Материалдар / Қадыр Мырза Әли "Кәрі қыран"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қадыр Мырза Әли "Кәрі қыран"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне жаңа сабақ өткізуге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2018
762
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7


Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлі «Кәрі қыран»

Сабақтың мақсаты:

а) ақын өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет бере отырып ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру, бүркіттің өзіндік қасиеттерін таныту;

ә) оқушылардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттырып,еркін тиянақты сөйлеу қабілеттерін сатылай кешенді талдау дағдыларын дамыту;

б) сұлулық пен еркіндікті танытуға ,адамгершілік пен намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу, қыран құс бойындағы тектілік қасиеттерден үлгі алуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, іздену, талдау, салыстыру т.б

Сабақтың көрнекілігі:ақынның портреті, фотосуреттер, сызбалар, кестелер, қаламгердің шығармалары , бүркіт жасы туралы плакат т.б

Пәнаралық байланыс: ән,бейнелеу өнері, биология

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын:

1.Қалихан Ысқақтың туған жылы?

2. «Қоңыр күз еді»повесінің кейіпкерлерін ата.

3. Қасым неге күзді еске алып отыр?

4. «Әкең сұраса да берме, ешбір жанға көрсетпей оқы» деген қай шығарма?

5. Алматыға келгенде жазушымен кездесем деген үміті неге үзілді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1.Кіріспе: Бүгін біз балалық шағы КСРО-Германия соғысының қасіретті жылдарымен, жоқшылықпен тұспа-тұс келген Қалихан Ысқақтың құрдасы Қадыр Ғинаятұлының өмірімен, шығармашылығымен, «Кәрі қыран» атты өлеңімен танысамыз.

Қазақ деп белі қайысқан ,қаңтарда туған қыран Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы Орал облысы Жымпиты ауданында дүниеге келген. Мектеп бітірісімен Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық ниверситетінің филология факультетіне оқуға түседі.

Қадыр Ғинаятұлы -ақын, жазушы.

Елуден аса кітаптың авторы. 200-дей өлеңіне ән жазылған

Shape3 Shape1

«Күміс қоңырау», «Дала дидары», «Ақ Жайық», «Атамекен»

«Бұлбұл бағы», «Ақ отау», «Көш», «Әже туралы ән» т.б.

«Ой орманы», «Домбыра», «Жер қыры»,

«Биік баспалдақтар».



Қадыр Мырза Әлі - халық даналығының білгірі.

Жалпы Қадыр өлеңдерінсіз 1960-70 жылдардағы қазақ поэзиясын көз алдымызға елестету мүмкін емес.

Интервью

Қыран дегенде көз алдарыңа не елестейді?

Ә) БҮҮ әдісі бойынша тірек сызбаның бірінші бөлігін толтыру.

1. Қыранға қатысты қазақта қандай кәсіп бар?

2. Қайда тіршілік етеді, немен қоректенеді?

Б) Қыранға қандай құстар жатады? (тақтаға іліп толықтыр)

В) Сонымен қатар қазақ бүркіттің жасына қарай әр түрлі ат беріп отырған:

1 жас-балапан; 2 жас- жас түбіт; 3 жас- жас тірнек; 4 жас- жас түлек; 5 жас- мұзбалақ;

6 жас – көк түбіт; 7 жас –қана.

Енді балалар назарымызды мәтінге аударамыз.

«Рольдегі оқушылар»

Қазір өлеңді үш бөлікке бөлеміз де, «рольдегі оқушылыр» әдісімен жұмыс істейміз. Әр топтың әрбір мүшесі өзіне тиісті тапсырманы орындайды.

1-оқушы - мәнерлеп оқиды;

2-оқушы - мазмұнын айтады;

3-оқушы - көркемделген сөздерді табады;

4-оқушы - мағынасы түсініксіз сөздерді табады;

5-оқушы - жоспар (соңында)

Сонда әңгіме қыран мен мұзбалақ жайында екен.

«Мұзбалаққа» түсінік беру.

Екеуін салыстыру (4 қасиеті)


өShape5 Shape6 Shape8 Shape7 жет қырағы осал жас

Shape10 Shape9


Shape11 Shape12 Shape14 Shape13

қайсар сақ тәжірибесіз аңғал


Енді БҮҮ кестесін толтырамыз.


Білімді бекіту:

1. «Қыран қияда өледі» дегенді қалай түсінесіздер?

2. Қыран неге намыстанады? (Қыран қартайсы тышқаншыл болады)

3. «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» ,қалай түсінесіз?

4. Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?

«Соңғы сөзді мен айтайын» (дәптермен жұмыс)

Қыранша өмір сүргенің-қандай бақыт,

Қандай бақыт - қыранша өле білген!

Осы жолдар төңірегінде ойланып көрейікші,автор нендей ойды айтпақшы . (оқыту)

Шынында осы өлең жолдарындағы «қ» әріпі аса бір қайсарлықты, қырағылық пен қайтпас қажырлықты көрсетіп тұр. Қазақ неге қыранды жеті қазынаға жатқызады. Бұл да оның киесін танытқандай.

Алтайдың «Ақиығы», «Ақшегір» деп атауы да тегін емес. Бірақ қалың жұртты қайран қалдырып,талайларды таңдай қақтырған осы наз өнердің соңғы кезде біртіндеп сиреп бара жатқаны ,қайталанбастай болып жоғалып бара жатқанының куәсі болып отырмыз.

Керек десеңіз тәуелсіз еліміздің туында да осы қыран бейнеленген. Бұл еркін, ешкімге тәуелсіз елміз дегенмен қатар қайсармыз, мәртпіз, намысшыл халықпыз дегенді білдіреді.

Туымыз тұғырлы, еңсеміз биік болсын!

(кітап көрмесі туралы)

Табиғат ана осы құсқа қырағылық қасиетті аямай берген.


Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: «Тауға ұшам, қуат алып қыранның қанатынан» тақырыбында эссе,өлең жазу,мазмұнына сәйкес сурет салу.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!