші жұптың айрылысуының басты себепшісі. Әлеуметтік желілер және жанұя: 1. АҚШ елінде қиылған некелердің 10 пайыздан астамы әлеуметтік желілердің арқасы. 2. Ата-аналардың 69 пайызы әлеуметтік желіде өз балаларымен дос. Балалардың 80 пайызында әлеуметтік желілерде өздерінің жеке аккаунты бар. 3. 80 пайыз ата-ананың айтуынша, олар балаларының интернетте немен айналысатынын біледі. Алайда, балалардың 31 пайызы әке-шешелерінің ештеңе білмейтініне сенімді. Әлеуметтік желілер және бизнес: 1. Жаңалықтар адамдарға басқа каналдар арқылы әсіресе әлеуметтік желілер арқылы келетін болғандықтан әлемдік 25 газеттің 24-інде тираж саны азайған. 2. Танымал әлеуметтік желілердің көбісі қолданушының өшірген суреттерін сақтайтыны анықталды. 3. Facebook бар болғаны бір жыл ішінде 200 миллион қолданушы жинаған, ал телеөндіріске 60 миллион көрермен жинауға 13 жыл уақыт кетті. 4. Бүгінде 5 компанияның төртеуі жұмысшыларды іздеу кезінде әлеуметтік желілердің көмегіне жүгінеді. Әлеуметтік желілердің кең тарауына себепші психологиялық факторларды төмендегідей жіктеуге болады:1. Арманын виртуалды түрде шын сияқты көрсете алу. Яғни шын өмірде өзі жете алмаған жетістіктерді, өзіне бұйырмаған дүниелерді виртуалды әлемде қолы жеткендей көрсете алу. Мысалы, өз түр-келбетіне қанағаттанбайтындар өз суреттерін қалағанынша сәндеп қояды, немесе өзге біреудің суретін енгізеді, өзіне ұнайтын көлікті өзінде бардай көрсетеді, т.б.2. Қалаған адамыңмен тез араласып, тез араны үзе алу;3. Өмірде айта алмайтын ойларыңды еркін жаза алу;4. Жаңалыққа деген құштарлық. Жаңалық, ақпаратқа деген құштарлық адам баласында болатын дүние. Ал әлеуметтік желідегі миллиондар арасында болатын мыңдаған ақпарат оны қанағаттандыра алады;5. Өзіңе керек сәттегі әңгіме; шын өмірде саған ойыңды бөлісуге, ішіңдегіні ашып әңгімелесуге қашанда ыңғай бола бермейді. Осындай мүмкіндіктермен қоса, әлеуметтік желінің кері әсерлері де жоқ емес:1. Уақытты жоғалту. Өмірдегі ең құнды дүние — уақыт. Ол ешқашан кері оралмайды. Ал әлеуметтік желінің гүлдері сол баға жетпес сәттерді бос әңгімеге жұмсауда;2. Шын өмірден алшақтау;3. Шындыққа жанаспайтын ақпараттардың тез тарауы, т.б.Бұл тек бізге көрінетіндері ғана. Шын мәнінде, әлеуметтік желілердің «сырлы зияндары» анағұрлым тереңірек.(3) Әлеуметтік желілердегі ойындар: Қазіргі әлемде орын алып жатқан көптеген қатігездік іс-әрекеттер де осындай желілер арқылы тарап жатқаны бәрімізге айқын. Әлеуметтік желілер — адамдар туралы ақпарат жинау мақсатында ойлап табылған дүние. Әлеуметтік желіге тіркелу барысында біз есімімізді, лақап атымызды, тегімізді, туған жерімізді, мекенжайымызды, қызығушылықтарымызды, тіпті телефон нөмірімізді енгіземіз. Өзіміз жайлы бастапқы толық ақпаратты осылай өзіміз береміз. Мүмкін сіз мұның бәрін жалған ақпаратпен толтырғыңыз келетін шығар. Бірақ ондай жағдайда достарыңыз сізді қалай таппақ? Одан кейінгі біздің әрбір әңгімеміз ақпарат. Өзіміз жайлы, өміріміз, қызметіміз, компания, мемлекет жайлы ақпарат. Мәселен, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде өз жазбаларыңыздың мұрағаттан көруге болады. Оны жоюға да мүмкіндігіңіз бар. Бірақ ол бәрібір сақталып қалады. Жалпы, сіздің әрбір әрекетіңіз, яғни кіммен дос болдыңыз, кімге не жаздыңыз бәрі де сақтаулы. Керек десеңіз, IP адресіңізге дейін. Оның бәрі сайт бақылаушыларының уысында. Демек, оларды қалаған кезінде пайдалана алады. Мүмкін сізге қарсы, мүмкін өзге мақсаттарда. Бір сөзбен айтқанда, олардың назарына іліге қалсаң, мұрағатыңды ақтарып жіберіп, шикілік таба салады. Бір сәтке ойланып көріңізші, сіздің осы уақытқа дейін жазғандарыңыздың арасынан болашақта сізге қарсы қолданылуы мүмкін нәрселер табылмай ма? Оны былай қойғанда, бірде-бір рет өзгелер білмегені дұрыс сайтқа кірмедіңіз бе? Әлеуметтік желі сіздің қандай сайтқа кіргеніңіз де қадағаланылып отырады. «Маған ұнайды» дегенді басу арқылы мен осында келдім деп ақпарат бересіз. Қазір әлеуметтік желілерге сурет қою с 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ