Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану пәнінен өткізілген сабақ жоспарымды бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі болар деген мақсатпен жариялап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: дүниетану

Мерзімі: 12.12.2018ж.

Сынып: 3 «А»

Мектеп: Маржанбұлақ орта мектебі

Мұғалім: Нугиманова М. Б.

Қатысқандар: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1. Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын түсіндіреді. (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары);

3.1.3.1. Елді мекендерді түрлі белгілеріне қарап ажырату (типі, көлемі, қызметі);

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: қала мен ауылдың байланысын анықтайды;

Көптеген оқушылар: қала мен ауылдың шаруашылық қызмет түрлерін ажыратады.

Кейбір оқушылар: қала мен ауылдың байланысына мысалдар келтіреді; қала мен ауылдың шаруашылық қызмет түрлерін біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қала мен ауылдың байланысы туралы әңгімелейді.

Терминология:

Экономика

Экономика салалары

Қажеттіліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Ел экономикасы үшін қайсысы маңыздырақ: қала немесе ауыл?

-Қала мен ауылдың айырмашылығы неде?

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту Қазақстан Республикасының елді мекендеріндегі шаруашылық қызметі түрлерімен танысу, ел экономикасын дамытуда ауылдың рөлін түсіну арқылы көрініс табады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, әдебиет: сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 1 сыныпта «Бізді қоршаған орта» және «Саяхат», 2 сыныпта «Қоршаған орта», «Саяхат» тарауларынан елді мекендердің түрін, еліміздің көрнекі жерлерін, туризмнің түрлерін, Қазақстанның көне қалалары мен ескерткіштерін біледі.

Сабақ барысы

жоспарланған

уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



0-4







  1. «Қажеттіліктер ағашы» тапсырмасы (жеке, топта, ұжымда)

Оқушыларға стикерлер таратыңыз. Олардан әрбір стикерге өздерінің жеке қажеттіліктері туралы жазуларын сұраңыз. Кейіннен топта барлық нұсқаларды талдау керек. Әрбір топ көптеген нұсқалардан ең жақын жауаптарды таңдап алып, «қажеттіліктер ағашына» жапсырады.

Талдауға арналған сұрақтар:

- Адам неге мұқтаж?

- Адам өзіне қажеттінің барлығын қайдан алады?

-Тауар мен қызмет арасындағы айырмашылық қандай?

- Қалада және ауылда өндірілген тауарлар мен қызметтердің айырмашылығы бар ма?

- Оларды кім өндіреді немесе қамтамасыз етеді?

Ағаштың суреті, стикерлер






Әдістемелік нұсқаулық





5-6



- «Экономика» сөзін естідіңдер ме? Ол нені білдіреді?

  1. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.

  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

  • қала мен ауылдың байланысын анықтайды;

  • қала мен ауылдың шаруашылық қызмет түрлерін ажыратады.




Слайд №3

Сабақ ортасы

7-15













16-20













21-26









27-36









  1. «Сызбаны оқып-үйрен» тапсырмасы (жұпта)

Оқушыларға «Экономика салалары» сызбасын оқып-үйренуді ұсыныңыз.

(Т) (ОТ) Төмендегі сұрақтар бойынша «Қала – ауылға», «Ауыл – қалаға» сызбасын көрсетеді - Қала ауылды немен қамтамасыз етеді? - Ауыл қалаға не береді? «Ауыл – қалаға: азық-түлік, шикізат, мақта, т б». «Қала – адамға: трактор, ауылшаруашы-лыққа қажет заттар т.б». Оқушылар қала мен ауылдың ерекше-ліктерін салыстыра отырып, түсіндіреді.

Бағалау критерийлері:

  • қала мен ауылдың шаруашылық қызметі түрлерін біледі.

  1. «Суретті сөйлет» тапсырмасы (ұжымда)

Сюжетті суреттерге қарап оқушылар қала және ауыл тұрғындары немен айналысып жатқандары туралы әңгімелейді.



  1. «Серуен» ойыны (жұпта)

Оқушылар жұптасып, «серуенге» шығады. Сыныпты аралап, әңгімелеседі. Қоңырау соғылысымен жұптар алмасады.

Әңгімелесу сұрақтары:

  • Сенің тұратын жеріңде экономиканың қандай салалары дамыған?

  • Сенің облысыңда қандай өндіріс орындары дамыған?

  • Сенің қалаңда(ауылыңда) не өндіріледі?

  • Сенің қалаң (ауылың) туристерді немен қызықтыра алады?

  • Сенің қалаңда(ауылыңда) қандай мамандық түрлері басым?

Ойынды сұрақтар арқылы қорытындылаңыз.


  1. «Зерттейміз» тапсырмасы (жеке, ұжымда)

Оқушыларға «Ауылдың қаласыз, қаланың ауылсыз өмірі жоқ» деген сөйлем беріледі.

Төмендегі сұрақтар бойынша «Қала – ауылға», «Ауыл – қалаға» сызбасын көрсетеді.

- Қала ауылды немен қамтамасыз етеді?

- Ауыл қалаға не береді?

Оқушылар қала мен ауылдың ерекшеліктерін салыстыра отырып, жеке, кейін ұжымда мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері:

  • Қала мен ауылдың байланысына мысалдар келтіреді.



Таратпа материал: толтыруға арналған сызба









Сюжетті картиналар











Қоңырау




















Таратапа материал: толтыруға арналған сызба



Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):

«3 сәт» стратегиясы

Оқушылар сабақта естерінде қалған 3сәтті таратпа параққа жазып, кейіннен ой бөліседі. (уақыт тапшы болса, жазып өткізуге болады).

Таратпа парақ

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушылар үшін қала мен ауыл туралы 5 жағымды (плюс) және 5 жағымсыз (минус) жақтарын жазу ұсынылады. Сондай-ақ, қала мен ауылдың мамандық-тарының тізімін жасап, қандай заңдылық барын зерттеу тапсырылады. Оқуда кедергісі бар оқушыларға жеке тапсыр-маларды орындауда сюжетті суреттер мен мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы қолдау көрсетіледі.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Зерттейміз» тапсырмасында оқушылардың жазба жауаптарын өзара тексеру арқылы бағалауға болады: «Ауыл – қалаға: азық-түлік, шикізат, мақта, т б». «Қала – адамға: трактор, ауылшаруашылыққа қажет заттар т.б». Дұрыс жауапқа «+» белгісі қойылады. Топтық жұмыста әрбір оқушының үлесі қадағаланады.

Оқушылар сынып бөлме-сінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2019
3049
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі