Материалдар / Қала және елді мекендердегі көгалдандырудың негізгі жүйелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қала және елді мекендердегі көгалдандырудың негізгі жүйелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала диплом жұмысын немесе ғылыми жоба жазғанда қосымша дерек көзі болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2226
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қала және елді-мекендерді көгалдандырудың негізгі жүйелері мен принциптері


Адам денсаулығына қолайсыз шаң - тозаң, шу, қатты соққан суық және ыстық жел, атмосферадағы микробтар, түтін, улы газдар сияқты экологиялық факторларға тосқауыл болатын жасыл өсімдіктер әлемінің құпиясы мол.

Елді мекендерді көріктендіру - қалалардың, қала тектес поселкелердің, ауылдардың курорттар мен көпшілік дем алатын жерлердің территорияларында халық денсаулығына ыңғайлы, таза, мәдени жағдай туғызу үшін жүргізілетін жұмыстар мен шаралар жиынтығы. Елді мекендерді көріктендіру территорияның инженерлік жабдықталуына, ауа бассейндерінің, бөгендері мен топырағының санитарлық - гигиеналық дәрежесіне байланысты. Ол территорияның инженерлік дайындығын, жол салу, қала транспортты дамыту, бас ғимарат құрылыстары мен коммуналдық сумен жабдықтау жүйесін, канализация жүргізу, энергиямен жабдықтау т.б. жұмыстарын көгалдандыру, климатты жақсарту, ауа бассейнін, ашық бөгендер мен топырақты таза сақтау, санитарлық тазалық, қала шуын азайту сияқты шараларды қамтиды.

Көгал, газон (gаzоn — гүл алаңы) — біркелкі етіп тегіс жерге өсірілген, шөбі қысқа, шырпылған көп жылдық өсімдіктер алаңы. Көгалдың бірнеше түрі ажыратылады: фонтан мен мүсіндерді көркемдеп, әсемдік үшін отырғызылған, ағаш пен гүл айналасында өсірілетін партерлік көгал, саябақтар мен көше жағалауларында өсірілетін саябақтық көгал, стадиондарда өсірілетін спорттық көгал, астық тұқымдасына жататын және әдемі гүл жаратын бір жылдық өсімдіктерден (гүлкекіре, көкнәр, т.б.) өсірілетін мавритан көгалдың түрлері бар. Көгал жасайтын жерді алдын - ала тастан, арам шөп тамырынан тазартып тегістейді де, терең етіп (30 см) жыртады. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар шашылады. Топырағы сазды жерге құм, құмды жерге саз топырақ қосады, оның бетіне қалыңдығы 10 - 15 см - дей құнарлы топырақ төсейді. Көгалға әдетте, дәнді және бұршақ тұқымдас шөптер: қоңырбас, бетеге, сиыр жоңышқа, бидайық, беде, тарғақшөп, суоты, райграс, т.б. егіледі. Көгалға арналған шөптердің дайын қоспалары да сатылады. Көгал шөбін ұдайы шауып, шабылған шөпті жинап алады, жақсылап суарып, отап, оған тыңайтқыш сеуіп отыру керек, сондай-ақ қыстың басында көгалға ағаш күлімен араластырылған майлы компос (2 - 3 см етіп) жайып тастау қажет, бұл көгалды мүк басып кетуден сақтайды [6].

Қоршаған орта жағдайын жақсартуда жасыл желектердің маңызды рөл атқаратыны белгілі. Әсіресе оның санитарлық - гигиеналық қызметінің мәні зор.

Қазіргі кезде қалада құрылыс аймақтарын көгалдандыру жаңа жүйеде жүргізілуде. Атап айтқанда:

  1. Экзотикалық (ландшафты архитектура, жолдардың жағалауын, демалыс орындарын көгалдандыру);

  2. Қалаларды көркейту (эстетикалық, дизайнерлік);

  3. Қаланы қорғау (шудан, шаңнан, газдан, күннен т.б.);

  4. Санитарлық - гигиеналық талаптарды орындау т.б.

Өсімдіктердің көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оны ыдыратып, ауаны оттегімен және жеңіл иондармен байытып, шуды азайтып, қаланы желден, шашыраған күннен сақтайды, ауадағы шаңды, ыс - күйені, транспорттардың улы газдарын жұтып, олардың мөлшерін азайтып отыратыны ғылыми дәлелденген. Мысалы: 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмірқышқыл газын сіңіреді екен. Ол 200 адамның осы уақытта бөліп шығаратын көмірқышқыл газына тең. 25 жылдық терек жазғы 5 айда - 44кг, емен - 28кг, ал жөке ағашы - 16кг көмірқышқыл газын сіңіреді. Жасыл өсімдіктер табиғаттағы оттегінің, көміртегі оксидтерінің және судың айналымын реттейді. Орта жастағы бір ағаш оншақты адамды оттегімен қамтамасыз ете алады. Ал бір автомобиль 100 км жол жүру үшін 1 адамның 1 жылда дем алуына жеткілікті оттегісін жағады. Сондықтан қазіргі автомашина ғасырында қалаларда жасыл көшеттерді барынша көбейтудың маңызы зор. Қалаларды көгалдандыру кезінде пайдаланылатын көшеттердің фитоцидтік қасиеттеріне ерекше көңіл аударған жөн. Өсімдіктердің ауаға тарайтын фитонцидтері ауаны зиянды микроорганизмдерден тазартып, жаңа иондармен байытады. Жеңіл иондар ауаны жаңартып, адамды сергітеді. Мұндай иондардың көбірек тарауына ықпал етуші ағаш тұқымдастарына кәдімгі қарағай, сібір балқарағайы, шетен жатады. Фитонцидтердің тағы бір жақсы қасиеті, олар ауадағы ұшпалы ластағыш заттарды (түтін, автомобиль газдары) тотықтырып, бейтараптандыру арқылы да тазартқыштық қызмет атқарады. Фитонцидтерді әсіресе шырша, қарағай және арша тұқымдастары көп бөліп шығарады. Аршаның бір түбі күніне 30 гр дейін фитонцидтер шығарады [7].

Қарағайлы тоғайлардың ауасында микроорганизмдер барынша аз болады. Оның әрбір 1 м көлеміндегі бактерия клеткаларының саны 200 - 300-ден аспайды. Қалаларда көгалдандыруға пайдаланатын ағаштардың ішінде бактериоцидтілігі жоғары фитонцидтер беретін түрлерге жататындар:

  1. Теректердің көптеген түрлері – Рорulus.

  2. Шыбықты емен (дуб черемчатый) – Querues robur.

  3. Шетен (рябина) – Sorbus.

  4. Үйеңкі (клен остролистый) – Aser platanoides L.

  5. Сүйелді қайың (береза бородавчатая) – Betula pendula.

  6. Кәдімгі, сары және Қырым қарағайлары (сосна обыкновенная, желтая, Крымская) – Pinis silvestris, Pinis ponderosa, Pinis pallasiana.

  7. Балқарағай – Larix.

Ағаштардың фитонцидтілігі белсенділігінің ең жоғары болатын кез шілде айы. Кейбір ағаштардың әсіресе теректің көптеген түрлерінің фитонцидінің белсенділігі қазан айына дейін кемімейді. Оның .үстіне көгалды алқа қала шуылын 20% - ға және онан да көп төмендетеді.

Құрылыс кең қанат жайған жерлерде ысыған ауа жоғары көтеріліп, оның орнын жасыл ағаштардан тараған салқын ауа басады. Мұндай самалдың жылдамдығы сағатына 12 км-ге жетіп, ол қаланың барлық жеріндегі ауаны жаңартып отырады. Мұның маңызы өте зор. Себебі жасыл алаңдар арқылы төмен қарай бағытталған ауа қаланың ортасына таман жылжып барып, ондағы ластанған ауаның осы орталыққа бөгелуіне жол бермей, оны жоғары қарай ығыстырады.

Ірі қалаларда әрбір шаршы км - ге есептелген ауадағы шаң - тозаңның 10 км - дегі жылдық мөлшері 50 тонна болса, Лондонда 100 тонна, Нью - Йоркте 300 тоннаға, Алматыда 250 тоннаға жетеді екен. Ауадағы шаң - тозаң түйіршіктері қала тұрғындарының тыныс алу жолдарына, әсіресе өкпесіне шөгетіні белгілі. Егер көгал жерлер тақырға қарағанда ауадағы тозаңды 3-5 артық ұстап қалатын болса, ал талдар шаңды 30-60 есе артық жұтады. Шаң - тозаң ұстауда ағаш түрлерінің тиімділігі әртүрлі. Мысалы: 1 га жердегі жас теректер жаз айларында 340 кг - ға дейін шаң - тозаңды ұстайтыны анықталған. Жапырақтары түрпілі қатпарлы немесе түкті келген ағаш түрлерінің жапырақ беттері итегіс ағаштарға (үйеңкі, терек, емен) қарағанда шаң - тозаңды әлдеқайда көп ұстайды [8].

Ыстық әрі құрғақ климатты Ақтөбе қаласы жағдайында ауаны шаң - тозаңнан арылтудың жолдарын қарастырудың маңызы өте зор. Мұндағы атмосферада өте көп мөлшерде кездесетін қатты түйіршікті әр түрлі химиялық әрекеттерге түсіп, атмосфераның электрлік қасиетін өзгертеді де адамның денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Географиялық жағдайына және жер ерекшеліктеріне байланысты, әсіресе жел аз болатын, жауын - шашын аз түсетін жерлердің ауалары шаң - тозаң мен ластануға бейім.

Зерттеушілер ашық жерлерге қарағанда ағаштардың астындағы жер бетіне шаң - тозаңның 5-10 есе артық шөгетінін көрсетті. Тіпті жапырағы түсіп, жалаңаштанған ағаштар да шаң - тозаң жұта алады. Айталық, күз - қыс айларында ағаштардың арасында ауа сақталатын тозаңның мөлшері ашық жерге қарағанда 37% - ға төмен болатыны анықталып отыр. Өсімдіктің бойындағы шаң - тозаң жауын - шашынмен жуылып, топыраққа сіңіп, араласып кетеді [9].

Қала көшеттерін және өндіріс территориядарын көгалдандыруға осы аталған ағаш түрлерін көбірек пайдаланған жөн. Өсімдікке қонатын шаңның құрамында әсіресе өндірістік тозаңдарда ауыр металдардың және микроэлементтердің қоспалары көп болады. Өндіріс мекемелері төңірегіндегі тозаңның құрамында 37,9% темір, 15,5% аллюминий, 2,7% мыс, 0,9% титан, 0,8% мырыш, 0,2% қорғасын болатыны анықталған. Осы ауыр металдардың қоспаларынан ауаны тазартуда өсімдіктердің маңызы зор. Ауыр металдар өсімдіктің жапырақтарына, қабығы мен тамыр жүйесіне жинақталады.

Жері шаң әрі ыссы жерлердегі қалаларда жасыл желек тікелей түсетін күн радиациясын бәсеңдету міндетін де атқарады. Бұлтсыз шаңқай түсте қаланың өсімдіксіз ашық бетінің әрбір см2 ауданына түсетін күн радиациясы (тікелей және шашыраңқы) орта есеппен 0,93 ккал - ға жетсе, ал өсімдігі мол жерлерде бұл көрсеткіш 0,12 ккал - дан аспайды, яғни 7 есеге дейін төмендеп отыр. Жаяу және автомобиль жолдары арасындағы ені 5 метрлік алаң ауаның температурасын 1 - 6 градусқа төмендетіп, тротуардағы жаяуға ыстықтың әсерін білгізбейді [10].

Жасыл желек күннің тікелей жарық ағынын өзіне қабылдап, жапырақтары арқылы суды буландыра отырып, ортаның температурасын төмендетеді, ауаның ылғалдылығын арттырады. Мұндай ағаш түрлерін емен, жөке т.б. жатады. Зерттеулер шыршаға қарағанда жөке ағашы оттегіні 2,5 есе, емен 4,5 есе, ал терек 7 есеге дейін артық бөліп шығаратынын көрсеткен.

Меридианға бағытталған көшелерді (күн радиациясы 6500 ккал шамасында) көгалдандыруға, керісінше, ұшар бастары биік, жіңішке әрі сирек келген, көлеңке түсіру коэффициенті төмен ағаш тұқымдарын (пирамидалы терек, ақ қараған, америка шетені) пайдалану қажет.

Емдік — сауықтыру кешенін салу үшін сәндік ағаштарды, бактериоцидтілігі, шаң ұстағыштығы жоғары газ бен түтінге шыдамды жергілікті, сондай - ақ басқа да аудандарда сынақтан өткен ағаш - бұта өсімдіктерін пайдалану қажет. Арнайы отырғызылған бұл өсімдіктер өздерінің сан алуан қызметтерін тек жазда ғана емес, сондай - ақ қыста да атқаруға тиіс екенін ескерілуі қажет. Ол үшін қылқан жапырақты ағаштарға көбірек көңіл аударылады. Көпжылдық тәжірибе жұмыстары және қалаларда өсетін ағаш - бұталардың биологиясын зерттеу республикамыздың көптеген қала — селоларында мына төмендегідей сәндік ағаштарды пайдаланудың келешегі зор екенін көрсетеді: шыршаның тікенекті, Тянь - шань, Сібір және Еуропа түрлері, қарағайдың қара, веймут, сары тау және қырым түрлері, аршаның кәдімгі, түркістан және жергілікті түрлері, балқарағайдың даурлық және сібір түрлері, туяның батыс түрі және оның әр түрлі формалары жатады. Бұл өсімдіктер ауаның салқын кездерінде де көмірқышқыл газын жұтып, ортаны оттегімен байытады, қаланың шуылын бәсеңдетіп, ауаны шаңнан, ыс - түтіннен тазартады. Сондай - ақ олардан сыртқы ортаға тарайтын фитонцидтердің бактериоцидтік белсенділігі де өте жоғары.

Қалалардың экологиялық жағдайы қаншалықты шиелінісе түссе, көгалдандыруда соншалықты қарқынды жүргізілуі керек. Қазіргі кезде қала құрылысын жүргізудің негізгі принциптерінің бірі - тұрғын және өнеркәсіптік аудандарды, әкімшілік, мәдени және сауда орталықтарын жеке - жеке бөлек салуды алдын - ала ойластыру болып табылады. Өнеркәсіптік аудандар басқа аудандардан, әсіресе халық тұратын негізгі жерлерден арнаулы қорғаныс аймақтарымен, жасыл желек көмкерген даңғылдармен, бульварлармен бөлектенуі тиіс [11].

Қаланы көгалдандыру үшін пайдаланылатын ағаштар олардың негізгі қасиеттеріне және көгалдандырудың мақсатқа орай, таңдалып алынуы шарт. Айталық, қала халқының демалыс орны болатын жерлерге осы ағаштардың белгілі - бір түрлері ғана жараса, тұрғын аудандарды желден қорғау, өнеркәсіптік аудандардан бөлу үшін, сондай - ақ көшелерді, алаңдарды сәндендіру үшін басқа бір түрлері пайдаланылады. Осыған байланысты қалаларды көгалдандыруға арналған ағаштарды жалпы, шектелген және арнайы мақсатта егілетін деп үш топқа бөледі.

Жалпы халық тұтынатын ағаштарға парктер, бақтар, скверлер, бульварлар мен көшелердегі жасыл көшеттер жатады. Олардың әрқайсысының өзіндік функционалдық ерекшелігі бар және елді мекендерді көркейтудің маңызы зор. Бұл ағаштарды халықтың тығыздығына қарай пайдалануға тиімді етіп отырғызу керек [12].

Парктер. Парк дегеніміз - қала және елді мекендер халқының дем алуы үшін арнайы бөлінген аймақ. Паркті салу кезінде ол жерлердегі бұрыннан өсіп тұрған табиғи өсімдіктер, көлшіктер, жердің рельефі толығымен немесе жарым - жартылай өзгертіледі. Паркке көрік беру үшін оған сәндік ағаштар, гүлді өсімдіктердің көптеген түрлері, экзотикалық және жергілікті тұқымдары барынша мол отырғызылады. Гигиеналық және эстетикалық тұрғыда мән беру үшін әр түрлі инженерлік жұмыстар жүргізіледі.

Парктердің бірнеше түрі болады. Бұлардың ішіндегі ең көп тарағаны - мәдениет және демалыс паркі. Бұл түсінікті де. Себебі мұндай орындар дем алу үшін де, жалпыға бірдей мәдени - ағарту жұмыстарын ұйымдастыруға, спорттық ойындарды және басқа да шараларды өткізуге өте қолайлы. Мұндай парктер де жердің 70 - 80% - ын өсімдіктер, 10 - 12% - ын ашық алаңдар алып жатуы тиіс. Сондай - ақ өсімдіктерді суару жүйелерін, жарықты, ғимараттар мен алаңдарды т.б. салу жұмыстарын алдын - ала жоспарлап, қамдастыру қажет.

Мәдениет және демалыс паркінің көлемі әр адамға 60 шаршы метрден болатындай етіп салынуы тиіс. Паркті бір мезгілде аралаушылардың саны қала халқының 5% - на дейін жетуі мүмкін екендігін естен шығармауымыз керек.

Архитектуралық бейнесіне және ағаш - бұталардың отырғызылу ерекшеліктеріне қарай парктер жүйеленген және ландшафты болып екіге бөлінеді. Оның біріншісінде парк орналасқан жер бірнеше геометриялық түзу бөліктерге бөлінеді, оларға тиісті ағаштардан аллеялар, көгалдар, жаппай ағаш шоғырлары, сондай - ақ жекелеген ағаштар, гүлзарлар, сәндік бұталардың шоғырланған топтары алдын - ала жоспарланып отырғызылады.

Ағаш - бұталар уақтылы қырқылып, олардан әр түрлі пішіндер қалыптастырылады. Негізгі ғимараттардың алдына, орталық екі жақ бойларына әр түрлі сәндік көріністер (партерлер) салынады. Олардың құрамына көгал алаңдар, гүлзарлар және клумбалармен бірге, кішігірім архитектуралық формалар мен фонтандар кіреді.

Ландшафты парктер жүйеленген парктердегідей түзу геометриялық бөліктерге бөлінбейді, олардың табиғи кейпі өз қалпында сақталады, егілген ағаштары белгілі - бір жүйеге келтірілмейді, жолдары ирек - ирек болады. Жалпы алғанда мұндай парктерде табиғи кейіп барынша сақталып, оған мүмкіндігінше ландшафтық түр беру жағы көзделеді, ағаш - бұталар қырқылып, белгілі - бір пішіндерге келтірілмейді. Қала бағына тұрғын аудандардағы маңдарындағы халық дем алатын жасыл алаптар жатады. Олардың парктерден айырмашылығы сол, мұндай бақтар аз уақыт ғана пайдаланылады және у - шусыз демалуға арналған. Олар ландшафты стильде жоспарланады, әңгіме - кеңес бұрыштары, тыныш отырып жұмыс істеуге (кітап, газет - журналдар оқуға, шахмат - дойбы ойнауға, т.б.) қолайлы орындары, спорт алаңдары болады.

Скверлерге халықтың қысқа уақыт ғана дем алуына қолайлы қоғамдық құрылыстар мен ғимараттардың қасбеттерін (фасадтарын), алаңдар мен көшелерді сәндендіруге арналып отырғызылған; жасыл алаптар жатады. Скверлердің жалпы аумағының 25 - 35% - дейінгі бөлігі шағын жолдарға, 10 — 15% - ы гүлзарларға арнаулы тиісте, онда бұталардан жасалған қоршаулар, аллеялар және топталған ағаш - бұталар шоқтары жайқала өсіп тұруы қажет.

Булъварларға көшенің екі жағына немесе көшелердің ортасына отырғызылған жасыл алаптар жатады. Олар жаяулардың жүрісіне, қыдыруына және аздап дем алуына арналған. Бульварларды әсіресе, транспорты мол үлкен көшелердің жағаларына салу тиімді. Мұндағы аллеялардың жағасына екі - төрт қатардан ағаштар отырғызылып, газондармен, гүлзарлармен жиектеледі.

2011 жылы көктемде Ақтөбеде қаланы көгалдандыруға сәйкес «Жайқалсын жасыл желек» акциясы жүргізілген. Соның аясында 3000 – нан аса түп қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызылған. Оның ішінде 200 түп қылқан жапырақты ағаш Орталық мәдениет және демалыс саябағында, қалғандары кәсіпорындар, кәсіпкерлік объектілер, оқу орындарының айналасында егілді. Акция аясында ағаш егу «Бірлік пен келісім» сулы - жасыл бульвары аумағында жүргізілген. Сулы - жасыл бульварда сенбілікте 200 - ге жуық қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Көшеттерді «Елім» ШҚ питомнигі ұсынды. Соның арқасында қаланың бұл ауданы күннен - күнге сәулеттік тартымды түрге еніп келді [13].

Ақтөбе қаласы маңына, қай жағынан алғанда да қарағай егу тиімді. Егістік жерлерге қайың мен терек еккен тиімді. Сондай — ақ ағаштар мен қарақат, қараған секілді бұталардың болғаны жөн.

Қаланың санитарлық — қорғаныштық аймағын қайта қалпына келтіру жоспары жүзеге асырылуда.

2012 жылы 105 млн. теңге сомасында көлемі 15 мың ш.м. гүл алаңдарын, соның ішінде Ә. Молдағұлова, Пацаев, Мөңке би ескерткіштері, Байғанин, Ағ. Жұбановтар, Шахматшылар скверлерінде, Мәңгі алау обелискісі және басқа объектілер жанында гүлдер отырғызылды. Сондай -ақ металл қондырғыларға орнатылған 997 гүл құмыраларына және 336 газонға гүл отырғызылды.

Қала келбетін көркейтуде газондар құрылысы маңызды рөл атқарады. Алаңы 83,7 мың ш.м. екпе гүлдер күтіміне бюджеттен 70 млн. теңге бөлінді. Сондай - ақ Әбілқайыр хан даңғылы мен Даңқ аллеясындағы екпе шөп алаңын 11 мың ш.м. - ге ұлғайту көзделуде.

Жасыл желекке күтім жасау және эстетикалық көрік берудегі негізгі іс - шаралардың бірі ағаштарды әдемілеп, қалыпқа келтіріп кесу болып табылады. Бұл мақсатқа бюджеттен 66 млн теңге бөлінеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!