ПСихологтың мәліметтері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПСихологтың мәліметтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық пән мұғалімдеріне психологиялық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орта түркі дәуірі


Орта түркі дәуірі 10-15 ғасыр аралығын қамтитын кезең. Түркітану бұл кезеңді отра түркі дәуірі деп бірге оқытады. Себебі, бұл орыс түркітанушысы А.Баскаковтың еңбегінде бірге жіктеледі.

Ал, шын мәнінде бұл ғасырларда түркілер құрылымы жағынан екі түрлі мемлекетте өмір сүрді. Біріншісі – 10-12 ғасырлардағы Қарахан мемлекеті; екіншісі – 13-15 ғасырлардағы моңғол мемлекеті, Алтын орта мемлекеті. Расында, бөлек кезеңмен қарастырылып оқытылуы керек. Мысалы, әдебиетте бұл кезеңдерді 2 кезеңге жіктеп оқытады.

  1. 10-12 ғасырлардағы Ислам дәуірі әдебиеті кезеңі

  2. Орта ғасыр әдебиеті

Түркі қағанаты Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанатына ыдырап, одан кейін мүлдем қағанат құлағаннан кейін Қарлұқ қағаны, Қимақ қағанаты, Оғыз қағанаты секілді ұсақ қағанаттар пайда болған. Түркілердің басым бөлігі 875-999 ж. аралығында өмір сүрген Сәмауи парсы патшалығының қол астына өтіп, парсыларға бағынышты болған. Тілімізде парсы сөздерінің көптеп енуі осы кезеңде болды. Бірақ түркілер парсылардың қол астында жүрген кезеңде де өз тілін жоймай сақтап қалды.

Міне, түркілер осы парсы патшалығынан кейін Қарахан мемлекетінің құрамына енді. Түркілердің азаттық алып, рухани тұрғыдан азат өсуіне Қарахан мемлекетінің ықпалы зор болды. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955 жж.). Ол Қарлұқ хандығының негізін салған – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ хан Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұн билеушісін орнынан түсіріп, өзін жоғары қаған деп жариялайды.

Қарахан мемлекеті араб мәдениетін насихаттауға, яғни түркілер санасына Ислам діні мәдениетін сіңіруді бірінші орынға қойды. Бұл кезеңде Қарахан жерінде қазіргі таңдағы сияқты теріс ағымдар жан-жақтан келіп, тіпті халықты христиан дініне шоқындыруды көздеген миссонерлер мемлекетте көп болды.

Қарахан мемлекеті теріс діни ағымдарға қарсы тұрудың бірден-бір жолы Ислам діні құндылықтарын, Құранды үйрететін медреселер ашу деп түсінді. Ең алғашқы түркі даласындағы 2 медресе осы кезеңде ашылды. Олар «Сәждия» және «Махмудия» медреселері.

Махмудия медресесінде Махмұт Қашқари білім алып, кейіннен өзі осы медреседе ұстаздық еткен соң, Махмудия деп аталған. Медреселерде діни білімдермен қатар, арифметика, анатомия, медицина т.б. сияқты пәндерден дүниелік білімдер берген. Соның нәтижесінде бұл медреселердің білімі терең болды. Мысалы, әбу Әли ибн Сина, әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари сынды әлем мойындаған дәрігер, ғалым, ойшылдар – осы медреселердің түлектері. Ж.Баласағұн – «Құтты білік» шығармасы арқылы Ислам дініндегі көркем мінездің артықшылығын жырмен жеткізді. Қорыта келгенде, Ислам дінін насихаттаудың бірінші жолы – халыққа діни білім беру болды.

Екіншіден, араб мәдениетін насихаттаудың екінші көзі – түркі тілін меңгеру еді. Себебі, араб мәдениетін насихаттаушы арабтар түркі тілін түсіну үшін түркі тілін зерттеу ісіне ерекше назар аударды. Сөздіктер шығарды, түркі тілдерінің құрылымын, грамматикасын зерттейтін еңбектер жазды. Айталық, түркітану ғылымының басы саналатын М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегі – осы кезеңдегі түркі тілін игеру, зерттеу мақсатынан туындаған еңбек еді.

Біз көрсеткен – Қарахан дәуірінде жазылған еңбектер Қарахан дәуіріндегі тарихи ескерткіштер деп аталады.

Н.А.Баскаков 10-15 ғасырлардағы түркі жұртының мұрасын 4 топқа бөліп қарауды ұсынады:

1. Қарахан дәуіріндегі ескерткіштер

2. Алтын Орда дәуірі ескерткіштері

3. Орта Азияда жазылған ескерткіштер

4. Мәмлүк қыпшақтарының ескерткіштері.


Тапсырма. Берілген еңбектен Қараханид дәуіріндегі түркі тілдері бөлімі бойынша біліміңізді толықтырып, түсінігіңізді жазасыз. Сөзіңіз кітап сөзімен бірдей болмауы – шарт.


Жоспар:

  1. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген тайпалар

  2. Қараханид дәуіріндегі «Диуани лұғат ит-түрк» қандай еңбек?

  3. «Құтты білік»

  4. «Диуани хикмет»

  5. Оғыздардың тарихи ескерткіштері «Қорқыт ата» кітабы

  6. Қарахан дәуіріндегі 2 әдеби тіл үлгісі

  7. Дешті Қыпшақ қандай мемлекет?


Ескерту: Сіздің жазбаңызда осы сұрақтарға толық жауап болуы керек.


Пайд.әдеб: О.Бүркіт «Түркітануға кіріспе» еңбегінің 69-74 б.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2023
337
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі