Материалдар / Қайың ағашы және одан алынатын өнімдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қайың ағашы және одан алынатын өнімдер

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Қайың ағашына жалпы сипаттама. Қайың ағашы біздің өлкемізде көп таралған өсімдіктің бірі. Біздің ауылымызда, мектеп ауласында тіпті кейбір үй аулаларында да өсіп тұр. Маған өсімдіктердің барлығы да ұнайды. Мен кішкене кезімнен-ақ табиғаттағы өсімдіктерге қызығып қарап, суретін салып жүретінмін. Мектепке келгеннен кейін өсімдіктер туралы көп білім ала бастадым. Өсімдіктердің түрлерінің өте көп екенін, олардың пайдасын оқып білдім. Біз мектеп ауласындағы өсімдіктерге бақылау жасап жүреміз. Жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты табиғатта көп өзгерістер болады. Әсіресе көктемде ағаштар ерекше құлпырып кетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2019
1774
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны


  1. Түйіндеме...................................................................2 бет

  2. Кіріспе..........................................................................4-5 бет.

  3. Негізгі бөлім

а. Қайың ағашының ерекшеліктері және пайдасы...6 бет

ә. Халықтық медицинада қайыңды пайдалану жолдары. 7-8 беттер

Қорытынды.............................................................10 бет

  1. Ұсыныстар............................................................... 11-бет.






















Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы

«Покровка» атындағы орта мектебінің 2-сынып оқушысы Садиева Сезімнің «Қайың ағашы және одан алынатын өнімдер » атты шығармашылық жобасына



П і к і р

2 -сынып оқушысы Садиева Сезімнің бұл жұмысы маңызды мәселеге арналған. Себебі, ағаштарсыз адамдардың, орманның табиғаттың сәні, де мәні де жоқ. Сонымен бірге қайың ағашының пайдасы, емдік қасиеттері және одан әр түрлі заттардың жасау жолдарын жақсы көрсеткен.

Орманда ағаштардың азаю себебі анықталып, оларды қорғау үшін жасалу керек жұмыстар ұсынылған. Оқушының табиғатқа, орманға ағаштарға деген қызығушылығы жұмыста жақсы көрініс тапқан.

Оқушы алға қойған мақсатына жеткен. Табиғаттағы тіршілік үшін өзекті мәселе көтерген және осы жоба ұсыныстарын қолдаймын. Оқушыда ізденіс бар, болашақта ғылыми зерттеу жұмыстарына баспалдақ жасап үлгерген деп ойлаймын.



Жетекшісі: Жанибекова У. А.

Мамлют ауданы, Покровка елді мекені,

«Покровка» орта мектебінің 2 «а» сынып оқушысы Садиева Сезімнің

ғылыми жобасы








Шығармашылық жобаның мақсаты:


Ағаштар – табиғаттың ажырамас бөлшегі. Ағаштарсыз орман болмайды. Егер ағаштар болмаса табиғатымыздың сәні болмас еді, сол үшін болмаса жер жүзін зиянкес жәндіктер жаулап алар еді де барлық адамдар аштан қырылар еді. Сондықтан, табиғатымызды қорғау керек. Осы ғылыми жобамда мен Солтүстік Қазақстан облысы ауданындағы ағаштар туралы айтып, оларды қорғаудың жолдарын ұсынғым келеді.

Зерттеу барысы:

Солтүстік Қазақстан облысында соның ішінде біздің Мамлют ауданының жақын жердегі орман ағаштарының зерттеліп, олардың ерекшеліктері берілді.

Жұмыстың жаңалығы:

Ормандағы ағаштардың біздің ауданның ауыл шаруашылығына пайдасы көп екендігі анық көрсетілді.

Жұмыстың қорытындысы:

Мамлют ауданында жақын жердегі ормандағы ағаштардың азайып бара жатқандығы анықталды және оларды қорғау үшін жасалу керек жұмыстар ұсынылды.


















Тақырыбы:  «Қайың ағашы және одан алынатын өнімдер».

Бағыты:  Өз өлкемізбен танысайық


Орындаған: Садиева Сезім Бақытжанқызы

2 «а» сыныбы

Жетекшісі: – Жанибекова Уразкул Абдураманқызы

Бастауыш сынып мұғалімі 2019 жыл


Мазмұны

Кіріспе:

1.Қайың ағашына жалпы сипаттама.

ІІ Негізгі бөлім:

2. Қайың ағашының ерекшеліктері және пайдасы.

3. Халықтық медицинада қайыңды пайдалану жолдары.

ІІІ Қорытынды:

4. Қайың ағашының емдік қасиетін зерттеу нәтижесі.


Кіріспе

Ерке өзендер жатпайды тасып ағып,

Таулар да тұр жамылып басына бұлт.

Ақ қайыңдар жылайды жапырағын,

Байқаусызда , байқаусызда шашып алып.


Сұлу ақ қайыңдар талай ақын - жазушылардың өлең - жырларына арқау болған. Қайың ағашы басқа ағаштарға қарағанда, кереметтей нәзік, әдемі көрінеді. Оның адамға әсері, емдік қасиеті және эстетикалық ләззаты ұшан – теңіз.

 

1. Қайың ағашына жалпы сипаттама.

Қайың ағашы біздің өлкемізде көп таралған өсімдіктің бірі. Біздің ауылымызда, мектеп ауласында тіпті кейбір үй аулаларында да өсіп тұр. Маған өсімдіктердің барлығы да ұнайды. Мен кішкене кезімнен-ақ табиғаттағы өсімдіктерге қызығып қарап, суретін салып жүретінмін. Мектепке келгеннен кейін өсімдіктер туралы көп білім ала бастадым. Өсімдіктердің түрлерінің өте көп екенін, олардың пайдасын оқып білдім. Біз мектеп ауласындағы өсімдіктерге бақылау жасап жүреміз. Жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты табиғатта көп өзгерістер болады. Әсіресе көктемде ағаштар ерекше құлпырып кетеді.


Кітапханадан қайың туралы жазылған әдебиеттерді алып оқыдым. Сонымен қайыңның пайдасы өте көп екен. Қайың – жалпақ жапырақты, діңі тік өсетін өте сүйкімді, сұлу ағаш. Қайыңның діңі жұқа ақ қабықпен жабылған.







Діңінің қабығы ақ болатын себебі онда бетулин (латынша «бетула» - қайың) деген бояғыш зат болады. Қазақстанда қайыңның 17 түрі өседі. Қайыңдардың барлық түрінің қабығы ақ емес, сарғыш, қоңыр, қызыл, қара қабықты қайыңдар да кездеседі. Қазақстанның қызыл кітабына қайыңның 3 түрі енгізілген. Олар: қызыл қайың, талас қайыңы, Ярмоленко қайыңы. Бұл өте сирек кездесетін қайыңдар. Сол себепті қорғауға алынған. Қайың ағашы суыққа да ,ыстыққа да төзімді келеді.Қайың ағашы да адамдар секілді ісік ауруымен ауырады, бірақ ол аурумен ауырған қайың ағашы жазылмайды екен.


Қайыңның тұқымы сырғагүл деп аталады, желмен тозаңданады, жел соқса болды, ұша жөнеліп, 1-2 километрге дейін жетеді. Діңі түзу, бұтақтары жіңішке әрі төмен қарай иіліп тұрады, жарық сүйгіш өсімдік. Қабығы өте жұқа, тез сылынады. Биіктігі 25 – 30 метрге жетеді. Ғалымдардың болжауынша қайың ұзақ тіршілік ететін ағаш. 120-800 жылға дейін өсе береді.

Қайың деген сөзді естіген кезде көз алдымызға ақ қабығы діңін қаптаған, тіп-тік өскен әрі «мың бұрала билеген» ақ қайыңдар бейнесі елестейді. Неге халық арасында «мың бұрала билеген» деген теңеу бар? Себебі ақ қайыңның самал желмен әдемі тербелгені биші ару қызды көз алдымызға елестетеді.

Жаздың ыстық күнінде қайың ағашының саясында көлеңкеде, таза ауада демалған қандай жақсы! Таза ауа-денсаулық кепілі деген рас қой. Бұл ақын, сазгерлердің әнге қосқан ағашы. Әр түрлі құстардың паналайтын мекені, табиғаттың сәні деуге де болады.



ІІ Негізгі бөлім:

1. Қайың ағашының ерекшеліктері және пайдасы.

Қайың шырынын алу тәсілі

Халық медицинасында көктем шығып күн жылына бастаған кезде қайың қабығын теріп, одан ағатын шырынды пайдаланады.


Қайың шырыны — көктем кезінде қайыңның сабағын бойлап ағатын тәтті шырын. Бір қайыңнан 60 литрге дейін шырын алуға болады. Қазіргі уақытта тамақ өнеркәсібі шығаратын түрлері көбіне қант пен консерванттар қосылып дайындалады. Бір күні сынып жетекшіммен мені орманға ертіп барды , қарасам бір қайың ағашында 3 литрлік ыдыс жіппен байланып, ілініп тұр екен. Оған қайың шырыны тамшылап ағып, жиналып қалыпты. Қайың шырынын осылай алуға болатынын білдім.


Сонымен қатар ақ қайыңның қабығын пышақпен тілсе де сол тілген жерден шырынын алуға болады екен.Қазақта мұны қайың сауы деп атаған.


Қайың шырынының құрамы

2% жеміс қанты

Кальций тотығы

Хош иісті заттар Дәрумендер

Органикалық қышқылдар








2. Халықтық медицинада қайыңды пайдалану жолдары.

Көктемде адамдар қайың ағашының діңіне ыдыстарды жапсыра іліп, (төмендегі суреттегідей) сөл жинап алады.










Қайың ағашының жапырақтарын жинап дәрі-дәрмек ретінде пайдаланған.

Жапырақтарының қайнатындысымен ревматизм, құяң, шемен, бүйрек ауруларын емдейді, арнаулы

булау жасап, денедегі қышыма қотырды, ұшықты және тағы басқа да тері ауруларына қарсы пайдаланады.

Қайың шырынын басы айналып, көзі қарауытқан, қаны аз адамдарға қан толтыру үшін береді. Тамақты сіңіру үшін де сөлін ішкізеді.

 Қайыңның жапырағында С витамині болғандықтан шырын дайындап, тістің қызыл еті қабынғанда, демікпе ауруына, ісінгенді басу үшін ішеді.

 100 грамм жапырақты ұсақтап турап, аз ғана тұз, сірке суын, лимон қышқылын қосады. Қоспаға 2-3 стақан суытылған қайнаған су құйып тұндырады. 2-3 сағаттан соң тұнбаны сүзіп зәр жүргізу үшін пайдаланады.





Жапырақтарын жазда жинайды. Адамдар қайыңнан жасалған бейнекпен моншада шабынатынын бұрыннан білетінмін. Моншаға неге қайың сыпырғышы қолданылады? Себебі қайың ағашы ауру туғызатын бактериаларды өлтіреді және теріні жұмсартады, зиянды микробтарды жояды.

Қайыңның бұдан басқа да көптеген пайдасы бар. Одан тұрмысқа қажетті пайдалы заттар жасалынады. Мысалы ойыншықтар, ыдыстар, домбыра, шана, шаңғы, мылтық, себеттер, орындықтар жасайды.








Қорытынды:

Қайың ағашының емдік қасиетін зерттеу нәтижесі.

Қайыңды емдік мақсатта ел арасында қаншалықты қолданатындығын сауалнама арқылы анықтадым.

Сауалнама төмендегідей:

1. Халықтық емге жиі жүгінесіз бе?

2. Қайың шырынын жиі пайдаланасыз ба?

3. Қайыңның емдік қасиеті қаншалықты көмектеседі?

4. Қандай ауруларды емдеуде жиі қолданасыз? Нәтижесі қандай?

Осы сауалнама қорытындысы мынадай:



Дәрігерлер 60% Мұғалімдер 35% Ата-аналар 40% Оқушылар 20%





Қорыта келе, дертке дауа болатын қайың, біріншіден ауаны тазартып, даламызды көріктендіреді, денсаулығымызды нығайтады, екіншіден көптеген аурулардың алдын алады, үшіншіден отбасының қаражатын үнемдейді.өсімдіктің пайдасын таба білейік. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын

жол іздейік. Табиғаттың тазалығын сақтап, оны қорғайық бағалайық. Ауылымызды көгалдандыруға өз үлесімізді қосайық. Жыл сайын жас көшеттерді отырғызып, аулымызды көріктендіруге жұмыла кірісейік.








Ұсыныстар

Солтүстік Қазақстан облысыда ағаштарды сақтау және қорғау үшін біздің ауданымызда мынадай жұмыстар жасалуы керек деп санаймын:

1. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру үшін айналадағы ауыл сыртындағы ормандар жаққа саяхаттар ұйымдастыру;

2. Ауыл сыртындағы ормандардан жыл сайын тұтынушылар ағаштарды қысқы мезгілге пайдалану мақсатында отын ретінде қолдануға алады. Сол үшін пайдалануға алынған ағаштардың орнына қайтадан ағаш отырғызу.

3. Ауданда «Табиғаттың жас достары» атты ұйым құрып, балаларды табиғатты қорғауға жұмылдыру; Соның ішінде ормандар мен ағаштарды қорғау үшін қорғаушылар тобын құру.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!